СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

План. Тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақал-мәтелдер тақырыбына арналған жоспар 

Просмотр содержимого документа
«План. Тақырыбы: Мақал-мәтелдер»

Күні: 08.10.2016ж.

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 5 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер – халық даналығы

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттері: ата-бабаларымыздың нақыл сөз, өсиеттерін құрметтеу, есте сақтау, аманатқа қиянат жасамау;

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: мақал – мәтелдер жөнінде ұғымдарын қалыптастыру және олардың түрлерімен таныстыру.

Б) Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

В) Тәрбиелілік: ана тілін ардақтап, бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, сызбамен жұмыс, тыныштық сәті;

Көрнекіліктер: оқулық, тақырыпқа байланысты кесте сызылған плакаттар, әуен.

Әдебиеттер: С.Ч.Тұрсынғалиева, Ә.С. Берекенова «Қазақ әдебиеті»,

«Арман-ПВ», 2015ж.

С.Ч.Тұрсынғалиева, Ә.С. Берекенова «Қазақ әдебиеті хрестоматия»,

«Арман-ПВ», 2015ж.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу;

- Психологиялық дайындық жүргізу. Тыныштық сәті;

- Тізім бойынша түгендеу;

- Сыныптың сабаққа деген дайындығын тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасы

Үйге берілген тапсырма «Наурыз өлеңдері» тақырыбындағы өлең шумақтарын жаттау. Оқушылардан тізім бойынша үй жұмысын сұрау және өлең оқу мәнерлерін қадағалау.


IІІ. Жаңа сабақ

1. Тақырыпты ашу сұрақтары

- Мақал –мәтел дегеніміз не?

- Сендер қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

- Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай ?

2. Сызбанұсқамен жұмыс

Тақтаға « Мақал-мәтел тақырыптары» атты сызбанұсқа ілінеді. Оқушылар бір-бірден мақал-мәтелдердің тақырыптарын сызбаға жазып, ауызша мысал келтіреді.

3. Кітаппен жұмыс

  • Отан, туған жер, атамекен, еңбек, кәсіп туралы мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру. ( 32-33беттер)

  • 31,32,33 беттердегі жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу, мағынасын түсіндіру.

  • «Артық болмас білгенің» айдарындағы мәтінді оқып, мазмұнын айту

(32 бет)

  • Мақалды дұрыс құрастыр.
    Оқу- тоқу түбі
    Мектеп-кеме
    теңіз-Білім
    Тіл - өткір қылыштан
    Айтылған сөз, оқпен тең атылған


ІV. Сабақты бекіту

- «Сөздің көркі — мақал»деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын деген сөзді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Ол – бабамыздың қалдырған ақыл - өсиеті, мұраты, нақыл сөздері.


V. Үйге тапсырма

Туған жер , Отан туралы мақал - мәтелдерді жаттап келу. («Қазақ әдебиеті хрестомаия» 33-34 бет)


VІ. Бағалау

Оқушыларды үй тапсырмасына берілген өлеңді айту нақышына, жаңа сабақта көрсеткен белсенділіктеріне қарап бағалау.


VII. Қорытындылау

Қазақ халқының сөз саптауында мақал – мәтелдердің маңыздылығын түсіндіре отырып, оқушылармен сабақты қорытындылау.




Әдіскер: ___________

Мұғалім: __________