Сабақтың тақырыбы: Жарық кванттары туралы планк гипотезасы. Планк формуласы. | Мұғалімнің аты-жөні: Жұмағұлова Шынар Абдуллақызы |
СЫНЫП: 9 | Қатысқан оқушылар саны: 12 | Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | Жарық кванттары туралы Планк гипотезасын тұжырымдау, Планк формуласын есеп шығаруда қолдану |
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындай алады. Сұраққа жауап бере алады. Планк формуласын есеп шығаруда қолдана алады. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. Қиын есептерді шығара алады. |
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. |
Тілдік құзіреттілік | Планк гипотезасы, Планк формуласы |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, жариялау, түсіндіру, салыстыру, талдау; Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Математика |
Алдыңғы оқу | Атомның құрылысы, абсолют қара дене |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері |
Басталуы 2 минут 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу - Оқушылармен амандасу; - Оқушыларды түгелдеу; - Сабақтың мақсат міндетімен таныстыру; Жетон тарату арқылы оқушыларды үш топқа бөлемін. Оқушыларға Резерфорд моделі, Томсон моделі, абсолют қара дене моделі салынған суреттер таратылады. Содан кейін оқушылар осы суреттер арқылы 3 топқа бөлінеді. Оқушылардың алдыңғы тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру Блиц- турнир (Топтық жұмыс) “Томсон моделі” тобына: Жылулық сәулелену немесе сәуле шығару деген не? Кернеуді төмендеткенде неліктен электр шамының жарықталынуы нашарлайды да, ал сәулелену қызғылт түске ауысады? “Абсолют қара дене” тобына: Абсолют қара дене дегеніміз не? Абсолют қара дененің моделін жасап, сыныпқа көрсетіп беріңдер? (қойылым) “Резерфорд моделі” тобына: Абсолют қара дененің температурасы 100 К деп алып, оның сәуле шығару қабілетін анықтаңдар? Стефан – Больцман заңы қалай тұжырымдалады? | 1-топ: Томсон моделі 2-топ: Абсолют қара дене 3-топ: Резерфорд моделі Топтық жұмыс |
Жаңа білім 13 минут | Білу және түсіну Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.) Планк гипотезасы: Абсолют қара дене жылулық сәулелерді үздіксіз шығара да, жұта да алмайды; оларды тек үзікті үлес –квант түрінде ғана шығарады немесе жұтады. Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады. Дененің үзікті шығаратын немесе жұтатын бір үлес энергиясы: Е0 – ең кіші энергия үлесі; ν –сәуленің жиілігі; h –Планк тұрақтысы. Мұндағы n- электромагниттік сәуле энергиясын таситын фотондар саны. Фотон – тыныштық массасы 0 – ге тең элементар бөлшек. Е0- әрбір фотонға тиесілі ең кіші бір үлес энергия, яғни бір квант. | Оқулық, мәтіндер. Топтық жұмыс |
Ортасы 10 минут Аяқталуы Сабақты бекіту 5 минут | Қолдану. Есептер шығару Жұптық жұмыс Фотонның энергиясы 3,8 . 10-19 Дж. Электромагнттік сәуленің толқын ұзындығы қандай? h = 6.63. 10-34 Дж . с, с = 3.10-8 м\с 3.10-9 м толқын ұзындығына сәйкес фотон энергиясы неге тең? h = 6.63. 10-34 Дж . с, с = 3.10-8 м\с Жиілігі 1015 Гц жарық жазық айнаға түседі. Фотонның энергиясын есептеңдер? h = 6.63. 10-34 Дж . с Есептер шығарылып, тақтада талданады Талдау. “Сұрақ-жауап” әдісі Классикалық физика бойынша денелер сәулелерді қалай шығарады немесе жұтады? Планк гипотезасы неліктен классикалық пайымдауларға қайшы келеді. Квант дегеніміз не? Жарты квантты алуға бола ма? Шығатын немесе жұтатын сәуле дене энергиясын өзгерте ала ма? Жылулық сәулелену қандай энергияның есебінен орын алады? | Оқулық, Тапсырма жазылған түрлі-түсті қағаздар «Сұрақ-жауап» әдісі, сұрақтар таратылады |
Бағалау 2минут Кері байланыс 3 минут | Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл. Оқушының аты-жөні | Блиц – турнир | «Жариялау әдісі» Топтық жұмыс | «Жұптық жұмыс» Есептер шығару | «Сұрақ-жауап» жеке жұмыс | Балл | | | | | | | | | | | | | «Рефлексия» Күншуақ әдісі Оқушылар барлығын түсінсе күнді, жартылай түсінсе – күн мен бұлтты, ештеңе түсінбесе – бұлтты таңдайды. Түсіндім Жартылай түсіндім Түсінген жоқпын | Бағалау парақшасы |
Қосымша ақпарат |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. Сабағымда дайындалған мақсаттар блум таксономиясының білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейлеріне сай, бағалау критерийлерінің талаптарына байланысты құрылды. Яғни құрылған мақсат қолжетімді, шынайы. Оқушылар сабақ үдерісінде Планк гипотезасының физикалық мағынасын түсінді, формуланы түрлендіріп есеп шығарды. Сынып оқушыларын топқа бөліп алғаннан кейін оқушылар арасында жағымды ахуал орнады. Ол топтық жұмыс барысында көрініс тапты. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды. Себебі оқушылар топтағы жасаған жұмыстарын бағалауды үйренді. Мен берілген 40 минут ішінде толықтай үлгердім. Себебі менің пайдаланған әдістерім тиімді, уақытқа сай жоспарланған. |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақ мақсатының сараланып қойылуы. 2.Топтық жұмыс барысында оқу әңгімелері өрбіді Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Дескриптор бойынша шынайы бағалауға ықпал етуі 2.Есептер шығару барысында формуланы түрлендіру дағдылары қалыптасты Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Сабақ барысында сынып оқушылары және жеке оқушылар есеп шығару арқылы білімдерін бекітіп, менің келесі сабағымды жетілдіретінін білдім. |