Білім және Ғылым министрлігі
Атырау Энергетика және Құрылыс колледжі
Ашық сабақ
Құрылыс материалдары және бұйымдары
Тақырыбы: « Пластмассаның бұйым өндірудегі әдістері және оның қасиеттері. Еденге төселінетін полимерлі материалдар.Конструкциялық полимерлі материалдар мен кұбырлар »
Пән мұғалімі: арнайы пән оқытушысы
Макимова А.Б
Атырау-2017
Өткенді қайталау
«Кубик» ойыны және сөзжұмбақ арқылы үй тапсырмасын сұрау
3
1
2
4
5
6
7
Сөзжұмбақ
- Жасанды жолмен алынатын жоғары молекулалы органикалық қосылыстар?
- Трубалар жасауда қолданылатын полимерлердің түрі?
- Сұйық пластмассаларды қатты күйге келтіру үшін қосылатын негізгі бөліктері?
- Мата толтырғышты пластмасса?
- Қазақстандағы пластмасса өндіретін зауыт қайда орналасқан?
- Маталарды бояуда пайдаланылатын пластмассаның түрлері?
- Өзінің алғашқы қасиеттерін сақтайтын пластмасса түрі?
- Тоқтарды электр изоляциялау үшін өте құнды пластмасса түрі?
- Тез тұтанғыш шикізат?
- Қағазбен толтырылған пластмасса?
Сабақтың тақырыбы: «Пластмассаның бұйым өндірудегі әдістері және оның қасиеттері. Еденге төселінетін полимерлі материалдар.Конструкциялық полимерлі материалдар мен кұбырлар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға пластмассаның бұйым өндірудегі әдістері және оның қасиеттерін түсіндіру, еденге төселінетін полимерлі материалдар және конструкциялық полимерлі материалдар мен кұбырлар туралы мәліметтер беріп, білімдерін қалыптастыру
Дамытушылығы : Пәнге қызығушылықты дамыту, жаңашылдық ғылым мен техникалық жетістіктерін пайдалана білу.
Тәрбиелілігі: Тапсырмаларды орындау барысында студенттерді ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа үйрету.Экологиялық тәрбие беру.
Студенттерді топқа бөлу
«Орыны ауысқан» әріптер
Лергадирбри-
Таррабпро-
Инлернерже-
Пластмассалардың кеңінен қолданылуы - олардың қасиеттерінің тиімділігінде ғана емес, сонымен қатар пластмассалардан бұйым жасаудың еңбекті көп керек етпейтін жоғары өнімділігінде.Пластмассалардан бұйымдар жасау үшін, олардың қасиеттеріне байланысты мынандай тәсілдер қолданылады : престеу, кысыммен құю(шприцтеу-инъекция), үздіксіз сығып шығару (экструзия), біліктеу(вальцевание-каландрирование), т.б
Престеу арқылы бұйымдар термореактивтік полимерлер(пенопластар, амопластар, т.б.) негізінде өндіріледі. Престелетін материал қыздырылған (160°С) пресқалыпқа салынады да, онда жұмсартылып, пуансон арқылы қысыммен престелінеді. Престе бұйым 1 мм қалыңдығына 0,5-2 минут ұсталынады. Бұл әдіспен кабатты пластиктер, ағаш жоңқалы (ДСП) және ағаш талшықты (ДВП) плиталар (тақталар) өндіріледі. Қысыммен құю әдісін бұйымдарды термопластикалық массалардан: полистиролдан, полиэтиленнен жасағанда пайдаланады. Цилиндрде пластмасса керекті температураға дейін қызады, бұдан соң поршень қойыртпақ материалды қысыммен прес қалыпқа береді.Салқындағаннан кейін қалып кері жылжығанда бұйым босатылады.Бұл принциппен полистиролдан тыстама (өңдегіш) тақтайшалар өндіреді. Үздіксіз (үзіліссіз) сығу әдісімен, мысалы полиэтиленнен құбырлар, пленкалар алуға болады. Полимер цилиндрде жұмсару температурасына дейін қызады да, шнектің червягі көмегімен мундштуктен сығылып өтеді Біліктеу (вальцевание-календрирование ) әдісімен термотпластикалық массалардан — рулон, жұқа жарғақ (пленка) немесе парақ түрлі(парақша) материалдар
Пластмассалардың негізгі қасиеттері Пластмассаларға тән сипат — тығыздығының шамалы,механикалық беріктігінің жеткілікті, жылуизолядиялығы жақсы,үйкеліске төзімді болуы. Пластмассаларды қалаған түске бояуға болады. Кейбір пластмассалар, полиэтилен — мөлдір келеді. Толтырғышсыз пластмассалардың тығыздығы төмен болады,(900- 2100 кг/м3). Оның ішінде полимеризациялык полимерлердің тығыздығы — 900-1400 кг/м3 аралығында, ал кремнийорганикалық полимердің тығыздығы — 2100 кг/м3. Көбік немесе газбен толтырылғанпластмассалардың тығыздығы — 10-20 кг/м3, ал полимер-бетонның, яғни ауыр толтырыштар бар пластмассаның тығыздығы 2000 кг/м жоғары. Орташа алғанда пластмассалар болат пен алюминиймен салыстырғанда, 6 және 2,5 есе жеңіл. Пластмассалардың тығыздығы шамалы болуымен қатар, механикалық беріктігі де жоғары. Парақша және талшықгы толтырғыштары бар конструкциялық пластмассалар ерекше берік келеді
Еденге төселінетін полимерлі материалдар
Линолеум — латынша - зәйтүн майын (оливковое масло) қосып өндірілген жұқа жарғақ (полотно) деген мағына беретін құрама сөз.Қазіргі кезде линолеумдер, негізінде полимерлер қолдану арқылы жасалынады.Тақтай не паркет еденмен салыстырғанда, линолеум жұмыстарын 5-7 есеге жылдамдатады. Ұқыпты пайдаланылса,линолеумдер 20-25 жылға дейн пайдаланылады. Линолеумдер негізсіз немесе мата, киіз, т.б. негізді болып өндіріледі. Ен көп тараған түрлері- бір немесе көп қабатты негізсіз линолеумдер. Олардың беті әр түске боялған, тегіс, өрнектелген, жылтыр, күңгірт болуы мүмкін.
Конструкциялық полимерлі материалдар мен кұбырлар Полимербетондар - полимерлі байланыстырғыш және минералды, кәдімгі және толтырғыштар негізінде алынатын материал.Полимер байланыстырғыш ретінде фуранды, эпоксидті полиэфирлі және фенолформальдегидті шайырлар, яғни поликонденсация әдісімен алынатын полимерлер көп қолданылады. Минералды ұнтақ толтырғыштарға – майда бөлшектерінің мөлшері 0,15 мм кем түйірлер, ал кәдімгі толтырғыштарға түйірлерінің мөлшері 5 мм-ге дейінгі кұм мен 50 мм дейінгі жарықшак тастар жатады.
Құбырлар. Полимер материалдардан жасалған құбырлардың басқа материалдардан өндірілген кұбырлардан артықшылығы - олар жеңіл,электрохимиялық коррозияға төзімді, иілімді, өткізу қабілетін өзгертпейді. Жылуөткізгіштігі төмен кезде оңай орнатылады және қорғағыш жабындыны кажет етпейді. Кемшілікгері: жылуға төзімділігі төмен және температура эсерінен әжептәуір кеңейеді. Сондыктан оларды сүйықтарды 60-100°С жоғары температурада тасуға қолдануға болмайды.Құрылыста көбінесе полиэтилен, полипропилен және поливинилхлоридтен жасалған құбырлар пайдаланылады. Полимер құбырлар көбінесе экструзия (үздіксіз сығып шығару) немесе басқа әдіспен жасалынады.
Оларды өзара ажырамайтын, біртұтас (контактілі пісіру немесе желімдеу арқылы) немесе ажырайтын (алмалы-салмалы) етіп жалғайды.Полимер құбырлар су мен газ жеткізу, ауа тазарту (алмастыру),вентиляция жер суландыру (ирригация) және канализация жүйелері,химия, тамақ өндірістерінде ішкі коммуникация, қатынас, жол құру үшін қолданылады.
Шеңберлі ақпарат (Постермен жұмыс)
Пластмасса
Қорытынды сұрақтар:
«Бригадирлер» тобының сұрақтары
- Пласмассадан бұйымдарды қандай әдістерді қолдану арқылы жасайды?
- Пластмасса бұйымдарды престеп жасау әдісін сипаттаңыз
- Пластмассалардың негізгі қасиеттері қандай?
«Прорабтар» тобының сұрақтары
- Пластмасса бұйымдарды қысыммен құю әдісі арқылы жасауды сипаттаңыз
- Біліктеу әдісі арқылы пластикалық материалдардың қай түрі алынады?
- Линолеумның тиімді жақтарын ата
«Инженерлер» тобының сұрақтары
- Мастикалық (құйылымды) еденнің қолданылуы
- Полимербетондар дегеніміз қандай материал?
- Полимер материалдардан жасалған құбырлардың артықшылығы қандай?
Үйге тапсырма:
Конспектіге ауызша жауапқа дайындалу М.Садуақасов,Ғ.Батырбаев «Құрылыс материалдары» 222-бет