СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Полиглот" Интеллектуальный кокурс

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Полиглот"интеллектуальный конкурс, посвященный неделе языков.Проводился среди 9 классов на знание казахского, русского и английского языков.

Просмотр содержимого документа
«"Полиглот" Интеллектуальный кокурс»

Тұрсынтай Төлеуқызы Әубәкірова,

40 орта мектептің қазақ тілі

мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Семей қаласы.



«Полиглот» интеллектуалдық сайысы.

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың тіл, әдебиет, тарих, географияға қатысты білімдерін сарапқа салу..

Дамытушылық: оқушылардың ақыл – ойын, сана сезімін, тіл байлығын дамыту, сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік: адамгершілікке, тапқырлыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Пайдаланған көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар.

Сайыстың түрі: кіріктірілген

Сайыстың әдісі: сұрақ-жауап, аудару, жазу, көрсету, шешу.


Қазір сіздердің алдарыңызға «Полиглот» атты білім сайысына шақырамыз. Ол үшін әр сыныптан бір – бір оқушыдан шақырамыз. Бүгінгі сайыс бес асудан тұрады:


І асу - Бәйге

ІІ асу - Полиглот

ІІІ асу - Тоғыз жұмбақ

IV асу - Көкпар

V асу - Жорға


І асуБәйге – 10 ұпай әр жауапқа беріледі.

  1. Қазақстан Республикасы орналасқан құрлық?

а) Еуропа;

в) Еуразия;

а ) Азия.

  1. Алматыға дейінгі Қазақстанның астанасы болған қала?

а) Ақтөбе;

в) Орынбор;

с) Қызылорда.

  1. Қазақ халқының атақты биін ата?

а) Әйтеке, Абай, Шәкәрім;

в) Қазыбек, Мұхтар, Төле:

с) Төле, Қазыбек, Әйтеке.

  1. Ғарышқа екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері кім?

а) Т Әубәкіров;

в) М. Әлібеков;

с) Т. Мұсабаев.

  1. Мақал-мәтел дегеніміз не?

а) өмір ой- түйіні;

в) білім ой – түйіні;

с) ақыл ой-түйіні.

  1. Мақал-мәтел нені сынайды?

а)Жамандықты, жалқаулықты;

в) Білімді, ақылдықты;

с) Жамандықты, Отанды.

  1. Ядролық сынаққа қарсы қозғалысты кім басқарған?

а) Ж. Кенебаев;

в) Р. Сейсенбаев;

с) О. Сүлейменов.

  1. Ұлттық теңгеміз айналымға қай жылдан кірді?

а) 15.11.1993;

в) 15.09.1990;

с) 15.11.1992.

  1. Қазақтың тұңғыш этнограф ғалымы?

а) А. Байтұрсынов;

в) Ш.Уәлиханов ;

с) Қ.Сәтбаев.

  1. Абайдың шын аты?

а) Ибраһим;

в) Шыңғыс;

с) Мұхаметқанафия.

11. Қазақтың бес арысы кімдер?

а) Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Мыржақып;

в) Шәкәрім, Абай, Шоқан, Мұхтар, Мағжан;

с) Ахмет, Міржақып, Абай, Шәкәрім, Шоқан.

12. Тіл білімінің атасы?

а) Шоқан Уәлиханов;

в) Ахмет Байтұрсынов;

с) Ыбырай Алтынсарин.

  1. Қай жыл мезгілі жөнінде айтылған? Дала, орман, үйлер күн сәулесінде жарқырап тұр. Ағаштардың жасыл жапырақтары сыбдыр-сыбдыр етеді.

а) қыс;

в) жаз;

с) күз.

  1. Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз?

а) Есіл;

в) Арал;

с) Алакөл.

  1. Мақал-мәтелдің көлемі қандай?

а) ұзын;

в) қысқа;

с) көлемі жоқ.

16. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?

а) С. Сейфуллин;

в) Ы. Алтынсарин;

с) О. О. Сүлейменов

  1. Тіл білім саласына жататын термин сөзді тап?

а) бөлгіш;

в) сөйлем;

с) сурет

  1. Мемлекеттік тудың авторы кім?

а) Ш. О. Ниязбеков;

в) Ж. Н. Мәлібеков;

с) О. О. Сүлейменов.

  1. Тұңғыш президент қашан сайланды?

а)1.12.1991 ж.;

в)1.12.1990 ж.;

с)1.10.1995.

  1. Қазақ тілінде неше септік бар?

а) 7;

в) 6;

с) 9.

ІІ асуПолиглот (белгісіз сөзді табу, үш тілде айту, әр сөз 10 ұпай)

Өмір – үлкен мектеп. /өмір, жизнь, life/

Тіл – алтын қазына. /тіл, язык, language/

Ақыл азбайды, білім тозбайды. /ақыл, ум, mind /

Өнер алды қызыл тіл. /өнер, искусство, art/

Білім - өмір шырағы. /білім, знание, knowledge/

Отан – туған жер. /Отан, Родина, Mother land/

Мектеп – алтын ұя. /мектеп, школа, school /

Мақал – ақыл ой-түйіні. /мақал, пословица, prover /

Ұстаз – мектептің жүрегі; /ұстаз, учитель, teacher /

Дәстүр – атадан қалған мұра;/дәстүр, традиция, tradition/

Аз сөз - ...., / алтын, золото, gold /

Қөп сөз - ... . / күміс, серебро, silver /

ІІІ асуТоғыз жұмбақ

Терезедегі санды таңдап алу. Сол санның сұрағына жауап беру. /қазақ тілі, география, әдебиет, тарих/

  1. 10 – қазақ тілі. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? /түркі/

  2. 20 – география. Қазақ жерінің қандай көне қалаларын білесің? /Тараз, Түркістан, Отырар/

  3. 30 – әдебиет. А. Құнанбаевтың табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдерді білесің? /қыс, көктем, жаз, күз/

  4. 10 – география Мұнай Қазақстанның қай аймағында өндіріледі? / батыста/

  5. 20 – тарих. ҚР тәуелсіздікті қашан алды? /16.12.91/

  6. 10 – қазақ тілі. «Наурыз» сөзі қалай аударылады?

  7. 30 – қазақ тілі: Буынның қандай түрлері бар? / ашық, тұйық, бітеу/

  8. 20 – әдебиет. «Батыр Баян» поэмасының авторы кім? /М. Жұмабаев/

  9. 30 – тарих. Ш. Уәлиханов қай жерде туған? /Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті/


IV асуКөкпар

І тап. Мақал-мәтелдерді аяқтау /10 ұпай/.

  1. Ақыл азбайды, білім ...

  2. Отансыз адам - ...

  3. Еңбексіз тапқан мал...

  4. Кітап білім бұлағы, ...

  5. Бірлік болмай, ...

  6. Ақылсыз бас, аяққа тыным ...

  7. Сумен ойнама – батарсың, отпен ойнама - ...

  8. Өзім білем деген өрге ...


ІІ тап. Мақал – мәтелдердің керекті сөздерін жаз.

  1. Ашу – дұшпан, ақыл – ...

  2. Отан – оттан да ...

  3. Туған ... күні де ыстық.

  4. Ырыс алды - ...

  5. Жақсы сөз жарым ...

  6. Күшіңе сенбе, ... сен.

  7. Жері байдың – елі ...

  8. Гүл өссе, жердің көркі, ... өссе елдің көркі.

ІІІ тап. Мақал-мәтелдердің қазақ тіліндегі баламасын табу. /10 ұпай/

  1. Чистота – залог здоровья. /Тазалық денсаулықтың кепілі/

  2. По труду и плоды. /Еңбегіне қарап бағала/

  3. Глаза боятся, руки делают. /Көз қорқақ, қол батыр/

  4. Не имей 100 рублей, а имей 100 друзей. /100 сомың болғанша, 100 досың болсың/

5. Язык острее кинжала / Тіл қылыштан өткір./

Жинаған ұпайлары төмен ойыншылар ойыннан шығады.


V асу – Жорға

Әр сайыскер 1 мин. Арасында берілген сұрақтарға жауап берсе, әр жауапқа 10 ұпай жинайды.

1-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар.

  1. Қазақстан Ғылым Акадамиясының тұңғыш президенті кім?

  2. ХVIII ғасырда үш жүздің басын қосқан хан?

  3. Ұлттық музыкалық аспап?

  4. Қорқыт ата кім, нешінші ғасырда өмір сүрген?

  5. Шығыстың Аристотелі кім?

  6. Қазақтың атақты кино әртісі?

  7. Тұңғыш қазақ ғарышкері?

  8. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада?

  9. Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне неше жыл?

  10. «Қыз Жібек» қандай шығарма?


2-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар.


  1. «Жеті жарғы» заңдар жиынтығын шығаруға кімдер көмектесті?

  2. «Көксерек» атты әңгіме кімнің шығармасы?

  3. Оңтүстік астана?

  4. Қазіргі өмір талабына қоятын үш тіл?

  5. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?

  6. Халықаралық тіл?

17.Тәуелсіздік күні қай күн?

18. Жүз жасаған ақын кім?

19. Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз?

20. Діни мейрамдар?


Ойынды бекіту. Жеңімпазды анықтау. Жеңімпазға грамота беру.