СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Поурочный план на тему "темір қүймалары"

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы Металлдар Қүймалар.

Темір қүймалар туралы бейнебаян қарап, тапсырмалар орындайды.

Просмотр содержимого документа
«Поурочный план на тему "темір қүймалары"»

Бөлім атауы: 9.2В

Металдар мен құймалар

Мектеп: КГУ «Валерьяновская основная школа»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:ИзгалиеваК.С

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны: 3

Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы

Металдар құймалары


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (Оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.3 –құйма ұғымын және оның артықшылықтарын білу

9.1.4.4 –шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру

9.4.2.5 –Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру үдерістерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру

Сабақтың

мақ саттары

  • Барлығы

    • Құйма ұғымын түсініп, артықшылықтарын біледі.

  • Басым бөлігі

Шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыра алады.

  • Кейбіреулері

    • Қазақстандағы металдардың кен орындарын атай алады және өндіру

    • барысын, айналаға қандай әсер тигізетін түсіндіреді.

Бағалау

критерийлері

  • Құйма мен таза металды салыстырады, құйманың құрамын сипаттайды

  • Шойын мен болаттың құрамын мен қасиеттерінің ерекшеліктерін түсіндіре алады және олардың өндірісінде жүретін химиялық реакцияларды ажырата алады.

  • Қазақстандағы металдардың кен орындарындың қоршаған ортаға әсерін түсіндіріп,талдайды.

Ойлау деңгейі

  • түсінік айту, сипаттау және ізденіс жұмыстары тірек-сызба жүргізіледі;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар шойын мен болат туралы бейнефильм көру, сұрақтарға жауап беру, талдайдау, тұжырымды ойларын айту, сәйкестендіру, өзін-өзі, бір-бірін, топпен бағалау.

Құйма, шойын, болат

Құндылықтарға

баулу


Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өсу

Сыни тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, өздігінен іздене отырып білім алу, өз ара бірін-бірі оқыта отырып өздері оқуға үйрену.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, география, экология

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


























Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуына және дайындығына назар аудару, түгендеу,

1.“Шаттық шеңбері” Оқушылар қол ұстасып, әр халықтың тілінде амандасады.

Топқа бөлу. «мозайка » әдісі. Бойынша сурет арқылы сыныпты топқа бөліп психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушылар шеңберге тұрып бір-бірімен амандасады. Әрбір оқушы суреттер арқылы өз жартысын тауып, шыққан сурет тиісті орына отырады. Сынып үш топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын пысықтау

Ішкі, сыртқы шеңбер» әдісі

 Ішкі шеңбер сұрақ қояды, сыртқы шеңбер соған жауап айтады. Содан соң ішкі шеңбердегілер оңға, сыртқы шеңбердегілер солға екі қадам жылжу арқылы ауысып отырады.

  1. Металдар қандай жай заттармен әрекеттеседі?

  2. Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі кезінде нені ескеру керек?

  3. Ең жеңіл металл;

  4. Ең қатты металл?

  5. Периодтың басынан соңына қарай металдық қасиет қалай өзгереді?

  6. Металдық байланыс дегеніміз не?

Қалыптастырушы бағалау: сұрақтарға жауап берген оқушы смайликтермен бағаланады.


«шаттық шеңбер »әдісі

«Мозайка» әдісі







Сабақтың ортасы



























30 мин.












































































































































«Миға шабуыл» әдісі

Мақсаты: Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуға, табуға мүмкіндік беру.

Нұсқау: берілген суреттер бойынша өз ойларын ортаға салу

Әр оқушының алдына тапсырмалар беріледі.

Тапсырма №1 . Жеке жұмыс. Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар құймалар туралы білімді оқулықтан оқып үйреніп, кеңесіп, өз ойларын толықтырады





1 тапсырма. Джигсо әдісі

Оқушыларды топта, жұпта жұмыс жасауға баулу

1-топ: құймаар табиғатта кездесуі

2-топ: құймалардың маңызы

3-топ: болат пен шойының қолданылуы

Постер қорғайды.


Дескриптор:

1.Білім алушылар құйма ұғымына анықтама береді.

2. Құйманың металдан ерекшелігін түсіндіреді.

3. Көп қолданылатын 2 құймалардың атауын біледі.

Тапсырманың жауаптары интербелсенді тақтамен көрсетіледі

Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» әдісі

Тапсырма №2. жеке жұмыс. «Сәйкестікке назар аудар» әдісі

Бейнеролик «Темір құймалары» арқылы тапсырманы орындау

Болат құрамына қосылатын металдардың құйма қасиетіне әсерлері қандай? Сәйкестікті табыңдар

1.Хром

А.Қаттылық, ыстыққа және жемірілуге төзімділік

2.Никель

Ә.Аса жоғары беріктік, серпімділік, соққыға төзімділік

3.Марганец

Б.Созылғыштық, ыстыққа және жемірілуге төзімділік

4.Титан

В.Қышқылдың әсеріне төзімділік

5.Вольфрам

Г.Қаттылық, жемірілуге төзімділік

6.Молибден

Ғ.Қаттылық, механикалық беріктік, ұру мен үйкеліске төзімділік

7.Ванадий

Д.Тұтқырлық, механикалық беріктік, жемірілуге төзімділік

8.Кремний

Е.Ыстыққа төзімділік, жоғары температурада механикалық беріктік,, жемірілуге төзімділік




Бағалау критерийлері:

Құйма мен таза металды салыстырады, құйманың құрамын сипаттайды


Дескриптор: Білім алушы

-элемент атауы мен қасиеттерін сәйкестендіреді.

Тапсырма жауабын интербелсенді тақтадан көреді. Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау «Басбармақ» әдісі бойынша


Топтық жұмыс. Оқулықты пайдалану арқылы әр топқа постер құру ұсынылады.

Тапсырма №3 «қарлы кесек » әдісі. Топпен жұмыс.

Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді.

Бұл – шаршататын және бір сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады. (ақпарат көзі )

Шойын мен болат өндірісі

Қосымша сұрақтар

-Болат өндірудің шойын өндіруден қандай өзгешеліктері бар?

- Шойынның құрамына қарай физикалық қасиеттернің де әртүрлі болу себептерін түсіндіріңдер;

-Легирленген болаттың қандай айырмашылықтары бар?

-Легирлеуші элементтерді атап, олар қосылған болаттың сапасын сипаттаңдар.

Бағалау критерийлері:

Шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерінің ерекшеліктерін түсіндіре алады және олардың өндірісінде жүретін химиялық реакцияларды ажырата алады.

Дескриптор:

1.Шойын мен болаттың құрамын көрсетіп, салыстырады.

2. Шойынның түзілу реакцияларын жазады.

3. Болатты алу реакцияларын жазады.

4. Болат пен шойын өнімдерінің қолданылауын сипаттайды

Қалыптастырушы бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды .

Нұсқау: Екі жұлдыз = екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы);

Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.

Стикерлерді толтыру. Әр топ бір-бірін бағалайды.

Мұғалім оқушылардың ойын жинақтап, қорытындылайды.

Тапсырма №4. «Кестені толтыр» әдісі. Жеке жұмыс

«Металдар өндірісінің қоршаған ортаға әсері» кестесін толтырып, табиғи ресурстарды өндіретін өндірістік кешендердің қоршаған ортаға тигізетін салдары туралы сипаттаңыз. Салдарлар әсерін азайтатын шараларды ойластырыңыз.


Бағалау критерийлері:

Қазақстандағы металдардың кен орындарындың қоршаған ортаға әсерін түсіндіріп,талдайды



Дескриптор:

1.Қазақстандағы металдардың кен орындарын атайды. 2.Кен орындарының қоршаған ортаға әсерін сипаттайды. 3. Әсерін азайтатын шаралар ұсынады.

Қалыптастырушы бағалау. «бинго » әдісі







№5 көрсетілім «Металдар және құймалар»





Оқулық

































«Бас бармақ»



https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/temir-qujmalary-zhane-olardyng-qoldanyluy-shojyn-zhane-bolat-ondirisi





Оқулық, А4 формат, маркер



Стикер























































«Бас бармақ»

























































«Екі жұлдыз, бір тілек»

























Кесте

















Сабақтың соңы

5 минут

«Әңгімелесуші серіктестер» әдісі Жұптық жұмыс.

Серіктесіңізбен талқылаңыз:

3 үйренген жаңа нәрсе туралы;

Не оңай болды? Не қиын болды? Не білгіңіз келеді?

Оқушылардың жинаған жетондары бойынша бағалайды.

Кері байланыс. Кері байланыс «Кеме әдісі»

Оқушылар жаңа тақырыптан алған әсерлерін осы таратылған карточка арқылы көрсетеді.

Егер оқушыға сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болса:

Желкенді жасыл түске бояйды.

Егер сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болса:

Желкенді сары түске бояйды.

Ал егер оған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса:

Желкенді қызыл түске бояйды.

Үйге тапсырма: § 23, №1 есеп





«Әңгімелесуші серіктестер»















Үлестірме қағаз,бояу қарындаштар

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау



Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастырамын. Оқушылар алдына ресурстардың жеткілікті болғанын қадағалаймын.Үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсету тәсілдері бойынша (диалог)

Бір бірін бағалау

Өздік бағалау

Сабақ бойы мұғалімнің ауызша кері байланысы

ИТ тақта қолдану уақытын қадағалау

Кабинетте тазалықты қадағалау, желдету



Сабақ бойынша рефлексия



Оқу мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?,

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақыттытиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойлануға қолданыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы маңызды сұрақтарға сол жақ бағаннан жауап беріңіз.



Сабақ мақсаты орындалды деп ойлаймын. Оқушыларым алдыңғы алған білімдерін нығайтты деп санаймын. Құймалардың қасиеттерінің артықшылықтарын түсіндірді; шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерінің ерекшеліктерін көрсете алды; кен орындарын атады, кейбіреулері олардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіріп, талдады.



Оқушылар барлығы қол жеткізді, сабақта жеке жұмыс, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылды.











Дұрыс жүргізілді. Әр тапсырмадан кейін мұғалім оқушылардың ойларын жинақтап, қорытындылап отырды.



Ия, сақталды.





жоқ

Жалпы баға





Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Жеке жұмыста «Сәйкестікке назар аудар!» әдісінде оқушылар бейнематериал арқылы материалды меңгеріп, алдына қойған тапсырмадағы элемент атауы мен қасиеттерін сәйкестендірді.

2: Топтық жұмыста «Елші» әдісі бойынша топтардың постер құруында оқушылар шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерінің ерекшеліктерін түсіндіріп және олардың өндірісінде жүретін реакцияларды ажырата алды.



Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Оқушыларға Қазақстандағы металдардың кен орындарының қоршаған ортаға әсерін талқылауда экрандық құралдармен жұмыс (бейнематериал) ұйымдастыру



2: Оқушыларға шойын мен болаттың қасиеттерін көрсететін химиялық есептерді шығарту



Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Оқушылардың ойлау деңгейі бойынша деңгейлік тапсырмаларды әзірлеу




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!