СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Поурочный план по предмету самопознание на тему: "Өзімді өзім танумен өсіп келем..."

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Поурочный план 5 класса по самопознанию по теме Өзімді өзім танумен келемін

Просмотр содержимого документа
«Поурочный план по предмету самопознание на тему: "Өзімді өзім танумен өсіп келем..."»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп №14 Мерзiмі: №1 сабақ

Тақырып: Өзімді өзім танумен өсіп келем...

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм: Жансейтова Э.С.

Сынып 5 Оқушылар саны: 15


Сабақ мақсаты: Оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

Білімділік-оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша өткен сыныптарда алған білімдерін пысықтай отырып,өзін-өзі танудың үздіксіз үдеріс екендігін ұғындыру;

дамытушылық-оқушылардың өмірдегіұстанымын болашағын анықтауына оқу материалдары арқылы ықпал ете отырып адамның қайталанбас тұлға екендігі туралы түсініктерін дамыту;

тәрбиелік-өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі-халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


  1. Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.


  1. Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Үйге берілген «Мен армандаймын.......» сөйлемді аяқтап келу.


Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз. Отырарлық ғұлама ғалым әл- Фарабидің адамның өзін-өзі тану туралы «Дүниедегі ең оңай нәрсе-біреуге ақыл айту,ең қиын нәрсе-өзіңді өзің түсіну»деген нақыл сөзіне талдау жасалады.




Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин. Оқулықта «Ойланайық,әңгімелесейік»айдарымен берілген сұрақтар негізінде әңгіме жүргізіледі:

1.Біз «Өзін-өзі тану»пәнінен не үйрендік?

2.Өзін-өзі танудың адам өміріндегі маңызы қандай?

  1. 3.Өзін-өзі тануды «сарқылмас қазына» деуге бола ма?Неліктен? «Алыстан көруге үйренді» дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер?

  3. Қай данышпанның тағылымы табандылыққа,болашақты болжауға үйретеді?



Аңыз айту. 5 мин

Оқулықта «Оқып үйренейік»айдарымен берілген «Таным тағылымы»атты мәтінді оқып, сұрақтар арқылы талдау

Сұрақ қою: 5мин.

  1. Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?

  2. Өздеріңнің қандай армандарың бар?

  3. Адамға армандай не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  4. Арманға қалай қол жеткізуге болады?






  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Оқулықта ұсынылған тұжырымдамаларға жеке-жеке талдау жасалады.

адамның бүкіл ғұмыры бойына жалғасып отырады



өзін-өзі тану

тәрбиелеуге,жетілдіруге

мүмкіндік береді



Өзін-өзі тану өзгелерді түсініп,бағалауға негіз

болады



өмірден өз орнын табуға

көмектеседі


Дәптермен жұмыс

Қорытындылау.

Адам-ғалам ғажайып жеке дара,

Жан құмары – ізденген мәңгі сана.

Өзіңді өзің танысаң – істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.



  1. Топпен ән айту. 3 мин.

«Арман жолдар» Сөзі: А.Дүйсенбінікі, әні: Ұ.Жолдасовтікі



  1. Үй тапсырмасы. 2 мин.

дәптердегі берілген сауалнамалық

сұрақтарды мұқият оқып,өз ойларыңды үйде жазып келіңдер.



  1. Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!