Интерактивті ойын əрекеті арқылы оқушылардың ой белсенділігін арттыру
Жаркеева Сауле Жадигеровна
Замдиректора по методической работе
СОШ № 19, г. Уральск, ЗКО
Ұрпақ тəрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейтесті мəселесі болып келгендігі дəлелдеуді қажет етпейді.
Тəлім-тəрбиенің маңызы өте зор. Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар, табалдырығын алғаш аттап жатқан балдырғандар -
халқымыздың ертеңгі болашағы. Біздің елде балаларды тəрбиелеу əрқашанда мемлекеттік зор маңызды іс болып саналады. Тəрбиені
əр балаға жастай берген жөн. Себебі данагөй халқымыздың айтқанындай, жастай берген тəрбие –жас шыбықты игендей.
Сондықтанда бір сарынды жəне бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-əрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Əсіресе бастауыш
сыныптарда оқыту барысында əр-түрлі оқыту əдіс- тəсілдерімен формаларын алмастыра отырып қолдану керек. Бастауыш сынып
оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдалану жəне оларды оқу тəрбие үрдісінде үздіксіз дамытып отыру,алған
білімдері мен тəрбиелерін тəжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойынның түрлерін пайдаланудың ерекшелігі орасан
зор.
Ойын- бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ та емес. Ойын –бала миын жаттықтыратын
əрі тынықтыратын негізгі жаттығу.
Ұлы педагог В.А.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ жəне олай болуы мүмкін де емес. Ойын -дүниеге
ашылған үлкен жарық терезе ісептес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірімен ұштасып,айналасындағы дүние туралы
түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты » деген.
Ойын- балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын- айналадағы дүниені тану тəсілі.Ойын арқылы оқушылардың қызығушылығы артады.
Олардың тілін дамытуда, сөйлеу мəдениеті мен ой-өрісін дамытатын бірден-бір құрал.
Бастауыш сыныпта көбірек қолданатын технология- ойын. Ойын, өзіміз білетіндей баланың іс-əрекеті. Сонымен қатар ойын-
оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыратын,оқу үрдісн қызықты етіп өткізуге əрі олардың көңіл күйлеріне əсерін тигізетін оқыту
құралы.
Осы орайда тəрбие саласында қолданылатын ойындардың түрлері мынадай:
· Шығармашылық ойындар
· Рөлдік ойындар
· Ойындарды жобалау
· Үзінді рөлдерге бөліп ойнау
· Жағдайатқа байланысты ойындар
· Ережелерге сүйенетін ойындар
· Үстел үсті ойындар
· Жарыс ойындар
· Қимыл – қозғалыс ойындар
· Компьютерлік ойындар
Осы аталған ойындардың пайдасы, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, алған білім дəрежесін саралауға, қызығатын пəн төңірегіндегі
білімін тексеруге, толымсыздықты толтырып, білмегенді білуге бос уақытта миды шынықтыруға жаттықтыратын ойындар деп анықтама
береді.
Ойынның қай түрі болса да баладан дүние танымының кеңдігін, тапқырлықты, алғырлықты, іскерлікті, іздемпаздықты жəне т.б.
қасиеттерді талап етеді. Ойын шартын шешу үшін көп ізденіп, көп білу керек. Демек ойын көп білуге, біліктілікке баулиды жəне білгенін
тұжырымдап, дəл əрі нақты айтуға тəрбиелейді.
Ойын кезінде барлық оқушылар бірдей, өйткені барлығы да не істесем, қалай айтсам жеңемін, қалай нəтижеге жетемін деген
мақсатта жұмыс істейді. Тақырыпты білмей отырған оқушының ойын кезінде қорқынышы, ұялғыштығы жойылып басқа балалармен
бірге бір деңгейде жұмыс істей алады. Балалармен əр түрлі ойындар ойнауға болады. Кейбір ойындар тілді жаттықтыру үшін
қолданылады, ал енді біреуі арнайы бір жағдаятқа негізделіп келеді. Егер жағдаят балалардың өмірімен байланысты болса, онда
олардың қызығуы артады, бір-біріне деген сыйластық пен көңіл-күйге жағдай туады. Ойын кезінде белгілі бір нəтижеге жету үшін
оқушылардың тек қана сөзді ғана қолданып қоймай, сонымен қатар мимика, жест түрлерін де қолдана алады.
Кейінгі уақытта бұрыннан келе жатқан ойындардан да басқа интерактивті ойындар əрекеті арқылы оқушылардың ой
белсенділігін, танымдық қызығушылықты, үнемі жаңа нəрселермен танысу үшін, белгісіздік алдындағы қорқынышты жеңе білу
мақсатында өзін-өзі итермелеуге жол ашады. Интерактивті ойынға қойылатын төмендегі əдістемелік талаптарды ескеріп, орындап
отыруды көздейді.
1.Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдарды алдын ала дайындау қажет.
2.Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тəртібін оқушыларға əбден түсіндіру керек.
3.Ойынға сыныптағы балалар түгел қатысуын қамтамасыз ету.
4.Ойынның жүру барысында қолайлы жағдай жасау қажет.
Ойын арқылы:
- Бірлесе оқу, жеке ерекшеліктерді мойындау.
- Басқаның үлесін бақылау.
- Барлығы жеңімпаз.
- Басқалар алдында жауапкершілік.
- Қалыптан тыс ойындар.
- Шешім қабылдау дағдысы.
- Көзқарастарды бөлісу дағдысы.
- Түсіну мен практика арқылы есте сақтауды жетілдіру.
- Өзара тəуелділіктің өмірлік тəрбиесі.
- Ұжымның құрылуы, сезімдердің дамуы.
- Өзінің бағасын көтеру.
- Өзін-өзі басқаларды сыйласуы жүзеге асады.
Интерактивті ойын жаттығу арқылы танымдық қызығушылықты, үнемі жаңа нəрселермен танысу үшін, белгісіздік алдында қорқынышты
жеңе білу, тыныш жағдайдан шығуға оқушының өзін-өзі итермелеуге жол ашады. Сызбада көрсеткендей оқушы тікелей өзі қатысқанда
сөйлегенде ғана, яғни интерактивті оқу жаттығулар арқылы жоғарғы сапалы көрсеткіштерге ие бола алады.
Интенсивті оқу жаттығулар 90 %
Оқушы өзі тікелей қатысқанда 70 %
Пікірталас, топпен жұмыс 50 %
Демонстрациялау 30%
Көрнекілік жəне ТОО 20%
Оқу арқылы 10%
Мұғалім дəрісі 5 %
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сəйкес алынса, оның танымдық,тəрбиелік маңызы да
арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың қызықты, тартымды өтуіне, оқушының сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.Əр ұстаз өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі, белсенділігін оята білуі мұғалімнің көрсеткіші болып табылады. Сабақта ойын
элементтерін қолдану арқылы балалар үйренеді, білім алады, жеке тұлғаның мүмкіндіктерін тəрбиелеуге, ерекшелеуге көмектеседі.