СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Power Point 2013 программасы туралы негізгі түсінік.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Power Point 2013 программасы туралы негізгі түсінік.

Просмотр содержимого документа
«Power Point 2013 программасы туралы негізгі түсінік.»

ҚҰРАМДАСТЫРЫЛҒАН САБАҚ

Сабақтың жүргізілу жоспары

Пән аты: Информатика

Оқу тобы: 1305-17-9б Курс: 1. Бөлім:күндізгі.

Сабақ №26. Өткізілген күні: 30.11.2017ж.

Тақырыбы: Power Point 2013 программасы туралы негізгі түсінік.

Мақсаты:

Білімділік: Білімгерлердің білімдерін жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Power Point бағдарламасын қолдана білу.

Дамытушылық: Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ережесіне байланысты білімгерлерді сақтылыққа үйрету.

Дәрістің типі: құрамдастырылған сабақ

Дәрістің түрі: семинар

Оқыту әдістері: АКТ, ойын элементтері, интерактивті әдістер
Негізгі ұғымдар: презентация, слайд, шаблон, терезе, Файл (Файл), Түзету (Правка), Көрініс (Вид), Кірістіру (Вставка), Пішім (Формат), Сервис (Сервис), Слайдты көрсету (Показ слайдов), Терезе (Окно), Анықтама (Справка). 
Пән аралық байланыс: Математика, ағылшын тілі

Әдебиеттер:

Негізгі: 1.Балапанов Е.Қ,Бөрібаев Б,Дәулетқұлов А."Информатика 30 сабақ.Жаңа ақпараттар технологиялар"- Алматы,"Шартарап",2001 ж. 
2.Балапанов Е.Қ.,Б.Бөрібаев,Г.Мадиярова, Жаңа ақпараттар технологиялар"- Алматы, 
2000 ж. 
Қосымша: 1.Шафрин Ю.А.основы компьтерной технологии.-М.,АБФ,1998 
2.Петров В.Н.«Информационные системы».СПБ.:Питер,2002

Сабақ көрнекілігі: Тірек-сызба, тілме қағаздар, тест сұрақтары.

Сабақ жабдығы: тесттер, слайдтар, мини плакаттар, компьютер, оқу элементі, интербелсенді тақта; 
Дәрістің барысы: (90мин)

І.Ұйымдастыру кезеңі. Білімгерлердің сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың сабаққа дайындығы. 2мин

Шеңбер әдісімен бір біріне тілектер айту. Топты екі топқа бөлу арқылы сабақты өту.(Бейсик және Паскаль)2мин

Білімгерлерді кесте арқылы бағалау.


Топтың аты

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Сұрақ-жауап

Сөзжұм

бақ

Тест

Өзіндік

жұмыс

Постер әдісі

Қорытынды


11


Бейсик








22


Паскаль









ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: 1.Сұрақ-жауап; 2.Сөзжұмбақ; 3.Тест.

1. Сұрақ-жауап. 5мин

Бақылау сұрақтары: 

  1. Access программасы бұл ......

  2. Басқару жүйесі бұл .....

  3. Кесте ол ...

  4. Форма ол ....

  5. Басылым (отчет) ол ....

  6. Басылымдар шебері (Мастер отчетов)  қызметі ...

  7. Мәліметтер базасының терезесі ....

  8. Көк жолақтың қызметі...

  9. Екінші жолақтың қызметі...

  10. Үшінші жолақтың қызметі....

  11. Access бағдарламасында неше обьекттен тұрады...

  12. Access программасын қолдану мақсаты...

  13. Создать батырмасы дегеніміз....

  14. Конструктордың қызметі...


2. Сөзжұмбақ 5мин

P R I N T 
C D R O M 
W I N D O W S 
E N T E R 
C T R L 
С A P S L O C K 
W O R D 
P A I N T 
E N D 
D E L E T E 

Сұрақтар: 
1.QBASIC программасында баспаға беру командасы. 
2.Лазерлік дискіні оқитын дискіжетек 
3.Қазіргі кездегі компьютерде кең тараған ОЖ. 
4.Мәтін ендіру кезінде меңзерді бір қатар төмен түсіру пернесі. 
5.Арнайы комбинация пернесі. 
6.Үлкен әріппен жазу пернесі. 
7.Мәтін енгізу программасы. 
8.Суреттер салу үшін қолданылатын стандартты программа. 
9.Меңзерді сөздің соңына апаратын перне қалай аталады? 
10.Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіретін перне. 

3. Тест бойынша жұмыс: 8мин

Топ: ____________________________

Аты-жөні:_____________________________

Нұсқасы:___________________________________

1-нұсқа.

  1. Кестелерді байланыстыру және деректерді таңдап алу мына объектінің негізгі қасиеті.

А) кесте

В) сұраныс

С) есептер

D) қалыптар


2. Мәліметтер базасын толтырғанда берілген өрісті міндетті толтыру қажеттігін анықтайтын қасиеті.

А) Қате туралы хабар

В) Бос жолдар

С) Міндетті өріс

D) Мәнге қойылатын талаптар


3. Ақпаратты автоматты түрде өңдеудің ақпараттық бағдарламалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы.

А) Ақпаратты іздеу

В) Ақпаратты өңдеу жүйесі

С) Ақпаратты өңдеу

D) Жобалау технологиясы


4. Өндірістік, қаржылық, маркетингтік, кадрлық жүйелер.

А) Ақпараттық

В) Автоматтық

С) Амалдық

D) Жартылай автоматты


5. Ақпараттық жүйелер қандай кластар бар.

А) дұрыс жауабы жоқ

В) сыртқы

С) Сыртқы және ішкі

D) Ішкі


6. Ақпараттық жүйенің 2 ішкі класы.

А) барлығы дұрыс

В) Ақпараттық кеңес беретін жүйелер

С) Ақпараттық қадағалаушы жүйелер

D) Ақпараттық анықтамалық жүйелер


7. Ақпараттық жүйенің 2 ішкі класы.

А) Ақпараттық кеңес беретін жүйелер

В) Ақпараттық анықтамалық жүйелер

С) Ақпараттық қадағалаушы жүйелер

D) Барлығы дұрыс


8. Ақпараттық жүйенің ішкі кластары.

А) Ақпараттық анықтамалық жүйелер

В) Барлығы дұрыс

С) Ақпараттық қадағалаушы жүйелер

D) Ақпараттық кеңес беретін жүйелер


9. Адамның басқару жүйелерінде және оның бастапқы шешімдерін қабылдауға қатысуын ұйғаратын жүйе.

А) Автоматтандырылған жүйе

В) Ақпараттық жүйе

С) Амалдық жүйе

D) Анықтамалық жүйе


10. Ең қарапайым мәліметтер базасы ... кесте болады.

А) 4

В) 2

С) 3

D) 1


Топ: ____________________________

Аты-жөні:_____________________________

Нұсқасы:___________________________________


2-нұсқа

1. Ақпараттың түрін және қондырғы типі.

А) Тәуелсіз, ақпараттық процестер

В) негізгі ақпаратты қабылдаушылар

С) ақпаратты өңдеушілер

D) нәтижесін алушылар


2. Операциялық жүйенің қызметі.

А) Компьютердің жұмысын басқарады

В) Компьютерді өшіреді

С) Компьютердің мониторын басқарады

D) дұрыс жауабы жоқ


3. Компьютер жадында сақталынатын арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығы.

А) Қолтаңба

В) Деректер қоры

С) Үнсіз келісім бойынша қабылданатын мән

D) Кесте


4. Компьютерлік жүйенің қажетті элементі

А) Ақпарат

В) Ақпараттық жасақтама

С) Ақпараттық іздестіру

D) Ақпараттық жүйелер


5. Өзгерту мен редакциялаудың айырмашылығы.

А) мағынасында

В) айтылуында

С) бірдей

D) жазылуында


6. Кестелерге құрушы адам ғана қатынай алады.

А) дұрыс жауабы жоқ

В) Мәліметтер базасының қосымша қасиеті болғандықтан

С) Мәліметтер базасында бірінші объекті болғандықтан

D) Мәліметтер базасының негізгі объектісі болғандықтан


7. Ms Access - тің кеңейтілімі

А) mdb

В) xls

С) Doc

D) ppt


8. Ms Access - тің жұмыс аумағы

А) өрістер

В) кестелер

С) парақтар

D) Қабаттар


9.Енгізудің автоматтандыру құралы.

А) Енгізу қалқасы

В) Пернетақта

С) сканер

D) өріс өлшемі


10. Шебердің және конструктордың көмегімен құрылатын бағдарлама

А) Мәліметтер базасы

В) Графикалық редактор

С) Мәтіндік редактор

D) Барлығы дұрыс



I-нұсқа
1 B 
2 C 
3 B 
4 A 
5 D 
6 B 
7 А 
8 B 
9 A 
10 D 

II - нұсқа
1 A 
2 A 
3  B
4 B 
5 C 
6  D
7 A 
8 A 
9 A 
10 A 

Жаңа тақырыпты меңгерту: слайд арқылы көрсету 45мин

Тақырыбы: Power Point 2013 программасы туралы негізгі түсінік.

1. Power Point 2013 программасы.

2 Power Point 2013 программасымен жұмыс істеу.

3. Шаблондар көмегімен презентация құру.

1.Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (латынша‘Prаsentо’ тапсырамын немесе ағылшынша – ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқада көптеген дүниені ұсыну. 
Слайд дегеніміз не? Көзге көрінетін күрделі обьект.Тақырыпты, мәтінді, кестелерді, схемаларды т.б. обьектілерді іске қосатын көрменің бір бөлігі. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер,дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гипер сілтемелер кіреді. 

Power Point-ті іске қалай қосамыз? Пуск - Программы – Microsoft Office- Microsoft Power Point 

Microsoft Power Point терезе элементтерін ата. Олар: Тақырып жолағы, меню жолы, стандартты құралдар үстелі, пішімдеу құралдар үстелі, жұмыс аймағы, слайдтардың кішірейтілген үлгілері, күй жолағы, Сурет салу құралдар үстелі. 
Меню жолы элементтерін ата? Файл (Файл), Түзету (Правка), Көрініс (Вид), Кірістіру (Вставка), Пішім (Формат), Сервис (Сервис), Слайдты көрсету (Показ слайдов), Терезе (Окно), Анықтама (Справка). 
Дайын болған слайдты қалай сақтаймыз? Файл -Сақтау командасын орындаймыз, сол кезде бізге құжатты сақтау терезесі шығады, құжатты кай жерге сақтайтынымызды көрсетіп, оған атау береміз немесе стандартты құралдар үстелінде Сақтау әмірін шертеміз. 
Power Point – та пішімдеу құралдар үстелінің қызметі? Пішімдеу әмірлеріне арналған батырмаларды қамтиды,сонымен қатар мәтіндердің түсін, қай жерде орналасуын қамтамасыз етеді. 
Power Point – та сурет салу құралдар үстелінің қызметі? Сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді. 
Power Point – та стандартты құралдар үстелінің қызметі? Power Point әмірлерінің басым батырмаларынан тұрады.(сақтау, жаңа, қою, қырқып алу т.б. батырмалар) 

2. Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тің құрамындағы, көрмелік мәліметтер дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35 мм-лік мөлдір қабыршақтарға (пленка) арналған слайдтар, қағазда үлестірілетін мәліметтер, компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын көрмелер дайындау мүмкіндігін береді. Micrisoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменің ашылу салтанаты т.с.с әртүрлі мәліметтерді оның дыбыстық және мультемедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.

MS Power Point – көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы прграммасы. Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты мәліметті ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың ( бейне беттегі кескіндер ) көрсетілімдік жиынтығы.
PowerPoint-тың негізгі міндеті – ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Көрме – бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сәйкес программалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірленген слайдтардан тұратын қысқа ғана әңгіме. Презентация дегеніміз — тақырыпты, мәтінді, кестелерді, схемаларды т.б. объектілерді іске қосатын көрменің бір бөлігі. Слайд дегеніміз — көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. PowerPoint көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедиа пәрмендерін қосуға мүмкіндік береді.

Слайдта орналастырылатын объектілер:

■ фон;

■ мәтін;

■ гиперсілтемелер;

■колонтитулдар;

■ кестелер;

■ графиктік бейнелер;

■ диаграммалар;

■ бейнеклиптер;

■ дыбыс;

■ таңбашалар;

■ түстер схемасы

Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Қазіргі  заманғы  презентациялық  бағдарламаларының көбісі  анимациялық,  дыбыспен,  бейнемен  жұмыс  істеуді,  мультимедианың  басқа  да  мүмкіндіктерін  пайдаланады.

Презентация құрудың үш қадамы  бар:

  1.Презентацияны дайындау.

 2.Жаңа презентация деген команданы таңдау.

 3.Өздікмазмұн шеберінде бос слайд командасын таңдау.

  Көрме құруда мыналарды есте сақтау керек:

 Көрменің мақсаты және мазмұнын жоспарлау;

Әрбір слайдтың мазмұны және есте сақталатындай болу;

Слайдтағы ақпарттар қарапайым және мазмұнды болу;

Объектілердегі бейнелер фоннан түстері бойынша ерекше болу;

Слайдты безендіруде түстерді таңдау;

Тыңдаушылардың назарын аударатындай анимациялық өтулер, дыбыстар қою;

  Жаңа слайд құру үшін Кірістіру мәзірінде немесе пішімдеу құралдар тақтасында слайд дайындау әмірін таңдаймыз.

Объектілерді қою үшін Кірістіру – Объект, ал жаңа слайд қосу үшін Кірістіру – Слайд дайындау мәзірін орындау керек.

Слайдқа мәтін енгізу үшін Сурет салу құралдар тақтасында  батырмасын басамыз. Мәтін тұратын жерге курсорды қойып мәтінді пернетақтадан тереміз.

Кесте қою үшін Кірістіру мәзірінен Кесте әмірін таңдап, шыққан терезеде баған және жол санын енгізу керек. Кестені слайдта өңдеп мәтін енгізу қажет.

 Схемалар салу үшін сурет құралдар тақтасында Өзкескіндер батырмасын басып керекті фигураларды таңдап слайдқа қоямыз. Фигуралардың ішіне мәтін енгізу үшін фигураны белгілеп тінтуірдің оң жақ бетырмасын шертіп жанама мәзірде мәтін жазу әмірін таңдаймыз.

 Диаграмма қою үшін стандартты құралдар тақтасында немесе Кірістіру мәзірінде Диаграмма әмірін таңдаймыз.

Клиптермен дыбыстарды қою үшін:

Егер презентация Интернетте ұсыну, компьютерде автономды көру және басқа да электронды жариялым үшін болса, оны дыбыстық көркемдеумен сүйемелдеуге болады. Бұл музыка, сөз, дыбыстық эффектілер болуы мүмкін.    

Сурет қою үшін:

Кірістіру мәзірінен Сурет әмірін таңдап, суретті файлдан, сканер немесе камерадан және дайын суреттерді қоюға болады.

3.Шаблон арқылы слайдтарды  демонстрациялау.

Слайдтарды көрсету – Слайдтардың ауысуы командасының көмегімен орындалады.

Слайдтардың бірінен келесісіне Переходы ауысыдың әрқайсысы бірнеше варианттан тұратын оннан аса түрі бар.

Жалюзи . Жалюзи жаңа слайд толық көрінгенше біртіндеп ашылады.Терезеге орнататын жалюзилер сияқты горизонталь және вертикаль түрлері болады.Бір жарнаманы екіншісімен динамикалық түрде ауыстыруға арналған жарнамалық слайдтарда қолдануға өте тиімді.

  • Тіктөртбұрыш.Тіктөртбұрыш слайдтың дәл центріндегі нүктеге дейін үлкейеді.

  • Дойбылар(Шашки). Кішкене квадратшалар слайдты тұтас алды да, жан- жаққа немесе төмен қарай үлкейді.

  • Ағын(Наплыв). Жаңа слайд жоғарыдан, төменнен, кез келген жақтан немесе кез келген бұрыштан пайда болады да, бірте-бірте алдынғы слайдты жауып қалады.

  • Жарып шығу (Прорезание).Көшу әрекеті тез болатыны соншалық, басқа ауысулардағыдай өту әрекеті байқалмай қалады.

  • Еру(Растворение). Жаңа слайдты құрайтын кішкене нүктелер бірте-бірте үлкейіп алдыңғы слайдты жауып кетеді.

  • Қара түс арқылы гүлдену (Выцветание через черное).Біртіндеп жоғалу және пайда болу әрекеті жүзеге асады. Жаңа слайд қара фоннан пайда болады.

  • Кездейсоқ жолақтар (Случайные полосы).Қалың және жіңішке (вертикаль немесе горизонталь) сызықтар пайда болады да,біртіндеп жаңа слайдқа айналады.

  • Панорама.Слайд бетінде вертикаль немесе горизонталь орналасқан перде сияқты көрінеді.

  • Бұрыштар(Уголки).Жаңа слайд алдынғы слайдты диагональ бойынша тісті қиықпен жаба отырып пайда болады.

  • Ашылу(Открывание).Жаңа слайд бірден тұтас экранды алып тұратын енгізу айырмашылығы, жаңа бейне экраны сегіз бағыттың кез келгенінде біртіндеп ашылады.

  • Пайда болу (Появление).Бұрынғы слайдты жаба отырып, жаңа слайд баяу пайда болады.

  • Кездейсоқ ауысу(Случайный переход).Жеке слайдтардың арасындағы ауысылар әртүрлі және әрбір жаңа слайдта кездойсоқ түрде өзгереді.

  • Ауысу жоқ.(Нет перехода). Келесі слацдқа өту кезінде ешқандай эффект болмайды.


Жаңа материалды бекіту: 20мин

1. Білімгерлерге компьютерде орындайтын тапсырма беру. Слайд жасау арқылы Word, Excell программасын презентацияда қолдану және еске түсіру. Рухани жаңғыру тақырыбында слайдтар жасау.

Тапсырмалар:

1. Бірінші слайд сияқты слайд жасау керек. Рухани жаңғыру тақырыбында слайд жасау.1-2 абзац.Рухани жаңғырудың алты бағытын еске түсіру. Суреттер кірістіруге болады.



2.Екінші слайдта – топтың тізімін таблица құру арқылы, слайдқа енгізу. Топтың жиынтық аттестациясын жасау. Пәннің түрі кемінде 2-3 болуы керек.


3. Бұл тапсырмада кез-келген диаграмманың түрін бейнелеңдер.


2. Постер әдісі бойынша білімгерлердің білімін тексеру. 2-топқа бөлу арқылы өту.

Бағалау.

Рефлекция. 2мин.

Үйге тапсырма: Теориялық: Power Point 2013 программасы көмегімен презентациялау.

Балапанов Е.Қ,Бөрібаев Б,Дәулетқұлов А."Информатика 30 сабақ. Жаңа ақпараттар технологиялар"- Алматы,"Шартарап",2001 ж. 
Практикалық: 1.Бейсик тобына- Топтың тізімін жасап келіп, слайдқа салу.

2.Паскаль тобына – Рефераттың титулкасын жасап, слайдқа салу.


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының қолы __________ Анарбекова С.С.

оқытушы ________ Серикова А.Т.