СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«PowerPoint – дыбыспен жұмыс»

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: «PowerPoint – дыбыспен жұмыс» Мақсаты: Power Point – та слайдтарды безендіру, дыбыстар қою, анимация қою арқылы презентация жасай білу. Білімділік: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, информатика пәніне қызығушылығын арттыру, мамандыққа бағыт бағдар беру. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ізеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, слайд, бейнеролик, дыбыс жазу құрылғылары.                                                  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушылармен сәлемдесу;

Просмотр содержимого документа
««PowerPoint – дыбыспен жұмыс»»



Сабақтың тақырыбы: «PowerPoint – дыбыспен жұмыс»
Мақсаты: Power Point – та слайдтарды безендіру, дыбыстар қою, анимация қою арқылы презентация жасай білу.
Білімділік: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, информатика пәніне қызығушылығын арттыру, мамандыққа бағыт бағдар беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ізеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, слайд, бейнеролик, дыбыс жазу құрылғылары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу;
б) Оқушыларды түгендеу;
в) Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру;
г) Оқушы назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Power Point бағдарламасында «Туған жер» атты тақырыпта презентация құру. Келесі кесте бойынша тексеру, бал қою.
1. Тақырыбы.
2. Презентация қанша беттен тұрады?
3. Безендіру элементтері.
4. Фонның таңдалу себебі?
5. Анимация түрлерін?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Дыбыстық файлдарды презентацияға қосудың бірнеше тәсілі бар
1. Microsoft office пакетінің кітапханасынан
2. Жеке коллекциялардан
3. Компакт - дисктен
4. Микрафонның көмегімен дыбыс жазу арқылы
5. Бейнеклиптер енгізуге де болады
Осы тақырыптар бойынша мысал ретінде презентация үлгілерін көрсету.
Егер презентация Интернетте ұсыну, компьютерде автономды көру және басқа да электронды жариялым үшін болса, оны дыбыстық көркемдеумен сүйемелдеуге болады. Бұл музыка, сөз, дыбыстық эффектілер болуы мүмкін. Әдетте дыбыстық эффектілерді жекелеген слайдтарға зейін аудару элементі ретінде пайдаланады, ал музыка шығармашылық тақырыпты ұсыну кезінде баяндаманың дербес элементі ретінде болады. Сөзді әдетте автономды көруге бағытталған презентацияны түсіндіру үшін пайдаланады. Сонымен қатар, сөздің жазбасын аудиториялық баяндама дайындау үшін де қолдануға болады.
Дыбыстық эффектілер бүтіндей слайдқа немесе оның объектілеріне аудиторияның көңілің аударту үшін ендіреді. Интернетте дыбысты жіберу белгілі бір қиыншылықтармен байланысты болуын көңілде ұстау керек, себебі дыбыстық файлдардың көлемі өте үлкен болуы мүмкін. Дыбыстық файлдардың арнайы пішімдерін, сапасын басқару мүмкіншілігімен қысудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін, мысалы МРЗ пішімі қолдану ұсынылады. Ағымдағы слайдқа дыбыстық файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау қажет:
1. Встака – Фильмы и звук – Звук из файла менюі пунктін тандаңыз.
2. Вставка звука терезесінде сендердің компьютерлерінде сақталған дыбыстық файлдардың біріне жол көрсетіңіз.





Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.
● Слайдтарға музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар.
● Қажетті бейнеклип немесе дыбысты шарт белгісін ерекшелеп Енгізу батырмасын шерту арқылы, оны слайдқа енгізе аламыз.
Презентацияға дыбыстарды енгізу
● Слайдтқа дыбысты енгізу үшін менюдегі «Вставка» «Фильм и звук» таңдаңыз
● Менюдегі «Фильм и звук»- дің ішіндегі «звуки из файла» немес «звуки из файла». (Файлдағы дыбыс) командалары «Microsoft Clip Gallery», сұхбат терезесінің ішінде орналасқан.
● «Microsoft Clip Gallery» сұқбат терезесінің, сәйкес Бейне немесе Дыбыс ішкі беттері ашылады.
● «Вставка», «Фильм и звук», «Звук из файла» батырмасын шерт
● Ашылған сұқбат терезеден «Звук» керекті файлды таңдап, шертіңіз. Керекті дыбысты дұрыс таңдағаныңызды тексеру үшін «Воспроизвести» батырмасын шертіңіз.
● Егер бәрі дұрыс болса «Вставить» батырмасын шертіңіз.
IV. Жаңа сабақты бекіту. Практикалық жұмыс
V. Сабақты бекіту
Тест сұрақтары
VI. Үйге тапсырма. п.5
VII. Бағалау.