СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Практикалы? ж?мыс. М?тінмен ж?мыс істеу

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?н Информатика   сынып  5  К?ні   01.03.16 ж.

саба? №: 24

Та?ырып: Практикалы? ж?мыс. М?тінмен ж?мыс істеу

Ма?сат: Word Pad ба?дарламасында практикалы? ж?мыстарды орындау ар?ылы о?ушыларды? ал?ан білімдерін тексеру, ж?йелеу, бекіту.

Білімділік – Практикалы? ж?мыстарды орындау ар?ылы о?ушыларды? Word Pad та?ырыбы бойынша ал?ан білімдерін бекіту.

Дамытушылы? – О?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілеттерін, ?з беттерімен ж?мыс істей алу, ?здігінен іздену ?абілеттерін дамыту

Т?рбиелік –Ж?йелікке, е?бекке, іскерлікке, ??ыптылы? пен  жылдамды??а т?рбиелеу.

Саба? т?рі: аралас

Саба? типі: жа?а та?ырыпты т?сіндіру

??рал-жабды?тар: ДК, о?улы?тар, д?птерлер, та?та, т?саукесер, (к?зге арнал?ан жатты?у),  MyTest ба?дарламасы, Word Pad м?тіндік редакторы.

Просмотр содержимого документа
«Практикалы? ж?мыс. М?тінмен ж?мыс істеу»

Пән Информатика сынып 5 Күні 01.03.16 ж.

сабақ №: 24

Тақырып: Практикалық жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу

Мақсат: Word Pad бағдарламасында практикалық жұмыстарды орындау арқылы оқушылардың алған білімдерін тексеру, жүйелеу, бекіту.

Білімділік – Практикалық жұмыстарды орындау арқылы оқушылардың Word Pad тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық – Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу, өздігінен іздену қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік –Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, тақта, тұсаукесер, (көзге арналған жаттығу), MyTest бағдарламасы, Word Pad мәтіндік редакторы.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І. Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

- Сәлеметсіздер ме, балалар?!

- Көңіл-күйлерің қалай?

- Сабаққа дайындық қалай?

- Бүгінгі сабақта мен сендерге сәттілік тілеймін

- Бір –бірімізге сабақтың жақсы және де қызықты өтуіне тілектер тілейік.

- Сәлеметсіз бе?!

- Керемет! Жақсы! және т.с.с

- Жақсы

- Рахмет

Оқушылар бір-бірлеріне «Саған 5 деген баға тілеймін», «Өмірде жеңілме!», «Сәттілік саған серік болсын!» деген тілектеп айтады.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

5 мин

ДК-де, My test бағдарламасында тест тапсырмасын орындайды.

Тест

1. Жолақтың қандай бөлімі әріпті пішімдеу үшін жауап береді?

А) Бас тіркеме беті*

Ә) Кірістіру

Б) Бетті белгілеу

В) Шимайлық

2. Абзацты түзеулердің ішіндегі артығы қайсы?

А) Сол жақ шеті бойынша

Ә) Абзац бойынша*

Б) Оң жақ шеті бойынша

В) Ортасы бойынша

3. Сызғыштың көмегімен не істеуге болады?

А) Шегіністерді орнатуға*

Ә) Түзеуді баптауға

Б) Жоларалық интервалды анықтауға

В) Маркерленген тізімді баптауға

4. Абзацтың бірінші жолындағы шегініс үшін жауапты сызғыш:

А) Оң жақтағы төменгі маркер

Ә) Сол жақтағы жоғарғы маркер*

Б) Сол жақтағы төменгі тікбұрышты маркер

В) Сол жақтағы төменгі үшбұрышты маркер

5. батырмасының қызметі:

А) Абзацтың шегіністерін баптайды

Ә) Ол табуляция

Б) Маркерленген тізім құрады*

В) Абзацтағы түзеуді анықтайды

ІV. Практикалық жұмыс

20 мин

ДК-де Word Pad бағдарламасында практикалық жұмыстарды орындайды. Оқулықтың 179-184 б.б.

Практикум

1-тапсырма.

1. Өлеңді теріңдер.

2. Өленнің әрбір жолын әртүрлі түске бояңдар, әріптің мөлшерін 13-ке өзгертіңдер.

3. Алғашқы үш жолды әртүрлі тәсілдермен өлеңнің соңына көшіріңдер.


Өлең керек

Сая болып жаңына емен, терек,

Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.

Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!


Арғы атасы ақынның жырдан туған,

Жыр жолында жанын да қылған құрбан.

Жырлар тұнған хандардың сарайында,

Жыр айтылған бесікте құлдар тұрған.

(М.Мақатаев)


2-тапсырма.

1. Мәтінді теріңдер.

2. Екінші жолды күлгін түспен безендіріңдер.

3. Мәтін атауын 16 мөлшермен теріңдер.

4. Мәтінді «Автобуста» деген атаумен сақтаңдар.


Автобуста

Арман мен Аян қаланың ортасындағы үлкен бес қабатты үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды және мектепке бірге барады. Бір күні олар әдеттегідей, автобуспен мектепке келе жатқанда, аялдамалардың бірінен сөмкелері бар әжей отырады.

Аян бірден орнынан тұрып, әжейге жақындады да, сыпайы ұсыныс жасады:

  • Мархабат, отырыңыз.

Арман терезеге қарап қалған түр танытты. Екі аялдамадан кейін әжей шығуға дайындалды және сөмкелерінің біріне қол жүгіртіп, одан хош иісті екі алма алып шықты.

Аянға ұсынып:

  • Ала ғой, алтыным! – деді.

  • Оныңыз қалай, рахмет, керек емес, - деп қымсынды Аян.


3-тапсырма.

1. Мәтінді теріңдер және безендіріңдер.

2. Мәтінге атау ойлап табыңдар және оны мәтіннің алдына қосыңдар.

3. Бірінші сөйлемді мәтіннің соңына көшіріңдер.

Адамдар заман талабына сай ақпаратты сақтаудың жаңа тәсілдерін ойлап тапты: магниттік таспалар, лазерлік дискілер. Олар тек мәтіндерді ғана емес, жанды дауысты, музыка мен жылжитын кескіндерді де сақтауға мүмкіндік берді.

Ақпарат сақталатын құрылғылар ақпарат тасығыштар деп аталады.

Ақпарат тасығыштар:

  • Қатты диск;

  • Дискета;

  • Лазерлік диск;

  • Флэш-карта.


4-тапсырма.

1. Екі өлең мәтінін теріңдер.

2. Мәндері бұзылған сөздер мен жолдардың ретін анықтаңдар.

3. Тасымалдау амалдарының көмегімен сөздер мен жолдарды дұрыс ретімен орналастырыңдар.

Шегіртке мен құмырсқа


Шырылдауық шегіртке

Күз болған соң кетті күй.

Көгалды қуып гөлайттап

Жапырақ кетті, жаз кетті


Жаздыгүні жапырақтың

Ыршып жүріп ән салған.

Қызықпен жүріп жазды алған.

Бірінде тамақ, бірінде үй,


(И.А.Крыловтан)

5-тапсырма

Мына сөздерді септеңдер: монитор, пернетақта, информатика. Тапсырманы орындағанда мәтіннің фрагментін көшіру немесе кірістіру амалдарын қолданыңдар.


Мысалы:

Атау септік компьютер

Ілік септік компьютердің

Барыс септік компьютерге

Табыс септік компьютерді

Жатыс септік компьютерде

Шығыс септік компьютерден

Көмектес септік компьютермен


6-тапсырма

«Ком» буынынан басталатын сөздерді ойлап табыңдар және мәтіндік редакторда жазыңдар. Сөздерді маркерленген тізім ретінде бағанға жазыңдар. Мысалы:

  • компас;

  • компьютер


7-тапсырма

1. Кез келген 5 жұмбақ теріңдер.

2. Жолдастарыңмен орын алмастырыңдар. Ол сенің, ал сен оның жұмбақтарын шешіңдер, жауаптарын әрбір жұмбақтан кейін кірістіріп жазып шығыңдар.


8-тапсырма

1. Мына сөздерді теріңдер: шам, Алладин, сиқырлы.

2. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, сөздерді араб ертегісінің аты шығатындай етіп жылжытыңдар.

3. Атауды жуан әріппен ерекшелендер.

4. Ертегінің фрагментін төмендегі тапсырмада көрсетілгендей етіп теріңдер. Мәтінді жұмыс істеген кезде «Алладин» сөзін кездескен сайын қайтадан термеу үшін көшіріп алыңдар.

5. Мәтінді сақтаңдар.


Араб ертегісі

Бір кездері парсы қалаларының бірінде кедей тігінші өмір сүріпті.

Оның әйелі мен Алладин деген ұлы болыпты. Алладин он жасқа толғанда, әкесі оны бір қолөнер кәсібіне үйреткісі келіпті. Бірақ оның оқыту үшін төлейтін ақшасы болмапты, сондықтан, ол өзі Алладинге көйлек тігуді үйрете бастапты.

Алладин өте жалқау болыпты. Оның ештеңе үйренуге құлқы болмапты және әкесі тапсырыс берушіге кеткен сайын, Алладин өзі сияқты тентек балалармен ойнау үшін көшеге қашып шығады екен. Олар ертеден кешке дейін қала аралап жүгіріп жүреді және торғайларды атады немесе бөгде адамдардың бақшасы мен жүзім бақтарына түсуді әдет қылыпты.

Ұлының тентектігіне әкесінің ренжігені сондай, мұңайғаннан ауырып, қайтыс болады. Сонда тігіншінің әйелі өзі мен іссіз баласы аштан өлмес үшін одан қалған дүние-мүлкінің бәрін сатып, мақта иіріп, жібін сата бастайды.

Ал Алладин анасына көмектесуді ойламайды және үйіне тек ас ішіп, ұйықтау үшін келетін болыпты...


9-тапсырма

1. Көп нүктенің орнына жауаптарын қойып, жұмбақтарды теріңдер.

2. Пішімдеу сызғышының көмегін пайдаланып, жұмбақтарды тапсырмада көрсетілгендей етіп орналастырыңдар.

3. Барлық жауаптарды курсив етіңдер, әріптің мөлшері 13 болсын.


Тұмсығынан торайдың,

Тұмсығы бар аумаған

Үстін түгел орайтын,

Тоны ине қаулаған. ...



Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады. ...


Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы, - деп,

Қайсы құсты атаймыз? ....

V. Сергіту сәті

2 мин

Видеоға қарап көрсетілген қимыл іс-әрекеттерді орындайды.

Жаттығуды орындарында отырып орындау.

VІ. Бекіту

10 мин

«Ыстық орындық» Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады, қалған оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.

Кезекпен тұрып, орындықта отырған оқушыға сұрақтар қояды.

Мысалы:

  1. WordPad бағдарламасын іске қосу жолын атаңдар?( Бастау → Барлық бағдарламалар → Стандартты → WordPad)

  2. Мәтіндік редактор дегеніміз не? (Мәтіндік құжат құруға, оларды түзетуге, пішімдеуге арналған программа)

  3. Мәтіннің негізгі элементттері?( Символ, сөз, жол, абзац, бет, мәтін)

  4. Бос орынды қай кезде пайдаланамыз? (Сөздердің арасын ашу)

  5. Мәтінді түзетуге жататын әрекеттер?( Жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу, алмастыру)

  6. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса нені басамыз ?( Caps Lock пернесін басамыз)

VІI. Кері байланыс

2 мин

«Ашық хат» Оқушыларға кестелер таратылып беріледі, оқушылар сабақ бойынша өз ойларын жазады.

Бүгін мен не үйрендім?

Маған не ұнады?

Маған не ұнамады?





VІII.Бағалау

2 мин

Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.

Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады.

IX. Үй жұмысы

2 мин

§ 24.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!