СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Презентация: Ядролық әрекеттесу. Ядролық күш

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

9 сынып

10 сынып

физика

Химия

Просмотр содержимого документа
«Презентация: Ядролық әрекеттесу. Ядролық күш»

«Бекітемін»



Күні:

Сыныбы: 9

Пәні:физика

Сабақтың аты

§56 Ядролық әрекеттесу. Ядролық күш

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Ядролық әрекеттесу. Ядролық күш жайлы мағлұмат беру

  • Ядролық әрекеттесу. Ядролық күштің өндірісте, формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Ядролық әрекеттесу. Ядролық күш жайлы мағлұмат алады

  • Ядролық әрекеттесу. Ядролық күштің өндірісте, формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

  • Атом радиусы ≈10-10м

  • Ядро радиусы ≈10-14-10-15 м

Ядрода нуклондарды берік байланыста ұстап тұрған күшті ядролық күштер деп атайды.

Ядролық күштердің қасиеттері:

  1. Ядролық күштер қысқа әрекетті күштер.

  2. Ядролық күштер зарядтарға тәуелсіз.

  3. Ядролық күштер қаныққыш күштер.

1.Ядролық физикада ұзындық бірлігі ретінде фемтометр алынады:

1 фм=10-15 м

2. Атомдар, ядролар және элементар бөлшектр үшін массаның бірлігі ретінде массаның атомдық бірлігі (м.а.б) қолданылады:

1 м.а.б.=1,6605406·10-27 кг.

Көміртегі-12 изотопы атомының массасының 1/12 бөлігі массаынң атомдық бірлігі ретінде алынады.

3. Атом физикасында энергияның бірлігі ретінде электрон-вольт (эВ) алынады .

Заряды бір элементар зарядқа (е=1,6·10-19Кл) тең электронның потенциалдар айырымы бір вольт болатын электр өрісінде алатын кинетикалық энергиясы электрон-вольт болады.

1эВ=1,6·10-19Дж

1кэВ=1,6·10-16Дж

1МэВ=1,6·10-13Дж

1ГэВ=1,6·10-10Дж

1905 ж. А. Эйнштейн:

Е0=mc2 (Эйнштейн қатысы)

с≈3·108 м/с –вакуумдағы жарық жылдамдығы.

, , Мяp+N·mn)

Ядролық тарту күшінің жұмыс есебінен нуклондардан атом ядросы түзілгенде пайда болатын массалар айырымын массалар ақауы деп атайды.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

  1. Атомдық сәуле шығару жайлы не білесіңдер?

  2. Спектр жайында не білесіңдер?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Ядролық әрекеттесу дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Ядролық күш дегенді қалай түсінесіңдер?

ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.


Бақылаушының бағалау парағы


Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу





2

Міндетін атқару





3

Топтық жұмысқа атсалысуы





Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Топтық жұмыс(есептер шығару) (5 минут)

44-ж №1, №2, 45-ж. №1

VІ. Топтық жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1

Білу

Ядролық күш дегеніміз не?


2

Түсіну

Ядролық күш өлшемдерін жаз?


3

Қолдау

Ядролық күштердің қасиеттері қандай?



4

Талдау

Ядролық күш пен тартылыс күшін салыстыр?



5

Жинақтау

Нуклондардың арасындағы гравитациялық күштер және электрлік күштердің арақатынасы қандай болады және неге олай?


6

Бағалау

Ядролық күшті білу біз үшін маңызы қаншама?




Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар

45-ж. №2,

Кейінгі оқу

§56 Ядролық әрекеттесу. Ядролық күш