Батыс қазақстан жоғары медициналық колледжі
Қан кетудің асқынулары.
Орындаған:оқытушы КУЗДАВЛЕТОВА АЛТЫНАЙ
ТЕНИШКАЛИЕВНА
2019ЖЫЛ
Қан кету
Қан кету- тамыр қабырғасының жарақаттану салдарынан немесе өткізгіштігінің бұзылуынан қанның тамыр қабырғасынан шығуы.
Қан кетудің дәрежелері
- жеңіл дәрежесі – айналыстағы қан көлемінің 10-12% жоғалтқан (500 -700 мл)
- орташа дәрежесі - айналыстағы қан көлемінің 15-20% жоғалтқан (1000 -1400 мл)
- ауыр дәрежесі - айналыстағы қан көлемінің 20-30% жоғалтқан (1500 - 2000мл)
- массивті дәрежесі - айналыстағы қан көлемінің 30%-дан астамын жоғалтқан (2000мл астам)
Қан кету түрлері
Қан кетудің түрлері
Көктамырдан қан кету - қан тамырларынан қошқыл қанның шашусыз, пульсациясыз ағуы.
Артериялық қан кету- тамырдан қанның шапшып немесе пульсациялап ағуы.
Капиллярлық қан кету- қан көп кетпегендіктен аса қатер төндірмейді, қан жарадан тамшылар түрінде бөлінеді.
Паренхиматозды қан кету- капиллярлық қан кетудің бір түрі. Ол паренхиматозды мүшелер жарақаттанғанда болады. Мыс :бауыр, бүйрек, өкпе, көкбауыр.
Барлық қан кетулер ағымына байланысты
Созылмалы қан кетудің клиникалық көрінісі айқын емес. Қан кетудің бұл түріне көлемі үлкен емес, бірақ жиі-жиі қайталанатын және қаназдылыққа әкеп соқтыратын қан жоғалтуларды жатқызады.
- Жедел қан кету кезінде қан кету қысқа уақыт аралығында байқалады да клиникалық белгілері тез дамиды. Клиникалық белгілердің айқындық дәрежесі тамырдан аққан қанның ағу қарқынына тікелей тәуелді. Жоғалған қанның көлемі адамның салмағының 4-4,5%-ына пара-пар көлемі адам өмірі үшін аса қауіпті саналады.
Жедел қан жоғалту кезіндегі организмде болатын өзгерістер:
Қанның тамыр өзегінен ағып кетуі салдарынан организмде айналыстағы қан көлемі азайып - гиповолемия дамиды. Бұл құбылысқа жауап ретінде науқас организмінде бірсыпыра өтемдік - бейімделу механизмдері іске қосылады:
- Көктамыр жиырылуы (спазмы)
- Тіндік сұйықтардың қан тамырына құйылуы
- Тахикардия
- Несеп түзілісінің азаюы (олигурия)
- Гипервентиляция
- Шеткі (перифериялық) артериолоспазм
Субъективті белгілері:
- әлсіздік;
- бас айналуы, отырған немесе түрегелген кезде;
- көз қарауытады, көз алдында «шіркейлер» елестейді;
- ауа жетіспеушілік сезімі;
- мазасыздану;
- жүрек айну;
Объективті белгілері:
- тері жамылғысының бозаруы, салқын тер басуы, шеткі аймақтардың көгіс тартуы (акроцианоз);
- науқастың қимылының азаюы (гиподинамия);
- жүрек соғуының жиілеуі (тахикардия), жіп тәрізді пульс;
- артериялық қан қысымының төмендеуі;
- ентігу;
- несеп түзілуінің азаюы;
Әртүрлі дәрежедегі қан жоғалтудың клиникалық белгілері:
- Қан жоғалтудың жеңіл дәрежесінде клиникалық белгілер болмайды.
- Орташа қан жоғалту дәрежесінде тамыр соғуы минутына 100 ретке жиілейді, қан қысымы төмендейді, шеткі вазоконстрикция белгілері пайда болады.
- Ауыр дәрежеде тамыр соғуы минутына 120 ретке жиілейді, қан қысымы 100 мм. сын. бағ. төмен, салқын тер басады, ентігу пайда болады , шеткі ағзалар көгіс тартады, несеп түзілуі азаяды.
- Массивті қан жоғалтқанда тамыр соғуы минутына 120 реттен астам, қан қысымы 60 мм. сын. бағ., тері күрт қуқылданады, несеп бөлінбейді, ступор пайда болады.
Қан тоқтату әдістері
- Уақытша қан тоқтату
- Толық тоқтату
Қан кетуді уақытша тоқтату
1.Жгут салу
2.Қан тамырын саусақпен жарада немесе ұзынабойынан басу
3.Аяқ пен қолды буында бүгу
4.Жараны дәке тампонымен тығындап, таңғыш салу
5.Қан тамырына уақытша шунт салу
Қыл бұрау салу. Қан тоқтатудың сенімді тәсілі.
- аяқ-қолдағы артериялардан қан кету;
- аяқ-қолдағы кез-келген масситві қан кету.
Қыл бұрау салудың ережелері:
- Қыл бұрау салар алдында аяқ-қолды жоғары көтеру керек.
- Қыл бұрауды жарадан жоғары жерге және мейлінше оған жақын жерге салу керек.
- Қыл бұраудың астына мата (киім) салу керек.
- Қыл бұрау салған кезде оны біркелкі соза отырып 2-3 айналым жасау керек және айналымдары бір-бірінің үстіне жатпауы тиіс.
- Қыл бұрау салғаннан кейін оның салынған уақытын дәл көрсетіп жазу керек.
- Дененің қыл бұрау салған жері қарауға қолайлы болуы тиіс.
- Қыл бұрау салынған жаралылар бірінші кезекте тасымалданады және оларға бірінші кезекте көмек көрсетіледі.
- Қыл бұрауды алдын-ала ауыртпайтын дәрі берілген соң ғана босату керек.
Қыл бұраудың дұрыс салынғандығының белгілері.
- Қан кетудің тоқтауы;
- Шеткі пульсацияның жойылуы;
- Аяқ-қолдың бозарып мұздауы.
Қыл бұрауды аяқта 2 сағаттан артық, ал қолда 1,5 сағаттан артық ұстауға болмайды. Булай болмаған жағдайда аяқ-қолда ишемия салдарынан өлі еттену процестері дамуы мүмкін. Жаралы адамды ұзақ уақыт тасымалдау қажет болғанда қыл бұрауды әр сағат сайын 10-15 минутқа босатып отыру қажет. Қыл бұрауды босатқанда қан тоқтатудың басқа уақытша әдісін қолдану керек (саусақпен басу).
Артерияны саусақпен басу
- Мейлінше қарапайым және қосымша құрал-сайман қажет етпейтін әдіс. Бұл әдістің артықшылығы - тез арада қолдануға болатындығында, ал кемшілігі оны 10-15 минут ішінде ғана, яғни қысқа мерзім ішінде қолдануға болатындығы. Артерияны саусақпен басуға (қысуға) негізгі көрсеткіш сол тиісті артерия бассейнінен массивті артериялық қан кету. Саусақпен артерияны басу шұғыл жағдайда, қан тоқтатудың басқа түріне дайындау кезінде уақыт ұту үшін, мысалы, қыл бұрау салуға дайындық кезінде таптырмайтын әдіс.
Аяқ-қолды мейлінше бүгу
Бұл әдіс сенімді емес, дегенмен жарақаттау дәрежесі аз. Бұл әдіс аяқ-қол сегменттерінің ірі буындардан төмен орналасқан жерлерінен қан кеткенде нәтиже береді. Мысалы, ұршық буынын сан артериясынан қан кеткенде, тізе буынын аяқ басы мен балтырдан, иық буынын - қол басы мен білектен қан кеткенде мейлінше бүгу керек.
Аяқ-қолды жоғары ұстау әдісін капиллярдан немесе көктамырдан қан кеткенде қолданады. Әдіс өте қарапайым.
- Жараны тығындау (тампонада).
Қуысты жараның ұсақ тамырларынан, капиллярлардан, көктамырдан қан кеткенде, әсіресе операция кезінде жиі қолданылатын шара.
- Қанап тұрған тамырға қысқыш салу.
Негізінен операция кезінде қолданылатын әдіс. Бұл әдіс сенімді, қарапайым, нәтижелі, сондықтан кең таралған. Бірақ қысқышты ұқыпты және көзбен бақылап отырып салу керек. Өйткені, қысқыш езулерінің арасына магистралды қан тамыры немесе нерв түсіп кетуі мүмкін.
Қысып таңу .
- Қан тамырды басып тұрып, бірнеше қабат салынған таңғышты (асептикалық) немесе бірнеше қабат оралған бинтпен байлау қажет.
- Егер де таңғыш суланса, жоғарғы жағына тағы да бірнеше қабат таңғыш салып, алақанмен басу қажет.
Ширатпа
- Жарақаттың жоғарғы жағына, жұмсақ орамның (зақымданушының киімдерінен) үстіне жгут салу керек. Жгут салып болған соң оны созу керек.
- Бірінші орауды байлаудың алдында, қан тамырларының соғуын, қанның тоқтағанын-тоқтамағанын көру қажет, ал жгут астындағы терінің ағарғанын көру керек.
- Жгуттың келесі орамын, қатты қыспай орау керек, орағанда шығыс бағытында спираль тәрізді етіп, алдыңғы орамды басып орау керек.
- Ширатпаның (жгуттың) жанына тура уақыты мен күнін көрсетіп мәлімдеме қалдыру қажет. Жгутты таңғыш және шинамен орамау керек. Көрінетін жерге «жгут» (маркет) көрсетіп қою керек.
Қан кетуді толық тоқтату әдістері:
1.Механикалық (қан тамырын жарада байлау, ұзына бойына байлау, қан тамырына жасанды эмбол салу, қан тамырына тігіс салу, протез салу)
2.Физикалық (диатермокоагуляция, лазер және т.б.)
3.Химиялық және биологиялық (қан препараттарын құю, контрикал, викасол, тахокомб)
4. Қосарланған (кобинирленген)
Механикалық әдістер - тамырдың байлауі, тамырды тігу, тамырды қысу, жараның тампонадасы, тамырдың эмболизациясы
Физикалық әдістер - жоғары температураны пайдалану, диатермокоагуляция, лазерлік фотокоагуляция, плазмалық скальпель
Химиялық әдістер:
- Жергілікті - Н2О2, адреналин, фибринолиздін ингибиторлары- ЕАКК, желатин препараттары, карбазохром, капрофер
- Гемостатикалық резорбтивті препараттар – ЕАКК, СаСL2, дицинон, викасол, рутин, аскорбин қышқылы
Биологиялық әдістер:
- жергілікті (гемостатикалық губка, фибринді губка, тромбин, геласпон, тахокомб, биологиялық антисептикалық тығын)
- жалпы (гемотрансфузия, плазмотрансфузия...)
Қан кетудің асқынулары
- Жіті анемия- 1литрден артық қан жоғалтқанда дамиды. Клиникасында артериялық қан қысымы төмендейді, қан айналу жүйесінде күрт бұзылыстармен сипатталады, геморрагиялық шок туындатады.
- Өкпеден қан кету-кеуденің доғал затпен жарақатында өкпе тіні зақымданғанда, баротравма және туберкулезде, өкпе абсцессі,өкпе ісігі және жүректің митральды ақауында байқалады. Жөтелгенде алқызыл түсті көбікпен араласқан қан пайда болады- қан қақыру және қан құсу. Фельдшер науқасты жартылай отырғызып, киімдерінен босатыды. Көктамыр ішіне 5% аминокапрон қышқылы, 10% кальций хлориді, викасол, дицинон жіберіледі.
- Ішек-азқазаннан қан кету- өңеш, азқазан, тоқ және жіңішке ішектер ауруларның асқынулары болып табылады.Белгілері- қан аралас нәжіс, қан құсу. Алғашқы көмек- науқасты тыныштандырып, іш айналасына мұз басады. Көктамырға 5%аминокапрон қышқылы,10% кальций хлориді, викасол, дицинон, адреналин енгізіледі.
- Мұрыннан қан кету- беттің доғал затпен жарақаттануынан, мұрын қуысындағы жарадан, бас сүйегінің негізінің сынуынан пайда болады. Қан сыртқа бөлініп қана қоймайды, сонымен қатар ауыз қуысына ағып, жөтел, жөтел тудырады. Фельдшер науқасты тыныштандырып, басын алдыға еңкейтеді, мұрын аймағына мұз басады. Ол көмектеспесе гемостатик ( сутегі тотығы немесе 10% кальций хлориді) сіңірген матаны абайлап мұрын қуысына нығыздап енгізеді. Егер 5-6 минутта қан тоқтамаса, жедел ауруханаға жеткізу керек.
- Геморрагиялық шок - жалпы циркуляциядағы қанның 30% жоғалғанда пайда болады. Клиникасы - АҚ төменлеуі, беті бозарған, мұрын ерін қатпарларында цианоз, тынысы үзілмелі, пульстің сиректелуі.
Алғашқы көмек- тыныс алу орталығын қоздыратын дәрілерді шұғыл қолдану керек, цититон немесе лобелин , жүрек препараттары адреналин немесе норадреналин және маска арқылы ылғалданған оттегі беріледі немесе трахеостомиялық түтікше енгізіледі .