СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Президент күніне техкарта

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан технологиялық карта. Бұл технологиялық картада Бірінші Президент туралы мәлімет беру үлгісі. 

Просмотр содержимого документа
«Президент күніне техкарта»

Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№ 3 бөбекжай - бақшасы» МКҚК





«Қай вагонға мінемін?» (Президент күні) тақырыптық технологиялық картасы

Екінші кіші «Көбелек» тобы



Тәрбиеші: Асылбекова Ж.Ж.











2016- 2017 оқу жылы

Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы

Технологическая карта организованной учебной деятельности Күні: 30.11.2016 Тәрбиеші: Асылбекова Ж.Ж.

ІІ кіші тобы «Көбелек»

Білім саласы: «Таным» ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Қай вагонға мінемін?»

Мақсаты: 3 көлеміндегі заттарды санауға, қорытынды санын айтуға «мысалы: барлығы 3 доп)үйрету, ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Билингвалдық компонент: үш – три, ені – ширина

Сөздік жұмыс: енді, енсіз, оң жақ, сол жақ

Көрнекіліктер: суреттер, ойыншықтар, карточкалар.


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Интерактивті құрылғыда Президент портретін көрсету

Балалар айтыңдаршы біз қай жерде тұрып жатырмыз?

Біздің басшымыз кім екен?

Жақсы онда мен сендерге айтайын

Нұрсұлтан Назарбаев туралы айту

Топқа поезбен үш аю қонаққа келеді

Неше вагоны бар екен санайықшы

Суретке балалар назар аударады


Қостанайда

Қазақстанда

Үйде

Балалар таң қалады

Балалар тәрбиешіні тыңдайды

Нұрсұлтан Назарбаев есімін бірнеше рет қайталап есте сақтауға тырысады

Балалар топқа келген қонақтарға назар аударады.

Балалар санайды

1,2,3 бәрі сандарды айтады

Ұйымдастырушылық ізденіс

Тәрбиеші балаларға аюлардың қонаққа келгендігін айтады. Аюлар көп екен Қазір қанша екендігін санап білейік (солдан оңға) 1-2-3 Үшбұрыштың 3 бұрышы бар екендігін айту.

Үш аю екен. Бүгін, балалар біз осы 3 саны мен сан белгісімен танысамыз. Балаларға 3 санына байланысты мысалдар айтқызу.

Салыстыру: 2 және 2; 2 және 3;

2 және 1; 3 және 3; 1және 1; 1 және 3 (тең, тең емес)

Сергіту сәтін өткізу:

Буратино созылды

Бір еңкейді, екі еңкейді,

үш еңкейді.

Қолын жанға созды

Жүрді, жүрді, жүрді

Заттардың енін салыстыру

Д/о «Не қайда тұр?»

Балалар аюларды тәрбиешімен бірге санайды. Аюлардың санын санап біледі. 3 санының белгісімен танысады. 3 санына байланысты мысалдар келтіреді (3 аю, 3 терезе, 3 бала т.б.)

Балалар ойыншықтар санын салыстырады тең, тең еместігін анықтайды.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Балалар суреттегі заттардың енін салыстырады, енді, енсіз екенін айтады.

Балалар ойынға қатысады.

Сөредегі ойыншық қайда тұрғанын, заттардың қайда орналасқандығын анықтайды. (машина трактордың оң жағында, қуыршақтың сол жағында тұр т.с.с.)

Рефлексивті-коррекциялау

Топқа келген қонақтармен

қоштастыру.

Үлкен аю қай вагонға мінеді?

Ортаңғы аю қайсысына мінеді?

Ал ең кішкентай аю қайсы вагонға мінеді? Сұрақтар қою. Балаларды мадақтау.

Балалар аюлармен қоштасады.

Бірінші вагонға отырады


Екінші вагонға мінеді


Үшінші вагонға мінеді

Сұрақтарға жауаптар береді.

Күтілетін нәтиже:

Үш саны туралы ұғынады

«Енді», «енсіз» ұғымдарын түсінеді

3 көлеміндегі заттарды санайды қорытынды жасайды қолданады