Сабақтың тақырыбы
М.Әлімбаев
“ Қазақ тілім ғажап деп айта аламын”
Сабақтың түрі :
Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері :
сұрақ – жауап, жекелеме жұмыс, талдау,ойлау,дәлелдеу, шығармашылық жұмыс ..
Сабақтың мақсаты:
- Мұзафар Әлімбаев өмірі мен
шығармашылығы туралы мәлімет
беру.
2. Ана тіліне деген
сүйіспеншіліктерін ояту, қадірлеу,
сыйлата білу.
Үй тапсырмасын сұрау
.
- Бауыржан Момышұлы кім?
- «Шығыс ұлына хат» шығармасы қай кезді қамтиды?
- Бауыржан Момышұлы 25 жыл қандай қызмет атқарды?
(сұрақ-жауап)
Кітаппен жұмыс.
1.Шығармадан мақал- мәтелдерді табу.
2.Әр мақал-мәтелдің мағынасын ашып беру.
Қаңтардың жиырма алтысы
Мұзафар Әлімбаев
«Қазақ тілім ғажап деп айта аламын» өлеңі
Мұзафар Әлімбаев – қазақстан халық жазушысы, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. Ақын, прозашы,аудармашы,сыншы,жинақшы,ұйымдастырушы. Туған жері – Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы. Мұзафар Әлімбаев 5 жасынан бастап кітап оқи бастаған. 6 сынып оқып жүрген кезінде ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысады екен.
Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айырылып, «Туар-тумастан тоналған ұрпақтың өкілі...». Сол тұста жетімдіктің мұңын толық сезінді
Өкінемін ерте өмірдің өткеніне
Көре алмай қызығымның кеткеніне.
Өзгелер өз баласын еркелетсе,
Жетімдік сүйегіме жетпеді ме?!
Ұлы Отан соғысына қатысқан Мұзафар Әлімбаев үш жарым ай жауынгер, сосын саяси жұмыстар жөніндегі жетекшінің орынбасары болды. 1943 жылы танк батареясының командирі болды.
Ақынның шығармалары: «Ту тіккен» дастаны, «Қарағанды жырлары», «Менің Қазақстаным», «Естай-Қорлан», «Батырға» т.б. «Жүрек лүпілі» атты жинағы бар.
Сонымен қатар, Мұзафар балалар әдебиетіне мол еңбек сіңірген адам. «Балдырған» журналының негізін құрып, 25 жыл бас редакторы болды.
Ана тілім ғажап деп айта аламын
Ана тілім ғажап деп айта аламын,
Жәннаттай жан балқыта жай табарым.
Шырқатып ғұмыр бойы айтар әнім-
Келеді толас таппай қайталағым.
Тозбайды сыны кетіп, сұры қашып,
Біз әлі қанған жоқпыз сырын ашып...
Қазағы қадіріне жеткен сайын,
Жайнайды, ертеңге де нұрын шашып.
Мұзафар әлеміндегі қазақ тілі
ХХІ ғасырдағы қазақ тілі
Сенің әлеміңдегі қазақ тілі
«Ыстық орындық» стратегиясы
Сау болыңыздар!