Қостанай облысы
Аманкелді ауданы
Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі
Бекмағанбетова Алмагүл Ермекқызы
Сызу пәні
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:
Айналу денелерін проекциялау
Мақсаты:
Білімділік: Айналу денелерін проекциясын сызуды оқытып үйрету.
Дамытушылық: Сызбаларды сызуда оқушы шығармашылығын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: Өрмекші ойыны
Пәнаралық байланыс: геометрия
Сабақтың көрнекілігі : Сызба құралдары, геометриялық денелер, интерактивті тақта
Сыныпты ұйымдастыру, сабаққа дайындығын тексеру.
Өрмекші ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау :
1.Заттың геометриялық пішінін талдау дегеніміз не?
2.Көпжақ деп нені айтады?
3.Пирамида деп нені айтады?
4.Призма дегеніміз не?
5.Айналу денесі деп нені айтамыз?
6.Цилиндр дегеніміз не?
7.Пирамиданың призмадан айырмашылығы неде?
Сабақ барысы:
- Сыныпты ұйымдастыру
- Өткен сабақты тексеру
- Жаңа сабақты түсіндіру
- Практикалық тапсырма
- Қорытынды
- Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Айналу денесі деп жазық фигураны қандай да бір осьтің маңында айналдырғаннан пайда болатын фигураны айтады.
Цилиндр, конус, шар сияқты айналу денелері сызбада жиі кездеседі.
Конус - тік бұрышты ұшбұрышты катеттерінің біреуінен
айналдырғанда шығатын айналу денесі .
Конустың бүйір беті ВС кесіндісін конус осін бағыттаушысы- табан шеңбері бойынша айналдыру нәтижесінде пайда болады. Конустың изометриясын тұрғызуды табанының изометриясын тұрғызудан бастайды, содан кейін центрден z осі бойынша конус биіктігін белгілейді және жасаушыларды овалға жанама ретінде жүргізеді.
Изометриялық проекцияда конус бетінде орналасқан А нүктесін
үш координаты бойынша тұрғызады:
Х А =n Ү А = m, Z А =һ
.
Бұл координаттарды ретімен изометриялық осьтерге параллель бағыттар бойынша белгілейді.Қарастырып отырған мысалда, О нүктесінен х осі бойынша Х А = n координаты түсірілген;
оның ұшынан у осіне параллель түзу жүргізіліп, оның бойынан Ү А = m координаты түсірілген;
m-ға тең кесіді ұшынан, z осіне параллель түзу жүргізілген, оның бойына Z А =Һ координаты түсірілген.
Осы тұрғызулар нәтижесінде қажетті А нүктесі табылады
Конус бүйір бетінің жазбасы – дөңгелек сектор, оның радиусы конус жасаушысының ұзындығына, сектор доғасының ұзындығы конус табаны шеңберінің ұзындығына тең.Конус табаны шеңберінің радиусы R, ал бүйір бетінің жасаушы ұзындығы –L болса, сектор бұрышы ά=360º
Қиық конустың сызбасы мен изометриясы берілген, оның горизонталь проекциясы екі дөңгелек, ал фронталь және профиль проекциялары – теңбүйірлі трапециялар.
Практикалық тапсырма
Берілген өлшемдері бойынша ойығы бар қиылған модельдің үш проекциясын және аксонометриялық проекциясын салыңдар. Өлшемдерін түсіріңдер.
Тест
1 Жазықтықпен 90 0 бұрыш жасайтын түзу.
а) перпендикуляр ә) жазықтық пен перпендикуляр б) параллель
2.Сызбада неше сызық бар?
А) 2, ә) 7, б) 5
3.Негізгі көріністерді проекциялық байланыста орналастырудың неше жүйесі бар?
а) 3. ә) 2 б) 4
4. Үлкейту масштабтары;
А) 1:2, ә) 2:1, б) 1:1
5.Радиусты қандай әріппен белгілейді?
А) R ә) А б) Д
6.Сызбада бұйымның көрінбейтін контурын кескіндеу үшін ..... қолданады.
А) тұтас негізгі сызық, ә) үзілме сызық, б) нүктелі үзілме сызық
7.Шеңбер доғасына түзуге немесе басқа шеңбердің доғасына бірдеп өтуі....... деп аталады.
А) қосылу ә) түйіндесу б) жанасу
8.Түйіндесу центрі R + R 1 және R - R 2 формуласымен анықталған. Сызбада белгіленген:
А) сыртқы түйіндесу ә) ішкі түйіндесу б) аралас түйіндесу
9. Әртүрлі радиусты шеңбер доғаларымен кескінделген дөңестеу жатық қисықтар:
А) овалдар, ә) эллипстер, б) параболалар.
10. кішірейту масштабтары;
А) 1:2, ә) 2:1, б) 1:1
.
Дұрыс жауабы
1
2
Ә
3
Ә
4
Ә
5
А
6
А
Ә
7
Ә
8
Б
9
10
А
Ә
Сабақты қорытындылау
Қандай денелер айналу денелері деп аталады?
Цилиндр мен конустың бүйір беттері қалай қалыптасады?
Цилиндр мен конустың арасындығы айырмашылық неде?
Конустың изометриясын қалай тұрғызамыз?
Үйге тапсырма:
Айналу денелерін проекциялау
6- қосымша 2- нұсқа А4 парағында орындау