ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Абылқас Меруерт Төлеуханқызы
ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
Инновациялық (жаңашылдық) – педагогикалық ғылым қажеттіліктерін өтейді, онда барлығы жаңарып отырады, оларға педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттері, құндылық бағдарлары, оқыту мен тәрбиеге жаңа нұсқаулар, педагогикалық қарым-қатынас формалары мен әдістері жатады. Барлық жаңалықтар білім беру мен тәрбиенің мақсаттарымен байланысты, олар педагогикалық еңбекті жоғары шығармашылық деңгейге көтереді.
Классификация методов активного обучения
1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралық оқытудағы педагогикалық технологиялары, соның ішінде ақпараттық-коммуникативті технологияны және тұлға-бағдарлық білімді беруді енгізу мәселелеріне қатысты қызығушылықтардың туындауымен сипатталады. Педагогикалық инновацияның, педагогикалық мониторингтің, менеджменттің теориялық негіздері зерттелінді. Бұл сұрақтарды зерттеуде Ю.А. Конаржевский (1990 ж.), Т.И. Шамова (1991 ж.), М.М. Поташник (1992 ж.), Л.С. Подымова (1995 ж.), М.В. Кларин (1995 ж.), Г.К. Селевко (1998 ж.), В.П. Беспалько (1998 ж.), Е.В. Бондаревская (2000 ж.), И.С. Якиманская (2000 ж.) және тағы басқа ғалымдар зор үлесін қосты.
Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі.
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
- І кезең: оқып-үйрену;
- ІІ кезең: меңгеру;
- ІІІ кезең: өмірге ендіру;
- IV кезең: дамыту.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары білімгерлердің өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.
Ойын технологиясы, мәселелік оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Технологиялар
Құрылымы
Ойын технологиясы
Мақсаты және қолданысы
Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны.
Мәселелік оқыту
Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
Оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан технологиялардың бірі – осы технология.
Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:
- ассоциация;
- бірлестік қызмет;
- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:
- оқу үрдісінде қызығушылық артады;
- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
Түсіндіре баяндау, деңгейлік саралау, жекелеп оқыту технологиялары
Технологиялар
Құрылымы
Түсіндіре баяндау арқылы тірек желілерін келешекті оза оқыту.
Мақсаты мен қолданысы
Бұл технологияда С.Н.Лысенкова бойынша материалды меңгеру үш кезеңнен тұрады:- алдынала даярлық;- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;- оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту.
Деңгейлік саралау технологиясы
Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.
.Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Жекелеп оқыту технологиясы.
мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.
- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады..
Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді
Оқытудың компьютерлік, презентациялар, кезеңдеп оқыту технологиялары
Технологиялар
Құрылымы
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Мақсаты мен қолданысы
– мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді. Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып отыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек.
Презентациялар технологиясы
Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.
Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды (бейнелеулер, фотографиялар, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекі көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді
Кезеңдеп оқыту технологиясы
. Алдын-ала жүргізілген тәжірибелер, презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады.
.Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді.
Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.
Жеке пәндік педагогикалық, альтернативті, өзінік дамыту, модульдік оқыту технологиялары
Технологиялар
Құрылымы
Жеке пәндік педагогикалық технология.
Мақсаты мен қолданысы
Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы.
Альтернативті технологиялар.
Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори)
Вольдорф педагогикасы «гуманистік педагогика» мен «еркін тәрбие» идеяларын іске асырудағы әр түрдің біреуі болып табылады.
Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.
Ол мұғаліммен одақтасуда жекеліктің өз бетінше таңдауы мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін.
Мақсаттық бағыты:
- жан-жақты дамыту;
- жекелікті тәрбиелеу;
- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.
Модульдік оқыту технологиясы
Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.
.Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі.Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады.
Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.
Дамыта оқыту технологиялары
Түрлері
Құрылым
Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі.
Мақсаты және қолданысы
Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық.
Д.Элькони – В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы.
Занков әдісі әр түрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.
Элькони – Давыдов техноло-гияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отыра құрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды..
Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі.
Оқушыныңорындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады
Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады.
Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойғашабуыл, ұйымдастыру – қызметойыны, еркін шығармашылық пікір таласы.
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылық қажет.
Нәтижесінде білімгер:
Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
Ақпараттық сауаттылығымен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Автухов И.Г., Огородников И.Т., Хант И.Т. Организация и методика работы в высшей школе: монография /И.Г Автухов и др. - М.:АПН СССР, 1933. - 175с.
2. Аймауытов Ж. Дидактика: оқу құралы /Ж. Аймауытов. – Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві. 81 фонд, 1 тізім. 306 іс, 29 табақ.
3. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы: [Комплекспен оқыту жолдары] /Ж. Аймауытов. – Алматы.: Ғылым, 1999. -Т. 5. - 304 бет.
4. Алтынсарин Ы. Орыс тілін қазақтарға үйрету туралы бастауш құрал: оқу құралы /Ы. Алтынсарин. – Алма-Ата.: Ғылым, 1975. – 127 бет.
5. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы [Киргизская хрестоматия]: оқу құралы /Ы. Алтынсарин. – Алматы.: Білім, 2003. - 112 бет.
6. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері /С. Аманжолов. – Алматы.: Ғылым, 2002. – 368 бет.
7. 11. Әбиев Ж. Педагогика: оқу құралы /Ж. Әбиев. – Алматы.: Мектеп, 2004. – 246 бет.
8. Әл-Фараби. Он томдық шығармалар жинағы /Әбу Насыр әл-Фараби. – Астана.: Лотос-Астана, 2008. – Т. 2. - 384 бет.