Сабақтың
мақсаты
Тәрбиелігі:
адамгерш ілікке, сұлулыққа, әсемдікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы:
Оқушыларды өзіндік танымын, ойлау, сөйлеу, есте сақтау дағдыларын қалыптастыру. Ұлтқа, Отанға, туған жерге деген құрмет сезімдерін ояту.
Білімділік:
Композитор туралы мағлұмат беріп, шығармаларымен таныстыру.
Сабақтың
әдісі:
интерактивті
тақта,
слайд,
Ш.Қалдаяқов
әндері.
І. Ұйымдастыру
кезеңі: Оқушы -
лармен аман-дасып, сабақ-
қа бейімдеу.
Сабаққа қажет-ті құрал жаб-дықтарын
алу. Зейін қою.
б) Ш.Қалдая – қов өмір – баяны
в) Шәмші әнд - еріне попурри жасау, дайын - далып келу.
а) Ақ көгершін әні.
ә) С. Мұха - метжанов өмірі
ІІ. Үй тапсырма-
сын тексеру.
Ж а ң а с а б а қ
- Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақ стан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туған. Шығармашылықпен 1956-1962 жылдары айналысқан. Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда В.Великановтың класында оқыды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде 300-ге жуы қ туынды жазды. Шығармалары негізінен махаббат тақырыбында. Солардың ішінен “Әнім сен едің”, “Қаракөз”, “Қайықта”, “Қайдасың”, “Ақ маңдайлым”, “Ақ сұңқарым”, “Сыр сұлуы”, “Арыс жағасында”, “Бахыт құшағында”, “Менің Қазақстаным”, “Ана туралы жыр”, “Ақ бантик”, т.б. әндерін халық сүйіп айтады.
- Танымал әндер жазғандағы табысы үшін сазгер 1965 жылы Жастар Одағының сыйлығын алды. 1994 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі атағы берілді.
- 1992 жылы жасы 62-ге қараған шағында. Шәмші дүниеден өтті. Оны “қазақ вальсінің королі” деп атады.
- Шәмшіге арнап ақын Мұқағали Мақатаев келесі өлең сөздерін арнаған.
- Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма.
- Өзегіңді өртеп дерт, шаншымай ма.
- Махаббатқа арнап бір ән шығарсын,
- Шәміл – ау!
- Шәмші қайда?
- Шәмші қайда?
- Шәмшіге айт,
- Тағы да бір ән таңдандырсын.
- Жандандырсын жүректі, жандандырсын!
- Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер,
- Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Әнұранының мәтіні
Сөзін жазған – Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған – Шәмші ҚАЛДАЯҚОВ
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Шәмші ҚАЛДАЯҚОВ
Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ
“ Менің Қазақстаным” әні 2006 жылдың 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұран болып қабылданды .
Қазақстан Республикасының Рәміздері
“ Ақ құс туралы аңыз ” авт. Оразбек Бодықов
- Шәмшінің шырқап салатын әдемі даусы болмаса да , әннің табиғатын түсініп, оны тыңдаушысына жеткізе білетін әсем үні бар еді. Оның даусы кейде қырылдай шығып, биіктеп кете алмаса да, тыңдар құлақты еріксіз елтітіп, қай жүректі болмасын баурап әкететін.
- - Саған қай қасиет бұрын дарыды – ән салу ма, әлде ән шығару – ма?
- - деп сұрағанымда, Шәмші сәл ойланып.
- - Бетховен тас керең болса да ғажап музыка жазған. Байқадамов қазақ әндерін айтуға олақ болғанымен, нағыз қазақи әндерді жазған. Өйткені бәрінің көкірегінде сайрайтын бір – бір ақ құс бар, - деген еді ол. – Анамның естіген хикая еді. Сол “ақ құс” туралы әңгімемді тыңда.
- Алыстағы бір асқар таудың басын армандай сұлу Аққұс мекендесе керек. Ол төгілте ән шырқағанда тау мүлгіп, көл тынып, аспан егіледі екен дейді. Оның әсем әнін аңсаған пенделер осы тауға ағылып, Аққустың ұядан ұшуын апталап, айлап күтіп жатады екен. Өзінің әніне ынтық болған жұрт мол жиналған шақта, Аққұс аспандап ұшып, тау асып, бел асып махаббат жайлы шерлі де қуанышты әнін шырқайды екен. Ол небір қайғылы жүректің шерін басып, сөнуге айналған үмітке от жағады екен дейді.
1. М у з ы к а т ы ң д а у : Шәмші әндеріне попури
2. Ән орындау “Ана туралы жыр”
Үйренетін әнмен жұмыс:
- сөзімен
- мелодиямен
- фразамен
- темппен
- дикциямен жұмыс
Шәмші әндеріне попури
1) Түн жамылып келеміз айсыз ашық аспан,
Төбемізде жұлдыздар үнсіз жымыңдасқан.
Бара жатқан зымырап, байқалмайды уақыт.
Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт.
2) Өзіңмен Арыстың
Бойында таныстым.
Жайнаған гүлдей, құрбым, сен,
Жағада тұрдың сен.
Қайырмасы:
Жаз еді күлкің де,
Қайдасың бұл күнде,
Сені іздеп, арманым,
Сыр бойын шарладым.
3) Аңсаған бақытым сияқтанып
Ай туып келеді қияқтанып
Жол жаққа қараймын
Сен жоқсын арайлым
Кешікпей келем деп ен
Мен тұрмын елендеумен.
А н а т у р а л ы ж ы р
- Шәмші өзінің құдайдай сыйлап, жанындай жақсы көретін әкесіне ол өлген соң моласының басына үлкен кешене ғимарат салдырды.
- Ал өзін ақ сүтімен асыраған аяулы анасына арнап әннің ең асылын жазды. Ол – “Ана туралы жыр”.
- Ойлап қараса, анасы оған әлемнің жарығын сыйлапты, даланың ең әсем гүлін жинапты, самсаған құстардың қанатын беріпті, мол дүниенің жаннатын ұсыныпты.
- - Апа, қарыздармын саған ... Қарыздармын, апа!
Сенің басыңа мавзолей орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ, саған әсем әннің ең сұлуы, ең нәзігінен ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын...
Бұл 1957 жылдың 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уағдасын 1961 жылы орындады. Осы жылы оның “Ана туралы жыр” деген әні дүниеге келді. Бұл ән – қазақ совет музыкасындағы ана туралы жазылған тұңғыш ән еді. Бұл ән – ана алдындағы ешқашан өтілмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді.
Бұл ән есейген ер жүрек уланның бұл өмірдің теңізін адал кешуге берген анты еді .....
Бұл аналар туралы гимн еді.
Ана туралы жыр сөзі Ғафу Қайырбековтікі
- Әлемнің жарығын сыйладың сен маған,
- Даланың әр гүлін жинадың сенмаған,
- Сен бердің құстардың, қанатын самғаған,
- Балалық құштарым, өзіңе арнаған.
Қайырмасы
- Әлдилеп аялап, өсірген жемісің
- Самал жел сая бақ, құшағың мен үшін,
- Есейіп кетсемде, мен саған сәбимін,
- Көңіліңді көктемдей, көзіңнен танимын.
- Өтеуге борышым, анашым жан сырым,
- Іздедім сен үшін, әлемнің асылын,
- Әлемнің байлығын, сыйлар ем, кеш мені.
- Сыйлар ем ай күнін, қолыма түспеді.
Б і л і м с а й ы с ы
Шәмші қай жерде, қай жылы туған?
Шәмшіге арнап қай ақын өлең жазған?
Қандай атақтары бар?
Шәмшіні кім деп атайды?
Қай жылы қайтыс болды?
Шәмшінің жанашыр досы кім ?
Испан ақсүйек қауымының поэтикалық -лирикалық әні
С ө з ж ұ м б а қ
1. ............ қолы көпке ортақ
Ш
Ә
М
Ш
І
2. Ұстаздан ............ озар
3. Өнерлі бала ............
Шеше көрген тон ............
- Жігіт адамға ............
өнер де аз