СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Презентация "Ұлттық фольклор арқылы бала тілін дамыту"

Нажмите, чтобы узнать подробности

презентация на тему: "Развитие речи детей дошкольноговозраста через использование казахского устного фольклора"

Просмотр содержимого документа
«Презентация "Ұлттық фольклор арқылы бала тілін дамыту"»

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдерінің қалыптасуы мен түр-сипаты көшпелі тұрмыс, құбылмалы ауа райымен қатар, халықтың наным-сенімдері, сұлулыққа құмарлығы, түрлі маталардың қолданысқа енуі және көрші ұлттармен мәдени-экономикалық байланысы әсірінен жылдар бойы өзгеріп отырды. Қазақтардың киімнің етек-жеңіне оқа тігетіні, кимешектің өңіріне, жақтауына кесте жүргізетіні, сәбидің, қыз баланың, сал-серілердің бас киіміне үкі қадайтыны – түркі-қыпшақ заманы кезінде туған дәстүр. Бұл қадам жын-перілерден, пәле-жаладан, тіл-көзден сақтайды деп сенген.

Қазақы белбеу, қапсырма, бойтұмар, нәзік белдіктерге өрнектелетін әр түрлі құстардың, жыртқыштардың, көбелектің, ағаштың, жер-судың, тау-тастың кескінін беру ежелгі сақ, үйсін тайпаларынан қалған мұра. Бойжеткендер белі қымталған, етек-жеңіне желбезек салынған қос етекті көйлек, оқалы қамзол киіп, беліне металл шытырлармен безендірілген немесе ширатпалы күміс белдік (кейбір жерде нәзік белдік) буынған. Қазақстанның кейбір өңірлерінде етек-жеңге екі-үш қатар бүктесін, яғни қосетек тіккен. Ал оңтүстікте осындай көйлектің үстіне белдемше қаусырынады немесе шалғы орайды екен. Тақиямен қатар, белдік те қыздық дәуреннің белгісі саналған. Қыз бала белдігін арындай қорғаған, оның жоғалтып алу – арынан айырылғанмен бірдей болған. Қос етекті көйлек тек қыз балаға тән киім. Баласы бар әйелдерге шымқай түсті матадан тігілген. Кестеленген немесе қос етек салынған көйлек кию ерсі саналатын. Қыздар шашын көбіне қос бұрым етіп өріп, бас киімсіз-ақ жүре беретін болса, әйел тұрмыс құрған соң ақсаңнан (сұрыптан) тігілетін, кеудесін, иығын, жон арқасын жауып тұратын, жақтауы, өңірі, тамақ жағы кестеленген кимешек киетін. Кимешектің шаршысының, пішімінің үлгісіне қарай шылауым, сұлама, күндік, орама деген атаулары бар. 

Егде тарта бастаған еркектің киім-кешегі әдетте жігіттің киіміне тән элементтерден тұрғанымен, пішімі молдау, шалбары кеңдеу болып тігілетін. Қарттардың киімі мейлінше қарапайым, көбіне көктеп тігілетін және әшекейсіз болған. Қалыптасқан дәстүр бойынша, қарттарға арнайы жейде, жырым балақты шалбар, арасына түйе жүн салып сырылатын көкірекше, бешпет, шекпен, шапан тігілетін. Түйе жүнінен бастырылып, шұғамен тысталатын күпі – малшының басты киімі саналған. Қазақ қоғамында шұғамен немесе барқытпен тысталған пұшпақ ішік жоғары бағаланған. Аса сәнді ішіктің қаусырмасы мен шалғайы кәмшат немесе сусар терілерімен көмкерілген.

Сырт киімнің көне түрлерінің бірі – кебенекті шаршылап, қылшығын сыртына шығара басқан жұқа киізден ақ, қара немесе қоңыр түсті етіп, атқа отыруға ыңғайлы болу үшін артында жарма қалдырып, шалбарымен қоса пішкен. Шапанға ұқсас болғанымен, тік немесе күләпара іспетті жағасы бар кебенекті жылқышылар үскірік аяз бен ызғырақ желден, жаңбыр мен қардан сақтану үшін қысқы киімнің сыртынан киген. Қаусыра киілетін сырт киім түймеге бекітілмейтіндіктен, ерлер кісе белбеу таққан. Оның кәдімгі белдіктен айырмашылығы — бұрынғы аңшылардың садақ жебесін салатын қорабы, оқ-дәрі салатын оқшантайлары іспетті салпыншақтарының, мығым бекітілген қынының болатынымен байланысты. Кісе металл шытырларымен безендірілген. Егде жастағы ер адамдар дөңгелек тақиясын басынан тастамаған. Сыртқа шыққанда оның үстіне бөрік, тымақ, қалпақ киетін болған. Тақияның ең қарапайым әшекейі — шеңберінің айналасына берілетін иректелген сызықша. Жастардың тақиясы күмбезінің төрт жағынан жібек немесе зерлі жіптермен шұғыла, гүл тағы да басқа өрнектермен көмкерілетін болған. Үйлену салтанатына арнап қалындықты жасандырғанда, әдетте оның басына маңдайлық, желкелік жанамала қыстырылатын қаңқа ретінде биіктігі 20-30 сантиметрдей келетін бағалы аң терісімен көмкерілген «сүйір бөрік» кигізетін де, үстіне сәукеленің өзін қондыратын болған. Сәукелеге міндетті түрде жұқа ақ желек ілетін болған. Ол беташар айтылғанда қалыңдықтың жүзін, бүкіл денесін жауып төгіліп тұратындықтан, қыздың дене пішімін өте нәзік, сымбатты етіп көрінетін.

Киімдердің негізгі түрлері Бас киімдер Сырт киімдер Киімнің негізгі түрлері Ішкі киімдер Аяқ киімдер

Киімдердің негізгі түрлері

Бас киімдер

Сырт киімдер

Киімнің негізгі түрлері

Ішкі киімдер

Аяқ киімдер

Бас киімдер Сырт киімдер Киімнің негізгі түрлері Ішкі киімдер Аяқ киімдер Заманауй ұлттық киім үлгілері

Бас киімдер

Сырт киімдер

Киімнің негізгі түрлері

Ішкі киімдер

Аяқ киімдер

Заманауй ұлттық киім үлгілері


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!