Просмотр содержимого документа
«Программалаудың даму тарихы. Программалық қамтамасыз етудің даму үдерісі.»
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Программалаудың даму тарихы. Программалық қамтамасыз етудің даму үдерісі.
II. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қолданыстағы программалау тілдерінің түрлері және даму тарихы .
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
III. Сабақтың түрі: аралас сабақ
IV. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
V. Сабақтың көрнекілігі: копьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIII. Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) Бағалау
Г) Жаңа сабақ
Д) Бекіту
Е) Үйге тапсырма
Ж) Қорытынды
Жаңа сабақ
Программалау- хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы. Кез келген компьютер програмасының негізгі мақмсаты- ақпаратты құралдармен басқару. Симула-67 тілінен бастап програмалауда нысанды бейімделген деген жаңа әдіс пайда болды.
Программалық жасақтама- белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған, олардың аппараттық құралдарының жан жақты қызметін, сонымен қатар қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаратын програмалар жиынтығы.
Компьютердегі программалық жасақтама кұрамын программалық конфигурация деп атайды.
Программалық жасақтама деңгейлері: базалық, негізгі , жүйелі, қызметтік, қолданбалы. Программалық жасақтаманың деңгейлері пирпмидалық жүйе болып табылады.
Амалдық жүйе- құжаттармен амалдар орындауға арналған сыртқы құрылғыларды және програмаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы.
Қызметші программалар- әр бір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалау тобы.
Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар- белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған програмалық құралдардын жиынтығы.
Интегралданған ҚПЖ- қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
Программалау дегеніміз не?
Программалық жасақтама деген не?
Жаңа сабақты бекіту
IX .Үйге тапсырма
Программалаудың даму тарихы. Программалық қамтамасыз етудің даму үдерісі. 27 бет тәжірибелік тапсырма слайд жасау
X . Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау,оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.
XI . Бағалау.