Программалау (орыс. Программирование; ағылш. programming)
1) есептегіш машиналар мен құрылғыларға арналған программаларды құрастыру әдістері мен тәсілдерін зерттейтінпен;
2) компьютерде есеп шешу үшін оны алдын ала дайындау процесі. Ол мынадай кезеңдерден тұрады: операциялар жиыны ретінде көрсетілген есеп "шешу жоспарын" жасау (есепті алгоритмдік бейнелеу); "шешу жоспарын" программалау тілінде бейнелеу (программа жазу); программаны машина тіліне аудармалау; командалар тізбегін компьютердің техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру (есеп шешу процесі). Сондай-ақ қолданбалы математиканың компьютер үшін программалар жазу, оларды тексеру және жақсарту әдістері мен құралдарын зерттейтін тарауы да Программалау деп аталады.
Просмотр содержимого документа
«Программалау жүйесі»