Стресс, ?обалжу, жал?ызды? т?різді жо?ары сынып о?ушылар бойында кездесетін келе?сіздіктер ?мір баспалда?тарында кездесетіні аны?. Сол кезде жас досарымыз?а ?зіне деген сенімділігін арттыру, ?мір с?руге деген ??лшынысын ояту ма?сатында осы ?уенді презентация к?рсетіледі. ( показ слайдов формасында)
Просмотр содержимого документа
«Психолог ке?есі: "Жас достар, сіздер ?шін!"»
Атырау облысы
Махамбет ауданы
Қ.Қарашаұлы атындағы
Сарайшық орта мектебі
психологы
Тауова Нұрсұлу Раулқызы
Сен кейде…..өзіңді көңілсіздік, мұң мен қайғы басқандай күйде сезінесің бе?
Сырыңды ешбір жанмен бөлісе алмай, іштей тынатын кезің бола ма?
Өткен іске өкініп, алаңдайсың ба?
Сан ойлардың шешуін іздеп мазаң қаша ма?
Жалғыз қалғандай жан дүниең құлази ма?
Жол іздеп шаршаған жолаушыдай сезімдесің бе?
Қызарып батқан күн көңіліңе мұң сыйлай ма?
Жауын астында шарасыз халге түскен жандай пана іздейсің бе?
Өзіңді өзің іздеумен жүрсің бе?
Бар әлем саған қарсы тұрғандай көріне ме?
Жас дос!
«Өз өмірің өз қолыңда»
екенін ұмытпа!
Жан дүниеңдегі көңіл күй
тек өзіңе байланысты!
Тіпті қараңғы түн де сенің көңіл-күйіңді бұза алмайды!
Кедергілерді жеңетініңе сен!
Табиғат сұлулығына қарап шаттыққа бөлен!
Армандардың бір ғажайып қасиеті бар - олар орындалады!
Өз күшіңе сен!
Қиындықтарға мойымай, оған қарсы тұрып, жеңе біл!
Ата-ана үшін ең басты сый - сен және сенің денсаулығың екенін ұмытпа!
Егер сен күлсең, бар әлем сенімен бірге күлетінін ұмытпа! Күлкі -денсаулықты жақсартып, адамның көңіл-күйін көтереді. Өзгелерге де қуаныш сыйлайды. Күлкі сізге бақыт сезімін әкеледі. Күлкі жандарыңызға серік болсын!