СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Психологиялык клмек корсету

Нажмите, чтобы узнать подробности

ллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллл

Просмотр содержимого документа
«Психологиялык клмек корсету»

Жедел психологиялық көмек көрсету

Жедел психологиялық көмек – төтенше жағдайлар ошағында зардап шеккендерге немесе төтенше, экстремалды жағдайлардан кейін жуық арада көрсетілетін қысқа мерзімді іс-шаралар жүйесі.

Дағдарыстық араласудың негізгі мақсаттары зардап шеккендердің жайкүйін тұрақтандыру, дистресстің өткір белгілерін жоюды немесе жеңілдетуді және тәуелсіз жұмыс істеуді қалпына келтіру.

Мамандар психологиялық көмек көрсету қызметін ұйымдастырудың қажеттілігін көрсете отырып, апат орын алған жерде тікелей ерте кезеңде психологиялық көмек алған зардап шеккендер психологиялық асқынулардан аз зардап шегетіндерін белгілейді.

Ең бірінші көмекті кімге көрсету қажет?

Әдетте, төтенше жағдайлар кезінде көп адам зардап шегуі мүмкін: өздері тікелей зардап шекпесе де, олардың жақындары зардап шегеді; айналасындағылардың жай-күйінен қатты әсер алғандар, яғни «қайта зардап шеккендер» де болады. Сондықтан психологиялық көмекке мұқтаж адамдарды түрлі топтарға бөліп алған дұрыс.

Зардап шеккендер арасынан тәуекел тобын – ең бірінші кезекте психологиялық көмекке зәру топты анықтап алу қажет.

Оларға:

  • төтенше жағдай ошағында қалып қойған адамдар (мысалы үйінділер астында қалғандар);

  • қолдау көрсететін жақындары жоқ адамдар;

-жақындарынан айырылған, сонымен қатар күрделі ауруларға шалдыққандар

(жүрек, т.б. психосоматикалық аурулар);

  • апат орнында болып, бірақ зардап шекпеген адамдар жатады. Олар құрбан болғандармен бетпе-бет келуіне байланысты аффект жағдайында болады, көп сөйлеп, әр түрлі қимылдар жасайды.

Ірі төтенше жағдайлар кезінде маманның міндеті – осындай адамдарды анықтап алып, олардың белсенділігін басқа арнаға жұмсап, қолынан келетін тапсырма беру. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, кез келген сылтауды пайдаланып, оқиға болған жерден адамдарды таратып жіберу қажет.

Жедел психологиялық көмектің мазмұны мен әдістері төтенше жағдайлар сипатына, оның жарақаттау әсеріне (жол-көлік оқиғасы, табиғи және техногендік сипаттағы апат, террорлық актілер, қаруланған қақтығыстар) тікелей байланысты, жедел психологиялық көмек көрсету жалпы жағдайлар ескерілуі тиіс

Зақым алу оқиғасына реакция балалардың жеке және жас ерекшеліктеріне байланысты болады.

Психологиялық зақым алу оқиғаларын басынан өткізген балалармен жүргізілетін жұмыстың негізгі әдістері:

  • ойындар, баланы зақымдық күйзелістен арылту қажет, ойын процесінде бала шынайы қоршаған ортадағы проблемалық жағдайды дұрыс бағалай алады, бақылау сезіміне ие болады. Ойын психологиялық түзету мақсатында балалармен жұмыс кезінде қолданылады, ойынға қатысу қобалжуды, үрейді төмендетуге, қарым-қатынас жасауда кедергілерді еңсеруге ықпал етеді.

  • арт – терапия көркем шығармашылық арқылы психологиялық әсер ету. Бейнелеу, ойын әрекетін бала үшін қауіпсіз және табиғи іс-әрекеттің түрі ретінде қарастыруға болады. Арт-терапия процесінде бала қайта күйзелісті бастан кешіреді, өз абыройын сезінуін қалпына келтіруге көмектеседі. Жекелеген жағдайларда эмоционалдық жай-күйіне оң әсер беретін бірнеше – ақшыл көк, жасыл және сары түстер ұсынылады.

  • балалармен жұмыс кезінде ең тиімді әдіс метафораларды, оқиғаларды, ертегілерді қолдану болып табылады. Оларды дайын нұсқада ұсынуға болады және сондай-ақ баланың өзі шығарып, айта алады. Мұндай жұмыс түрі проблеманы жарақатпен тікелей жанаспай жанама нысанда білдіруге мүмкіндік береді және сондай-ақ сол уақытта қайта уайымдауға, алаңдауға, травматикалық тәжірибеге жаңа мағына беруге мүмкіндік береді, нәтижесінде оны толғандыратын мәселеге жаңа көзқарас қалыптасады, оның оңтайлы шешімінің нұсқаларын түсінуге әкеледі (Гордон Д., Миллс Дж., Кроули Р., Трубицина Л.В.).

Тәуекел тобындағы құрбандар мен зардап шеккен адамдарға алғашқы көмекті құтқару қызметінің өкілдері, психологтар, волонтерлер көрсетуіне байланысты апат ошағында тікелей басшылық ететін ұсыныстарды келтіреміз:

-зардап шегуші өзін бұл жағдайда жалғызбын деп сезінбеуі керек. Зардап шеккен адамның жанына келіп, «Мен жедел жәрдем келгенше, сіздің қасыңызда боламын» деп айту керек. Сонымен қатар зардап шегушіге болған оқиға туралы айтып, «жедел жәрдемнің» жолда келе жатқанын білдірген жөн.

Жедел психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыстың аяқталу мүмкіндігі тұлғаның жай-күйін қалпына келтіруді, жағдайды, мінез-құлқын бақылау сезіміне ие болуды куәландырады. Ауыр зақым алу оқиғаларынан кейін адамның қалпына келуіне уақыт керектігін, кейіннен алған зақымын уайымдауы табиғи динамикалық процесс түрінде көрінеді.

Осылайша, ерекше психикалық жағдайда жүрген адамдармен қарымқатынаста қалыптастыруды және қолдауды қажет ететін сындарлы қарымқатынас дағдысы үлкен маңызға ие болады.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!