Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс істеу Қандай компьютерлік ойындарды ойнауды жақсы көресің? Бұл ойындардың қандай программа көмегімен жасалғанын білесің бе? Компьютерде өз сценарийіңмен ойын жасағың келе ме? Компьютерде ойын жасау үшін қандай білімдер қажет деп ойласың? Оқулықпен жұмыс Жаңа ақпаратпен танысу. PyGame кітапханасы – 2D ойындарын және басқа мультимедиялық қосымшаларды әзірлеуге арналған Рython программалау тілінің модулі. РyGame көп теген платформалар мен операциялық жүйелерде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін SDL (Simple DirectMedia Layer) ойындарын жасау үшін басқа кітапхана негізінде жасалды. PyGame – Python программалаушыларына осы қуатты кітапхананы пайдалануға мүмкіндік беретін SDL байланысы. PyGame өте ыңғайлы болғанымен Python-ның стандартты кітапханасына кірмейді, яғни ол орнату бумасымен бірге жеткізілмейді, оны бөлек орнату қажет. Ол үшін өзіміз қолданып отырған Python 3.4. нұсқасына сәйкес PyGame кітапханасын www.pygame.org сайтынан жүктей аламыз немесе Пуск-Программы- Стандартные-Командный строка командасын орындап, командалық жолға төмендегі команданы жазып, Enter пернесін басамыз Рython – m pip install – U pygame – user немесе Python – m pip install pygame командасын орындаймыз. https://www.youtube.com/watch?v=k7r6lqI3Lew сілтемесі арқылы PyGame кітапханасын орнатуды көруге болады. Ойын әзірлеу кезінде бірінші қадам – терезені құру, яғни ойын алаңы болып табылады. PyGame кітапханасында дисплей терезесі мен экранды басқаруға арналған дайын pygame. display модулі бар.16-кестеде осы модульдің кейбір ерекшеліктері көрсетілген: «Арман-ПВ» баспасы, 2019 ж (127б) Дескриптор -шеңбер салу командасын анықтайды; -тіктөртбұрыш салу командасын анықтайды; -түзу салу командасын анықтайды Компьютермен жұмыс Шеңбер, тіктөртбұрыш, түзу салу командасын компьютерде орындаңдар. 3-код import pygame pygame.init() screen = pygame.display.set_mode([360, 320]) screen.fill([255,255,255]) pygame.draw.circle(screen, [93,68,255],[170,60], 50, 0) pygame.draw.rect(screen, [255,0,0], [80, 130, 180, 180], 0) pygame.draw.line (screen, [0,255,33], [50, 100], [50, 300],5) pygame.display.flip() running = True while running: for event in pygame.event.get(): if event.type == pygame.QUIT: running = False pygame.quit() Дескриптор Pygame командаларын программалауда қолданады. Топтық жұмыс Геомериялық фигуралар салатын командалардың қызметін талдаңдар. Геометрияда шеңбер, түзу және тіктөртұрыш сияқты фигуралардың формулаларымен салыстырыңдар. Жұптық жұмыс 4-суретте берілген фигураларды pygame.draw командалары көмегімен салудың программасын ұсыныңдар Оқушылардың жауаптарын бағалау парағына балл қою арқылы бағалау |