СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Р?міздер – Т?уелсіздік белгісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Т?уелсіз елін шексіз с?юге баулу;
  • Ынтыма?, бірлігі жараса шал?ы?ан елді?, к?птеген ?лт ?кілдеріне алтын бесік бол?ан мемлекетіні? ?ланы екендігін ма?танышпен сезіне білуге т?рбиелеу;
  • Т?уелсіздікті а?са?ан ата – баба аманатына адал болу?а, ерлігінен ?лгі алу?а, бабалар рухын ас?а?тата д?ріптей білуге ?йретіп, ?лтжандылы?, отаншылды? сезімдерін оятып, ?лтыны? салт – д?ст?рін, діні мен тілін с?йе білуге, р?міздерді ??рметтеуге баулу.

Просмотр содержимого документа
«Р?міздер – Т?уелсіздік белгісі»

Сабақтың тақырыбы: Рәміздер – Тәуелсіздік белгісі

Сабақтың мақсаты:

  • Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу;

  • Ынтымақ, бірлігі жараса шалқыған елдің, көптеген ұлт өкілдеріне алтын бесік болған мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу;

  • Тәуелсіздікті аңсаған ата – баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға, бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйретіп, ұлтжандылық, отаншылдық сезімдерін оятып, ұлтының салт – дәстүрін, діні мен тілін сүйе білуге, рәміздерді құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың портреті, еліміздің рәміздерінің суреттері.

Сабақтың барысы:

Топқа бөлу

І топ - «Елтаңба»

ІІ топ - «Ту»

ІІІ топ - «Әнұран»

Мұғалім:

Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,

Елің алды егеменді теңдігін – деп бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Рәміздер – Тәуелсіздік белгісі».

Ойын: «Шаңырақ»

Мақсаты: Шаңырақ құрып, уық арқылы оқушылар Отанға деген өз тілектерін білдіреді.

    1. Отанымыздың шаңырағы биік болсын;

    2. Қазақстан көгінде бейбітшілік жалауы желбіресін;

І-топ. «Елтаңба елі»

  1. 1991жылы 2-қазанда – Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады

  2. 1991 жылы 1 – желтоқсанда – қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

  3. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз Республика деп жарияланды.

ІІ-топ. «Ту елі»

      1. 1992 жылы 2-наурызда – Қазақстан Республикасы БҰҰ мүшелігіне қабылданды.

      2. 1993 жылы 15-қарашада – Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.

      3. 1994 жылы – Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.

ІІІ-топ. «Әнұран елі»

        1. 1995 жылы 30-тамызда – Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды.

        2. 1998 жылы 6-мамырда – Елбасының жарлығымен Ақмола қаласы – Астана деп аталатын болды.

        3. 1999 жылы – Білім заңы қабылданды.

  1. Мақал сөздің мәйегі:

(Отан туралы мақал-мәтел айту).

  1. «Менің Отаным» эссе жазу.

Әр топ сауатты етіп шығарма жазу.

Қорытынды:

Оқушылар!Бүгін біздер Отанымыз Қазақстан, оның Әнұраны, Туы, Елтаңбасы туралы әңгімеледік.

Қазақстан - бүгін еліне достық туын тіккен жер. Ендеше Қазақстан Республикасының азаматы болғанымызды мақтан тұтайық. Үлкен азамат болыңдар!

Хор: «Менің Қазақстаным».