Сабақ тақырыбы: Радиациялық және химиялық барлау аспаптары
Мақсаты:
А) білімділік мақсаты: радиациялық барлау аспаптарының жұмыс қағидалары мен құрылысы туралы ашып көрсету;
Б) дамытушылық мақсаты: РБА тактика техникалық мәліметтері, қолданылу туралы түсінік беру;
В) тәрбиелік мақсаты: халықтың өмірін қамтамасыз ету мақсатында оқушыларды батылдыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу.
Г) уақыты: 45 минут.
Д) сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.
Е) сабақтың түрі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Ж) сабақтың өтілетін орны: АӘД кабинеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдыстыру кезеңі
а) взводты екі қатарға тұрғызу, түгендеу, рапорт қабылдау, сәлемдесу, оқушылардың сырт әлпетін тексеру, оқушының назарын сабаққа аудару;
б) жаңа сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау;
в) кіріспе әңгіме, сабақты қысқаша әңгімелеу, түсіндіру.
Үй тапсырмасын тексеру: өткен материалдардан.
Үй тапсырмасын бекіту: жаңа сабақпен байланыстыру.
Жаңа сабақта пайдаланған көрнекілік құралдар: оқулық, АӘД журналы, плакаттар, карточкалар, тірек сызбалар.
Жаңа материалды баяндау жоспары.
Радиациялық барлау аспаптарының жұмыс қағидалары мен құрылысы, тактика-техникалық мәліметтері, қолданылуы.
Мұндай аспаптар (оларды дозиметриялық деп те атайды) радиоактивті зақымдануды табуға, түрлі нысандардың зақымдану дәрежесі мен радиация деңгейін, сондай-ақ сәулелендіру мөлшерін өлшеуге арналған. Олардың көбінеде радиоактивті сәуле шығаруды табу және өлшеуде иондау әдісін пайдаланады.
Бұл әдіс радиоактивті сәуле шығару қасиеттерінің бірін пайдалануға негізделген – олардың өздері таратылатын ортаны иондау қабілетін (яғни, нейтралды молекула немесе атомдарды буға ыдырату; оң ион және теріс электрон) көрсетеді. Егер газдың тұйық көлемін алып, оған электр кернеуін қосса, онда сәулелендіру кезінде пайда болған электрон мен иондар реттелген қимылға келеді: біріншілері анодқа, екіншілері катодқа жылжиды. Бұның нәтижесінде электрондар (анод пен катод) аралығында ионданған ток пайда болады, оның көлемі радиоактивті сәулелену мөлшерінің қуатына тура пропорционалды болады.
Ионданған ток күші бойынша радиоактивті сәулелену қарқынын анықтауға болады.
Ионданған камералар мен газтаратқыш санауыштар дозиметриялық аспаптардың қабылдау құрылғылары болып табылады. Ионданған камера жүйесі 135 –суретте көрсетілген. Оған анодқызметін ток жүргізуші қабат, ал катод қызметін металл білігі атқарады. Электродқа камерада электр өрісін жасайтын қорек көзінің кернеуі жүргізіледі. Камера ауамен толады. Егер радиоактивті сәулелену жоқ болса, онда камерадағы ауа ийонданбайды және электр тоғын жүргізбейді. Сәулелену әсерінен ауа ионданады, тізбек тұйықталып, ионданған ток жүргізеді. Ол аспаптық электржүйесіне түсіп (136-сурет), күшейеді, қайта жасалады және микроампермен өлшенеді, оның шкаласы (Р/с) немесе миллиренген сағатқа (мр V4) бөлінген. Осындай ионданған камералар жергілікті жердегі радиация деңгейін өлшейтін аспаптарда қолданылады.
Газ разрядты санауыш қайталама иондау (соққы) есебінен пайда болатын газкүшейту тәртібінде жұмыс істейді. Осындай санауыш тізбегінде өтетін ток көлемі, ионданған камерадағыға қарағанда мейлінше көп, ал санауыш өзі аса сезімтал. Газрязрадты санауыштар кез келген жерлердің радиоактивті заттармен зақымдану дәрежесін өлшеу және табуға арналған аспаптарда қолданылады.
Санауыш дегеніміз – металл (немесе әйнек) түріндегі цилиндр, ол жұмысты жақсартып едәуір қосымшалары бар инертті газ қоспасымен толықтырылған.
Анод қызметін корпус ішінде тартылған катод ретінде қолданылатын жіңішке металл жібі атқарады (әйнектен жасалған), санауыштарда катод қызметін корпустың ішкі бетіне жапсырылған металдың жіңішке қабаты атқарады.
Сәулеленуді дозиметриялық бақылау үшін ИД-1 мөлшерінің жалпы әскери өлшеуішті, ИД-11 мөлшерінің дербес өлшеуішті, ДП-22 толымынан алынған өлшеуіштер мен ДП-70МП мөлшерінің дербес химиялық өлшеуіштерін пайдаланады. (20 кесте).
ИД-1 мөлшері өлшеуіштердің толымы (137 сурет) жеке құрам өз ұрысқа қабілеттілігін бағалау мақсатында алған аралас у-нейтронды сәулеленумен жұтылған у мөлшерін өлшеуге арналған.
Аспап толымы 10 ИД-1 мөлшері өлшеуіштер мен 3Д-6зарядты құрылысы кіреді. ИД-1 мөлшері өлшеуіші 100 рад/с-ке дейінгі мөлшер қуаты кезінде 20-дан 500 рад-ка дейінгі диапазонды аралас у нейтронды сәулеленудің жұтылған мөлшерін өлшейді. Өлшенілетін мөлшер есебі өлшеуіштің ішінде орналасқан шкала бойынша жүргізіледі.
ГП-4, ГП-5 Азаматтық газтұмылдырықтары
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға жаңа қорғану құралдарын пайдалануын үйрету;
Дамытушылық мақсаты: білімділік, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғай білу, әрдайым қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Оқыту әдісі: әңгімелеу, көрсету, жаттығулар.
Уақыты: 45 минут.
Өткізілетін орны: 11-сынып, АӘД кабинеті.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, слайдтар, газтұмылдықтар ГП-4, ГП-5, тұмылдырық Р-2, дербес дәрі қобдиша (аи-2), шаңға қарсы шүберек маска (птм-1(, мақта-дәкеден жасалған таңғыш, химиялық зақымдануға қарсы дербес пакет.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, әскери жетекшіге рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі 8 минут.
Азаматтық қорғаныс туралы заң қашан қабылданды? (1997 жылы, 7 мамыр)
Азаматтық қорғаныс күні? (1-наурыз)
Мектептегі Азаматтық қорғаныс бастығы?
(мектеп директоры)
Азаматтық қорғаныс деген не?
Жаппай жою қаруы нешеу?
(үшеу-ядролық, химиялық, биологиялық)
Ядролық қаруды қандай құралмен жеткізеді?
(зымыран, торпедо, ұшақ)
Ядролық қару деген не?
Ядролық қару қайда жарылады?
Су үстінде, астында. 2. Жер үстінде. 3. Ауада)
Ядролық қару жарылған кезде зақымданушы факторлар пайда болады:
(1.Толқын. 2.Сәулелену. 3.Радиация. 4.Электромагнитті импульс) Бірінші жарылыс АҚШ-та, Нью-Мексико штатындағы Аламогордодағы сынақ полигонында 1945 жылғы 16 шілдеде жасалды)
1945 жылы тамызда әрқайсысының қуаттылығы 20 кт болатын 2 атом бомбасы Жапонияның қай қаласында тасталды? (Хиросима, Нагасаки)
Бомба лақтыруға бұйрық берген АҚЩ Президенті кім? (Гарри Трумэн)
Бомба лақтырған ұшақ қандай? (В-29)
КСРО-да Семей полигонында бірінші атом бомбасы сынақтан өткізілді. (1949ж.)
Семей полигоны қай жылы жабылды?
(1991 жылы, 29 тамыз)
Термоядролық бомба 1953 жылы бірінші рет сынақтан қай елде өткізілді? (КСРО АҚШ)
1960 жылы 13 ақпанында қай елде өткізілді? (Францияда, Англияда)
1964 жылдың 16 қазанында пайда болды?
(Қытайда, Үндістанда, Пакистанда)
Химиялық қару деген не?
Адам организміне әсерінің сипатына қарай УЗ былай сараланады.
Жүйке жансыздандыратын; /Зарин, заман/
Теріні іріңдеткіш: /Иприт, люприт/
Тұншықтырғыш әрекеті: /Фосген, диофосген/
Жалпы улағыш әрекеті: /көгерткіш қышқыл/
Психохимиялық; керендік, соқырлық. /Маскалин/
Тітіркендіргіш: /Стерильді-адамент/
Химиялық қару тарихы
Химиялық қаруды алғаш қолданатын кімдер? /немістер/
Биологиялық қару деген не?
Жұқпалы аурулар түрі? (Оба, тырысқақ, бруцеллез, шешек, безгек)
Тарихи анықтама. Негізгі бөлім. 30 минут.
Жеке қорғану құралдарын орынды және уақытымен пайдалану адамдардың химиялық және биологиялық қарумен зақымданбауына, ядролық жарылыстың зиянды сәулеге шалдығу әсерін әлсіретүге және әскери қызметшілерді радиоактивті шаңмен уланудан сақтауға мүмкіндік береді. Жалпы әскери жеке қорғану құралдарына – сұрыптау газтұмылдырықтары. Р-2 тұмылдырығы, жалпы әскери кешенді қорғаныш киімі /ЖӘКҚК/, жалпы әскери қорғаныш толымы /жәқт/, қорғаныш киім /қк/ және қорғаныш көзәйнек жатады. Газтұмылдырықтар-дем алу органдарын, әскери қызметшілердің көзін, бетін ауада оттек жеткілікті мөлшерде болған кезде улы заттардан /уз/, радиоактивті заттардан /рз/ биологиялық құралдар, аэрозольдардан қорғауға арналған және оларды ұзақ дұрыс таңдап киген жағдайда ұрыс қимылдарын сәтті жүргізуді қамтамасыз етеді. Дем алу органдарын, бет пен көзді ауадағы кез келген зиянды қоспалардан қорғау үшін жұмыс барысында оттек жеткіліксіз немесе жоқ болған жағдайда әскерлерде жекелегіш дем алу аппараты болады. Дем алу органдарын көміртек тотығынан қорғау үшін сүзгіш газтұмылдырығы бар гипкалит патрон пайдаланады. Газтұмылдырықты пайдалануға дайындық оның алдынғы талаптағы мөлшерін анықтаудан басталады. Ол басты тік ұстап тұрған күйде төбе, иек және беттен өтетін тұйық сызық бойынша және маңдай, самай және желке арқылы өтетін тұйық сызықты өлшеу жолымен анықталады. Жалпы әскерлік қорғаныш толымы /ЖӘҚТ/ тұмылдырықпен бірге әскердің барлық түрлерінің жеке құрамын улағыш заттардан, сондай-ақ әскер киімі, аяқкиімі және жабдықтардың радиоактивті заттар және биологиялық құралдармен зақымданудан қорғау үшін қолданылады. Оның құрамына қорғаныш плащы, қорғаныш шұлығы және қорғаныш қолғабы кіреді. Жалпы әскери құрама қорғаныш костюмі зиянды сәулеге шалдығу және ядролық жарылыстың радиоактивті шаңынан, улағыш заттардың булары мен аэрозольдардан қорғануға арналған. Оның құрамына куртка, шалбар, қорғаныш ішкі киім, баскиім, дулығаның ішінен киетін тоқымалы баскиім кіреді. Қарсылас жаппай жою қаруын қолданумен ұрыс әрекеттерін жүргізу кезінде жеке қорғану құралдары үш жағдайда болуы мүмкін. «Жорықтық», «Дайын», «Ұрыстық», «Жорықтық» жағдайда қорғаныш плащы жабдық үстіне қапшыққа салып арқада тасымалданады, қапшық жоқ кезде қорғаныш плащы жиналған түрде иықтан асыра тасталынып, белдікке бекітілген түрде арқада тасымалданады. «Дайын» жағдайда қапшықтар жоқ жағдайда плащты жазылған түрде арқада тасуға болады. «Ұрыстық» жағдайда плащты жеңге киілген жамылғы ретінде немесе комбинезон ретінде киюге болады.
Газтұмылдырықты қию уақыты – 10 секундтан аспауы керек. Ашық жерде қорғаныш плащы мен газтұмылдырықты кию – 4 минут. Бүркемелер мен машиналарда 6 минут. Комбинезонды кию уақыты- 6-12 минут. Бөлімше командирлері жергілікті жердің зақымдануына, жеке құраммен орындалатын тапсырма сипатына, метеорологиялық жағдайлар мен басқа да фаторларға байланысты қорғаныш құралдарын пайдаланудың жөнін анықтайды. Егер радиациялық және химиялық барлау аспаптарының көрсеткіштері бойынша зақымдану қауіпі белгіленбесе қорғаныш құралдарды шешу бөлімше командирінің бұйрығы бойынша нықталады. ГП-5 газтұмылдырықты кию уақыты: «5»- 4с., «4» -8с, «3» - 10с.
Жаңа сабақты бекіту.
Қорытынды 4 минут. Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 6, 299-307 беттер.