СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Радикализм және фундаментализм
Радикализм және фундаментализм
Радикализм және фундаментализм
Сабри Хизметли
Алматы 2009
. Исламның фундаментализм мен радикализмге деген көзқарасы
Негізінде, бейбітшілік, төзімділік пен сенім бостандығы ұстындарына сүйенетін Ислам дінінде радикализмге немесе фундаментализмге орын жоқ. Себепсіз бір адамды өлтіруді бір қоғамды өлтірумен тең санайтын, дінге күшпен кіргізу әрекетіне қарсы шығатын, баршаға дін мен ар-ождан бостандығын берген, зорлықзомбылықты аямай сынайтын Исламның радикализм мен фундаментализмге, әлбетте, ешқандай қатысы болмауы керек.
Олай болса, бұл мәселеде де мұсылмандардың шамшырағы Құран болуы керек. Құранға көз салсақ, бүгінде кейбір мұсылман топтарға берілген «радикализм, фундаментализм» атауының Алланың құлдарына бұйырған үкіміне сай емес екендігін көреміз. Аллаһ Құранда құлдарын «жылы жүзді, ұрыс - төбелестен бойын аулақ ұстайтын, дұшпанына да жамандық тілемейтін, мейірімді және сабырлы жандар» деп сипаттайды. Осы орайда, Алланың Перғауынға кетіп бара жатқан Хз. Мұса мен Хз. Харунға айтқан: «Екеуің Перғауынға барыңдар, өйткені ол азғындап кетті. Оған жылыжылы сөйлеңдер, осыны үлгі алып ойланар немесе қорқар деген үміттемін»,- деген сөздері мысал бола алады (Таһа сүресі, 43-44).
Перғауын өз дәуірінің зұлым, Алланы мойындамай, өзін құдай деп жария еткен, мұсылмандарға (Исраилұлдары жан түршігерлік жәбірлер көрсеткен диктатор екендігі баршаға аян. Сөйте тұра, дана Аллаһ Перғауынға кездесуге кетіп бара жатқан пайғамбарларға «оған жылы сөз сөйлеңдер» деп бұйырады.
Бұл жерде Аллаһ адамдарды бірбірлерімен мейіріммен, махаббатпен сұхбаттасуға шақырады. Бірбірін сөзбен шымшылап, ашуға мініп ұрандау, қызуқандылықпен көтеріліске шығу мұсылмандарға жат қылық.
Құран аяттарына көз жіберетін болсақ, иман жүзділік, мейірімділік, игі ниет таныту пайғамбарларға тән сипат. Аллаһ Ибрахим пайғамбарды «Ибрахим жылы жүзді, жұмсақ мінезді еді» (Тәубе сүресі, деп суреттейді. Хз. Мұхамметтің мінез-құлқы жайлы Ол мыналарды айтады
«Алланың рахметімен сен оларға жақсы қарадың, егер дөрекі, тас жүрек болсаң, олар сенің жаныңда тұрмас еді» (Әли Имран, .
Фундаментализм мен радикализмнің көзге ұрып тұрған бір ерекшелігі «қатаң стиль». Осы стиль олардың сөздерінен, ісәрекеттерінен және де жазба әдебиеттерінен байқалып тұрады. Ашу, өкпе деген мұсылманға жат қылық. Аллаһ Құранда мұсылмандарды «Олар аштықта да, тоқтықта да қанағатты серік еткен, ашуға бой алдырмайтын, адамдарға кешіріммен қарайтын пенделер. Аллаһ жақсылық жасағанды қалайды». (Әли Имран, деп сипаттайды.
Мұсылмандардың адамдардан қалауы Аллаға иман ету, жақсы мінез-құлыққа ие болу болып табылады. Бұл тек Алланың рахметімен болатын құбылыс. Біз не істесек те, адамдарға шындықты айтып, қанша шырылдасақ та пенденің жүрегі Алланың қолында. Аллаһ «.... иман еткендер әлі түсінбеген бе, егер Аллаһ қаласа адамзаттың барлығын тура жолға салар еді» (Рат сүресі, деп, бұл ақиқатты мұсылмандардың есіне салып қояды. Мына аят да осы жайында
«Егер Раббым Аллаһ қаласа, барша адамзат мұсылман болар еді. Оларды мұсылман бол деп сен зорлайсың ба» (Жүніс сүресі,
Сондықтан да, мұсылманның міндеті тек қана шындықты халыққа түсіндіру, ақиқатқа шақыру. Мұсылман болу немесе болмау олардың өз еркінде. Аллаһ дінде зорлық жоқ екендігін ашық түрде жария етеді. «Дінде зорлық жоқ. Ақиқаттың су бетіне шығатыны күмәнсіз. Кімде кім шайтанға бой алдырмай Аллаға сенсе, ол адам берік бір тұтқаны ұстанды деген сөз. Ол тұтқадан ешқашан ажырамас. Аллаһ бар нәрсені көреді және біледі».(Бақара,
Сондықтан, ешкім бір пендені күшпен мұсылман қылмайды. Оларды исламның шарттарын орындауға, күнә істемеуге зорлай алмайды, тек үгітнасихат береді. Аллаһ мұсылмандарды зорлаушы болмауға уағыздайды «Біз олардың не айтқанын жақсы білеміз. Сен ешкімге күш жұмсай алмайсың. Сондықтан менен қорқатындарға Құраннан кеңес бер» (Қаф сүресі,).
«Ей, адамдар Сендерге Алладан хақ келгені даусыз. Егер біреу тура жолды тапқан болса, ол өзі үшін тауып отыр. Тура жолдан тайғандар өздерінің сорына бара жатыр. Мен сендерге уәкіл бола алмаймын» (Жүніс, ).
Мұсылмандар тек қана дінді түсіндіру жолымен дінді таратады. Исламда адамдарға күш қолдануға болмайды, мұсылман ең залым деген адамдардың өзіне жылы жүз танытуы тиіс. Исламның осындай ұстындарына қарап отырып, мұсылмандарды радикал немесе фундаменталист деп айта алмаймыз. Шындығына келетін болсақ, радикализм мен фундаментализм Ислам әлеміне кейіннен енген, исламдыққа жат философиялық ағым мен саяси ұстаным болып табылады. «Радикализм және фундаментализм» деп аталатын қоғамдық қозғалыстарды зерттейтін болсақ, мұның коммунистердің тәсілі мен ұрандарының жиынтығы екендігін, Исламға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын “қатал ру қорғаушыларының” (Фатих сүресі, ) бір сипаты ретінде пайда болғанын байқаймыз.
Қорыта келгенде, мұсылмандар Құранға қайшы зорлық, зомбылық, ашуыза сияқты жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауы керек. Ал Алланың Құранда айтып кеткен сүйіспеншілік, мейірім, иман, сабыр сияқты қасиеттерді қадірлеп, бойға сіңіргені жөн. Мұсылман халқы мейірімділігімен, білімімен, қарапайымдылығымен, сары алтындай сабырымен дүние жүзіне үлгі болуы керек басқаларды өздеріне, яғни, исламға тән адамгершілік қасиеттеріне тәнті етуі тиіс. Тек бұл салада ғана емес білім, мәдениет, өнер салаларында да үлкен жетістіктерге қол жеткізе отырып, бүкіл әлемде Исламның даңқын асыруы керек.
Жоғарыда аталған көркем танымдарды орнымен пайдаланатын болсақ, Исламды өзгелерге түсіндіру, Ислам қарсыластарымен күресу әлдеқайда жеңіл болар еді. Аллаһ та мұсылманның өзгелерге жылы жүзбен қарауын талап етеді
«Раббының жолына мәнді сөзіңмен және майда тіліңмен шақыр, олармен бейбіт жолмен күрес. Сенің иең жолдан тайғандарды да, ақиқатқа ергендерді де біліп отыр» (Нақыл сүресі, ).
Түркі тілдес мемлекеттерде, әсіресе Қазақстандағы зиянды ағымдардың арасында радикализм мен фундаментализм де орын алған. Мемлекет, үкімет, қоғам үшін өте қауіпті осындай зиянды ағымдардың әрекеттеріне қарсы соңғы кездерде халық арасында наразылық туындауда. Университеттерде, мекемелерде, баспасөз бен ақпарат органдарында радикализм мен фундаментализмнің зиянды жақтары халыққа түсіндірілуде.
жылы шілде айында Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облыс әкімшілігі, Жастар мен Ішкі Саясат Қоғамы мен Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ -Түрік Университетінің Шымкент бөліміндегі тарих факультеті мен Социология бөлімі ортақтаса отырып, «Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік, мәдени, экономикалық, саяси тұрғыдан дамуының негізгі мәселелері» атты конференция өткізді.
Конференцияда ғасырымыздағы халықаралық терроризмның қырсыры және әрекеттері, сонымен бірге Орталық Азиядағы қозғалыстар мен дүмпулер тілге тиек етілді. Тәжікстан мен Өзбекстандағы террористік оқиғалар туралы сөз қозғалды және осындай әрекеттердің Қазақстанда да бүр жарып келе жатқандығы атап өтілді.
Бұл мақалаларда ең қауіпті фундаменталистік ағымдар вахабилік, веблиг, хизбуттахрирдің ісшаралары мен қылмыстық әрекеттері жайында сөз ете келе, Қазақстанда саяси және діни радикализмнің әлі қалыптаса қоймағандығы жайында баяндалды. Бірақ., бұл дінисаяси ұйымдарды шет мемлекеттердің қаржыландырып отырғандығы және де Орталық Азияда өздеріне қарасты бір мемлекет құру сияқты мақсаттарының бар екендігі басабаса айтылды.
Конференцияның қорытынды мақаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен «Терроризмге қарсы ұйым» құрылғандығы және Н. Ә. Назарбаевтың егемендіктің жылдығы қарсаңында облыс әкімдері кеңесінде мемлекет үшін маңызды болып саналатын мәселенің ішінде террористерді де атап өтіп, «діни ұйымдар мен мүшелерінің әрекеттері қауіпсіздік органдары тарапынан қатаң бақылауға алынсын» деген қаулысы баса айтылды. Сонымен қатар, әр түрлі дінисаяси, философиялық ағымдардың, олардың әрекеттерінің алдын алу үшін елде заңды ісшаралар жүргізу орта мектептер мен жоғары оқу орындарында заңды және лайық ты түрде білім беру талап етілді.
Христиандық миссионерлік ағымдар
. Йегово куәгерлері
а. Атауы және құрылу тарихы
Йегово куәгерлері деген сөз тіркесі «Тәңірінің куәлері» дегенді білдіреді. Бұл ұйымның атауы әр тілде куә және шахит сөздерінің қолданылуына қарай өзгеріп отырады. Түрік тілінде «Yehova Şahitleri», орысша «Свидетели Йегово», неміс тілінде «Zeugen Jehovas» немесе «Jehovas Zeugen», француз тілінде «Les Temoins de Dieu», ал ағылшын тілінде «JehovahsWitnesses» деп аталып жүр.
Бірақ , тіл тарихына жүгініп, Йегово сөзінің шығу тегіне қарайтын болсақ, оның еврейлердің қасиетті кітабынан (Танах ежелгі Ахитте алынған «Яхве» (Израиль халқының ұлттық қаһарманы деген сөз екендігін көреміз. Израиль халқы қасиетті атқа кір келтірмеу үшін «Аданой», «Раб» сөздерінің белгілерімен оқыған, сол себептен «яхве» «йегово» болып шыққан.
Йегово куәгерлері атауы жылы шілдеден бастап қолданысқа кіре бастаған. Бұған дейін ұйым «Рассл тариқаты», «Христиан Йегово куәгерлері», «Христиан куәгерлері», «Жас христиан зерттеушілер», «Қасиетті Кітап Зерттеушілері» деп аталып келген. Негізінде олар «Тәңірінің Куәлері» емес христиандардың қасиетті кітабындағы жалған, бос, хақсыз пікірді жақтайтын, күшті бір ұйымның қуыршағы болып табылады. Яғни, Алланың куәгерлері емес жалғанның, надандықтың жақтаушылары.
Йегово сөзі жақтаушыларының пікірі бойынша, Тәуратта және Құранда аталған Тәңірінің есімі. Йегово куәгерлері болса, өздеріне Тәңірінің сипаты берілген, Тәңірі Йеговоның жолын ұстанған кісілер мағынасына келеді.
Йегово ұйымы жылы Америка Құрама Штаттарында Чарльз Т. Рассл тарапынан құрылған. Орталығы Американың НьюЙорк қаласы. Әлемнің бірнеше елдерінде ге жуық бөлімшелері бар.
Кейбір аймақтарда Йегово куәгерлерінің жылы АҚШта құрылған христиан негізді бір ағым екендігі айтылуда.
Негізінде Йегово куәгерлері мұсылман дінінен әсерленген христиандық бір топ болып табылады. Бұлар католик пен протестантық діннің жолдан тайып кеткендігін алға тартады және оларды тура жолға шақыруға тырысады.
Бір ғасырлық тарихы бар Йегово куәгерлері мемлекетте қызмет етуде, жалпы саны миллионнан асады.
Бұл ұйымның құрушысы Чарльз Т. Рассл протестанттық поп болған. АҚШтың Пенсилвания аймағында Питсбург қаласында дүниеге келген. Атаанасы ирландық және шотландтық болған. Протестанттық пресвиториан шіркеуіне барып жүріп, кейін протестанттық конгрегационалист шіркеуіне өтіп, мүше болған.
Бастауыш мектепті ғана бітірген Рассл шизофрения сияқты жүйке ауруымен ауырған. Соған қарамастан, Йегово куәгерлерінің ойынша, ол «әлемнің мың жылдық пайғамбары» болып саналады.
Рассл жылы Інжіл зерттеушілерінің арасынан бой көрсетті. жылдан бастап кітаптар шығарып, діни бір ағым құруға әрекет жасай бастайды.
Оның бастатқан ағымы «Расслизм» немесе «Нағыз Інжіл Зерттеушілері», «Расслисттер» деп аталған. Аталмыш ағым жылға дейін «Нағыз Інжіл Зерттеушілері» немесе «Христиан Қасиетті Кітабы Зерттеушілері» деп танылып келген. Рассл жас кезінде түрлі миссионерлік ағымдардың белсенді мүшесі болған.
Расслдың құрған қоғамдары әрқашан даудан көз ашпаған. Оның адвокаты Жозеф Франклин Разерфолд болған. жылы 31 қазанда Рассл өлгеннен кейін бұл ұйым үштік комитеттің қолына өтті.
Көптеген мағлұматтарға сүйенетін болсақ, Рассл жүйке ауруына шалдыққан, сөзінде тұрмайтын суайт, опасыз кісі болған.
жылдар арасында бұл ұйым екі топқа бөлініп кетті. жылы ұйымның басшылығын қолына алған Разерфолд бытырап кеткен ұйымның басын қосып, біріктірді. Бұл ұйымды жыл басқарған Рассл кітап және көптеген брошюралар шығарып кеткен болатын. Осы дүниелерді қайтадан басып шығарған Разерфолд жылы 8 қаңтарда дүниеден қайтты. Оның орнына ұйым басшылығын Натан Гомер Кнор қолына алды.
Йегово куәгерлері сатылы басқару жүйесімен жұмыс істейді. Ісшаралар жүргізілетін елде кісіден тұратын бір комитет құрылады. Барлық елдерде құрылған бұл комитеттер орталықтағы бір басшыға бағынады. Бұл басшының ең жақын жеті ассистенті және саны белгісіз бірнеше кеңесшісі болады.
Сонымен қатар, Йегово куәгерлерінің жасырын ақпарат ұжымы бар деген сыбыс бар. Бұл ұйым көптеген Еуропа елдерінде арандатушы әрекеттері мен басылымдары үшін сотты болған. Чехословакия, Венгрия, Польша, Румыния, Ресей Федерациясы, Югославия, Болгария және Камерун сияқты елдерде Йегово куәгерлерінің ұйымына қарсы жаза қолдану туралы шешім қабылдаған.
Орталығы АҚШта орналасқан Йегово куәгерлерінің көптеген елдерде бөлімшелері мен кеңселері, тіпті баспаханалары да бар.
Йегово куәгерлері аптасына үш рет жиналады. Бұл жиылыс Қасиетті Кітаптан алынған дуалармен басталып, дуалармен аяқталады. Сонымен қатар, Қасиетті Рух жайлы өлеңдер де оқылады.
Христиан және мұсылман қоғамында ісшаралар өткізіп жүрген Йегово куәгерлерінің мақсаттары діни мемлекет «Тәңірі Патшалығын» құру болып табылады. Олар жақында Иса Пайғамбардың қайтадан дүниеге келетіндігіне сенеді. Бұрын , және жылы ақырзаман болады деп жар салған болатын.
Йегово куәгерлері насихаттарын қолдарынан түсірмейтін «Дер Вахттурм – Еревахет Куле - ОЯН» атты журналын тарату арқылы, адамдардың ең көп жиналатын жерлерінде өз жұмыстарын жүргізеді. Үйлер, вокзал, ойынсауық, жұмыс орындары, мәдениет және оқу орталықтары олардың нағыз әрекет жасайтын мекендері болып табылады.
Йегово куәгерлерінің жасырын және ашық түрде шаралар жүргізетін топтары бар екендігін жоғарыда атап өттік. Олардың ішіндегі ең танымалдары
. Zions Wachtturm-Traktat-Gessellschaft von Penssylina, жылы құрылған. Орталығы Нью-Йоркте. жылы ұйымның аты «Wachtturm-Bible und Traktat-Gessellschaft» болып өзгертіліп, мекемелері Бруклинде орын тепті. Берілген мағлұматтарға қарағанда, бұл ұйымның ге жуық жамағаты бар көрінеді.
. «Volks-Kanzel Vereinigung Von» жылы құрылған, орталығы АҚШ/Нью Йоркте орналасқан. Бұл ұйым да жылы атын «Wachtturm-Bibel und Traktat-Gessellschaft» деп өзгерткен.
. Ұлыбритания, Лондонда құрылған “Internationale Bibеl- Forscher Verinigung Von Grossbritanien» (Халықаралық Қасиетті Кітап Зерттеу қоғамы) .
. Канадада құрылған “Internationan Bible Students Association Ltd” (Халықаралық Қасиетті Кітап Зерттеуші Студенттер қоғамы). Бұл қоғамның мемлекетте мекемелері бар екен.
Йегово куәгерлерінің басқару жүйесінің схемасы төмендегідей.
Әкімшілік
Аймақ басшысы (қызметкер)
Бөлімше басшысы
Аудан-облыс қызметкері
Ауыл-аймақ қызметкері (ильче-қала қызметкері)
Жиналысқа қатысушы
Төменгі сатыдағы қызметкерлер арасында да еңбек бөлінісі жасалған:
Христиан дінінің Қаситетті Кітап кеңесшісі
Қасиетті Кітаптарды таратуға жауапты адам
Үйге келу істеріне жауапты
Йегово куәгерлері екі топтан тұрады жақтаушылар мен ақысыз қызмет ететіндер, ақылы қызмет ететіндер мен миссионерлер,
Йегово куәгерлерінің әйел-еркек аралас болып келетін әр түрлі қоғамдары, үйрету, насихат пен үгіт жүргізетін мектептері, түрлі дәрежедегі курстары, баспасөз бен ақпарат агенттіктері бар. Бұл жерде бір жағынан өздеріне керекті миссионерлер, басқарушылар дайындаса, екінші жағынан өздеріне жаңадан қосылғандарды оқытып, өз ұйымдарының қырсырларын үйретеді.
Йегово куәгерлерінің Христиандық Қасиетті Кітаптар мектебі, миссионер мұғалімдері, Йегово куәгерлері Інжіл мамандары Нью-Йорктағы басқа бір қоғамның құрамында шоғырланған.
Христиан миссионерлік қоғамдары мен Йегово куәгерлері арасында өте тығыз қарымқатынас және ортақ байланыс бар.
Ұйымның мағлұматтарына қарағанда, олардың қаржы қоры тек қана сыйлықтардан тұрады екен. Бірақ көптеген мамандар мен баспасөз, ақпарат құралдары Йегово куәгерлерінің ұйымы мен мекемелеріне «Жақсы Үміттер Қоры» қомақты қаржы бөліп отырады деп хабарлайды.
Мыңдаған үгіттеуші мен қызметкерлеріне ай сайын жалақы беріп отыратын, миллиондаған кітап пен журналдар басып шығарып, тегін тарататын, миллиондаған қоғамдар құрып, олардың барлық шығындарын көтеретін, зәулім ғимараттары, жекеменшік баспаханалары, демалыс орындары бар Йегово куәгерлері ұйымының жылдық қаржы қоры миллиардтаған доллар екендігі күмәнсіз.
Йегово куәгерлерінің қаржы қоры қандай?
Отаршыл және арандатушы белгілі немесе жасырын ұйымдар.
Тек еврейлердің мүддесін ойлайтын еврей қауымдары.
Халықаралық коммунист, социалист, атеист және сионист топтар.
Йегово куәгерлерін Крес жорығының нөкері еткісі келетіндер.
Ислам діні мен мұсылманға дұшпан ұжымдар.
Армян, еврей, грек байларының аударған қаржылары.
Христиан дінін әлемдік дін етуді көксеген қоғамдардың жәрдемі.
Папалық және патриархия немесе басқа христиандық діни жамағаттарға тиесілі банктерден аударылған акциялар.
Жергілікті әкімшілік пен ауқатты жақтаушылардың көмегі.
Ислам елдерінде миссионерлік ағымды қолдайтын жеке кісілердің немесе ұжымдардың жәрдемі.
Йегово куәгерлерінің Жәрдем қорының мүмкіндіктері.
Сондай-ақ, Йегово куәгерлері немесе мүшелері қатаң талаптар бойынша болмашы жалақыға бола түрлі жерлерде жұмыс істеуде. Фирмалар, агенттіктер құрып, саудасаттық жасауда. Йегово куәгерлерінің әлемде миллион евроның үстінде жиро істейтіндері айтылып жүр. Сонымен қатар, қайырымдылық қорларынан да пайда түсіруде.
Баспасөз бен ақпарат агенттіктерінің хабарламаларына қарағанда, Йегово куәгерлерін қаржы қорымен қамтамасыз ететін негізгі қайнар көздері Америка Құрама Штаттары және Еуропа Мемлекеттері.
Йегово куәгерлерінің жүргізетін ісшаралары мен оны жүзеге асырудың тәсілдерін Нью-Йорктағы ( Колумбия, Хейтс, Бруклин, Нью-Йорк орталық басқармасы белгілейді. Барлық ұйымдар осы жерден басқарылады және ісшараларға қатысты барлық қаулы мен қарарлар осы жерде алынады. Өйткені, бұл орталық Йегово куәгерлерінің ең жоғарғы діни органы болып табылады. Католиктер үшін папалық, православиеліктер үшін православие ең биік мәртебе болып саналатын болса, куәгерлер үшін ең биік мәртебе осы діни орталық (Нью Йорктағы БетхелТәңірі Үйі болып та- былады. қабатты БетхелТәңірі Үйі еврей, уәкілдің құрметіне қабат етіліп салынған.
Үйүйді аралап, жұртпен араласып, өз пікірлерін үгіттейтін Йегово куәгерлері адамдармен сенімнаным жайлы сұхбаттасып, оларға түрлі сұрақтар қойып, күмәнді жорамалдар айтып, адамдарды сергелдеңге түсіреді. Осылайша өз сенімінен, көзқарасынан күманданып, дал болған адамға өз идеологиясын ұсына қояды.
Йегово куәгерлері дін мен мезхеп бостандығы, әрбір адамның қалаған дін мен ұлтқа өтуіне құқығы бар екендігі жайлы майын тамызып тұрып айтады. Сонымен қатар, таңдалатын ең әділетті, ең дұрыс діндер жүйесінің Йегово куәгерлері екендігі жайлы нығыздап айта кетуді де ұмытпайды.
Ал өздерін христиандық діни беделділері, христиандықтың заңсыз балалары деп атап жүр. Христиандар арасында заңды түрде шіркеу ретінде тіркелмеген. Салықтан құтылу және де шіркеулерге мемлекеттің бөлетін жеңілдіктерінен пайдалану үшін ресми шіркеу ретінде тіркелгілері келгенімен, бұған батыстық христиан мемлекеттер наразылық білдіруде. Қарсы болуларының себебі, Йегово куәгерлерінің сенімі мен әрекеттерінің демократиялық принциптерге қайшы болуы.
Йегово куәгерлері негізінде діни білімі таяз адамдарды таңдап алып, олардың ойына күдік салып, өз діндерін күмәнсіз, тура дін етіп көрсете отырып, өздеріне тартады. Олардың дүниетанымы, сенімі, моралдық принциптері жайында сұрақтар қойып, олардың өз дініне, ұлттық құндылықтарына деген сеніміне күдік туғызады.
Қолданып отырған тәсілдерінің ең бастылары төмендегідей
Адамды дүниеден, қоғамнан және жақындарынан аластау. Бұған қол жеткізу үшін олар қоғамдағы соғыс, әділетсіздік, теңсіздік сияқты экономикалық, әлеуметтік және саяси дүрбелеңдерді, су тасқыны, зілзала, індет, аштық, құрғақшылық сияқты табиғи апаттарды пайдаланып келеді.
Мемлекет пен елдердегі әділетсіздік, кедейлік пен жоқшылық, тұрмыстық қиындықтар, бір елде бірге өмір сүріп жатқан халықтар арасына жік салу, адамдарды үмітсіздікке, рухани дағдарысқа итермелейтін сөздер айту.
Жақында ұлттық Йегово куәгерлерінен басқа жанның өлетіндігін айтып қорқыту.
Осы жамандықтардан құтылудың жолы өз ұйымдарына кіру болып табылатындығын айтып сендіру.
Жас әйел мен еркектерді жинап алып, жастық желік пен нәпсіқұмарлықтан пайдалану.
Тоқтамастан баса сөйлеп, қарсысындағы адамның аузын аштырмай, рухани тұтқынға айналдыру.
Ауына түскен кісіге Йеговолықтың қырсырын оқыту, өз журнал газеттеріне жазып қою.
Христиандық және Қасиетті Кітап жайлы қарсысындағы адамның естігісі келген сөздермен жеткізу.
Бұл дүниеде қауіпсіз және тыныш өмір сүру үшін өздері сияқты күшті де сенімді бір ұйымға кіру керектігін айту.
Халыққа жұмыс беру, ақша беру, айлық беріп шет елдерге саяхатқа жіберу арқылы өздеріне тарту.
Шет елдерге конференцияға шақырып алып, сол мүмкіндікті пайдалана отырып үгіттеу.
Йегово куәгері бір әйел мен бір еркекті үйлендіру.
Еркек пен әйел арасында достық құрып, ішімдікті ойындуман өткізу.
Адамдарға дос болу, достық атмосфера құру.
Сұхбаттарда дауыс көтермеу, оқыс мінез көрсетпеу, жылы жүзді, сабырлы болуды пайдалану.
Үгітнасихат кезінде адамдарға әсер ету, жақындауына жағдай жасау.
Адамның жағдайын, рухани халін біліп алып, соған сай әрекет ету.
Насихат ісіне бір әйел екі еркек немесе бір әйел, бір еркек болып бару.
Жас қыз, келіншектерді пайдалану.
Тегін газет, кітап, журналдар тарату.
Апталық, айлық жиналыстар, саяхаттар, конференциялар, жарыстар және көрмелер қйымдастыру.
Барған жерлерінде сол мемлекеттің тілінде үгіт жүргізу.
Үйлерді, кеңселерді, кітапханаларды үгітнасихат мекені ретінде пайдалану.
Адамдарға тіл үйрету, мамандық алуына, интернет қолдануына жағдай жасай отырып, жастардың сеніміне кіру.
Үйлерді аралап, қоғамдық жерлерге барып адамдармен араласа отырып, үгіт жүргізу.
Оқу орындарында тегін сабақ беріп, конференциялар өткізу.
Көптеген тілдерде газетжурналдар шығарып, тегін тарату.
Адамның сыртқы көрінісіне, киіміне көңіл бөлу.
Материалдық және рухани проблемалары барларға көмектесу.
Ғылыми жаңа көзқарастарды жақтайтын білімді, көзі ашық кісі болып көріну.
Қасиетті кітап сабақтарын беру.
Көшелерде, саябақтарда, адамдардың көп жүретін жерлерінде өткенкеткенге дін, өмір туралы сұрақтар қойып сұхбат құру.
Оқулықтар, романдар, өлең кітаптары, газет журналдар басып шығарып, тегін тарату.
Иса пайғамбардың насихат әдісін қолдану, қарапайым тілмен, яғни халықтың тілін қолданып, үйлерді аралау.
Аталмыш психологиялық әдістер мен үгітнасихат тәсілдері Йегово куәгерлерінің басты ісшаралары болып табылады.
Д. Ойлау жүйесі мен сенімдері
Йегово куәгерлері барлық адамның бойында Тәңіріге тән күш пен рухтың болатындығын алға тартады. Яғни, Тәңірді адамның, адамды Тәңрінің орнына қояды. Олар ең бірінші христиандарға - христиандық, мұсылмандарға - ислам жайында түрлі сұрақтар қойып, олардың ішінде өз діндеріне деген күмән туғызады. Өз дінінен безген немесе иманы бұзылған адам опоңай Йегово куәгерлерінің қатарына қосылады. Олардың пікірінше, басқа діннің барлығы шайтанның тірлігі.
Йегово куәгерлері Тәурәт, Зебур, Інжілді мойындайды да Құранды мойындамайды. Сол үшін де олар мұсылман емес. Бірақ өз бетінше бір дін де болып саналмайды. Оларды христиан, еврей, мұсылман діндерінен әсерленіп, пайда болған бір «христиандық топ» десек те болады.
Йегово куәгерлерінің қасиетті кітабы (китабы мукаддес сүйікті әкенің баласына арнаған арнауы іспеттес. Ол кітапта Тәңірі Йегово жайында барлық шындық жазылған.
Бұл топтың ойынша, Қасиетті Кітапты жылдар арасында қа жуық адам жазған. Бұл кітап кітапшадан тұрады. Оны жазғандар Тәңірінің өзімен бірігіп кеткен. Сондықтан бұл кітапты жазғандар адам баласы емес, Тәңірінің өзі.
Осы кітапты кие тұтқан Йегово куәгерлері католиктер мен протестанттықтарды тура жолдан тайғандар деп есептейді. Сондықтан да, америкалық және еуропалық христиан мемлекеттер мен елдер Йегово куәгерлерін христиандық топ деп санамайды.
Йегово куәгерлері тек қана “Шын Тәңірі” Йегово жалғыз және нағыз, яғни ақиқат Тәңірі деп қабылдайды. Қасиетті Кітапта жалғыз Йегово атының жерде аталғаны және бұдан басқа ешқандай Тәңірінің аты аталмағандығын айтады. Олардың ойынша, Тәңірінің денесі бар, бірақ біздікіне ұқсамайды, Қасиетті Кітапта жазылғандай бір «рух» екендігін алға тартады.
Йегово куәгерлері Иса пайғамбарды «Алланың жалғыз ұлы» деп сенеді. Иса дүниеге келмей тұрып аспанда өмір сүрген. Ол Тәңірінің жаратқан тұңғыш ұлы. Тәңірі Йегово жер жүзіндегі басқа жаратылысты жаратқанға дейін Исаны өзінің көмекшісі еткен. Иса кемел де пәк жан. Ол өзін адамдардың күнәсін жуу үшін құрбан еткен. Иса өлді. Тәңірі оны тәңіріге тән мен жан беріп қайта тірілтті. Оны Тәңірі Йегово жер жүзіне патша сайлап қайта жібереді. Ол әлемдегі барлық жамандық атаулыны жояды.
Ал Алланың әйелі, ұлы, қызы жоқ. Оның ешқандай көмекке мұқтаждығы да жоқ. Алланың ұлы бар дейтіндер Алланың бірлігіне күмән келтіретін кәпірлер.
Йегово куәгерлері ішімдікке тыйым салмайды. Бауыздалған малдың етін де жемейді.
Олардың сенімінде Тәңірі Йегово Дижле мен Фырат өзендері арасында жәннәтты жаратқан. Адам Ата мен Хауа Ананы тыйым салынған жемісті жегені үшін жәннәттан қуып шыққан. Бүл жәннәт Нұх пайғамбар заманында болған селде жоғалып кеткен.
Йегово куәгерлерінің көзқарастарына қарағанда, Тәңірі Йегово Исаны жылы патша сайлаған. Дәл қазір Иса аспан әлемінде патшалық құруда. Иса патша болғаннан кейін көктегі шайтанның барлығын жерге түсірген. Сол үшін де жылдан бері жер жүзін соғыс, аштық, індет жайлап, тағы басқа да әлеуметтік проблемалар көбейіп кетті.
Йегово куәгерлері Иса жыл патша болғаннан кейін тағын Йеговоға береді деп сенеді.
Жер жүзіндегі барлық патшалықтар құлайды, олардың орнына Йегово патшалығы орнайды деп сенеді. Олар осы патшалық үшін күресуде. Осы рухани патшалық жердегі адамдарға ең жақсы өмірді береді. Жер жүзі ешқашан құрымайды. Керісінше дүниедегі жамандық атаулы жойылады. Адамзат Адам Атаның кесірінен өлуде. Адам оны өліммен бірге жоқ етуде. Өліктер адам баласының ортақ мазарында жиналады. Өлімнен құтылудың тек жолы қайта тірілу. Адамдардың тіріліп-тірілмеуі Йегово куәгерлерінің болуына не болмауына байланысты. Өйткені нағыз дін Йегово куәгерлері. Басқалары көзбояушылар.
Йегово куәгерлерінің айтуынша, бұл дүниенің билеушісі шайтан. Ал шын билеушісі - Йегово куәгерлерінің Рухани Патшалығы.
Йегово куәгерлері әлемдегі үкіметтің барлығына қарсы, оларды мойындамайды. Өйткені, оларға Тәңірі Йегово құратын патшалығы ғана керек.
Олардың ойынша, Тәңірі Йеговоның патшалығын құру үшін қызмет ету керек. Осы жолда қызмет еткендер “Исаның қойлары” деп аталады. Иса мен Йеговоның патшалығына қарсы шыққандар ешкілер. Бұл ешкілердің өлуі керек.
Йегово куәгерлері халықтардың ұлттық құндылықтарын мойындамайды. Олар үшін тіл, тарих, отан, ту, әдетғұрыптардың ешқандай құны жоқ.
Сонымен қатар, мемлекеттік шекара, әскери міндет, отан үшін соғысу олар үшін бос нәрсе болып табылады.
Байраққа бас июге, ұлттық ән-ұранның айтылуына да қарсы.
Олар пейіш пен тозақтың осы дүниеде екендігіне сенеді. Тәңірі Йеговоның жолында өлгендер тіріліп, мәңгілік өмірге қауышатын болады. Ал басқалар мәңгілікке жоқ болады.
Йегово куәгерлері қан беруге (донорлыққа) де қарсы. Ауру өлейін деп жатса да қан берілмеуі керек. Йегово куәгерлері әскерге бармайды, саясатпен де жұмыстары жоқ. Мемлекеттік ұйымдарға да оң қабақ танытпайды, сайлауға мүлдем қатыспайды.
Осындай қатып қалған көзқарастарына байланысты көптеген елдерде Йегово куәгерлері зиянды ағым болып табылып, ісшаралар жүргізулеріне тыйым салынған. Өйткені, Йегово куәгерлері шындығынды да қоғамға зиян келтіретін, бүлікші, арандатушы бір қоғам.
Өздері Аллаға сенбесе де, ислам дінінің атын жамылып, мұсылмандар арасына іріткі салуда. Мұсылман қауымын және мемлекеттерді бірбірлеріне айдап салып, үкіметке қарсы шығуда. Олардың мақсаты діни білімі таяз адамдарды өз топтарына қосу. Сондықтан да Йеговолардың алдын алу ісіне шындап кіріскен жөн. Олардың қалаған жерінде ойларына келгенін істеулеріне, аңқау халықты алдауларына тоқтау салуымыз керек.
Е. Йегово куәгерлерінің шежіресі
Йегово куәгерлері өздерін нағыз христиандармыз және әлемнің тек құтқарушыларымыз деп санайды. Христиандардың сенім, ғибадат, ахлақ принциптерін өз құндылықтары ретінде көрсетеді.
Олар Тәңіріні былай деп сипаттайды “Адамдар түрлі нәрселерге табынады. Бірақ «Қасиетті Кітапта» бір ғана шын Тәңірінің бар екендігі жазылған. Ол көк пен жер арасындағы барлық нәрселерді жаратқан. Сол үшін оған сәждеге жығылуымыз керек.”(Қасиетті Кітап, Айан.
«Тәңрінің сипаты көп, бірақ бір ғана аты бар. Ол - Йегово. Қасиетті Кітапта Йегово аты жерде аталады». ((Қасиетті Кітап, Мысырдан Көшу.
«Йеговоның денесі бар, бірақ ол біздікіне ұқсамайды. Оның өзі рух, бұл өмірдің үстінде басқа өмір түрі бар. Йегово көкте өмір сүрсе де, жердегі болып жатқанның бәрін көріп-біліп отырады». (Зебур,. «Қасиетті Рух Тәңірінің жанды қозғалыстағы күші болып табылады» (Зебур ,.
«Қасиетті Кітапта Тәңірінің басты сипаттарын береді. Оның басты сипаттары махаббат, әділет, білім және күш». (Йешуша .
Үштік нанымды ұстанатын Йегово куәгерлері Иса месих жайында былай дейді «Иса дүниеге келмей тұрып тұрып аспанда өмір сүрген және Тәңірінің барлық материалдық сипаттарына ие болды. Ол Тәңірінің жаратқан алғашқы жаратылысы еді, сондықтан ол оның жалғыз ұлы болып табылады. Йегово жер жүзіндегі басқа жаратылысты жаратқанға дейін Исаны өзінің көмекшісі еткен. Уақыт өте келе ол оны өзінің бас уәкілі етіп тағайындады. Сондықтан Исаны “Сөз” деп атап кеткен.(Айан , , Сөз .
“Рухты Мәриямның қарнына үрлеу арқылы өз ұлын дүниеге келтірді. Сол себептен Иса адамзаттың атасы бола алмайды. Оның күнәсіз пәк болуының да себебі осы. . Иса кемел де пәк жан. Ол өзін адамдардың күнәсін жуу үшін құрбан еткен. (Матта .
“Иса кемел адам болды. Оны Адам Атамен салыстыратын болсақ, оның Тәңірінің әмірінен шықпағандығын көреміз. Ол өз өмірін құрбан етті. Адам Атаның күнәсін жуды.” (Румлар , .
“Иса өлді. Тәңірі оны тәңіріге тән жан беріп қайта тірілтті. Ол көк жүзіне орналасты. Оны Тәңірі Йегово жер жүзіне патша сайлап қайта жібереді. Ол әлемдегі барлық жамандық атаулыны жояды”. (Зебур .
Йегово куәгерлерінің кітабы мен христиандардың кітабы бір. Бірақ Йегово куәгерлері оны өздерінің пайдасына қарай бұрмалап жорамалдайды. Сонымен бірге еврейлердің қасиетті деп таныған кітабын да қабылдайды.
Осыларға қарап Йегово куәгерлерінің христиан, еврей және миссионерлермен өте тығыз байланыста екендігін айта аламыз. Олардың басылымдарына, жоспарларына зер сала қарасақ, осы сөзіміз расталады.
Онсыз да Йегово куәгерлері қоғамда Христиан куәгерлер ретінде танылған. Бұлардың ұйымдасқан бір жамағат екендігі, христиандардың қасиетті кітабын қолдана отырып, оны адамдарға басылым және насихат жолымен үгіттеу арқылы теократтық патшалық құру үшін жан салып жүргендігін байқауға болады.
Бұл ұйымның мүшелері міндетті түрде жүрген жерлерінде үгіт-насихат жүргізулері тиіс. Бұл міндетті атқара алмаса, ол адам ұйымға мүше бола алмайды. Тек әмірлерді бұлжытпай орындаған, өзін ұйымға атаған, әр күн дұға қылып, үгіт жүргізетін адам ғана Йегово куәгері бола алады.
. Евангелизм (Інжілшілік
а. Тарихы және өркендеуі
Евангелизм - Інжілді және оның тәлімін жаю, Христиан дінін егемен дін ету жолында құрылған Америкадағы ең маңызды ағым болып табылады. Христиандық Протестант шіркеуі Евангелист шіркеуінің жаңа және қысқаша аты болып табылады. Бұл ұйымның шыға салысымен қарқынды түрде дамып, тез арада көптеген жақтастар жинауы Ислам мемлекеттері мен Еуропа, АҚШ зерттеушілерін қатты алаңдатуда.
Евангелизмді Ақ Сарайдың Евангелист миссионерлерін пайдалана отырып, христиан елдермен бірге мұсылман елдерін және Таяу Шығысты АҚШтың қол астына кіргізу үшін жасап отырған ойыны деп айтып жүргендер де табылады. Осы қауіпті сезіну үшін мынадай мәліметтер берсек, жеткілікті болар деген ойдамыз.
«Евангелистердің саны жылы миллион болатын. жылы бұл көрсеткіш миллионға жетті. Бұл христиандардың төрттен біріне тең деген сөз. Христиан әлемінде бір күнде шамамен мың кісі евангелист болып жатыр. жылы христиандардың жартысы евангелист болады деп күтілуде. Бұлардың миллионы Америкада тұрады. Евангелистердің екінші көп шоғырланған жері Бразилия, бұл жерде миллион жақтаушылары бар екен».
Евангелистер осыншама күшті қайдан алуда, мақсаттары не
Евангелистерге жылы құрылған жаңа Евангелизм ағымы күш жинап беріп кетті. Чилидегі христиандардың төртте бірі евангелист. Мұсылман өлке Мароккода миссионер евангелист бар екен. Тунус, Индонезия, Малайзия сияқты мұсылман елдерде евангелисттер мыңдап саналады. Латын Америка евангелизмнің ең дамыған жері, Калифорния университетінде евангелизм дәріс ретінде оқытылуда.
Баспасөз және ақпарат агенттіктері мен мамандар дүние жүзінде бір миллионға жуық пасторларының (діни қызметкерлері бар екендігін хабарлайды. Гарвард университетінің теология ғылымдарының докторы Харвей Кох “Тәңіріге Оралу”атты кітабында жылы екі христианның біреуі евангелист болады деп жорамалдайды.
Францияның белгілі апталық «Le Nouvel Observateur» (26 ақпан-3 наурыз 2004 ж.) журналы «Евангелистер: Әлемді жаулап алуды көздеген тариқат» атты тақырыпта ұзақ бір мақала жариялаған. Бұл мақалада аталмыш евангелистік тариқаттың саясаты, қаржы көздері және үгіт-насихат әдістері кеңінен қолға алынған.
Алдағы уақытта ең ірі христиан қауымы болатындығы жөнінде айтылып жүрген евангелизм Түркияның және Орталық Азия мұсылман елдерінің әрі ислам әлемінің барлығының дерлік назарын аудартуда.
АҚШ-ның саяси және экономикалық қолдауына арқа сүйеген евангелистер ислам әлеміне қарсы жаңа Крес жорығын бастағандары байқалады. Шығыста, Батыста, Таяу Шығыста және Қиыр Шығыста, Орталық Азияда және Африкада өткізген іс-шаралары, олардың саны, ұйымдары мен мекемелері, христиандық рухани органдарымен байланыстары осының негізін қалыптастыруда. Сондай-ақ, олар ислам дінін біржола құртып, мұсылмандардың да көзін жоғалтуды өз міндеттері деп білді. Мұсылман елдердегі көптеген мемлекет қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдар біле тұра немесе білмей оларға қолдау көрсетуде.
Евангелистер болған жерлеріндегі христиан қауымдар мен шіркеулерден, елшіліктерден және инвестор қаржы ұйымдарынан материалдық және рухани көмек ала отырып, христиан әлемінде де, ислам әлемінде де ат ойнатып, атой салуда. Мысалы, Нигерияның солтүстік аймақтарындағы көпшілігі мұсылман болып келетін халықтарға қарсы шабуыл жасалып, мезгіл-мезгіл қарулы қақтығыстардың болғаны, тіпті мыңдаған мұсылмандардың өлтірілгендігі туралы баспасөз органдары беттерінен орын алуда...
Евангелист миссионерлер халқының көпшілігі дерлік мұсылман Солтүстік Африка елдерінде күн-түн демей өздерінің жұмыстарын атқаруда... Рабаттағы католик архиепископтың берген мәліметіне қарағанда, Мароккода 150 миссионер бар көрінеді. Алжирде мұсылмандарға қарсы ашықтан-ашық соғыс жүргізуде. Тіпті берберлер өмір сүріп отырған Бүйүк Кабилиеде де іс-шараларын өткізіп, өздеріне жақтастар жинауда. Бірақ, діндар болсын-болмасын олардың бұл қылықтары Марокко, Тунис және Алжирдің алдыңғы қатарлы адамдары мен баспасөз тарапынан қарсылыққа ұшырауда.
Евангелизм қазіргі кезде әлемде ең көп тараған, ең көп жақтас жинаған христиан мезхебі немесе діни ағым болып табылады. Қазіргі кезде евангелистердің әлемдегі барлық саны - шамамен 500 миллион.
ә. Көзқарастары және діни сенмдері
Евангелистер ең алдымен христиан және христиандықтың діни сенімін, ғибадаттары мен имандылық негіздерін қабылдаған. Бірақ, Қасиетті Кітап және Інжілге қатысты жорамалдары, діни мәселелерге бағаландырулары, кейбір оқиғаларға деген көзқарастары және идеологиялары арқылы басқа христиан топтардан өзгеше.
Евангелистер Армагеддон соғысына, яғни заманақыр болғанда жақсылық пен жамандық арасында сұмдық соғыстың болатындығына сенеді. Әлемдік деңгейде теледидарларды, интенет байланыстарын, бейне (видео) ойындарды т.б. пайдалана отырып, миссионерлік іс-шаралар өткізуде.
Евангелизм негізінде христиан тариқаты болса да өз жұмыстарын көбінесе мұсылман қауымдарға бағыттауда. Американың Оңтүстік Каролина аймағындағы халықаралық Колумбия университеті ислам әлемінде жұмыс атқаратын евангелист миссионерлерді тәрбиелеп жетілдіруде. Ал бұлардың мақсаттары мұсылмандарды діндерінен бездіру, мұсылмандық әлемді исламнан тазалау.
АҚШ президенті Джордж Буштан бастап, министр мен кеңесшілерінің көпшілігіі осы ұйымның мүшелері болып табылады.
Буш евангелизм тариқатымен жасында таныс болды. Буш ішкілікке салынып, рухани дағдарыста жүрген кезінде евангелизм пасторы Билли Грахаммен танысып, ішімдікті тастап, қайтадан христиан болған.
Президент Бушты Иракқа айдап салғандар осы евангелисттер. АҚШ әскерлері Иракқа келіп, евангелизм жолында шәйіт болу үшін мұсылмандарға қарсы жан сала күресті.
Евангелистер ақырзаманда жақсылық пен жамандық арасында Армагеддон соғысының жарықшақ түсіретініне және осы соғыста өздерінің жеңіске қол жеткізетіндеріне сенеді.
Евангелистер Хз. Исаны мойындамайтын, Інжілді жоққа шығаратын еврейлермен достық қарымқатынас жасап, ынтымақтастық құруда. Ал Хз. Исаға иман ететін мұсылмандардың қас жауы болып отыр.
Евангелисттердің көздеген мақсаттары Түркия және түркі тілдес мемлекеттердің барлығына христиандықты қабылдатып, Исламды саналарынан мәңгілікке жою болып отыр.
Бірнеше жылдан бері қоғамда евангелисттер жайлы басқыншы миссионерлер деген түсінік пайда болды. Өйткені, олар тәсілдерін өзгертіп, басқыншы түрде (арандатушы, бүлікші) үгіт-насихаттарын жүргізіп, іс-шараларын жүзеге асыруда..
Евангелисттер Орталық Азия мен түркі халықтарын “Евангелист христиан “ ету жолында аянбай еңбек етуде. Түркі тілдес мемлекеттерде шіркеулердін бірінен соң бірін салуда. Олардың салған ғимараттары шіркеуден гөрі әшекейлеп салған үйге көбірек ұқсайды.
Евангелистердің бір бөлігі өздерінің миссионерлер екендігін жасырмайды. Ал пайызы турист, оқытушы, бейбіт өмір жақтаушысы атын жамылып, жасырын әрекет етеді.
Сонымен қатар, олар Израильге деген ыстық ықыласын, олардың Палестинаға қарсы шабуылдарын қолдайтындықтарын ашық түрде әрі мақтанышпен көрсетіп отырады. Ал өздері еврейлердің евангелисттерге деген қарсы әрекетін, олардың әлемде жасап жатқан дүрбелеңін жақтырмайды. Ал Израиль болса, евангелистердің барлық көмегін қабылдап алып, олардың жетекшілерін артынан сынап, жамандап жатады. Көптеген еврей христиандарды өздеріне әділетсіздікпен қарайды, қасиетті топырағымызда миссионерлік ісшаралар жүргізеді деп кінәлайды.
Америка үкіметін, сонымен қатар сыртқы саясатын басқарып отырған евангелистердің Израильге беріп отырған көмегінің астында үлкен мән жатыр.
Неге олар еврейлерге осыншама қамқорлық көрсетіп отыр Мұның себебі Інжіл кітабынан табылады. Көптеген евангелистер бала кезінен жексенбі күндері шіркеуде өткізілетін дәрістерде Інжілдегі аңыздар мен картасын жаттап өседі. Інжілде сөз етілген қоғам мен мекенжайлар атажұрт ретінде жүректерінің түкпірінде мәңгілікке ұялап қалған.
Израиль Исаның туған жері, Иса өлген, креске керілген және қайта тірілген қасиетті топырақ. Сол себептен он мыңдаған христиан жыл сайын Исаның жүрген жерлерін көру үшін Израильге қажылыққа барады.
Американдықтар үшін Таяу Шығыс Исаның «екінші келісінде» болатын оқиғалардың орталығы болып табылады. Евангелистер Інжілді Тәңірінің бұйрықтары мен насихаттарынан тұратын қасиетті кітап ретінде емес, Израильдің айналасында үйірілген бір сиқырдың шешуі немесе тылсымды мәтін ретінде оқуға және түсіндіруге тырысады. Евангелисттердің ойынша, адамзаттың тағдыры ежелденақ илахи сценарий бойынша жазылып қойылған, барлық адамзат баласы сияқты израильдіктер де осы өмір атты театр сахнасында өздеріне тиесілі рөл атқаруда.
С. Байланыстары
Евангелизм «Әлемде христиан билігін орнату» жолындағы ағым болғандықтан, осы жолда тізе қосып ат салысып жүрген басқа да христиан қоғамдарымен тығыз байланыста. Олардың ең бастылары баптистер мен Йегово куәгерлері. Себебі белгілі, бәрінің де көздеген мақсаттары бір: Адамдарды христиандандыру, христиан дінінен енгізу, евангелист христиан, баптсит христиан немесе Йегово куәгері христианы қылу; әлемде христиан дінін үстем қылу, інжілдік діни сенімді тарату.
Евангелистер әсіресе баптистермен өте тығыз қарымқатынаста. Кейбіреулер бұл екеуін бір ұйым деп санайды. Айындары мен жиылыстары кейде бірге өткізіледі. Мысалы, Евангелисттер Америка Құрама Штаттарында ХьюстонТехаста үлкен бір шіркеу салдырған. КристаллКатедрал деп аталатын бұл шіркеу баптистердің де рухани мекеніне айналып кеткен. мыңдай кісіге арналып салынған бұл шіркеудің мыңға жуық терезесі бар. Бұл терезелердің үлкендігі соншалық, ішке күн сәулесі пайыз жарық түсіріп тұрады. Осы ұйымның мүшелері айынды сыртта автокөліктерінде отырыпақ көре алады. Шіркеудің автотұраққа қараған бетінде компьютер жүйесіне қосылған биіктігі метр екі үлкен есік орналасқан.
Осы шіркеуді салу үшін миллион доллар жұмсалған, Италиядан әкелінген органының өзі . миллион доллар тұрады екен.
Бұл евангелистбаптист шіркеуі діни орталықтан гөрі сауда орнына көбірек ұқсайды. Мұның ішінде хауыздар, ресторандар, спорт алаңдары, балабақшалар және кедейлерге арналған асхана бар. Осы шіркеудегі айындарды көгілдір экран арқылы миллион американдық жанұя тамашалай алады.
Бұл шіркеу осындай қызметтерінің арқасында жылда . миллион доллар шамасында пайда түсіруде. Қасиетті айын екінші баптист шіркеуінің . кісілік сегізбұрышты бас бөлмесінде өткізіледі.
Евангелистердің АҚШ-та және басқа да көптеген елдерде шіркеулері, сауда және қаржылық ұйымдары бар.
3. Баптизм және баптистер
Баптизм ағымы XVI ғасырда Голландияда дүниеге келген. Христиан−Протестант мезхебінің реформист бір тармағы болып табылады. Бұлардың көзқарастарының негізі көне Анабаптистер мен Ағылшын Конгрегационалистерінің сенімдерінің араласуының нәтижесінде пайда болған. Бүгінде баптистердің саны 33 миллион шамасында.
Баптизм шоқыну рәсімінде адам денесінің бастан аяғына дейін суға батырылуын талап етеді. Осылайша өздерінін Исаға кәміл сенетіндігін дәлелдейді. Мұны тек үлкен кісілер ғана жасайды.
Бұл мезхеп XVI ғасырда үштік (троица) нанымының және Қасиетті Кітаптың сынаққа алына бастаған кезінде пайда болды. Анабаптистердің кішкене балалардың шоқынуына қарсы шықты. Лютер заманында Анабаптистер адам баласының сенімі, діни байланысы кәмелетке толғаннан кейін ғана сұралуы тиіс деген көзқарасты жақтады. Көптеген мәселелер жөнінде бұрынғы сөздерінен бас тартқан баптистер «Таудағы Уағыз»ды «Исаның Шариғаты» ретінде түсіну керек деді.
Негізінде Христиан мезхебі немесе тариқаты сипатындағы баптизм Христиан дінін өркендету жолында күрескен жандар болып көрінгенімен, олардың көздегені де басқа діндегі адамдар арасында Христиандықты жаю болып табылады.
Орталық Азия түркі тілдес мемлкеттері арасында белсенді түрде жұмыс жүргізіп, кеңінен таралған ұйымдасқан баптистер осы елдердегі бірнеше шіркеу мен христиандық қоғамды өз ісшараларында құрал ретінде қолданған. Әйтсе де, өздерінің ғибадат ететін орындары, шіркеулері және мәдени орталықтары да жоқ емес. Миссионерлік бағытты ұстана отырып, евангелист, Йегово куәгерлері және басқа да миссионерлік ағымдармен бірлесе отырып жұмыс жасауда. Қазақстанның өзінде ресми 250 ғибадатханалары бар екен.
Расында да, империалистер басқарып отырған миллион долларлық қаржы базасы бар бұл қоғамның Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Татарстан, Башқұртстан республикаларында көптеген шіркеулері мен мекемелері қызмет етуде. Баптистер аталмыш елдерде мыңдаған адамның өз дінінен безіп, христиандыққа сиынуына себепкер болып отыр. Бұл топ жазғы демалыста мектеп оқушылары мен университет студенттерін тегін 7, 10, 15 күн және 1 ай қыдырту, түрлі ойын−сауық ұйымдастыру шаралары арқылы жастарды өздеріне тартуда. Қамқоршы адамның бет пердесін жамылып жастардың пиғылын өзгертіп, өздерінің пасық политикасын санасына құюда. Яғни жасөспірімдер мен жастарға Інжілге деген сүйіспеншілікті, христиан мәдениетін таныту сияқты іс-шаралар жүргізуде. Осыған мысал ретінде мына оқиғаны алуға болады. Жазғы демалыста баптистер тарапынан он бес күнге осындай демалыс жеріне барып келген жетінші сыныптың оқушысы «Не істедіндер?» деп сұрағанымда былай деп жауап берген болатын «Іштік, жедік, ойнадық, кешқұрым діни жиналыстар өткіздік. Бізге Інжілді оқытты, сүйгізді және шоқынуды үйретті. Христиан болуға шақырды».
Көптеген атааналар бұл жәйттерден мүлдем хабарсыз немесе білсе де бұған көп мән бермейді. Керісінше, көршілері мен туысқандарына бұл жайлы айтып мақтанады. Ал өздерінің көзінің қарасындай үкілеп үміт таққан, үлкен азамат болар деп қолдарынан келгенін аямай бағыпқағып, өсіріп отырған перзенті олардан алыстап бара жатыр емес пе? Мүмкін сүйікті ұлы өзімен бірге мешітке емес, поптармен және христиандармен шіркеуге барар, Аллаға емес «Үштік Тәңріге» (Әулие троицаға) құлдық етер, өлгенде мұсылмандардың емес Христиандардың мазарына қойылар. Осыны ойлауымыз керек емес пе
. Ориентализм миссионерлігі
а. Қалыптасуы және шығу тарихы
Миссионерліктін ең маңызды қайнар көзі және белсенді тармақтарының бірі ориентализм болып табылады.
Батыс мемлекеттері мен ХристианЕврей қауымы арасында шығыс халықтарының тілін, тарихын, дінін, мәдениет пен әдебиетін зерттейтін сала - Шығыстану (Ориентализм), ал осы салада қызмет еткен зерттеушілер шығыстанушы (ориенталист) деп аталады.
Ориентализм (Шығыстану) адамзат тарихында маңызды оқиғалардың бірі, әрі христиандық Батыс әлемінің империалистік мақсаттағы ұйымы болып табылады. Қоғамда олар туралы көптеген пікірлер бар. Солардың кейбіреуінен мысал келтіре кетейік:
«Ориентализм жоқтан пайда болған оқиға емес. Ол бірнеше нәсілдің бірге күш жұмсап, тер төгуінің арқасында дүниеге келген маңызды доктрина».
«Ориентализм Англия мен Францияны Шығысқа қарсы бірлестірген ортақ мақсат болып табылады. Ағылшын, Француз немесе АҚШ және батыстық күштерді бірлестірген бұл ортақтықтың шығарған еңбектерінің жиынтығы орианталистік еңбектер деп аталады».
«Батыстықтар ғасырдың соңында Шығысты тану мақсатымен жолға шыққан және бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ұланғайыр шығыс кеңістігіне еніп кеткен. Сонымен қатар, шығыс жайлы ғылыми- зерттеулер жүргізіліп, мұражайларда көрмелер ашылды, колониядағы басқару жүйесі қайтадан жасалып, жаңа және заманға сай мекемелер ашылып, ұлттық мінезқұлық пен дін жайында тың ойлар туа бастады».
«Ориентализм эстетикалық, экономикалық, социологиялық, тарихи, ғылыми мәтіндер арқылы берілетін геоэкономикалық көзқарастардың жиынтығы болып табылады».
«Шығысты зерттеу тәсілі ғасырдың соңдарында өзгертілді. «Заманауи Ориентализм” деп аталатын бұл қозғалыс Шығыста ислам діні және мұсылмандармен «диалогты» қабылдаған бұл жаңа әрекет ғылыми- зерттеулер жүргізе бастады. Шығыс тілдерін, дінін, мәдениеті мен өркениетін зерттеген Ориенталистер шығысты материалдық және рухани болмысымен бірге, яғни Шығысты, шығыстықтарды тануды және танытуды көздеді».
Ориентализмді әркім әрқалай түсінеді, сол себептен де ол туралы қилы көзқарастар бар. Мұның себебі, ориенталистердің оқырманның көкейінде күдік қалдыратын әдіспен зерттеу жүргізуі және өздерінің басты мақсаттарын жасыруы, басқаша көрсетуі Ислам мәдениетіне күмәнмен қарауы себеп болып отыр. Шынында да, олардың шығысты зерттеуде ұстанған қағидалары исламды сынау мен оның өркениетіне күмәнмен қарау.
Бұлардың ішінде шығыс тарихын, ислам тарихы мен мәдениетін «адамзат тарихының кішкене моделі» ретінде зерттегендер де табылады. Генри Лаоустың “Исламдағы түрлі көзқарастар” (Les Schismes dans L`Islam), Арнольдтың “Интишары Ислам” (L`Expention L`Islam), Андре Мишельдің “Ислам мен Мәдениет” (Islam et Sa Civilitsation), Маршал Г. С. Годсонның “Исламның Серуені” (The Venture of Islam) атты еңбектері осыған мысал бола алады.
Негізінде ориенталистердің еңбектерінде исламға деген жағымсыз көзқарас білініп тұрады. Осыған байланысты мұсылман елдерде ориенталисттерге деген сенімсіздік пен жақтырмаушылық пайда болған. Ориентализмнің өркендеу тарихы мен зерттеу салалары бұл түсінікті шындыққа айналдырды. Мысалы, Дози мен Жаетанидің Ислам Тарихы Гольдзихердің хадис, Шахтың фыкых жайында жазған еңбектері шығыстықтарды тек жаман жағынан көрсету үшін жазылған еңбектер болып табылады. Ал бұл кітаптар әлемде исламның мәдениетін, өркениетін танытатын кітап ретінде оқылады. Жоғарыда аталған ісшараларының ауқымын басқа салалар мен мақсаттарға пайдалана отырып, ауқымын кеңейтіп отырған ориентализм миссионерліктің ірге тасын қалауға негіз болды.
Ориенталистердің пайда болуын тек бір себепке ғана негіздеу дұрыс емес. Бірнеше зерттеуші ғалымдар оның пайда болу себебі мен мақсаттарын былай деп көрсетеді: а діни себептер, б отаршылдық, в жаңа сауда саласына қол жеткізу, г) саяси факторлар, д) ғылыми себептер. Ориантализмді капиталистік жүйенің, материалистік сананың, миссионерлік идеологияның шығысты билеу жолында жасаған ісі дейтіндер де баршылық.
Батыстықтар ғасырда бастаған шығыс жазба еңбектерін аударып-басу ісі . ғасырда да қарқынмен жалғасып жатты. ғасырларда батыстықтар білім мен мәдениет салаларында көп жетістіктерге қол жеткізді. Батыс мемлекеттері қолындағы ғылыми және техникалық құралдар мен материалдық мүмкіндіктеріне арқа сүйеп, шығысқа көз тіге бастады. Әсіресе Орталық Азия, Таяу Шығыс, Қиыр Шығыс және Солтүстік Африка мұнайы шығыс пен ислам салаларында көптеген еңбектердің жазылуына себеп болды. Оның үстіне батыстықтардың шығыс елдерін ашу және отарлау жолындағы ізденістері мұсылман халықтарының материалдық және рухани аударма, кітап басу сияқты істерді атқаратын Париж, Лондон, Рим сияқты қалалар ориентализмді зерттеу орталықтарына айналды. Батыстықтар осы салаларда көптеген еңбектер жазып, шығарды. Бірақ капиталистердің отарлау саясатын жеңілдету үшін жасалған бұл ғылыми ісшаралар мен дұшпандық әрекеттердің егемен шығыс елдерін, исламды және өркениетін жоқ етуге шамалары жетпеді. Керісінше шығысты батыс халқына танытты, мәдениеті мен өркениетін дамытуға септігін тигізді.
Осыдан барып батыс «жаңа шығысислам стратегиясын» жасауға кірісті. Бұл жаңа стратегияның атауы «БатысШығыс Диалогы» немесе «ИсламХристиан Диалогы» деп аталды. Экономика жағынан дамып бірақ рухани құлдырау дағдарысында тұрған батыстықтар шығыстың материалдық және рухани байлықтарын қолға түсіру немесе бөлісу мақсаты шығыспен игі қарымқатынас жасауға итермелеген басты фактор болды.
Сонымен қатар, бұл қарымқатынастан басқа көзделген өзге мәселелер де бар. Бірақ, бұл бөлек қарастыруды қажет ететін ауқымды дүние. Toynbee, Wat, Turner, М.Lelong, Hodgson сияқты «жаңа исламистер» еңбектерінде «жылы, жағымды пікірлер» айта бастады шығыс пен батыс, ислам мен мұсылман қоғамдарына оң қабақ таныта бастады, зерттеулерінде ғылыми, обьективтік негіздер ұстана бастады. Бірақ олардың жантәнімен беріліп, жақтаған диалог әрекеттері шын жақсы ниеттен туып отырған жоқ еді. Мұсылмандар үшін өте қауіпті әрекет болатын.
Негізінде, дамыған батыс елдері мен жер асты ресурстарына бай дамушы шығыс елдері ғасырлар бойы бір-бірімен соғысып, бірбірлеріне дұшпан болып келген. христиандық батыс әлемі мен мұсылман шығыс әлемі арасында бейбіт қарымқатынас орнаса, барлық адамзатқа пайдалы болар еді. Белгілі ғалым Hodgson осындай түрдегі қатынастың қажет екендігін былай деп тілге тиек етеді:
«Басқаны сыйлай білмейтін адам өзін де сыйламайды. Бір адам басқа адамды сыйлау үшін сол адамның құндылықтарын білу керек. Бұл сөз проблемаларға толы, оны шешуге күші жоқ қазіргі қоғам үшін өте маңызды. Біз бәсекелестерімізге ақымақ, тонаушы ретінде қарап, оларды бір бұрышқа ысырып тастай алмаймыз. Бәріміз өзімізді сыйлауды басқаға құрмет көрсету арқылы үйренуіміз керек».
Соңғы кезде түрлі қалыптарға еніп, радиотеледидарларда, газетжурналдарда қайтақайта айтылып жатқан Еуропа Бірлігі, НАТО, ЮНЕСКО, Бірлескен Халықтар Ұйымы, Қара теңіз Елдері Аймақтық Қоғамы, Д, Мұсылман Елдері Ынтымақтастығы сияқты халықаралық немесе аймақтық сипаттағы ұйымдар мен қоғамдар арқылы «ғаламдасу-жиһандасу» (әлемді кішкене үй жасау) әрекеті діндер, қоғамдар, мәдениеттер және құрлықтар арасында жаңа қарымқатынасты құру жолында ізденістерге әкеп соқты.
«Дос болу, бейбіт өмір сүру әрине дұшпандықтан, соғыстан әлдеқайда артық. Бейбітшілікке апаратын бірден-бір жол халықтардың бірбірлерімен танысуы және жақсы қарым-қатынаста болуы».
Бұл диалогтың пайдалы болуы үшін исламды зерттеп жүрген батыстықтарға көп жүк түседі. Бірінші олар қалыптасқан шығысты зерттеу әдістерін өзгерткені жөн. Шығыс халықтарына, мәдениеті мен өркениетіне, тілі мен дініне құрмет көрсетуі тиіс. Әсіресе мұсылман қауымын бөліпжарып арандатуын қоюлары керек. Мұсылман қауымын ұлтына, жеріне, мезхебіне қарай бөлу, шиилікті сүниттерден жоғары көрсету, бұл екеуін екі басқа дін ретінде көрсету хадисшыларды пәлсапашыларға, келамшыларды сопыларға дұшпан ретінде көрсету әр түрлі мезхептер, тариқаттар және философиялық әрекеттерді қолдайтын жамағаттар не болмаса араптар, парсылар, түріктер, берберлер және де басқа халықтарды пайдалана отырып, ұлт, тіл, өлке тұрғысынан түрлі «исламдарды» (Арап исламы, Түрік исламы) жарату исламды террористік, анархистік және соғыс діні, ал мұсылмандарды террорист, анархист және қанішер жауыз ретінде көрсетіп, ислам және мәдениеті туралы қате түсінік беруден аулақ болулары керек. Мұсылмандардың сенім, ғибадат және ахлақи құндылықтарын «Исламның қайнар көзі» Құранға қарап таразылауы керек. Исламдандырылған мәдениетті немесе батыстықтардың пікірлерін, даму және өркендеу позицияларын немесе мұсылман елдердің қазіргі жағдайын Ислам және мұсылмандықты зерттеу істерінде критерий етіп алмау керек.
«Бірлік пен ынтымақ ішінде өмір сүру, соғысудан әлдеқайда артық. Адамзат бүгінде махаббат пен достыққа мұқтаж».
Ислмиат өзінен бұрынғы өркениеттен мирас болып қалған мәдениетті жоюға тырыспаған. Керісінше қорғап, Ислам мәдениетінің әлемдік құндылықтары негізінде «исламдастырып-исламдандырып» өз мәдениетімен бірге осы күнге дейін жалғастырып келген. Осылайша Исламға ғана тәнті “мәңгілік өмір сүру үшін өмір беру керек” деген философияны батыстықтарға, соның ішінде ориенталистерге үйретті. Мұсылман елдер мен мемлекеттер исламның принциптерін ұстана отырып, ғасырлар бойы қол астында өмір сүрген Христиан, Будда, Иуда және басқа дін өкілдеріне ізетпен қарап, жаны мен малының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Сөйтіп, нағыз жақсы қарым-қатынас пен ғаламдасу түсініктерінің өрнегін беріп кеткен.
Негізінде діндер және халықтар арасында келе жатқан диалогтың тарихы сонау көне заманнан бері келе жатыр. Мұсылмандар мен христиандардың, исламның христиан діні мен иудаизммен қарымқатынасы, ислам дінінің Меккеде пайда болуы, яғни сонау Хз. Мұхамметтің рисалетімен басталған болатын. Ислам пайғамбарының тура жолға шақырған пенделері осы христиандар мен еврейлер болатын.
Сондай-ақ, исламның алғашқы кездерінде Арап жарты аралында Хз. Мұхамметтен кейінгі кзеңдерде мұсылмандар, христиандар мен еврейлер бірге өмір сүрді. Жақсылық пен жамандықты бірге бөлісті, кейде бірбірлерімен соғысқан кездері де болды. Фетихтер әрекеті жүзеге асырылған жерлерінің маңызды бөлігі Азия, Африка және Еуропа сияқты христиандар мен еврейлердің өмір сүрген жерлер болды. Ислам мәдениетінің ірге тасы осы жерлерде қаланып, өркендеген.
Христиан мен еврей қоғамының бір бөлігі исламды «жаңа бір қан, жаңа бір жан» деп қабылдаса, енді бір бөлігі жаңа дін мен өркениетін қауіпті деп санап, кедергі келтіруге тырысып баққан. Соған қарамастан, Ислам діні алғашқы төрт ғасыр ішінде Таяу Шығыс, Африка (әсіресе Солтүстік Африка) және Еуропа (Испания) елдерінде кеңінен жайылды. Бұл жайт еврей мен христиандарды қатты алаңдатты. Сондықтан, бұған тосқауыл болу үшін екеулеп екіжақты жұмысқа кірісті. Бұның біріншісі өз мәдени және материалдық құндылықтарын сақтап қалу екіншісі болса ислам мәдениетінің халық арасында жайылуына тосқауыл қою болды.
Міне, осы түсінік пен әрекет «ориентализм» мен миссионерліктің ірге тасын қалап кетті.
Батыс әлемі, яғни еврейлер мен христиандардан тұратын әлем ислам мәдениетінің жайылу мен өркендеу дәуірінде (алғашқы ғасыр) өздерінің әлеуметтік, саяси және экономикалық проблемаларымен бас қатыруда еді. Дін мен мезхептер арасындағы кикілжің, саяси билік, шіркеу және халық арасындағы бақталастықтар батыстың титығына әбден жеткен болатын. Исламның батысқа қарай жылжуы бұл әлемдегі ішкі дүмпулердің басылуына себеп болды. Яғни, жайлап Еуропаға қарай жайыла бастаған жаңа дінге қарсы христиан мен еврей халықтарының бас қосып, соларға қарсы күресуге мәжбүр етті. ІХ. ғасырдың соңында Х. ғасырдың басында Орталық Азия түркі халықтарының илам мәдениетін қабылдап мұсылман болуы, күшті мемлекеттер құрып, исламның саяси, әскери және білімді күші ретінде тарих сахнасына шығуы әлем тарихының ағысын, соның ішінде христиандықтардың мақсатын өзгертіп жіберді. Селжүк Империясының сұлтаны Меликшахтың жылы Аббасид халифаттарынан “мүминдердің әмірі” атағын алуы христиандықтарда ислам Орта Шығыстан кетеді деген үміт отын туғызды. Соның нәтижесінде шіркеу исламға тиесілі дүниенің барлығын қырып жоюға кірісті. Бұл әрекет қанды қырғын 1096 жылы басталып екі ғасырға дейін созылған Крес жорығына ұласты. Бұл соғыс бүгінде христиандардың ислам елдеріне жасаған шабуылдарында көрініс тауып отыр. Бұл майданда христиандықтар жеңіске жете алмады. «Сол үшін ислам әлеміне христиандықты тарату және батыс мәдениетін енгізу» үшін басқа жолдар іздеді. Батыстың осы орайда бір ғана көздеген мақсаты болды: мәдениет пен білімді қолдана отырып, мұсылмандарды өз құндылықтарынан жұрдай етіп, батысқа ассимилляциялау немесе христиандандыру.
Еуропадағы ориентализм әрекеттері XVII ғасырдың басынан аяғына дейін созылған «миссионерлік әрекет» пен «диалог» мерзімін бастап берді.
Ориентализм саласындағы құнды зерттемелер бір ғасыр кейін, яғни XVIII. ғасырдың соңында шыға бастады. Алғашқы шығыстанушы ғалымдар шынымен де мақтауға тұрарлық еңбектер жазды. Ал алғашқы ғылыми еңбектер XIX. ғасырдың алғашқы жартысынан бастап әр түрлі кітаптар мен журналдара мақала ретінде баспасөз беттерінен көріне бастады.
Миссионерлердің көз тіккен жерлерінің ішіндегі ең маңыздысы мұсылман елдері болды. Сондықтан осы елдердің тілін үйреніп, халқы, әлеуметтік, мәдени және экономикалық жайларын тануға тырысты. Сосын барып осы елдерде Христиан және Батыс мәдениетін жаюдың амалдарына кірісті.
Ориентализм мен миссионерлік жұмыстар және диалог іс-шаралары христиандардың рухани орталығы Ватикан тарапынан басқарылады. Бүгінгі христиан әлемінің жүрегі болып табылатын папалық Ватиканда Миссия Министрлігін, ШығысБатыс, Ислам- Христиан Диалогы Секретариятын құрды. Сонымен қатар, миссионерлікті ұйымдастыру, дамыту, ісшараларын күшіне енгізу мақсатымен Еуропа елдерінің көптеген жерлерінде (Германия, Франция, Англия, Италия, Бельгия т.б) институттар ашты.
Папалық немесе Ватикан жылдар арасында Португалия мен Испания корольдеріне жаңадан ашылып жатқан жерлердің бәріне миссионерлерді жіберуге бұйрық берген. Сонымен қатар, Парижде Сыртқы Миссионерлер Поп Мектебі ашылды және осындай оқу орындарының шығындарының барлығын папалық көтерді. Осындай жетістіктерге қол жеткізген шіркеу үкіметпен өте жақсы қарымқатынаста болды. Үкімет пен шіркеу осы мақсатта иық тіресе отырып жұмыс істеді. Орианталистер мен миссионерлердің әрекет ететін салалары кеңіген сайын мақсаттары да ұлғайып отырды. Олар капитализм мен миссионерлікті бірге үстем қылу жолында қоян-қолтық араласып, еңбек етті.
Жүргізіліп жатқан ісшараларының жемісін де көре бастады. Мысалы, Францияның королі XIV Луиз жылы шығыс әріптерінде басатын патшалық баспахана салдырды. Миссионерлер мен ориенталист ғалымдар шығыстың жазба еңбектерін жинап алып келу үшін сапарға шықты. Ең баста шіркеу мен Еуропа патшалықтарының дінді жаю үшін қолданған ориентализмнің осы ғасырдан бастап екінші жүзі ашық көріне бастады. Бұл да батыстың дипломаттық жұмыстарыныңқолдаушысы болып табылатын саясат және сауда салаларындағы жүргізіп отырған саясаты болып табылады. жылы қарашада патшалық кеңестің қаулысы бойынша франциялық алты адам Ыстамбұл мен Измирге шығыс тілдерін (арапша, парсыша, түрікше) үйрену үшін жіберілді. Ал жылы осы мақсатпен Ыстамбұлға келген жастардың саны ге жетті. Бұлардың бар шығындарын Марсель Сауда Палатасы көтерді.
Гольберт Исламның үш ұлы тілі арап, түрік, парсы тілдерін жас француздарға үйретіп, солардан елшіліктерде істейтін аудармашымиссионер тобын құру туралы ойын ортаға салды. Бұл пікір жылы Louis Le Grand колледжінде тіл факультетінің ашылуы арқылы жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, Француз революциясынан кейін Франция үкіметі .0. ж. Парижде “Шығыс Тілдері Жоғары Мектебін” ашып заманауи ориантализмнің өркендеуіне өз үлесін қосты. Сильвестер де Саки осы мектептің тұңғыш арап тілі мұғалімі болып келді, жылы аталмыш мектепке директор болды. Осы мектеп Еуропа мен Шығыстағы елшіліктерде қызмет ететін аудармашы мен ғалымдарды дайындап шығарды.
Қорыта айтатын болсақ, заманауи ориантализм капитализмнің басқа елдерді Еуропаның колониясы ету жолында қолданған құралы деп айтсақ жаңылыспаған болар едік.
Диалог сөзі алғашқыда құлаққа түрпідей тиюі мүмкін. Алғашқы диалог Жаратушы Тәңірі мен жаратылған адам арасында болған. Тәңірі әлі рух кейпіндегі адамға: «Мен сіздің Раббыңыз емеспін бе?» - деп сұраған екен. Адмазат: «Әлбетте, Сен біздің Раббымызсың»,- деп жауап берген екен. Міне, осы сөз Жаратушы мен жаратылған арасындағы алғашқы диалог болып табылады.
Диалог сөзі қарымқатынас, сөйлесу, тілдесу мағынасына келеді. Ұлы Тәңірі уахидің көмегісмен пайғамбар, періште, жын және де ара сияқты кейбір жандылар және Мәрием сияқты қарапайым адамдармен тілдескен. Құлдық ұрған, ғибадат еткен әрбір адам иманы келамды яғни, Құран Кәрімді оқыған әрбір адам Алламен тілдескен болып саналады. Жаратқанға сиынып, жалбарынып, тілек тілеген адам да Алламен қарым қатынаста болады. Алламен қатынасын үзген кісі «мүмин» және «мұсылман» сипатынан айырылып, «кәпірге» айналады.
Пайғамбарлар Алланың бұйрықтарын, әмірлерін адамдарға тек диалог арқылы яғни, бетпе-бет тілдесе отырып жеткізген. Яғни, диалог діннің де, пайғамбарлықтың да, діндер, халықтар, қоғамдар арасындағы және де адамзат арасындағы қатынастың құралы болып табылады.
Бұның тілдегі мағынасы бірнеше адамдардың немесе бір топтың бірбірлерімен түсінісуін білдіреді. Ал термин ретінде бірбірлерін өз дініне кіргізу емес, дүние жүзінде өмір сүрген түрлі дінге, қилы сенімге ие адамзаттың өзара татутәтті, ынтымақтастықта өмір сүруін алдыңғы қатарға қою түсінігін береді.
Бірақ, диалог діннің атын жамылған саяси немесе миссионерлік ұйым. Негізінде бұл ұйым Христиандар мен басқа діндер арасында байланыс және түрлі қарым-қатынас құру мақсатында құрылған. Бірақ құрыла салысымен түрлі миссионерлік ұйымдармен және қоғамдармен ынтымақтаса отырып, христиан миссионерлік ұйым ретінде іс-шаралар жүргізуде.
Нағыз диалогтың екі негізі болады сүйіспеншілік пен мейірімділік. Тәңірі мен адам баласы арасындағыдай, адамдар, халықтар, мемлекеттер арасындағы қатынастар да сүйіспеншілікпен құрылуы тиіс. Ал мейірімділік дегеніміз адамдардың бірбіріне жанұядағы, қоғамдағы әр түрлі қатынастарда түсіністікпен, игі ниетпен және достық көзқараспен қарау деген сөз. Арадағы айырмашылықты қаламайтын адамдар бірге өмір сүре алмайды, бірбірлерімен дос, жақсы көрші бола алмайды.
Диалог бірге өмір сүру деген сөз. Қоршаған ортасымен, басқа адаммен қатынас құра алмаған адамдар өмір сүре алмайды. Жалғыздық Алллаға ғана жарасқан. Диалог та тарих сияқты өте көне. Соңғы кездері, әсіресе дінаралық диалог саласында көп қолданылуда. Католик әлемінің рухани орталығыПапалық (Ватикан диалог тақырыбын алғашқылардың бірі болып қолға алған болатын. Христиан батыс мемлекеттері мен Америка Құрама Штаттарының рухани және материалдық көмегінің арқасында Ватикан “ИсламХристиан Диалогы Секретарияты”деп аталатын екі алып дінді бірбіріне жақындастыратын және халықаралық ісшаралар жүргізетін бір ұйым құрды.
Бастапқыда Ватикан мен Италия, Франция мен Испания сияқты елдерде ұйымдасқан “ИсламХристиан Диалогы Секратариаты” уақыт өте келе басқа да көптеген елдерде ұйымдаса бастады. Азия, Еуропа, Америка, Австралияда өз орталықтарын ашты. Ватикан елшілігі арқылы да көптеген елдерде ісшаралар жүргізіп отырған.
Диалог жұмыстарының ең маңызды саласы, жолы және құралдарының бірі «ориентализм» болып табылады. Шығыстану деп аталатын бұл қозғалыс батыста «шығыс қайнар көздерінің, жер асты және жер үсті байлықтарын, мәдениеті мен өркениетін танып, зерттеп, батыс христиандарының керегіне жарату» деген ұғым береді. Шығыстанушылар отаршыларға жол көрсетіп отырған. Онсыз да, ориенталистердің көбісі поптар мен миссионер зерттеушілер екені белгілі емес пе? Англияның Қиыр Шығысты, әсіресе Үндістан түбегін, Африка елдерін, Америка мен Францияның, Италия мен Германияның, Ресей мен Қытайдың талай елді отарлап, бодауына алуында ориенталистердің орасан еңбегі бар екені даусыз.
Ориенталистердің зерттеу еңбектері, мағлұматтары мен құжаттары, баспасөз органдарының осы диологтың ірге тасын қалады, дамып өркендеуіне маңызды үлес қосқандығы байқалады.
Орталық Азия халықтары этникасы және мәдениеті бөлек халықтармен татутәтті, қоянқолтық өмір сүрген. Түрлі сенімдерге ие бұл халықтар ортақ идеологиясы мен бірлік туралы санасы саяз болса да, бірбірлерінің дініне, салтдәстүрлеріне құрметпен қараған. ХҮІІ. ғасырда басталған Советтік Ресейдің Орталық Азия мұсылмандарын ассимиляциялау саясаты, христиан ету идеологиясы мейірімділік, бірінбірі түсіну қағидасына қарамақайшы әрекет емес пе
Орталық Азия халықтарының өзіне тән мәдени құндылықтары бар. Олардың ішіндегі ең маңыздылары тіл, дін, тарих, әдебиет және әдетғұрыптары. Міне, осы құндылықтар олардың ұлттық құндылықтарын сақтап, жойылып кетпей ұлт ретінде өмір сүрулеріне себепкер болып отыр. Мысалы, Орталық Азия мұсылман түркі халықтары орытардың діні христиан дініне ешқашан қызығушылық танытпады. Сонша ғасыр орыстармен қоянқолтық араласып, көрші бола тұрып, қазақ, қырғыз, түрікмен және өзбек халықтары арасынан өз еркімен христиан дінін қабылдағандар болмады.
Ал, есесіне кеңес үкіметі құлағаннан кейін Орталық Азия Түркі Тілдес Мемлекеттерде жүз мыңдаған мұсылмандар миссионерлердің құрсауына ілініп, басқа дінге, әсіресе христиан дініне ауып кетті.
Осы орайда көкейге бір сұрақ оралады Диалог дегеніміз осы ма Діни сауатсыз адамдарды алдап христиан ету ме Дүниеде христиан билігін құру диалог па Қазіргі таңда шындық су бетіне қалқып шығып, жұрттың көзі ашылды. Сонымен бірге, “ИсламХристиан Диалогы Секратариаты”ның да беделі айрандай төгілді. «Тақиясы түсіп, таздың басы жалтырады да қалды» демекші шындықтың беті ашылды.
.
. МООНШЫЛДЫҚ
а. Құрылу тарихы
Мооншылдық Орталық Азиядағы түркі тілдес мемлекеттерде ісшаралар жүргізіп жүрген христиан қауымдастығы. Солтүстік Кореялы Сун Мйунг Моонг тарапынан Оңтүстік Кореяда құрылған бұл қозғалыс Кореяда «ТонгІ», батыста «Біріккен Шіркеу», «Ұлы Рух Бірлігі», «Біріккен Үй», «Мун Ұйымы» деп аталады.
Моон жылы Солтүстік Кореяда буддист жанұяда ауылды жерде дүниеге келген. Өскеннен кейін христиан шіркеулерінің бірі Пресвиториан шіркеуіне кірген. жылы көзіне Исаның көрінгенін, өзіне «Тәңірі Патшалығын» құру міндетін жүктегендігін айтады. Бірақ, Пресвиториан шіркеуі оны бұл сандырағы үшін шіркеуден қуып жібереді.
Осыған орай Оңтүстік Кореяға орналасқан Моон айналасындағыларға Мұса, Будда, тіпті тәңірінің өзімен тілдескендігі туралы айтады. «Divine Principe» (Илахи Принциптер деген атпен жарияланған Моонның насихаттары бір жағынан басқа дін өкілдері тарапынан қудаланып жатса, бір жағынан жақтаушылар да тауып жатты. жылдары, яғни он-он бес жыл ішінде Америка, Жапония және кейбір батыс елдеріне де жайыла бастады. Осының нәтижесінде жылы Сеулде барлық діндердің бірігуін көздеген «Бірлескен Шіркеу Қозғалысы» пайда болды. Аталмыш қозғалыс «Мооншылдық» (Мооншылар деп аталды.
Бұл қозғалысқа Free Pres International және New York City Tribune атты баспасөз ұжымдары мен ірі сауда ұйымдары қолдау көрсетуде. Яғни, діни қозғалыстың да артында империалистмиссионер күштер бар.
б. Әдістері
Бірлескен Шіркеудің ұсынып отырған пікірлері мен сенімдерін христиандар да, мұсылмандар да қолдай қойған жоқ. Адамдардың ойында өз дініне, сеніміне деген күдіктер туғызу, қарсысындағы адамның басын айналдырып, саналарын тұзақтау олардың басты тәсілдері болып табылады. Олар насихаттарымен жанұялар арасына от салып, халықтарды арандатып, әлеуметтік және экономикалық жағдайды қиындатады да, қиналғандарға жәрдемдесіп өз араларына тартады. Бұл арандатушылық, алаяқтық.
Мооншылық басқа да христиан ұйымдары сияқты миссионерлер арқылы таралуда. Әлемнің түрлі елдерінде жиналыстар өткізу және атақты саясаткерлерді, бюрократтарды, ғалымдарды, дін өкілдерін, журналистерді, іскерлерді осы жиналыстарға шақырып, Америкаға демалысқа жолдау, семинарлар өткізу миссионерлердің маңызды ісі. Мысалға алатын болсақ, мооншылар Ыстамбұлда “Middle East Times” газетіне өкілдік ететін ұйым ашып, жылы қыркүйекте «Әлем Діндері Кеңесі» (Cohcil For The World Religions отырысын өткізген. Бұл жиылыстың негізгі тақырыбы діндер арасындағы қатынас, мейірімділік, исламхристиан диалогы болды. жылы Түркиядан қа жуық ғалым, журналист және дінтанушыларды Америкаға семинарларға шақырып, күн қонақ етіп, күтіп жіберген. , 4 жылдары Қазақстанда да тура осы әрекет қайталанған. Жыл сайын Америка немесе басқа елдерде өткізілетін жастарға арналған жаздық лагерлер де осы мақсатпен ашылып отыр.
Протестанттық шіркеу мен АҚШтағы Христиандық шіркеулер Ұлттық Кеңесі мооншылдықтың «Христиан шіркеуіне» жатпайтындығы туралы шешім қабылдады.
в. Ойлау жүйесі мен сенімдері
Бірлескен шіркеу жаңа діни көзқарас болып табылады. Аспан патшалығының билігі, мың жылдық месих дәуірі осы көзқарастың негізі болып табылады. Моонның “Илахи Принциптер” атты кітабы Дүниенің жаратылысы, Тәңірі мен адамзат қатынасы, Адам атаның күнәсі, жәнннәттан қуылу және қателікті түзету Моон кітабының негізгі тақырыптары болып табылады.
Бұл кітапта осы қателікті месих тарапынан жөнделетіндігі сөз болады. Яғни, месих пен әйелі Адам мен Хауаның істегенін қайталамайды. Олар нағыз атаана болады, олардың ұрпақтары күнәсіз, пәк болады. Осы нанымды адамзатқа жаятын ұйым «месих ұйымы».
Бұл ұйым ертеде болған күнәні жуып-шайып, дүниеге тек жақсылық орнатады. Месихтың міндеті күнәдан арылған атаанадан туған кісінің атқаратын міндеті болып саналады. “Илахи Принциптер” атты кітапта бұл ерекшеліктер Исаға тән ерекшеліктер деп айтылады. Бірақ, ол шоқындырушы поптың кесірінен үйлене алмастан о дүниеге аттанып кетеді.
Сол себептен Исаға ұқсас жандар “қайта оралу дәуірінде” пайда бола бастайды. Бірлескен Шіркеу жақтаушылары Моон мен оның әйелі нағыз атаана болып табылады. Моонның өзі де солай ойлайды. Бірлескен Шіркеу мүшелері де Моонды тәңірінің жібергеніне кәміл сенеді.
Мооншыларға темекі тартуға, арақ ішуге, зина жасауға тыйым салынған. Мооншылықтың басым бөлігі Оңтүстік Корея, Америка Құрама Штаттарында және Францияда орналасқан. Мооншылардың саны бүгінде екі миллионға жетіп отыр.
. Иисус Христос шіркеуі (Иса Месих шіркеуі)
Иса Месих шіркеуі христиан тарихында жаңадан пайда болған ағымдардан бірі болып саналады. Американдық Данияр Тағалаевтың ортаға салған “америка азаматтығы идеалогиясы” негізінде құрылған. Қырғызстан, Қазақстан, Татарстан, Өзбекстан сияқты елдерде ісшаралар жүргізуде.
Бұл ағым жаңадан пайда болғандықтан, оның тарихы жайында деректер өте аз. Баспасөз және ақпараттардан алынған мәліметтерге қарағанда, Данияр Тағалаевтың пікірі бойынша, индуизм мен христиан діндерін Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтар арасында жаюды көздейді. Данияр былай дейді «Мұхаммед пайғамбар Інжілді оқығанымызды қалайды. Өйткені, Құранда Інжіл мұсылмандар үшін жіберілген деп айтылған»
Осы көзқарас Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтар арасында кеңінен таралуда. Мысалы Қырғызстанда Аға Вайса Кузин атты кісі осы көзқарасты таратуда ат салысуда.
Бірақ, орыстардың протестантық шіркеуі бұл ағымға христиандық үшін өте қауіпті деген айып тағуда. Католиктік және православиелік шіркеулер де индуизм мен христиан діндерінің арасынан шыққан бұл нанымды қолдап отырған жоқ. Йегово куәгерлері қажет болған кезде көмек көрсеткен және бірлесе отырып ортақ жұмыс атқарған Иса Месих шіркеуі миссионерліктің Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтар арасындағы өкілдерінің бірі болып табылады.
. Адвантизм мен Адвантисттер
Адвантизм жылы Америкада Виллиам Миллер атты бір диқаншының месихтік негізінде құрған ағым болып табылады. Бұл да Исаның қайта оралуын көксейтін бір ұйым.
Миллер Исаның жылы тірілетінін айтқан, бірақ айтқаны келмеген соң те келеді деп айналасындағыларды сендіреді. Бұл туралы баспасөзге де хабарлаған. Сөйтіп, екі рет өтірікші атанады.
Адвантистер осы «қайта оралу» пікірі мен нанымын халық арасында үгіттеп жақтаушылар жинауда. «Екінші Адвантистер» және «Жетінші Күн Адвантистері» болып екіге бөлінеді. Бұл екеуінің ішінде миссионерлік сипаттағысы Жетінші Күн Адвантистері болып табылады.
Жетінші Күн Адвантистері Қасиетті Кітаптың қағидаларын берік ұстанады. Рухтың өліміне, тек әділетті жандардың, хаққа мойынсұнғандардың ғана (яғни өздерінің қайта тірілетіндігіне сенеді. Еврейлердің Қасиетті Кітабына табынады. Ғибадат күні олар үшін жексенбі емес сенбі, осы күні істелінуі бұйырылған барлық өкімдерді бұлжытпастан орындайды. Ахлақ жағынан да өте қатаң талаптар қояды.
Адвантистерге ет жеуге, темекі шегуге, кофе мен арақ ішуге тыйым салынған. Суға барлық денелерін батырып тұрып шоқынады. Жетінші Күн Адвантистерінің орталығы Вашингтонда орналасқан. Дүние жүзінде .. жақтаушылары бар. Бұлар Түркияда да ісшараларын жүргізуде, Ыстамбұлда бір адвентист шіркеуі бар.
Католик адвантистер бүгінде жойылып кеткен.
Адвантистер Орталық Азиядағы түркі тілдес мемлекеттері арасында аса белсенділік танытып отыр. Шіркеулері бар және басқа миссионерлік ағымдармен бірлесе отырып, ісшаралар жүргізуде. Үйлерін шіркеу ретінде қолданады. Бұл жерлерде түрлі жиналыстар өткізіп, кездесу, танысу кештерін ұйымдастырады. Сонымен қатар, сол елдердегі жергілікті христиан шіркеулері мен қоғамдарын өз ісшараларында пайдаланады.
. Бірлескен Діншілдік
ХХ. ғасырдың дінисаяси ағымдарының бірі болып табылады. Ғаламдасу пікірі өзімен бірге «халықаралық дін» немесе «дін бірлігі» пікірін ала келді. Бұлардың мақсаты дүние жүзі халықтарын ортақ бір дін астында біріктіру. Яғни, мәдениет, өркениет, сенім, дін, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан біріктіріп, Еуропа басшылығында бір қоғам жарату. Бұл «Жаңа Өмір Жүйесі» деп аталады. Барлық мәдениет пен өркениет «жаңа және әлемдік жүйеге» өз үлесін қосады. Ортақ мәдениет, ортақ дін, ортақ саясат, ортақ экономика, ортақ қауіпсіздік ғаламдасудың басты талаптары болып табылады. Анығырақ айтатын болсақ, жаңа дүниеде тек бір тіл, дін, тек бір халық пен басқару органы болады.
Жаңа Дүние жүйесі кеңес одағы құлағаннан кейін бой көрсете бастады. Шығыс және батыс елдерінде коммунизм қаупі сейіліп, Орталық Азиядағы түркі тілдес мемлекеттер мен Эстония, Литва, Латвия, Молдавия, Украина, Грузия, Армения сияқты елдер егемендіктерін алып, ғаламдасу ішінде өз орындарын ала бастады.
Жаңа Дүние жүйесінде көзделген мақсат соғыс орнына бейбітшілік, кикілжің орнына диалог, отарлау орнына бірлік, әділетсіздік орнына әділет, бөлу орнына теңдік, үстемдіктің орнына демократия орнату. Бұл мақсат ғылыми, мәдени, саяси және идеологияны өзгерту арқылы жүзеге асады.
Бірақ бұның өзіне тән проблемалары бар. Жүргізіліп отырған саясаттардың нәтижесі ретінде Жахандық қауіпсіздік немесе ғалам күштеріне қарсы қауіпсіздік мәселелері бүгінгі күннің ең өзекті мәселелері болып табылады. Осыған орай кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін Орталық Азия мен Кавказда болған «қауіпсіздік бос кеңістігі» Америка Құрама Штаттарын қатты ойландырды. Нәтижеде «Еуразияның жаңа Балкандары» деп атаған бұл аймақтарды олардың «геостратегиялық басқару» жобасы Латвия, Литва, Молдавия, Украина сияқты елдердің Еуропа Бірлігі, НАТОжәне басқа да батыс блоктарына алынуы, БакуЖейхан Мұнай Желісі, Қаратеңіз Елдері Кеңесі жоғарыда айтылған басқару істерінен болса керек.
Америка Құрама Штаттары мен оның батыстық пікірлестері бұл «геосаясаттық бағыттау» фундаментализмге қарсы шығу, Еуразия Балкандары, Орталық Азия және Кавказия елдері үшін айрықша саяси жоба дайындау, соңғы кезде ашық түрде жүргізіліп отырған империалистік ісәрекеттер қауіпті діни және философиялық ағымдардың, миссионерлік ұйымдардың көбейуіне жол ашты.
Еуразия Балқандары түсінігі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Кавказдағы үш ел Әзірбайжан, Армения, Грузия өлкелерін қамтиды. Империалистік және миссионерлік жоспар мен әрекеттер осы бағытта дайындалып, іске асырылуда.
Жаңа Дүние жүйесінде саяси, экономикалық, билік бірлігімен қатар әлеуметтік және мәдени бірлік те өте маңызды. Мақсаттары әлеуметтік жағдайы, мәдени деңгейі әртүрлі дәрежедегі халықтарды бір шаңырақ астына біріктіру. Бұған қол жеткізудің амалы діндерді, тілдерді, таптарды және халықты жақындастыру, араластыру және будандастыру. Бұған қарсы болғандарды түрлі жолдармен ассимиляциялап үлкен үйдің тұрғыны ету керек.
Осы мақсатта жасалынуы тиіс екінші бір мәселе христиан, еврей, ислам және буддизм сияқты діндерден бірнеше негіздер мен құндылықтар таңдап алу сөйтіп әлемдік құндылықтар мен құралдар негізінде жаңа бір дін жасау әйел-еркек деп бөлмей бір жыныс жасау.
Ия, дін бірлігі немесе бірлескен дін осындай негіздерден тұрады. Заманауи қоғамдарда бұл пікір қолдау тауып отыр. Орталық Азиядағы түркі тілдес мемлекеттерде де кейбір аристократтар мен оқымыстылар осы пікірге оң қабақ танытып отыр.
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Миссионерлік және миссионерлер
“Алланың діні Ислам. Исламнан басқа дінді іздегендердің діні қабыл болмайды, сол кісі ақыретте қиындыққа ұшырайды”. (Әли Имран сүресі пен
“Ехли Кітаптан бір қоғам бар. Кітапты зуылдатып оқығанда сіз оны кітаптан екен деп ойлайсыз, бірақ олар кітаптан емес. “Бұл Алладан” дейді бірақ Алланың тарапынан емес. Тіпті Алланың атынан да жалған сөз айтады.
Ешкімге бұл әрекет жараспас Аллаһ оған кітап берсін, өкім берсін, пайғамбарлық берсін, ол болса адамдарға “Алланы қойып маған құл болыңдар” десін”. (Әли Имран сүресі
1. Миссионерлік деген не?
Христиан дінімен бірге пайда болған және ғасырлар бойы тірі және күшті күйде өзінөзі сақтап қалған ең белседі және әсерлі Христиандық ұйым миссионерлікті үшінші бөлімде жеке қарастыруды жөн көрдік.
Миссионерлік Христиан дінінің іргетастарының бірі болып табылады. Иса пайғамбардың тірі кезінде бастау алған. Өйткені, Хз. Иса апостолдары мен жақтастарына адамдарды дін жолына шақыруды өсиет қылады. Олар өз кезегінде әлдері жеткенше шақыру мен таныстыру ісшараларын жүзеге асырды. Осылайша «Насаран діні» адамдар арасында тарап кетті.
Хз. Иса қайтыс болғаннан кейін оны көрмеген және танымаған Қасиетті Павелдің өзінше жорамалдап, уағыздаған Христиан діні де миссионерлікке үлкен маңыз берген. Шіркеудің пайда болуымен қатар ұйымдасқан миссионер топтарға поптар, монахтар, монах әйелдер және басқа да дін жолын қуушы топтың өкілдері тарапынан басқарылып және таратылып отырған. Христиан діні мен Шіркеудің Католик, Православие және Протестант діндері түрінде бөлініп үстемдік бәсекелестігіне кірісуі миссионерліктің маңызын одан әрі ұлғайтып жіберді.
Миссионерліктің қайнар көзінің бірі империализм болып табылады. Империалистік саясатпен бір бағытта құрылып құрылымданған Батыс Христиан мемлекеттері, шығыстану (ориантализм), исламология, шығыс зерттеулері, шығыс тілдері мен мәденниеттері, шығыс-батыс диалогы, Ислам-Христиан диалогы аттарын жамылып Азияны, әсіресе Мұсылман Шығысты езіп, билеп-төстеуді мақсат қылып отыр. Бұны жүзеге асыруда ең маңызды құралдардың бірі осы миссионерлік болып табылады.
Тарихи тәжірибе, миссионерліктің діни және наным жүйесін әр түрлі жолдар арқылы жеке адамдар мен қоғамға қабылдаттырған, қоғамдық бірлік-тұтастыққа қауіп төндірген және қауіпті жағдайға итермелеген, бейбітшілік пен төзімділікті бұзатын зиянды ағым екенін дәлелдеп берген болатын. Өйткені, миссионерлік дінді адамдарға тарату сияқты күнәсіз көрініс беріп тұрғанымен, шын мәнінде Христиан дінін мәдениет империализмі және де әртүрлі алдау мен арбау жолдары арқылы адамдарға қабылдату және тарату жұмысы болып табылады. Осылайша, осы әдіс пен мақсат төңірегінде Мұсылман дініне немесе басқа дінге сенетін мемлекеттерде жүзеге асырылып отырған ісшараларымен бірге, тарихи процесте Христиандық және отаршылдықпен тұтасып кеткені айқын байқалады. Қазір миссионерлік деген кезде Христиандық пен отаршылдық, Христиандық деген кезде де миссионерлік ойға оралады.
Миссионерлік ұйымының және әрекеттерінің іргетасын Матта Інжіліндегі 4.Бап 19-сөйлем, 28.Бап 18-20-сөйлемдер қалыптастырған. Мұнда Исаның соңынан еру және осы мақсатқа орай адамдарды тарту және жақтастар табу; оларды Әке, Ұл және Қасиетті Рух атымен шоқындыру бұйырылған. Мінекей, осы сенім мен түсінік тарих бойынша, Христиан миссионерлігінің мәнін қалыптастырып, атқарылатын жұмыстарында миссионерлерге демеу болып отырған. Жоғарыда аталған сөздерден жігер алған миссионерлер Хриситан дінін жер жүзіне жаю үшін әртүрлі жолдар қолданған және барлық мүмкіншіліктерді пайдаланып отырған.
Миссионерлік, пайда болған күннен бастап бүгінгі күнге дейін, бүкіл дүниедегі ғылыми, әлеуметтік, мәдени, саяси жаңалықтарды пайдалана отырып қызмет саласын жаңалау және өндіріс тиімділігіне бағытталған жаңа жоспар мен жобалар ойлап табуда. Әсіресе ХХ ғасырдың жартысынан бастап, яғни үшінші дүние мемлекеттерінде тәуелсіздік қозғалыстарының басталуымен қатар шіркеулердің миссионерлік жұмыстары қиындай түсті. Осыған байланысты шіркеулердің тұтастығы мен бүкіл әлемдегі күшін көрсету және барлығына ықпал ету әсерін арттыру үшін 1961 жылы Делиде өткізілген жиында «Дүниежүзі Шіркеулер Ұйымы» (ДШҰ) құрылды. Біріккен Ұлттар Ұйымы қарамағында мемлекетсіз өкілеттік мәртебесіне ие болған бұл Ұйымға 1963 жылы «Дүниежүзі Миссионерлік Конференциясының» қатысуы туралы шешім қабылданды. Заңды түрде мәртебе алып дами түскен Мисссионерлік 1990 жылдардан кейін дүниежүзінің шамамен барлық мемлекеттерінде дерлік филиалдар ашып, еркін ісшаралар жүргізетін жағдайға қол жеткізді. Протестант, Католик және Православие шіркеулері арасындағы диалог нәтижесінде Миссионерлік халықаралық деңгейде қызметін әсерлі және табысты түрде жүзеге асыру үшін; Европа Шіркеулер Конференциясы, Азия Христиандар Конференциясы, Тынық Мұхит Шіркеулер Конференциясы, Африка Шіркеулер конференциясы, Таяу Шығыс Шіркеулер конференциясы атымен ұйым немесе конференциялар құрды. Аталған құрылымдардың атқарған жұмыстары Інжілдің аудармасын әлем тілдеріне тарату және көбейтіп-басу жұмысын атқаратын және барлығы 56 ұйымнан тұратын «Дүниежүзі Інжіл Ұйымдары Одағының» құрылуына әкеліп соқты.
Осы жерде аталған сала мен мақсаттарға сүйене отырып, ұйымдасқан Миссионерліктің мақсаты не деген сұрақты қою қажет. Жауабы былайша болып келеді, миссионерлік барлық адамзатты қамтитын, екі сатылы бір жобаның жемісі болып табылады. Біріншісі діни тармақ және мақсаты Христиан дінін тарату. Өздерін шіркеуге атаған кісілерден құралған Миссионерлер, қасиетті деп қабылдаған бұл мақсат үшін кез- келген істі жүзеге асыруға дайын. Бұларды бір жерде әскери адам, дәрігер, мұғалім, тілші, спортшы, қоршаған ортаны қорғаушы, бейбітшілік еріктісі т.б. кейпінде көрсек, басқа бір жерде қайырымды монах немесе монах әйел, медбике немесе күтуші сияқты әртүрлі әлеуметтік іс-шаралардың басшысы болып алдымыздан шығады.
Миссионерлік жобаның екінші және басты сатысы - саясат. Шындығында бірінші саты екінші сатыға өту процесі болып табылады. Миссионерліктің діни қызмет емес екендігін көрсететін, оны ақиқи мақсатына жетелеген және отарлау саясаттарының бір бөлігі жағдайына алып келетін бұл жобаның жүзеге асуы нәтижесінде бүкіл әлемде «Христиандық орталықты және саяси басқару-тәртібі» орнатылады.
Осыған орай миссионерлік әрі шіркеудің әрі оған қолдау көрсететін мемлекеттердің іште және сыртта күшеюі үшін Христиандықты бір құрал ретінде қолдануы болып табылады. Оның мақсаты тек Христиандықты тарату ғана болса, Батыс мемлекеттері өзінің ішіндегі атеистерге, сатанистерге қарсы немесе жоғалып кеткен дін сезімін дамытуды көздеген жұмыстарын одан да қарқынды түрде жүзеге асырған болар еді. Егер де жасалған істер бұлар болмаса, онда миссионерлік шынтуайтқа келгенде дінді пайдакүнемдік үшін қолдану екендігіне көз жеткізуге болады.
Миссионерлік қызметіне қарсы әсерлі және күшті болудың екі берік жолы бар. Біріншісі олардың мақсат пен әдістерін өте жақсы білу және бақылау, екіншісі өзімізді тану, әлсіз тұстарымыздың қолданылуына қарсы тұру, сеніміз бен мәдени құндылықтарымызға ие болу.
Барлық осы жайттарға байланысты миссионерлік пен миссионер ұғымдары, қолдану мен мазмұнының кеңеюіне сай, мағына мен мазмұнын жаңалап дамыта түсті. Нәтижеде миссионерлік пен миссионер ұғымдары кейбір жерлерде жанға жағып және өзімсініп оған қолдау көрсетілуімен қатар көпшілік әлеуметтік, саяси және мәдени орталарда мазасыздықпен, жеккөрінішпен қарсы алынып, кейбір жағымсыз реакциялар туғызады. Христиан әрі Ислам мемлекеттерінде миссионерлік қызметіне қарсы әртүрлі қорғаныс пен қорғану шаралары алынуда…
МИССИОНЕРЛІКТІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ДАМУЫ
Түсірілген күннен бастап бүгінге дейін, бүкіл дүниежүзіндегі қоғамдық көзқарас бойынша аталып өткендей, өзгермеген және өзгеріске ұшырамаған тек илахи кітап болып табылатын Құранның түсініктемесі бойынша Алланың адамзатқа арнап көңіліне жаққан, қабылдаған және еске алатын тек дін Ислам болып табылады. «Насараның діні» мен «Еврейлердің діні» түсініктемелері де Құранда көрсетілген. Осылай бола тұра, тарихи процесте бұл екі дінді жамағаттың діндерінің атаулары ретінде қолданылған “христиандық”және “еврейлік” сөздеріне бұл жерде түсініктеме берілмеген.
Шындығында Насараның діні мен Еврейлердің діні және Ислам тек дін, бәрі бір жерден келген. Яғни, бұл үш дін илаһи түптес, Алладан келген болып табылады. Осы тұрғыдан, бірдей негізге негізделген, хабарлары да бірдей . Алайда, бұлардың алғашқы екеуі тарихи процесте, илаһи хабар ерекшелігін жоғалтып мазмұны мен атауы жағынан өзгеріске ұшыраған. Илаһи түптес діндер арасындағы айырмашылық пен күрестер, осы бұзылу мен өзгеріс нәтижесінде «еврейлік» пен «христиандық» атын алған илаһи түптес екі дін (Насараның діні мен Еврейлердің діні) арқылы ерекшелігін сақтап қалған Ислам арасынан орын алған.
Дін тарихына көз жіберсек, алғашында христиандар мен еврейлер және мұсылмандар арасында достық және жақсы көрші тұрғысынан байланыс құрылады. Ислам Пайғамбарының алғашқы байланыс құрған адамдары алдыменен христиандар мен еврейлер болуымен қатар, алғашқы мұсылман көштері де халқының басым көпшілігі еврейлер болып келетін Ясреб қаласы мен христиан мемлекеті болып саналатын Хабешистанға жасалды. Хабешистанның мемлекет басшысы (Неджаши, Меккелік пұтқа табынушылардан Мұсылман эмигранттарды қорғап, көп уақыт бойы мемлекетінде қонақ қылған.
Кейіннен, Исламның Арап түбегінен тыс жерлерде Ирак, Сирия, Палестина, Египет, Испания сияқты христиандық Византия-Орта Азия өлкелерінде жылдам таралуы, шіркеудің үстемдігін әлсіретуі христиан дін адамдарын, мемлекет басшыларын және басқа да ықпалды кісілерді Ислам мен мұсылмандарға қарсы тұруға итермеледі; осыған байланысты бұл екі дін жақтастары арасындағы бастапқыдағы жақсы қарым-қатынастың орнын соғыс пен дұшпандық басты. Крес жорықтары… Империалистік іс шаралар... Мәдени Империализм Күресі… Шығыстанушылық… Миссионерлік… Діндер мен Мәдениеттер арасындағы диалог… Мінеки, осының бәрі дұшпандық нәтижесінде пайда болған қараниет құрылымдар мен оқиғалар болып табылады…Құлауға жақын Христиан Рум империялары мен Шіркеу мұсылмандарға тарттырған жеңілістерді әйтеуір бойына сіңіре алмй-ақ қойды…
Христиан әлемі, Орта ғасырда, алдыменен Крес жорықтары, кейін империалистік іс-шаралар арқылы мақсатына жете алмаған соң, мәдени соғысқа, яғни мәдени империализм күресіне кірісті, осының салдарынан Шығыстану, Диалог пен Миссионерлік жұмыстары қарқындай түсті. Аталмыш жоспардың штаб қызметкерлері ретінде дайындалған миссионерлер қайырымдылық көмектері, бейбітшілік пен қайырымдылықты, диалог пен сүйіспеншілікті алға тартып, іс шараларын жүзеге асыру жолдарына түсті. Олар, осы құралдар мен әдістердің бәрін тиімді түрде пайдаланып, табыстан-табысқа қол жеткізді. Алайда, кейбір мемлекеттер мен қоғамдарда бөлушілік, дұшпандық, аймақтық, дін мен секта қақтығыстары да миссионерлік әдісі болып табылады. Осы себептерге байланысты әлсіреген немесе бөлінген, жапа шеккен және зиян көрген қоғам миссионерлер үшін ең қолайлы орта болып табылады.
Миссионерлік қызметтің басты факторы бұдан бұрын айтылғандай, империализм болып табылады. Мәдени империализмнің үстемдікке қол жеткізу жолдарының бірі ретінде саналатын миссионерлік, жалпы алғанда қайырымды-жұмсақ көріністі және адамгершілікті мақсатты болып келеді. Империализмнің мақсаты, бір мемлекетті басып алу, жерін қолға түсіру, жер астыжәне жер үсті байлықтарын қолдану емес, халықтар немесе мемлекеттер арасындағы шиеленіскен қарым-қатынасты өзгерту құралы ретінде, халықтың ойы мен ақылын жаулап алу, бақылауға алу болып табылады. Яғни, жасырын түрде жаулап алу және езіп, билеп-төстеу. Осылайша, бір мемлекет өзінің мәдениеті мен идеологиясын бүкіл құралдары және мақсаттарымен бірге басқа бір мемлекет немесе халықтың тіршілігі мен ақыл-ойына үстем қылып, ақылы мен сана сезімін бақылауға алуда және өзінікіне ұқсас жағдайға келтіруде. Мәдени империализм дәуірімізде ең ықпалды күш болумен қатар, миссионерлікке жол ашуда, мисиионерлердің қызметіне көп қолдау көрсетуде. Мәдени имепериализмнің басты мақсаты интеллектуал және білім саласындағы беделді кісілер мен мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты жайында шешім қабылдау құқығына ие кісілерді қолға түсіру.
Негізінде, миссионерліктің тарихы, Шығыс пен Батыстағы іс-шараларға көз тастасақ, құрылуы мен дамуы тұрғысынан бірнеше ғасырларға созылады және Шығыстанумен тікелей байланыста бола тұрып, осы күндерге дейін келіп жетті. Сондықтан, миссионерлік империализм және ориантализмнен бастау алған десек те қателеспейміз.
3. МИССИОНЕРЛІКТІҢ ӘДІСТЕРІ
Миссионерлік, жалпы алғанда дінді тарату ісі болып табылады. Яғни, жеке тұлғалар мен қоғамдарды, сол кездегі жағдайларын, мәселелерін қолданып, христиан қылу немесе христиандыққа енгізу жұмысы. Сол себептен, миссионерлік қозғалысының өзіне тән инфрақұрылымы, құралдары, әдістері, жүзеге асу кезеңдері, жүзеге асырушы адамдары мен таңдалып алынған аумақтары мен мемлекеттері және қауымдары бар.
Миссионерлік, көзделген орта ретінде, христиандарды және мұсылмандарды, әрі басқа дін өкілдері мен атеистерді және деистерді таңдап алады. Христиандықтың бұдан әрі өнеркәсіп пен ақпараттық қоғамдастықтардың талабына жауап бере алмауы; Еуропа мен Америкада қарқынды түрде әлсіреуі; күн өткен сайын шіркеулердің есіктерінің жабылуы; бір жағынан басқа дін ізденістерін күн тәртібіне алып келсе, бір жағынан да қарсылық көрсету, өзін-өзі қорғау, нығайту және өмірін жалғастыру жұмыстарына итермелеуде. Бәлкім, миссионерлік міне осы түсінік пен қауіптенудің өнімі шығар. Азия, Африка, Америка мен Австриалияда жайылу, аталмыш жерлердің жер асты және жер үсті байлықтарын пайдалану, бұл жерлерде саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан үстемдік құру ойы да миссионерлікке күш беруде.
Бір жағынан, Ориентализм жұмыстарымен тығыз байланыста жүргізілетін миссионерлік төмендегі материалды пайдалана отырып, іс-шараларын жүзеге асыруда:
1. Шығыс мемлекеті мен халықтарының барлық жағынан ыдырауға ұшырауы;
2. Шығыс немесе Азияның табиғи және мәдени байлықтарының Батыстың пайдасы үшін іздестіріліп табылуы және пайдаланылуы;
3. Шығыс халықтарының ұлттық және рухани құндылықтары жайында сенімсіз немесе күдікті жағдайда болулары;
4. Тәлім-тәрбие беру және мәдениет орындарының Христиан Батыс санасезімі бағытында құрылуы мен ісшаралары.
5. Халықтардың материалдық және рухани жағынан әлсіздігі, бытыраңқылығы, дұшпандықтары.
6. Әлеуметтік және экономикалық қиындықтар мен көмекке зәрулік;
7. Діни сауатсыздық және мәдениетсіздік.
8. Этникалық айырмашылық пен аймақтық бытыраңқылық.
Миссионерлік жұмыстары, жалпы алғанда, дүниежүзінің әр жерінде көрініп қалса да, көбінесе проблемалы және қиындықта болған аймақтар мен халықтар арасында кеңінен таралуда. Индонезия, Босния, Филиппиндер, Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Ауғанстан сияқты Қиыр Шығыс мемлекеттері, Ресей, Орталық Азия республикалары, Балкандар, Таяу Шығыс мемлекеттері, Африка мен Латын Америкасы мемлекеттері миссионерлердің басшылылығымен жұмыс жүргізілген жерлер болып табылады. Соғыстар, табиғи апаттар, індеттер, әлеуметтік және экономикалық қиыншылықтар, саяси және идеологиялық проблемаларымен аймақтық мәселелері бар мемлекеттер миссионерліктің ең қолайлы және бірінші кезектегі алаңдары болып табылады.
Осы орайда, адамзаттың депрессиялы, проблемалы және қысылтаяң кездерінде жанында болатын, қолынан ұстап, көңілін аулайтын, мәселелерін шеше алатын адамдар арасынан миссионерлер таңдалып алынады. Бұған байланысты дәрігер, медбике және басқа да медициналық қызметкерлер, дін адамдары, социолог және психологтар, бизнесмен және экономистер, Қызылай сияқты ерікті ұйымдардың мүшелері, мұғалімдер мен білім қызметкерлері миссионер қоғамдастығының таңдаулыларын құрайды.
Миссионерлік мектептері мен колледждерінде, арнайы дайындалған миссионерлер армиясы бұларды тәрбиелейді, басқарады және бағыт береді. Қандай сыныптан шықса да миссионерлер, барған мемлекеттер мен қауымдардың әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени ерекшеліктеріне қарай тәрбиеленеді. Әртүрлі деңгейдегі оқу-тәрбие орындары, ауруханалар, шіркеулер, интернаттар мен қарттар үйі, миссионер мектептері, әлеуметтік және мәдениет орындары миссионерлердің қайырымдылық қызметі атын жамылып, міндеттерін орындайтын жерлер болып саналады.
Әлбетте миссионерлік үшін қолданылатын бағдарлама мен жүргізілетін іс- шаралар әр жердің және әр халықтың сол кездегі шарттарына сай болуы тиіс. Мысалы, Индонезияда жүргізілетін миссионерлік жұмыстары мен Балкандар немесе Скандинавия мемлекеттерінде жүргізілетін жұмыстардың кәдімгідей айырмашылықтары болады. Тағы да бір мысал, мұсылман және христиан мемлекеттеріндегі миссионерлік әдістердің ерекшеліктері әртүрлі болып келеді. Әр елдің ғылыми және технологиялық жаңалықтары ең тиімді түрде пайдаланылады. Теледидар, радио, баспасөз құралдары, интернет, кітапхана, археологиялық жұмыстар мен этнографиялық мұражайлар үгіт-насихат құралдары болып табылады. Осыған орай, миссионерлердің қызмет көрсететін елдерінде әртүрлі ақпарат құралдары, газет пен журналдары шығарылады.
Қорыта келгенде, миссионерлер барған қауымдарының әлеуметтік, мәдени және экономикалық құрылымдарын, саяси режимін зерттеп қолдануда деп айта аламыз. Жұмыстарын жүргізетін қауымдардың мінездемелерін, санасезімін, елдердің басқару механизмдерінің жұмыс істеу стилін жақсы түсініп аңғарады, әлеуметтік және мәдени айырмашылықтарды анықтайды. Яғни, миссионерлер өздеріне сай келетін әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси ортаны дайындағаннан кейін, қызметтеріне кіріседі. «Тәуелсіздік беру», «әлеуметтік әділеттілік орнату», «бейбітшілік және кеңпейілділік ортасын құру», «діндер мен халықтар арасындағы диалог» миссионерлердің басты үгіт-насихат құралдарын немесе әдістерін құрайды. Алайда олардың негізгі мақсаты “халықтарды христиан дініне кіргізу” болып отыр.
МИССИОНЕРЛІКТІҢ ҚЫЗМЕТ САЛАЛАРЫ
ХХ. ғасырда инфрақұрылымы, құрал-жабдықтары, ұйым және мекемелерімен бірге өзін де жаңартқан Миссионерлік Ұйым, әсіресе, екінші ІІ Ватикан шіркеулік собордан кейін жаңа миссионерлік ұғымы пайда болды. Бірінші кезектегі әрекет алаңдары ретінде 3-ші Әлем Мемлекеттерін, этникалық, әлеуметтік, мәдени және саяси тұрғыдан маңызды мәселелері бар Таяу Шығыс халықтарын, Қиыр Шығыс, Азия мен Орталық Азия мемлекеттерін таңдап алды. Тәуелсіздендіру, әлеуметтік әділет пен теңдік, демократия мен төңкеріс, бейбітшілік, диалог және төзімділік ұғымы арқылы көптеген теориялар жасалып, жоспарлар мен жобалар ойлап табылды. Бұлар жалпы алғанда даму мен өркендеу мәселесін, әлеуметтік және этникалық проблемаларды, экология, денсаулық мәселелерін, кедейшілік пен артта қалумен күресті, отбасын жоспарлау, тәлім-тәрбие беру істерін, аймақтық бейбітшілікті қамтиды.
Миссионерлік, жаңа әрекет алаңдарында көптеген Кеңес пен Қауымдастықтар құра отырып, ісшараларын жүзеге асырып отыр. Кедей және артта қалған елдердің халқына көмек көрсету, тәлім-тәрбие және медициналық қызметтер ұсыну үшін «Дүние жүзінде Әділет Одағы», «Христиандық Бейбітшілік Конференциясы», «Лютершіл Дүниежүзілік Дамуға Көмек Одағы», «Христиандық Дүниежүзі Байланыс Одағы», «Христиан Әдебиетін Дамыту Мекемесі», «Бүкіл Дүниежүзілік Христиандық Білім Кеңесі», «Дүниежүжілік Миссионерлік Коммиссиясы» Өкүмене Қозғалысы,Евангелизация немесе Дүниежүзілік Бейбітшілік”, “Дүниежүзі Шіркеулер Өкүмен Кеңесі»және осыларға ұқсас т.б. мекемелер құру үстінде.
Бұларға қоса, қызмет көрсету саласы ретінде 3-ші дүние мемлекеттері мен дамушы мемлекеттерді көздеген 23 «Біріккен Миссионерлік Ұйымдары» бар.
Жоғарыда аталып өткен миссионерлік ұйымдар мен миссионерлер, барған жерлерінің әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси құрылымына байланысты жұмыстар жүргізуде. Мысалы, 3-ші дүние мемлекеттері мен дамушы мемлекеттерде оқу-тәрбие, мәдени және ғылыми жұмыстар жүргізумен қатар, жетімханалар, бастауыш мектептер, жатақханалар, кітапханалар, интернет залдары, шет тілі курстары, мәдениет орталықтарын ашуда, мерзімді басылымдар, ағымдағы баспасөздер, кітаптар мен ұқсас баспа құралдарын шығаруда. Экономикалық және әлеуметтік жағдайлары нашар отбасыларға және балаларына әртүрлі аттармен көмек көрсетуде, тегін денсаулық қызметтерін көрсетуде, жұмыспен қамтамасыз етуде т.б. Нашар және мұқтаж жағдайларында адамдарға жақындасып көмек беруде. Көмек пен миссионерлік екеуі бірге ойға оралуы керек. Алайда, дүниежүзінің барлық түкпірінде арнайы университеттер мен теология факультеттері, шығыстану институттары, Түркология Институттары, Халықаралық Миссионерлік Зерттеу Орталықтары, Азия, Орталық Азия Зерттеу Орталықтары сияқты бір жағынан ғылыми-зерттеулер жүргізетін, бір жағынан жергілікті халық өкілдерінен миссионерлер дайындап, миссионерлік қызметпен айналысатын мекемелердің осы саладағы міндеттері мен әсерлері өте маңызды.
Миссионерлік мекемелер мен олардың басшылары, аймақтық жауапты қызметкерлер алты айлық және біржылдық жиналыстарда жасалған жұмыстарға баға береді, жаңа тәсіл мен мақсаттарды ойластырады.
5. ТӘУЕЛСІЗ ТҮРКІ ТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ
МИССИОНЕРЛІК ҚЫЗМЕТ
а. Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтар арасындағы
христиан діні мен миссионерлік
Христиан діні мен миссионерліктің Орта Азия Түркі тілдес халықтар арасында болуы, бұлардың Таяу Шығыста пайда болуымен басталады. Өйткені, христиандықтың Орталық Азияға жайылуы Месопотамиядағы орталықтардан және Иран үстіртінен бастау алады. Исаның апостолы ретінде саналатын Әулие Томас арқылы Орталық Азияда «христиандандыру» қозғалысы мен миссионерлік жұмыстары пайда болды. Яғни, христиандық Орталық Азия мен Қиыр Шығысқа бағыт ала отырып кеңею үшін, миссионерлік іс-шараларға V. ғасырдан бастап білектерін сыбанып кірісе бастады.
Атақты шығыстанушы Й. Пауль Раух Орталық Азиядағы алғашқы миссионерлік қызметтері туралы былай деп жазады:
«Христиандықтың мұсылман түркі қауымдарына бағытталған миссионерлік қызметінің тарихы көптеген ғасырларды қамтиды. Мысалы: орыстардың Православие Шіркеуі XVI. ғасырдан бастап Ресейдің шығысындағы Волга (Еділ) өзенінің жағалауында өмір сүрген түркі тілдес қауымдастықтар арасында миссионерлік қызметін жүргізген болатын».
Қай христиан діни ағымына жатса да миссионерлер жүктелген міндеттерді орындау үстінде күшті миссионерлік сезіммен әрекет етеді. Бұл сезім олардың әркіммен, әсіресе халықпен тығыз байланыста болуына себеп болады. Жоғарғы мемлекет қайраткерлерінің, мысалы, Моңғол ханзадаларының, Шыңғыс хан ұрпағының христиандықты қабылдауы немесе христиандарға жақсы қарауы миссионерлердің жоғарғы мемлекет басшылары және бюрократтармен шұғылдануына итермелеуде. Елшілермен бірге көптеген дін адамдары мен саудагерлер Орталық Азияға христиан дінін жаюға тырысқан. Қытай, Үндістан, Жапония мен Орталық Азияда миссионерлік жұмыстар үшін арнайы дайындалған миссионерлер мемлекет басшылары мен жоғары лауазымды басқарушылармен бетпе-бет қарым-қатынас орнатып, қатты ықпал етті. Мінеки, осындай түсініктер мен әдістер арқылы христиандық Шығыс және Орталық Азия халықтары арасында таратылды, осылайша империалистік режимдердің де іргетасы қаланды.
ХХ. ғасырда Бірінші дүниежүзілік соғыс, Балқан соғысы, Екінші Дүниежүзілік Соғыс сияқты Азия, Еуропа, Америка және Африка халықтары арасындағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастарды жойған оқиғалар мен Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде пайда болған жаңа құрылым Орталық Азиядағы түркі тілдес қауымдастықтарға да едәуір әсер етті. Тәуелсіздік құрылымдар…, Индустриализация…, Гностизм…, НАТО…, Варшава Бітімі…, Жаһандану… Тәуелсіздік Қозғалысы…, ЮНЕСКО…. Міне, осы қайта құрылу және аталмыш оқиғалар адамзат әлемін, осыған байланысты Түркі халықтарын жаңа процеске әкеп соқты.
Өз болмысына қайта оралу, өзін-өзі іздеу, тұлға мен кісілік тергеуі… Болашаққа көзқарас…
Білім және технологиялық дәуірдегі қауымдастықтар жаңа заманның адамзат үшін төзімділік, бейбітшілік, сенім және түсінушілік заманы болады деп үміттенуде еді. Бірақ та, Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтар: «Құдайға сенбеу және дінді танымау (атеизм және деизм) идеологияларының қылқындырған қарғысынан құтылдық па? - деген сұрақ туындаған кезде, діни экстремизм, фундаментализм, радикализм, вахабилік, хизбуттаһрир миссионерлік, діни лаңкестік, талибан, ел каида сияқты елдің және қоғамның тыныштығын бұзатын саяси, идеологиялық және діни-философиялық ағымдар мен қозғалыстарға тап болуда. Оның үстіне саяси, этникалық және діни одақтардың бастамаларымен «Шығыс-Батыс (Азия-Еуропа, Мұсылман-Христиан) күрестері басталып кетті. Кейбіреулер, бір жарым миллиардқа жуық жақтасы бар, әртүрлі бейбітшілік пен бауырмашылдықты насихат ретінде таратқан Ислам мен терроризмді біртұтас қылып көрсетті, осының салдарынан Ислам дінін жаңадан тәуелсіздікке қол жеткізген және ізденіс ішінде болған түркі халықтарының алдында беделін түсіруге тырысты.
1990-шы жылдардан бастап, яғни Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттерде миссионерлік өзіне ыңғайлы әрі тиімді орта тапты. Енді ғана тәуелсіздікке қол жеткізген, ұлттық және рухани құндылықтарын нығайтып, жасатуға тырысқан Ұлы Түркістанның мұсылман түркі тілдес халықтары арасында әртүрлі әңгімелер жүргізу арқылы және көмек көрсету қызметтерінің әдістері бойынша христиан діні туралы үгіт-насихат жүргізе бастады. Миссионерлік әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан көмек көрсету ұйымдары, ғылыми және мәдени орталықтары, оқу-тәрбие мекемелері арқылы Орталық Азиядағы тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттердің қоғамдық құрылымына сіңіп кетуді көздеген. Көптеген Еуропа елдерінің қаржылай көмегімен нығая түскен миссионерлік құрылымдар тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттерде үгіт-насихат механизмдерін орналастырып үлгерді. Протестанттық миссионерлер, баптистер, інжілшілер, Йегово куәгерлері, бейбітшілік еріктілері мен буддист миссионерлер дайын қызметкерлерін әр-әр жерге жіберген болатын.
Шындығында, Кеңес Одағы кезеңінде ұлттық және рухани құндылықтарын жеткілікті дәрежеде үйрену мүмкіншілігі болмаған түркі тілдес халықтар тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін тарихи, мәдени, этникалық, ұлттық және діни құндылықтарын іздестіре бастады. Кеңес режимінің құрылымы бойынша әлсіреген, көп жағынан әсері мен мән-мағынасын жоғалтқан рухани болмысына қайтадан қол жеткізу, дінін-діни сенімдерін дұрыстап үйренгісі келе бастады. Оның үстіне, демократиялық басқаруға ие болған Батыс әлеміне кіру, оның ғылыми және технологиялық мүмкіншіліктерімен танысуға тырысып келеді.
Бірақ та, Миссионерлік ұйымы мен кейбір христиандық Еуропа елдері осы жағдайды пайдаланып қалуды көздеп отыр. Алдымен Орталық Азия аймағында өздерімен этникалық және діни жақындықтары бар халық өкілдерінен (орыс, неміс және кореялық) қызметкерлер таңдап алып, оларды тәрбиелеп шығарады. Аймақтағы түркі тілдес қауымдастықтардың тілінде жазылған христиандыққа тән әдеби шығармалар таратылуы, олардың ішінен Христиан дін адамдарының дайындалуы мен осы дін адамдарын дайындайтын мектеп пен басқа да мекемелердің ашылуы миссионерліктің бірінші кезектегі іс-шаралары болып табылады.
Осы күнде Орталық Азиядағы тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттерде миссионерлердің басым көпшілігін осындай ерекшелігі бар кісілер құрайды. Бірге өмір сүріп жатқан халықтың әлсіз және күшті жақтарын, елдің проблемаларын жақсы білетін жергілікті миссионерлердің қызметі, әлбетте көбірек пайда береді және жемісті болып шығады.
Орталық Азия Республикаларында, ресми және шамамен берілген сандық мәліметтер бойынша тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары дінін ауыстырып, христиандыққа өткен мұсылмандардың саны жылдан-жылға арта түсуде және олардың саны жүздеген мыңға жетіп жығылады. Олардың басым көпшілігін қазақтар құрайды, сонымен қатар олардың арасында өзбектер, татарлар, ұйғырлар, қырғыздар және дұнғандар да баршылық.
Көптеген жазушылар мен зиялылардың бұл мәселе төңірегінде айтқан сындары мен ескертпелері көбінесе саяси мен әкімшілік орындарға бағыттала отырып, төменде көрсетілген жағдайлар төңірегінде жинақталуда.
Көзбояушылықпен мұсылмандықты алға тартып дауыс жинау немесе адамдардың құрметіне бөлену үшін «өзіне әшекей» жасап алатындарға бұл жағдай ешбір уақыт уайым-қайғы әкелмейді. Олардың қазіргі кезде арттарынан қалмай отырған ғаламдық капитализмнің миссионерлік ойындарына қарсы тұру ойына да келмей отыр. Егер сіз уайым-қайғыңызды айтсаңыз, олар «еркін бәсекелестік ортасы» туралы сөз етеді.
Бірақ бұл, олар ойлағандай болып отырған жоқ. Бұл жерде еркін бәсекелестік орта болмайды...
Миссионерлер өте жақсы дайындықтан өткен қызметкерлер болып табылады… Оның үстіне қалталарында әрдайым жеткілікті мөлшерде доллар болады… Өте жақсы басылып шыққан түрлі-түсті кітаптары да бар… Діндеріне кірген адамдардан көп нәрсе де күтпейді.
Иса Месих және оның Тәңірінің баласы Тәңірі екеніне сенесіз. Сонан соң оның атынан дін құрған адамдардың дінін қабылдайсыз. Сізге ұсынылған інжіл мен оның беттерінің арасындағы долларларды аласыз. Одан кейін інжіл сіздікі болады, еліңіз де осы дінді саудалағандардікі… Одан кейін не болады дейсіз ғой? Олар сіздің мемлекетіңізді басқарады және ұйымдары өзіңіздің қаныңызды сора береді… Сіздің қолыңызда не қалады? Бұны басып шығарған кітаптарында былайша түсіндіреді: “Жұмақта осыған ұқсас табиғат суреті, алысырақта теңіз бен жанында бір сыйлық… Осыған ұқсас өте әдемі ортада сені де шексіз өмірге алып баратып білім алуыңа көмекші болады.”
Қауіп өте зор. Жастарымыз қарқынды түрде діні мен халқынан қол үзуде. Осылардың бәрінің артында үлкен имеприалистік ойындар тұр.
5. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МИССИОНЕРЛІК МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Қазақстан Республикасы жер көлемі жағынан дүниедегі тоғызыншы ең ірі ел болып саналады. Геосаяси жағдайы өте маңызды. Халқының басым көпшілігі - 60 %-ы қазақтар, ал қалған бөлігін орыстар, өзбектер, түріктер, әзірбайжандар, кореялықтар, немістер және басқа да халықтар құрап отыр. Қазақстанда ислам, христиан, буддизм, иудаизм дініне кіретін адамдар бірге және бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақстанның Қытай, Ресей, Иран сияқты елдермен шекаралас болуына байланысты әртүрлі мәдениет және өркениеттермен қарым-қатынасы бар.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бейбітшілік пен төзімділікті ұстанған саясатының арқасында Қазақстанда көп халық және көп дін бір жерде тіршілік етіп жатыр. Мемлекеттегі дін және ар-ождан бостандығына байланысты заңдар діндердің бірінің басқа бір дінге үстемдік жүргізуіне немесе адамдарды айламен немесе күшпен қандай болсын басқа бір дінге енгізу жұмысына жол бермейді. Егер жағдай осылай болса, миссионерлік қызметінің не керегі бар?
Бірақ миссионерлік мекемесі бір жағынан елдегі дін мен ар-ождан бостандығын пайдалана отырып, бір жағынан «Айрылғанды аю асайды, бөлінгенді бөрі асайды» дегендей, тәуелсіздіктен кейінгі құрал-жабдық пен инфрақұрылымның тапшылығы, экономикалық мүмкіншіліктің болмауы, әлеуметтік және мәдени проблемалары болған қазақ халқы арасында идеологиялық жұмыстар жүргізуді жөн көрді және бұл жерлерге әртүрлі атты жамылып көптеген елдерден қаптаған миссионерлер жіберіп отырады. Бұлардың ішінде Қазақстан мемлекеті тарапынан қызметі белгілі миссионерлік ұйымдармен қатар: іскер (бизнесмен), оқытушы, денсаулық қызметкері, мұғалім және осыған ұқсас қызметтермен келгендері де болып тұрған. Осыған орай, орыс халқы өкілдерінің басым аймағы Солтүстік Қазақстан мен қазақ ұлты көбірек орналасқан жер Оңтүстік Қазақстанда миссионерлік қызметі жиірек көзге түсуде. Мысалы, облыс әкімшілігі қызметкерлерінің берген ақпараты бойынша, Шымкент қаласы орталығы болып саналатын Оңтүстік Қазақстан облысында 35 миссионерлік қызмет орталығы тіркелген екен. Бұдан басқа, осы жерде тек қана жастар мен әйел адамдармен арнайы айналысатын 16 мисионерлік жастар және әйелдер ұйымы құрылған болып шықты. Православиелік миссионерлер, евангелистер, Бейбітшілік Еріктілері, баптистер, Йегово куәгерлері осылардың арасындағы ауқымды және белсенді түрде қызмет беретін ұйымдар болып табылады. Аталмыш ұйымдар қызметін жүзеге асыру үшін елдегі Шіркеу мен Христиан жамағатын пайдаланумен қатар, әйел және жастар ұйымдары арқылы бүкіл халықпен қарым-қатынас орнатқан.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев өздеріңізге белгілі болғандай, Шығыс-Батыс, Азия-Еуропа, Діндер арасындағы жақындасуға үлес қосу үшін 2003 ж. Астанада илахи және ұлттық діндер арасында құрылтай ұйымдастырды. Тікелей өзі төрағалығық еткен «Діндер арасы достық құрылтайы» атты осы жиналысқа әлемдегі 18 ірі дін жамағаттарының өкілдері қатысты8.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі 2003 ж. ақпан айында Астанада жоғары оқу орындарының басшыларын жинап, университет жастарының ұлттық және рухани проблемалары мен шешімдерін арнайы отырыста қарастырды. Қазақстан Республикасының облыс және қала әкімдері де әртүрлі жиналыстарда жастардың мәселелері мен халықтың әлеуметтік, мәдени, экономикалық және басқа да проблемаларын қарастырып өтті. Қазақстан азаматтарының зиянды және бөлуші қозғалыстарға, саяси және философиялық идеологияларға қарсы ақпараттандырылып, қорғау жолында көптеген іс шаралар жүзеге асырылыпты…
Ислам бейбітшілік пен төзімділікті насихаттауға ат салысса, Қазақстан Президенті аталмыш диалог жиынында қатысушыларды достық, бауырмашылдық, жақсылық пен әдемілік, бір-бірін түсінушілікті, сүйіспеншілік пен сыйластықта өмір сүруге шақырып отырса, осы елде миссионерлік қызмет көрсету қандай мақсат көздеп отыр? Олай болса, олардың мақсаты мұсылман қазақ халқының арасына діни іріткі салу, христиан дінін жаю болуы мүмкін. .
____________________________________________________________________
8 2003-ші жылғы сәуір айында жиналған осы “Діндер арасы достық құрылтайы” туралы көбірек ақпарат алу үшін қараңыз: Әбсаттар Қажы Дербісәлі (Қазақстан Мұсылмандар Дін басқарамасының төрағасы) Діндераралық Достық - уақыт талабы, Ислам және Өркениет газеті, 2003 жыл сәуір, Алматы, 9(33) саны, 3-5 бет.
Негізінде, күн өткен сайын көбейе түскен миссионерлік іс-шаралардан әрі әртүрлі деңгейдегі басшылардың әрі халықтың мазасын алуда және қауіптендіруде. Республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабарлар мен мақалалар осы жағдайдың шын жүзін көрсетіп отыр.
Қазақстан Мұсылмандары Дін Басқармасының Төрағасы және Бас Мүфти Әбсаттар Дербісәлі Қажы Алматыда шығатын «Ислам және өркениет» атты газетте (2003 ж. сәуір, 9-33 саны) жарық көрген мақалада, құрметті Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен және қамқорлығымен өткізілген Дінаралық Диалог құрылтайы туралы мол ақпарат бере отырып және түсініктемелерін айта келіп, Қазақстандағы миссионерлік және оның мақсаттары туралы өте маңызды проблемаларға тоқталып өтті:
“…Ислам осылайша ізгі мақсаттарды көздеп отырғанымен, елімізге қуана-қуана келіп, әлеуметтік қоғамдастықтар ретінде тіркеліп “сендерге компьютер, ағылшын тілін үйретеміз” деп, әртүрлі айламен бауырларымызды өздерінің діндеріне тартқан миссионерлерге не деуге болады? Дінді қалқан қылып, жұрттың жағдайына қарап, діни сауатсыздықтарын және олардың проблемаларын пайдаланып, миссионерлік істерін жүргізу достық, ынтымақ пен тұтастық, ізгі ниетпен еш ұштаспайды. Онсыз да, миссионерлердің мақсаты тіпті басқа; яғни, тыныштықта өмір сүріп жатқан еліміздің берекесін қашыру. Осылардың артында зор күші бар бай діни ұйымдар тұр. Осы мәселе тек қана қонақжай момын халқымызға ғана емес, әсіресе, бүкіл қоғамымызға қауіп төндіруде.
Бұқаралық ақпарат құралдарының деректері бойынша, осы кезде басқа діни секталарды (Христиандық секталар) қабылдаған қазақтардың саны, егер бұл мәлімет дұрыс болса, 500 мыңға жетіпті. Бір ұлттың әртүрлі діндерге ыдырай бастауы және осылайша жалғаса беруі әрине жақсы емес. Мысалға Ливанды алып қараңыз; Халқының көпшілігі араптар, тілі мен мәдениеті тек біреу болса да, діні - екеу. Осы екі дінге кірген Ливан халқы 1970 жылдардан бастап, 10 жыл бойы бір-бірімен соғысты және бір-бірлерін өлтіруге дейін барды. Мінеки, бір ұлттың бірнеше дінге бөлінуінің осындай жаман нәтижелері бар. Осы жағдайды түсініп отырған ағартушыларымыз, әртүрлі тіл мен ұлтты мұсылман бауырларымыз Төрағалығымызға хат жазып, осы мәселелерге орай пікірімізді білгілері келетінін айтады. Алайда, 5-6 ғана қызметкері бар Төрағалығымыз олардың қайсысына үлгереді!
Сол себептен, осындай мәселелерге бүкіл ұлт болып қарсы күрескен жағдайда ғана нәтижеге қол жеткіземіз. Миссионерлікпен күресте мәдени, заңды жолдармен әрекет істеуіміз керек. Бұл мәселені уақытша ысырып қойыпа, кейінге қалдырмау керек. Өйткені, еліміздегі миссионерлер ешқашан құр қол отырмайды. Мысал келтіретін болсақ: орталығы Америка Құрама Штаттарындағы Лос-Анджелес қаласында орналасқан және елімізде қарқынды түрде қызмет көрсететін Інжіл сектасына кіретін Благодать Шіркеуінің қолымызға түскен бағдарламасына көз тастайық;
Кіріспе:
“Қазақстанда Тәңірінің сөзі мен халықтың діни сенімін өзгертейік”
Мақсат:
І. 2005 ж. дейін бүкіл Орталық Азияда және Қазақстанда қызмет істейтін жетекші кадрлар дайындап, оларға осы жерде лидер миссионер дайындайтын орта әзірлеуіміз керек. Орталық Азия мен Қазақстанда христиандықты тарататын орталықтарда мүмкіндігінше жақсы қызмет көрсетілуі керек.
ІІ. Орталық Азия мен Қазақстанда әскери троица қызметін жүргізу үшін терезелері 40-70 үлкендігіндей троица орталықтарын ашу.
ІІІ. Аталмыш орындардың барлық халқы (Орталық Азия мен Қазақстан) 2010 ж. дейін түбегейлі Інжіл нанымын қабылдайтын болады.
Стратегия:
1. Орталықтың төңірегінде бөлімдер құрып, 2005 ж. соңына дейін бұлардың санын 4000-ға жеткізу.
2. Інжілдендіру миссиясын жүзеге асыру, яғни, шіркеуде міндет атқарған қызметкерлер және миссионерлік арқылы Орталық Азия және Қазақстан халықтарының діни сенімдерін бұзу, олардың діни бастамаларының арасына Інжіл нанымын кіргізу, осылайша имандылықтарына зиян келтіру”.
Осы берілген түсініктемеден кейін Бас Муфти былай деді:
“Міне осылай! Көріп отырғандарыңыздай, бәрі айдан анық жазылған; Түпкі мақсат қазақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр және басқа да бауырлас мұсылмандарды өз (Христиан) дініне тартып, Орталық Азияда Ислам дінін түбегейлі көзін құрту. Стратегияда осының қалай және қанша уақытта жүзеге асырылатыны да көрсетілген.
Аталмыш діни ағымдар мақсаттарына осындай жоспарлар арқылы қол жеткізуде. Өткен жылы теледидар арналарының бірі миссионерлердің жұмыстары және дініміз туралы айтқандарын жариялады: Рамазанда ораза ұстау зиянды деп Исламның кейбір қағидаларын түп тамырымен құртқылары келетінін айтты. Бірақ, біз де осылай істеуіміз керек пе? Онда еліміздегі діни тыныштық пен бейбітшілік бұзылмай ма? Осындай себептермен бұқаралық ақпарат құралдарының дін мен дін аралық мәселелерге өте түсіністікпен, жауапкершілікпен қарағаса дұрыс болар еді.
2002 ж. ақпан айында Қырғызстанның Джалалабад қаласында өткен Халықаралық Конференцияға Америка Құрама Штаттары, Англия, Франция, Германия сияқты елдердің өкілдері де қатысты. Осындай, діни ағымдардың (секта) басшыларының бірі Дін істері басқармасының күн өткен сайын күшейіп келе жатқанын, осыған байланысты миссионерлердің ел ішінде қалағандарындай қызмет көрсете алмағандығын айтты. Мен оның бұл сұрақтарын жауапсыз қалдырмадым: орнымнан тұрып айтылатын нәрселердің бәрін айттым”9.
Қазақстан Мұсылмандары Діни Істер Басқармасының қолындағы мүмкіншіліктер көлемінде, елдегі зиянды діни ағымдар мен миссионерлік іс-шараларға қарсы күрес жүргізуін қолдаймыз. Әлбетте, бұл күрес тек қана миссионерлікке қарсы болып қана қоймай, республикадағы діни тыныштық пен бейбітшілікті бұзуға бағытталған бүкіл зиянды және арандатушы ағымдарға қарсы жүргізіледі. Бұның дәлелі ретінде Бас Муфти Әбсаттар Дербісәлі Қажы «Рухани Өмір» газетінде жарияланған мақаласында: “Қазіргі кезде өзін мұсылманмын деп атаған, бірақ мұсылмандықпен ешқандай байланысы жоқ” топтар деп атаған “Ахмедилік” және “Исмаилилік” ағымдары туралы маңызды мәселелерге назар аударды. Мінеки, мынау сол хабардың кішкентай үзіндісі:
“Қазіргі кезде, көптеген кісілер өздерін Мұсылман деп атаған, бірақ Мұсылмандықпен ешқандай байланысы жоқ Ахмедилилік және Исмаилилидік топтары жайында ешнәрсе білмейді. Білмеу былай тұрсын, тіпті оларға мұсылман деп қарайды. Шындығында, олар тура үнділер және еврейлер сияқты дінімізден алшақ діндер. Алайда, басым көпшілігі Үндістан мен Пакистанда өмір сүретін осы екі радикал топ, миссионерлік мақсатпен Қазақстанға келіп, Алматыны орталық ретінде таңдап алып, үгіт-насихат жүргізуді жалғастыруда. Өзін мұсылманмын деген әрбір адам осы зиянды ағымдарға қарсы күрес жүргізуі тиіс.
____________________________________________________________________
9Әбсаттар Ислам және Өркениет 2003 ж. қыркүйек саны, №9(33) 5-бет; Иман журналы, №1(8), 2004 ж.
Ахмедилілік немесе Кадианилік, Исмаилілік, Вахабилілік пен Зекериашылық атын жамылған ағымдардың ешқайсысы мұсылман топқа жатпайды”10.
Хизбуттаһрир, Ваххабилік, Елкаида, Талибан сияқты радикал діни, саяси топтар мен фундаментализм, радикализм сияқты экстремистік және кертартпа ағымдар туралы қайта-қайта халықты хабардар етіп отырған Қазақстан Дін істері Басқармасы, өзінің қарамағындағы газет пен журналдар арқылы Ислам туралы халық ішінде ағартушылықпен де айналысуда.
Шындығында, соңғы кезде Қазақстан халқы да, бұқаралық ақпарат құралдары да зиянды діни-философиялық ағымдарға қарсы сезімталдықпен әрекет етуде. Басшылар, қауіпсіздік органдары, әлеуметтік және мәдениет орындары, жастар ұйымдары да лаңкес ұйымдар мен топтарға қарсы күрес жүргізуде. Мысал ретінде, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік радиосының жауапты қызметкері Уәлихан Әмірұлы мырза, “Ішімнен шыққандар” атты жазу бағанасында «Наурыз Тойының Тонын жамылған Дінбұзарлар» атты мақала жариялап, Қазақ мектебі мұғалімі мен университет оқытушысының Наурыз мерекесін пайдаланып, халықтың арасында миссионерлік іс-шара өткізгенін, Христиандыққа шақырғанын жазыпты; Қазақ халқын миссионерлерге алданбауға шақырыпты. Уәлихан Әмірұлы мақаласының соңында «Тілші пікірі» деген атпен былайша жар салады:
«Құрметті оқырмандар! Міне, солай… «бәле жоқ деме, аяғыңның астында, бөрі жоқ деме қыр астында» дегендей, «Қазығұрт» ауданында, өкінішті болса да айтайын, біздің намысымызға тиетін оқиға болды. Тағы да данышпан халқымыз: «Сірке үлкейіп бит болар, күшік өсіп ит болар” деп айтқан екен. Осындай халық арасында мемлекетті бөліп ыдырататын оқиғаларға мұрсат бермеу керек. Осы оқиға болған күн Наурыз Мерекесі күні еді, осыған орай шақырылған кісілердің ортасында қан-төгіске ұласатын оқиға бұрқ ете түсуі мүмкін еді. Осыны ауылдың ақсақалы, үлкен кісі Сәбит Баталов үлкен дипломатиялық іс-қимылмен алдын алған еді.
Әлбетте, “Болары болып, бояуы сіңді” деп өте шығуға болмайды. Үйде де, сыртта да сақ болуымыз керек. Үйіңізге, ауылыңызға келіп, сізді өзінің дініне кіруге шақырғандар болмады ма. Сақ болыңыздар11.
Шындығына келсек, миссионерлер жұмыстарын Қазақстанда едәуір алға бастырып үлгерді және қазақ халқын мазалайтын деңгейге шығарды. Жазба және бейне ақпарат құралдары күн сайын дерлік миссионерлік және оның зияндары туралы хабарлар беруде. «Иман» журналы мен «Рухани Өмір» газетінде жарық көрген Қазақстан Мұсылмандары Дін Істері Басқармасының баспахана хатшысы Оңғар Қажы Өмірбектің «Аңқау Елге Арамза Миссионер» атты мақаласы осылардың бірі ретінде саналады. Мақалада мынадай деректер орын алған:
«29-30 қаңтарда кешкісін Інжілшілдер қауымдастығының денсаулық қызметкері Давид Хасов келген кісілерді емдеп қайтардым» деп бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт жүргізе отырып, 3 мың кісі сиятын залда өз дінін насихаттады. Алдын ала құрастырылған сценарий бойынша кейбір телеарналар осы миссионердің насихатын бейнеледі және көрермендерге жеткізді. Яғни миллиондаған Қазақ Мұсылмандар осы миссионердің әңгімесін тыңдады. Әсіресе, 31 канал (Рахат) телеарнасы аталған әңгімені басынан аяғына дейін үзбей көрсетті: Иса Месихті Тәңірі деп санайтын наным халқымызға жария етілді.
_____________________________________________________________________
10Рухани Өмір, 2004 ж. сәуір саны, №5, 3-бет.
11Біздің Жанұя газеті,, № 13(88), 2004 ж. қыркүйек саны, 3-бет.
Шындығында, аталмыш арнаның осы бағдарламасы Қазақстан Республикасы Конститутциясының діндер туралы заңына қайшы келеді. Иса-Месихтің құдай екендігіне сенуге шақыру жариялаған сектаның үгіт-насихат бағдарламасын, діни уағыздарын 31, Рахат арналары бірнеше рет қайталап, “Халық құрылтайы” атыменен ұлттық деңгейге шығарып, тыңдармандарға жеткізуін қалай түсінуге болады. Елбасы Н.Назарбаевтың: “Біз тегіміздің Түркі, дініміздің Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан, қасиетті кітап Құран Кәрімді адамдарға насихаттауды ешқашан естен шығармауымыз керек”,- деп айтып жүрген сөздердің заң түрінде жариялануын күтуіміз керек пе…”12.
Автор мақаласының соңында Қазақстан Мәжілісінің хизбуттахрир мен осыған ұқсас зиянды ағымдар-секталар туралы заң дайындау үстінде екендігі жөнінде мағлұмат алғанын және сол үшін де қуанышты екенін айтты.
Ал Жолдыбай Базаров болса, апталық «Евразия» газетінде жарық көрген «Қазақстан Діни Секталардың “Инкубаторы ма?”» тақырыпты мақаласында дәл осындай көзқарас пен қауіптерін айта кетті. «70 жыл “Қызыл режимнің” қол астында өмір сүріп келсе де дінін ұмытпаған бауырларымыздың тәуелсіздік алғаннан кейін, діни сауатсыздығына байланысты кейбір уақытша және алдамшы себептермен діндерін өзгертуін назардан тыс қалдыра алмаймыз. Осы кезеңде 500 мыңға тарта діндес бауырымыздың өзінің дінін тастап, басқа діндерге өтуі бәрімізді ойландыруы керек және осының алдын алуға себепкер болу керек. Тәлім-тәрбие істерін ретке келтіріп, діни тәрбиесін мектептер мен жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына енгізу, кейбір заңдарды күшіне енгізу қажет болып отыр”.
Көшеде, базарда және жұмыс орындарында да қазақ халқы миссионерлердің жүргізіп отырған іс-шараларының қауіпті екендігін әр жерде тілге тиек етуде. Әртүрлі ғылыми және әлеуметтік жиындарда, ашық отырыстар мен пікірталас кезінде миссионерлік және оның зияндары туралы айтылып, көптеген оқушылардың ата-аналары университет басшылары мен мектеп директорларына алдап-сулауларына түсіп қалмай, олардан сақ болуларын және олар жөнінде мәлімет алып тұруларын сұраған.
____________________________________________________
12 Оңғар Ж.Өмірбек, Иман журналы, №6(7) 2003, 26-27 беттер
Миссионерлік әлемдегі зиянды діни ағымдардың бірі болып саналады. Кісінің, отбасы мен қоғамның тіршілігін шайқап, дін және ар-ождан бостандығына кедергі жасайды. Христиан Шіркеулер Одағы, Ватикан-папалық және Православие Шіркеулері тарапынан материалдық және рухани тұрғыда қолдау табуы оның түпкі мақсатының Христиандықты әлемге үстем қылу екендігінің дәлелі болып табылады.
Шындығында миссионерлік, басқа діндер сияқты уағыздау мен тапсыру тәсілімен жұмыстарын жалғастыруда. Шақыру және тапсыру діндердің, ілімдері мен идеологияларының таратылуы үшін қажет және түгелдей табиғи нәрсе деп саналады. Құдретті Аллаһ, дінді үйретуді міндеттеген пайғамбарларына шақыру мен тапсыру жасауға бұйрық берген. Мысалы, Құранда “Аллаһ Тағаланың жолына кіруге әдемі үгітпен шақыр” ( ) деп бұйырылған. “Жақсылықты насихаттау және жамандыққа жақындатпау” да түгелдей дінге шақыру мен тапсыру болып табылады.Хз. Иса, апостолдарына өмір сүрген аймағының адамдарына, әсіресе Исраил ұлдарына, Хз. Мұхаммет те жолын қуғандарды Арап түбегінің ішінде және одан тыс жерлерде шақыру және тапсыру міндетін жүктеген. Әртүрлі мемлекет басшылары мен тайпа көсемдерін арнайы дінге шақыру елшілері мен хаттар жіберген. Өйткені дін адам мен қоғамға керекті шындықтардың үйренілуін, білінуін және бастан кешірілуін жөн көруде.
Бірақ та, миссионерлік шақыру мен тапсыру өз салаларынан асып, ауқымды көлемдерге және ерекшеліктерге ие болды. «Христиандық насихат» немесе «Христиандыққа енгізу іс-шараларына» айналған. Ал үгіт-насихат жұмыстары экстремизм, радикализм, кертартпалық, алдау, пайдакүнемдік, әділетсіз бәсекелестік сияқты жағымсыз жағдайлар мен құрылымдарды қамтиды.
Осы орайда, миссионерліктің жеке тұлға мен қоғамға тигізетін зияндары көзге түседі және оларды мынадай тақырыптарға бөлуге болады:
пропаганда;
пайдакүнемдік;
айла;
алдау;
мемлекет тәртібін бұзу;
дін мен ар бостандығына кедергі келтіру.
Әлбетте, миссионерлік нәтижеде жеке тұлғаларды өздеріне тән құндылықтары, ұлттық болмысынан айырып қана қоймай, сонымен қатар қоғамның ынтымақ пен тұтастығын шайқалтады, мемлекеттің тіршілігі мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Сонымен бірге, жүргізіп отырған үгіт-насихаты арқылы отбасы мүшелерінің бірін алдап- сулап, өзіне жақтас қылып алумен қатар жұбайлардың бір-бірінен, анасының қызынан, әкесінің ұлынан ажырауына жол ашады. Яғни, қасиетті отбасын құлатып, отбасы мүшелерінің араларындағы рухани байланысты үзуде; тіпті кейбіреулерінің бір-бірімен жауласуына апарып соғуда. Діні, ойлары, сенімдері мен нанымдары, дүниеге деген көзқарасы түбегейлі түрде бір-біріне қарсы мүшелерден құралған отбасы бола ма? Олардың арасында бұдан кейін не ортақ дін мен мақсат, не отан мен ұлтқа деген сүйіспеншілігі қалмайды.
Отбасының ыдырауы ұлттың бөлінуіне, халықтың ынтымағы пен тұтастығының құрып кетуіне әкеп соғады. Нәтижеде, қоғамдық тыныштық пен бейбітшілік жоқ болады, ішкі қайшылықтар, бауырластар арасындағы соғыстарды, дін мен секта күрестерінің тууына түрткі болады.
Соңғы жылдары, басқа елдердегі сияқты, Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында зиянды ағымдарға, Йегово Куәгерлері мен Миссионерлік ұйымдарға қарсы наразылық көрсетілуде. Әлбетте, халықтың осы наразылығына құлақ салып, ден қойған әкімшіліктердің қолдауымен, миссионерлік пен оның қызметі туралы халықтың көзін ашып, санасын оятатын мақалалар жариялануда. Мысалы, «Жас Алаш» газетінде жақында ғана шыққан мақаласында Ғалымжан Елшібай төмендегідей мәлімет берген:
«Электрификация аяқталып, оның орнын «күшпен Інжілдентіру» (Христиандандыру) басты.
Алайда, сақ болыңыздар! «Мешіттердің мұнаралары шіркеудің көлеңкесінде қалып, Құран оқуының орнын Інжіл оқуы басып жүрмесін.”
Қосымшаларда осындай наразылық білдірілген жазулар мысал ретінде беріліп отыр.
Б. ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР.
Орталық Азия түркі тілдес мемлекеттерінде әрі Қазақстанда миссионерлік жұмыстар тәуелсіздік алғаннан кейін кейбір материалдық және рухани қиыншылықтарға тап болған адамдардың арасында жүзеге асырылуда. Алайда, рухани жағынан әлсіз немесе дін жағынан қиыншылықтары бар зиялы қауымдар да миссионерлік іс-шаралардың әсерінде қалып отыр. Миссионерлер кейде мемлекеттік күндер мен мерекелер, туған күндер, еске алу және той-жиындар, халықаралық жиналыс, конгресс пен құрылтайларды пайдаланып, кейде экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени тұрғыдағы тапшылықтарды қолдана отырып халықтың ішіне сіңіп қызмет жүргізуде. Осы жағдайлардың бәрінде дерлік аймақтық басшылардан бастап жоғары лауазымды бюрократтармен жақындасу, қайырымдылық көрсету, бейбітшілік пен кешірімді сияқтанып өздеріне әлеуметтік орта дайындауда. Миссионерлердің әртүрлі деңгейдегі және мақсаттағы көмектері міне осындай орта құруға бағытталып отыр. Басшылардан алынған рұқсат арқылы конференция-семинар өткізу, денсаулық пен мәдениет орталықтарын, жетімхана, шет тілдер курсы, мектеп пен университет, кітапхана ашу, Наурыз мерекесінде Иса Месихтің Тәңірі екендігі туралы үгіт-насихат жүргізу, телефондарда Христиандықты насихаттау іс-шаралары аталмыш әдісті жүзеге асыру болып табылады.
Аталмыш аймақта (Орталық Азия Түркі Тілдес Мемлекеттері мен Қазақстан) миссионерлік қызмет ізгі ниетті және аңқау, бірақ қараңғы кісілер арасында күтілген әсерін ақырындап көрсетіп жатса, көптеген адам Исламды тастап Христиандықты қабылдап жатса, оған қоса наразылық та бірге пайда болуда. Қазақстанда жергілікті басшылар мен Дін Істері Басқармасы қызметкерлерінің бастамасымен ұлтжанды консерваторлар дауыстарын көтеріп, Байтерек сияқты университеттердің жастар ұйымдары әртүрлі іс-шаралар жүзеге асыруда, Бұқаралық Ақпарат Құралдары да сезімталдық танытуда.
Сонымен қатар, басшылар, бастауыш және орта мектеп пен жоғарғы оқу орындарындағы жастарды зиянды ағымдар, арандатушы және бөлуші ұйымдар, жаман әдеттер туралы ескертпелер мен бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мысалы, құрметті С.А. Назарбаева бүкіл жоғары оқу орындарында міндетті сабақ ретінде негізген «Өзін-өзі тану» дәрісі университет жастарын ұлттық және рухани тұрғыдан ақпараттандырып, зиянды ағымдарға қарсы қорғануға бағытталған түсініктің жемісі болып табылады. Мемлекет пен Үкіметтің халықтың әлеуметтік, экономикалық және мәдени жағдайын жақсарту үшін қабылдаған шаралары осындай мақсатқа қол жеткізуге бағытталған.
Миссионерлік әрекеттердің қалай, қай аймақта, қандай жолдармен және кімдер арасында белең алып отырғандығын білу, анықтау бұл мәселені шешу үшін және алдын алу үшін өте маңызды. Сондықтан да, миссионерлік және хизбуттахир сияқты өте қауіпті арандатушы ағымдарға қарсы күресу үшін төмендегідей шараларды қолдануды ұсынамыз
Халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсарту, мәдени және медициналық проблемаларын шешу, жалпы халықтың тұрмысын жақсарту.
Жастар мен балалардың тәрбиесіне, оқуына көңіл бөлу, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өсулеріне жағдай жасау керек осыған байланысты заңдар мен өкімдер шығарылуы тиіс. Орта мектеп және жоғары оқу орындарындағы сабақ жоспарлары қайтадан қаралып, дінімізді және ұлттық құндылықтарымызды үйрететін сабақтар қою керек.
Діни қызметкелер мен діни тәлімтәрбиеге керекті жағдай жасау және оны тікелей үкіметтің қарауына алғызу.
Халықты арандатушы және зиянды ағымдардан қорғау, діни және ұлттық құндылықтарды үйрету үшін мектептерде дін сабақтарын жүргізу, мемлекеттік университеттерде дінтану факультеттерін ашу
Ислам дінінің жаршысы Яссауиді және оның жолын халыққа үйрету.
Діни және ұлттық құндылықтарды насихаттайтын газет, журналдар шығару, радио және теледидар бағдарламаларын енгізу, фильмдер түсіру және қойылымдар қою.
Жанұя жүйесінің сақталуы мен дамуына жағдай жасау әлеуметтік теңдікті құру саналы қоғам құруға тырысу.
Құтқарушы, қамқоршы атын жамылып келген қараниетті зұлымдардың елімізге қоныстанып халықтың сенімін, болмысының бұзылуына себеп болатын әрекеттерге кедергі жасау.
Халыққа дұрыс және толыққанды діни және ұлттық білім беру үшін мемлекеттік қызметкер статусында, үкімет тарапынан тағайындалатын жоғары білімді діни қызметкерлер дайындау.
Бүркемелі атпен келіп ойына келгенін жасап жатқан миссионерлерді елден аластау немесе олардың әрекеттерін және солардың ұясы болып отырған шіркеулерді қатаң бақылауға алу.
Миссионерлер мен олардың ісшараларына салғырт қарап, мән бермейтін болсақ, діни білімі саяз мұсылман қауымының аз ғана уақыт ішінде христиан болып шыға келуі ғажап емес.
Зиянды діни және философиялық ағымдарға қарсы күрес
Барлық көзқарастар мен нанымдарға қарсы ағымдарға қарсы әртүрлі ерекшеліктермен миссионерлердің және зияндыарандатушы дінифилософиялық ағымдардың пайда болуы тарихи шындық. Дін де осы заңдылықтан өз нәсібін алып отыр. Егемен діннің немесе діни көзқарастың әрқашан міндетті түрде қарсыласы болған. Пайғамбардың көзі тірісінде де, өлгеннен кейін де дініміздің қарсыластары болған. Бұлар исламды бұрмалауға, тіпті жойып жіберуге тырысқан. Ұлты, мәдениеті, дүниетанымдары бөлек халықтардың бір дін астында бірігуі осындай әрекеттерге әкеліп соққан. Діннің тарихта түрлі халықтардың мәдениетімен араласып түрлі мағыналарда айтылуы және талқылануы әр түрлі тариқат және философиалық ағымдардың пайда болуына себеп болып отыр.
Ислам дінінің қарқынды түрде дамып, Арап түбегінен асып Парсы, Түрік, Үнді т.б. халықтар арасына таралуы, түрлі наным мен мәдениетке ие қилы халықты өз ішіне алуы, ежелден бері Мұсылман қауымы арасында бірнеше діни, саясиэкономикалық, философиялық және мәдени ағымдардың бой алуына әкеп соқты. Бұлардың кейбіреулері діннің дамуына септігін тигізіп жатса, ал енді біреулері зиянды, арандатушы, бүлікші болып шықты. Исраилиат, хурафе бидат атты зиянды наным мен мәдениеттің дінге араласуы мұсылман қауымын төл болмысынан, бірлік пен ынтымағынан жұрдай болып, бірбіріне дұшпан бірнеше топтарға бөлінуі үмбеттің түрлі атпен аталуы халық арасында түсініспеушілік, кикілжің, дұшпандық, терористік және анархистік әрекеттердің тууына себеп болды. Кейбір мәдениетсіз, надан, пайдакүнем, менмендер жалған ұрандар мен таңбалар ойлап тауып діни сауатсыз, нанымсыз адамдарды жанына жиған қоғамдағы саясиэкономикалық, әлеуметтік жағдайларды пайдалана отырып, “мезхеп, тариқат, философиялық ағым, дінисаяси топ” ретінде ұйымдасты. Бұлардың кейбіреулері әлемнің саяси, экономикалық, дінимәдени күштері тарапынан басқарылып, қолдау тауып отырды.
Орта Азия Түркі Тілдес Мемлекеттерінде Зиянды Ағымдарға Қарсы Күресудің Амалдары
Егемен түркі тілдес мемлекеттерде зиянды ағымдарға қарсы мемлекет пен халықтың жұмыла кірісуі керек істер мен бұлардың алдын алу үшін жасалатын ісшаралар бар. Бұл істердің ең маңыздылары мыналар халықты ұлттық және рухани құндылықтарын, ұлттық тарихы мен мәдениетін бағалауға үйрету баспасөз бен ақпарат құралдарын пайдалана отырып, күресуге үндеу жастардың тәлімтәрбиесіне көбірек көңіл бөлу, халықтың саясиэкономикалық, әлеуметтікмәдени жағдайларын жақсарту, орта мектеп және жоғарғы оқу орындарындағы сабақ жоспарларын қайтадан қарау, дінімізді және ұлттық құндылықтарымызды үйрететін сабақтар қою миссионерлердің және зиянды ағымдардың күнәсіз халықты алдап, саналарын улайтын әрекеттерге тыйым салу.
Енді ғана егемендігін алып, аяққа тұрып келе жатқан үркі тілдес мемлекеттерде әр түрлі ұлттың өкілдері тұрады. Түркі тектес азаматтарының барлығы дерлік мұсылман. Сондықтан да, үкімет барлық оқу орындарында, білім мен мәдениет ордаларында отандастарына ресми түрде дінінтілін, әдетғұрпын үйретуі, зиянды ағымдардан хабардар етуі тиіс. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты негізінде, жоғары білімді, сауатты жандар тарапынан берілетін бұл ағарту ісі халықтың діни- философиялық ағымдарға қарсы шығуына, саналы түрде әрекет етуіне септігін тигізер еді.
Сонымен қатар, университеттерде дінтану бөлімдерін ашу, дәріс жоспарларына ұлттық және рухани құндылықтарды үйрететін пәндер енгізу, ұлттық тарихты қайта жазу, ана тілі мен әдебиетін жастарға үйрету, діни қызметкерлер мен діни тәлімтәрбиеге тиісті жағдай жасау және оны тікелей үкіметтің қарауына алғызу, діни қызметтерге жоғары білімді азаматтарды тағайындау, бұл қызметкерге мемлекет тарапынан жалақы шығарылуы, мемлекеттердің барлық салада өзөзін дамытуы, өзін сырттан келетін қауіптерден қорғауға дайын болуы, қоғамдық бірлік пен тыныштық орнату ең бірінші қолға алынуы тиіс маңызды істер болып табылады. Әрбір азаматтың жүрегінде ұлт пен отанға, дінге деген махаббат отын жағу, патриоттық сезімін ояту, ұлттық бірлік пен ынтымақты орнату үшін де жоғарыда аталған шараларды жедел түрде іске асыру керек. Материалдық дамумен қатар рухани дамудың да керек екендігін естен шығармаған жөн. Халықтың ұлттық болмысын қалыптастыруда дін рөлінің зор екендігін ұмытпауымыз керек.
C. Миссионерлікпен Күресу Жолдары
Миссионерлік ағым мен топтарды христиандар мен басқа діни қауымдар жаратпайды. Сондықтан да, дін мен ар-ождан бостандығын жақтаушылардың миссионерлікке қарсы күресі ортақ сипат танытады. Түрлі дін, мезхеп, мамандық иелері күшпен, алдату жолымен дінді жаю әрекетіне бірлесе отырып қарсы шығуы қажет.
Миссионерлікке қарсы күрестің екі жолы бар
1. Халыққа дінін, ұлттық және рухани құндылықтарын үйрету, шындықты, ақиқатты ғылыми тұрғыдан және заман талабына сай әдістермен көрсету.
2. Зиянды діни және философиялық ағымдар жайлы мәліметтер беру шырқын бұзуды көксеген әрекеттердің алдын алу.
Аталарымыз «надандық барлық жамандықтың бастауы» деген. Адам білмеген нәрсесіне не ынтық болады, не өш келеді. Білім болса бар жақсылықтың қайнар көзі, бақыттың кілті. Білім өте құнды, үйрету болса одан да маңызды. Жандылар білімдерінің арқасында жемісті, бақытты, сыйлы болады. Адам баласының басқа жандылардан айырмашылығы ақылының болуы, ақылын қолдануы, білім алуы оқушы және оқытушы болуы. Бірақ оқушы және оқытушы болу адамзаттың негізгі қасиеті болса да оқыту, жетілдіру, осы үшін жағдай жасау атаана мен мемлекеттің міндеті болып табылады,
Өкінішке орай дүниеде бүлікші, зиянды ағымдар көбейе түсуде. Білімсіз, мәдениетсіз кісілерді тұзағына түсіріп, миллиондаған жанға зардап шектіруде. Саясиэкономикалық , әлеуметтік және мәдени салаларда ұйымдасқан, қаржысы және құралжабдықтары сай, оқутәрбие істерінен бастап түрлі мүмкіндіктерді пайдаланатын миссионерлік пен соған ұқсас басқа да ағымдар қоғамда кеңінен таралған және де жайыла түсуіне қазіргі таңда көптеген мүмкіндіктер бар. Мысалы, Орталық Азия мен Қиыр Шығыс сияқты көптеген елдерде қамдана ұйымдасқан және ісшаралар жүргізіп жатқан миссионерлік, Бахаилік, Исмаилилік сияқты бүлікші ағымдар бірінші қаражаты білімі жоқ, тұрмысы нашар адамдарды ақшамен қызықтырып өздеріне тартуда.
Олай болса, тілдің, діннің, ұлттық және рухани құндылықтардың қадырқасиетін халықтың көкейіне құю керек. Яғни, мұсылмандардың исламды, христиандардың христиан дінін терең түсініп, бойларына сіңіргендері жөн. Ана тілін білу адамды ұлттық және рухани құндылықтар кеңістігінде өмір сүруге жетелейді. Діни білімнің, діни қызметтердің ресми түрде үкімет тарапынан берілуінің маңызы өте зор.
Осы орайда, Қазақстанда ұлттық және рухани құндылықтарына қауышуды аңсаған егемен қазақ халқына ислам дінін ана тілінде, жоғары білімді дін білгірлері оқытса, нұр үстіне нұр болар еді. Қазақша діни және философиялық басылымдар халықты, әсіресе жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу отанға деген махаббатты діни құндылықтармен бірлестіру Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосар еді. Осылайша халық саналы да білімді, мәдениетті болып, бір жағынан ел бірлік пен ынтымақтастыққа, әлеуметтік және экономикалық тепетеңдікке қол жеткізер еді.
Миссионерлік пен зияндыарандатушы ағымдарға қарсы күресу отанын сүйгіш әрбір азаматтың, әрбір білімді адамның парызы. Бұл күрес әрбір адам, қоғам, өкімет тарапынан мемлекеттік деңгейде жүргізілуі тиіс. Миссионерлердің және зияндыарандатушы дінифилософиялық ағымдардың әрбір қадамынан халық хабардар болуы керек. Олардың насихаттау әдістері мен тәсілдерін, құрал мен жабдықтарын, ұйымдасуы мен мақсатын халыққа түсіндіру керек.
Миссионерлердің және зияндыарандатушы дінифилософиялық ағымдар жайлы ақпарат және баспасөз органдары, дәріс кітаптары, семинар мен конференциялар, жаздық курстар арқылы мәліметтер беру терористанархист және эвангелисттік әрекеттерді жоятын, тоқтататын кадрлар құру жастар қоғамын, мәдени және әлеуметтік қолдау орталықтарын ұйымдастыру миссионерлердің ісшараларын тосқауыл қоятын заңды шаралар қабылдау керек.
. Қазақстанда Миссионерлікпен Күресудің Жолдары
Миссионерлік әрекеттердің қалай, қай аймақта, қандай жолдармен және кімдер арасында белең алып отырғандығын білу, анықтау бұл мәселені шешу үшін және алдын алу үшін өте маңызды. Сондықтан да, миссионерлік және хизбуттахир сияқты өте қауіпті, арандатушы ағымдарға қарсы күресу үшін төмендегідей шараларды ұсынамыз
1. Халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсарту, мәдени және медициналық проблемаларды шешу, жалпы халықтың тұрмысын түзелту.
2. Жастар мен балалардың тәрбиесіне оқуына көңіл бөлу, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өсулеріне жағдай жасау керек осыған байланысты заңдар мен өкімдер шығарылуы тиіс. Орта мектеп және жоғарғы оқу орындарындағы сабақ жоспарлары қайтадан қаралып, дінімізді және ұлттық құндылықтарымызды үйрететін сабақтар қою керек. Яғни, орта мектеп және жоғарғы оқу орындарында “дін мәдениеті және ахлактану”, “дін мәдениеті және яссауитану” сабақтарын енгізу.
3. Діни қызметкелер мен діни тәлімтәрбиеге керекті жағдайды жасау және оны тікелей үкіметтің қарауына алғызу, діни қызметтерге жоғары білімді азаматтарды тағайындау.
4. Халықты хизбуттахир, миссионерлік, вахабисттік, исмаилилик, йегово куәгерлері сияқты арандатушы және зиянды ағымдарға қарсы қорғау, діни және ұлттық құндылықтарды үйрету үшін мектептерде дін сабақтарын жүргізу, мемлекеттік университеттерде дінтану факультеттерін ашу
5. Ислам дінінің жаршысы Яссауиді және оның жолын халыққа үйрету.
6. Діни және ұлттық құндылықтарды насихаттайтын газет, журналдар шығару, радио және телевизор программаларын енгізу, фильмдер түсіру және қойылымдар қою.
7. Жанұя жүйесінің сақталуы мен дамуына жағдай жасау әлеуметтік теңдікті құру саналы қоғам құруға тырысу.
8. Құтқарушы, қамқоршы атын жамылып келген ниеті қара зұлымдардың елімізге қоныстанып халықтың сенімін, болмысының бұзылуына себеп болатын әрекеттерге кедергі жасау.
9. Халыққа дұрыс және толыққанды діни және ұлттық білім беру үшін мемлекеттік қызметкер ст атусында, үкімет тарапынан тағайындалатын жоғары білімді діни қызметкерлер дайындау.
10. Бүркеншік атпен келіп ойына келгенін жасап жатқан миссионерлерді елден аластау немесе олардың әрекеттерін және солардың ұясы болып отырған шіркеулерді қатаң бақылауға алу.
Лицейлерде таңдамалы түрік тілін оқыту бұл істе Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті Шымкент пен Түркістан Түрік Тілі және Әдебиеті Бөлімінің түлектерін пайдалануымыз керек.
Edvard Said Oryantalizm cev. N. Uzel Istanbul 1982 s 18-48.
BERKES, жак., бет; CILACI, жак., ә, бет; ARNALDEZ, жам., ; ROUX, бет.
Cilaci жак., 108 Hıristian Sömürgeciliği -Missionerliği Diyanet Dergisi 15том №5
Cilaci жак., бет Asaf Hüseyin Robert O-Cemıl K 223 бет.
Ural Gıray Y жак., бет, Aydın Alı Aslan жам., Diyanet Dergisi 15том №5
Cilaci жак., Faaliyetleri бет Asaf Hüseyin Robert O жак., бет