СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Рахимжанова Айман Абитаевна

Нажмите, чтобы узнать подробности

Литература на тему "Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті"

Просмотр содержимого документа
«Рахимжанова Айман Абитаевна»

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Шаян-рак

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут







Өткенді қайталау







Слайд







Жұптық жұмыс





Топтық жұмыс

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Амандасу

Ақпыз, пәкпіз,тазамыз!

Біз бақытты баламыз

1,2,3 иіліп сәлем беру

- Балалар, слайдтқа назар аударайық, қане оқып жіберейік.

Қазақ тілінде «Я» дыбысы кездесетін сөздер:

Яғни, бояу, аяқ, таяқ, саяхат, өмірбаян

Орыс тілінде «Я» дыбысы кездесетін сөздер:

Ядро, студия, рояль, славян

- Балалар біз қандай салт – дәстүрді білеміз?

Салт – дәстүр дегеніміз халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, рухани байлығы. Әрбір халықтың өзіндік ерекшеліктері олардың салт-дәстүрлерінен көрінеді. Сонымен бірге салт-дәстүр өзгермейтін нәрсе емес.

Халық ауыз әдебиеті – халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы

«Сөздер тап» ойыны

Өздерінің сөздік қорларындағы бар, «я» дыбысына байланысты сөздерді планшеттеріне жаздырту. Бір – бірімен алмастырту және де смайлик суретін салу арқылы бағалау.

«Алдаркөсе мен бай» аңызын сахналату

Топ бойынша смайликті көрсету арқылы бағалау.

- Қай кейіпкер ұнады?

- Неліктен?

- Ол туралы сипатта?


Шаттық шебері



















Сабақтың ортасы

8 минут

Топтық жұмыс





Жұптық жұмыс (слайд)


Сурет салу

«Я» әрпі бар сөздерге байланысты сурет салдыртып, сөздерді айттырып қорғату, дыбыстық талдау жасату

1 – топ: «Қияр,тақия» суреттері

2 – топ: «Пияз,таяқ» суреттері

3 – топ: «Қоян,аяқ» суреттері

Шапалақтап бағалау

«Сәйкестендіру»

Оқушылар слайдта берілген мағынасы қарама – қарсы сөздерді сәйкестендіру. Таяз, терең, баяу, тез, қария, жас

Жетістік баспалдағымен бағалау.




Сергіту сәті

1 минут

«Қоян»

Үш тілде қоян сөзін айтып көрейікші

Қоян – заяц- hare

Қоян сергіту сәтін жасайық

Бейнематериал

Шығармашылық – топтық жұмыс




Слайд






















1 – топ: «Мысық неге мияулайды, оның пайдасын айт» өз ойларын айттыру

2 – топ: «Мысық қандай жануар?» вен диаграмма құр

3 – топ: «Кірпі қандай жануар?» кірпі туралы не білетіндерін айтқызу

Қызықты мәлімет

Кірпілер 1 миллионнан артық жас өмір сүріп келе жатыр. Ұйқыға айналған кезінде дене қызуы 33,7-дан 1,8-ға дейін түседі. Осындай әрекетте 240 күн жата алады. Кірпінің 36 тісі бар екен.

Үй кірпілері қуанышпен нанды, жұмыртқаларды және етті, тіпті сұлының ботқасының рақатқа батып жейді.

Қоян туралы ақпарат

Қоянның құлағы ұзын, құйрығы үлпілдеген қысқа. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын. Сондықтанда биіктеу жерлерге тез көтеріледі, ал биіктен түсерде қоян қиналады, кейде домалап та кетеді. Қыста ақ,

жазда сұр болады

Сөздік диктанты

Баяу, тақия, бояу, сая, дария

Оқушыларға сөздік диктанттың жаздырту, слайдта көрсетіп, жұмыстарын көршілерімен алмастырып, қателерін түзеттіру.

Ертегі құрастыр

Қария, аяз, қоян, таяқ осы сөздерді құрастырып ертегі құрастыр



Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақтан түсінгендерінді кірпіге жинау. Тақтада 3 кірпі ілінеді.

1 – кірпі: Түсіндім

2 – кірпі: Сұрағым бар

3- кірпі: Түсінбедім

Кірпілерге бөлінген топ бойынша алмалар жабыстырылады.

Жасыл алма - түсіндім

Сары алма – сұрағым бар

Қызыл алма - түсінбедім


Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.