СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Рационал сандарды салыстыру

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                                                                                                                                                                

Просмотр содержимого документа
«Рационал сандарды салыстыру»

ҰМЖ бөлімі:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп: №273 орта мектеп

Күні: 10.10.2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Пернебай А.С.

Сынып: 6 «В»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Рационал сандарды салыстыру

Оқу мақсаттары

6.1.2.8 бүтін сандарды салыстыру;

6.1.2.12 рационал сандарды салыстыру;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: бүтін сандар мен рационал сандарды 0-мен салыстырады.

Оқушылардың басым бөлігі: рационал сандарды координаталық түзуде салыстырады, теріс сандарды салыстырады.

Кейбір оқушылар: тақырыпқа берілген күрделі есептерді шығарады.

Бағалау критерийі

- бүтін сандарды салыстырады;

- рационал сандарды салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады;

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Оң сандар, теріс сандар, координаталық түзу, бірлік кесінді, модуль

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

1) Теріс сан үлкен бе, әлде оң сан үлкен бе?

2) Қандай сандар 0-ден үлкен?

3) Қандай сандар 0-ден кіші?

4)Теріс сандар модульдері бойынша қалай салыстырылады?

Құндылықтарға баулу

Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

физика

Алдыңғы оқу

Координаталық сәуле

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақ-тың

басы

2 мин






2 мин





2 мин

Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару, сабақтың мақсатын айту.


Үй жұмысын тексеру.

№281, 90-бет

«Сен маған,мен саған» әдісі бойынша жұптық жұмыс

Оқушылар дәптерлеріні ауыстырып, слайдтан дұрыс жауаптарын тексереді.


Үй жұмысын қорытындылау.

1) Санның модулі дегеніміз не?

2)Санның модулі қалай жазылады?

3)Теріс санның модулі қандай санмен өрнектеледі?

4)Оң санның модулі қандай санмен өрнектеледі?














Сабақ-

тың ортасы

10 мин



































































































12 мин







2 мин









6 мин


Жаңа білім беру.

Білімді өзектендіру. Фронтальдық сұрақтар.

Тапсырма 1.

  • Өткен сабақта қандай тақырыптарды оқыдық?

  • Оң және теріс сандар, координата сызығы, қарама-қарсы сандар, санның модулі

Оң және теріс сандарды еске түсірейік.

  • Оң сандарға мысал келтіріңдер.

  • Теріс сандарға мысал келтіріңдер.

  • Оң және теріс санның арасындағы айырмашылық қандай?

  • 0 саны жайлы не білесі4?

13; -7.2; 0; 46; -46 сандарынан мына сандарды теріп айтыңыз:

а) оң сандар;

б) теріс сандар;

в) оң санға да, теріс санға да тиісті емес сан.

Жауабы:

а) 13; 46;

б) -7,2; -46;

в) 0.

Координата түзуін еске түсірелік.

-Координата түзуіне анықтама беріңіз.

Жазбаша жұмыс:

Тапсырма 2.

а) қарама-қарсы координаталары бар нүктелерді жазып алыңыз

Жауабы: Қарама-қарсы координаталары бар нүктелер жоқ.

б) Нүктелерді координаталық түзуде бейнелеңіз: М(4); N(-3,5); Р(2,5); К(-2).

Жауабы:

Қарама-қарсы сандар және санның модулі тақырыптарын қайталайық.

-Қарама-қарсы сандардың анықтамасын айтыңыз және оған мысалдар келтіріңіз

-а санының модулі дегеніміз не?

-Оң санның модулі неге тең? Мысалдар келтіріңіз

-Теріс санның модулі неге тең? Мысалдар келтіріңіз

- 0 санының модулі неге тең?

Тарсырмаларды жазбаша орындаңыз.

а) Координаталары қарама- қарсы болатын нүктелерді жазыңыз.

б) берілген сандардың ішінде ең үлкен модульге ие санды жазыңыз -2,6; 2,05; 2,2; -2,22; 2,53

в) Есепте: |-4|1,5; 34 - |- 16|; |+23|+|-8|.

Жауабы:

  1. а) Қарама-қарсы координаталары бар нүктелер А және С

б) 2,53

в) 6; 18; 31.

Оқушылар тақтадағы дайын жауап арқылы тексеріп, қорытындылайды

Мұғалім бүгінгі күннің тақырыбын айтады: «Сандарды салыстыру».

-Бүгінгі тақырып сіздерге таныс па?

-Біз қандай сандарды салыстыра аламыз?

Натурал сандар, ондық және жай бөлшектер

Тапсырма 3.

Ауызша сандарды салыстырыңыз:

  1. 15 және 28;

  2. 13,7 және 8,6;

  3. және ;

  4. 12,3 және 12,29;

  5. - 8 және 6.

-Не себепті біз соңғы санды салыстыра алмаймыз?

-Бұл сандар қалай аталады?

-Біз барлық сандарды салыстыра аламыз ба?

-Ендеше сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін анықтайық.

Мұғалім оқушылармен бірге бағалау критериін құрады.

Соңғы мысалды шешу үшін бізге координата түзуі қажет.

Координата түзуіндегі О нүктесінің оң жақ бөлігіндегі сандар өспелі болса керісінше сол жағындағы сандар кемімелі болып табылады. Екі оң саннын қайсысы оң жақа көбірек жақын болса сол сан үлкен болады және екі теріс санның қайсысы сол жаққа жақын болса сол сан кіші болады.

Екі рационал сандардың арасында координат түзуінде оң жағында сан солға жағындағы саннан үлкен болады.

Енді біз соңғы сандар жұбын салыстыра аламыз.


Жаңа білімді бекіту.

Оқулықтан №305(ауызша), №306, №307 есептер тақтаға шығарылады.


Сергіту сәті.

«Дем алу» жаттығуынан бастаймыз. Ендеше көзімізді жұмып жаттығуды бастаймыз


  • Дем алу - дем шығару - үзіліс

  • 2 рет дем алу - 2 рет дем шығару - үзіліс

  • 3 рет дем алу - 3 рет дем шығару - үзіліс


Қалыптастырушы бағалау.

1) * 0 2) 0* 0,58

3) * 4) –2,1 * -0,6

5) * 0 6) –9,9 * 0,1

7) * 8) –0,48 * -4,8

9) –5,7 * -5,6 10) 0 *

Дескриптор:Білім алушы:

-рационал сандарды салыстырады


Сабақтың

соңы


  • 4 мин

Рефлексия.

-Бүгінгі сабақты мен үйрендім

-Маған қызықты болған тұсы

-Мен үшін қиындық туғызды

-Сабақтың ұнаған жері

-Сабақтағы жұмысыммен көңілім толады (толмайды)


Үй жұмысын беру.

№309, 98-бет




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жеке жұмыс арқылы оқушының материалды игеру деңгейін анықтаймын.

Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту;

Жалпы сыныптық, өз беттік жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады;

Рефлексия.

Әрбір оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану.

Қауіпсіздік ережесі

Сабақ мақсаттары дұрыс жоспарланған ба?Сабақтың уақыттық кезеңі сақталды ма?

Сабақ жоспарынан ауытқу болдыма?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!