Күні: 07.12.2017 ж
Сынып: 6 «А» Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп,
жинақтап жүйелеу. Рационал сандарға амалдар қолдану ережесін бекіту.
Дамытушылық:Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Ой-өрісін кеңейту. Теориялық білімін практикада қолдана
білу дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік:Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспелер.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Сәлемдесу:Сәламетсіздерме, оқушылар! Бүгін біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіпті. Сабаққа деген көңіл – күйіміз қалай? Оқу – құралдарымыз дайын ба? Ендеше сабағымызды бастаймыз.
Бүгінгі сабағымызды президентіміздің мынадай сөздерімен бастағым келеді
Олай болса оқушылар қазір жылдың қай мезгілі?
– Қыс. Қыстың алғашқы айында қандай өзгерістерді байқадыңдар? Ауа – райы қандай? – Салқын, суық. Күннің салқындығын қандай санмен жазамыз? – Теріс сан.
Ал егер жылы болса ше? – Оң сан. Демек, біз бүгінгі сабағымызды ары қарай рационал сандармен есептер шығаруды жалғастырамыз.
Сонымен, балалар бүгінгі сабақта бір – бірімізге:
– жақсы көңіл-күй.
– бірімізді-біріміз тыңдаймыз, сыйлаймыз.
– сабаққа белсенділікпен қатысамыз.
– алынған білімімізді көрсетеміз.
Топтастыру стратегиясы:
Үй тапсырмасы:
Ережелерді қайталау. Екі бөлікке бөлінген
Таңбалары әртүрлі екі санды көбейту үшін:
Осы сандардың модульдерін көбейтіп, көбейтіндінің мәнінің алдына «-» таңбасын қою керек.
Таңбалары бірдей екі санды көбейту үшін:
1) Осы сандардың модульдерін көбейту керек.
2) Көбейтіндінің мәнінің алдына «+» таңбасын қою керек.
Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу үшін:
1)Бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек.
2)Шыққан бөліндінің алдына «-» таңбасын қою керек.
Графикалық диктант:дұрыс жауап
Т В К А Ұ Н
Ш ыққан әріптердің мағыналарын ашуға тырысамыз.
Т-тәуелсіздік сәйкестендіру
В-валюта (мәлімет) есеп шығару
Заттың бағасы бірінші рет 20% -ке, ал екінші рет 10 % арзандатылған. Алғашқыда ол 5400 тг тұрса, арзандатылған соң қанша теңге құрады?
К-конституция (мәлімет) жеке жұмыс «қатені тап»
Заңдылықтарды пайдаланып жақшаларды ашу
1. 5 - 6( -3,2 + 1,2 )
2. 19 + 2( 6,32-13,3 )
3. -5 ( 3 – 7 ) + 25
4. 30 – 4 ( 0,25 – 1 )
А-астана (мәлімет) 1998 жылы
Сергіту сәті (доппен)
Таңбалар ережесі
Терс сандарды қосу, азайту
Таңбалары әр түрлі сандарды көбейту, бөлу (мысалдар қарастыру)
Ұ-ұбт (мәлімет)тест орындау
Тест тапсырмалары:
1. Өрнектің мәнін тап: (-0,4)3*(-0,5)2
+a) -0,016; b) 0,016; c) 4; d) -4.
2. Мәні 12-ге тең өрнекті таңдап ал:
a) -6:(-5); b) 36:(-3); +c) -0,48*(-25); d) 2,4*(-5).
3. Өрнектің мәнін тап: 
a)1,65; +b) -1,65; c) 0; d) -1.
4. Теңдеуді шеш: 7(x+17) = 1,4
a)-15; b) 19; c) 17,2; +d) -16,8.
5.-15 мәнін қабылдайтын өрнекті таңдап ал:
a) -0,5*(-30); b) -13,5:(-0,9); c) 0,75*2; +d) 75:(-5).
Н-Н.Назарбаев (мәлімет)
VI. Сабақты қорытындылау. Сонымен, таңбалары әр түрлі сандарды, таңбалары бірдей сандарды,қосу, азайту, көбейту және бөлу үшін қандай ережелерді пайдаланамыз?
VII. Рефлексия.
Қорытынды: Рокфорд қаласында бір үй бар. Оның иесі бұл үйді сымға қағазды тізіп отырыпбөренелер жасап салған. Сыртын суланбасын деп лакпен бояп жұмысына 20 жыл уақыт кеткен. Менің айтқым келгені қандай іс бастасақ та оның нәтижесіне бір сәтте жетуге мүмкін емес, сондықтан тағы бір 2 жылдан кейін қазақстанымыз осыданда асқан белестерге жетеді деп үміттенеміз және ол жетістіктер сендердің арқаларында
Үй жұмысы:
Оң және теріс сандар туралы мәлімет дайындау,
Күні: 08.12.2017 ж
Сынып: 6 «А» Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың рационал сандарға амалдар қолдану жөніндегі білімдерін тиянақтау, толықтыру және бағалау.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушыларды ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: жеке жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдар, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру;назарларын сабаққа аудару;
Психологиялық дайындық: - Кәнеки балалар, бүгін барлығымыз бір-бірімізге не тілейміз? (Оқушылар бірі-біріне тілек тілейді). Берілген фигуралар арқылы топтарға бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
1) Графикалық диктант. / сыныппен жұмыс/
а) Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең иә
ә) Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - оң сан иә
б) Екі теріс санның қосындысы- теріс сан иә
в) Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі - теріс сан иә
г) Кез келген теріс сан нөлден үлкен жоқ
д) Оң санның модулі сол санның өзіне тең иә
е) Теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан иә
ж) Теріс санның модулі сол санның өзіне тең жоқ
з) Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - оң сан иә
и) Кез келген теріс сан оң саннан үлкен жоқ
2) Кім ойшыл? / топтық жұмыс/
1-топқа.
Жұлдызшаның орнына теңдік тура болатындай, таңбаны қой:
-(*5) = - 5 *(- 3,9) = 3,9
* (+0,2) = - 0,2 - (*0,75) = 0,75
2-топқа.
Жұлдызшаларды тиісті “+” немесе “-” таңбасымен ауыстырыңдар:
* 18 + (*5)= -23
*4 · (*12)= 48
*51,5 + (*51,5)=0
ІІІ. Жеке жұмыс/
А деңгей
(0,6 - 1) * 1,5
- 0,4*1,5= - 0,6
(0,25 - 1) : ( - 5) = - 0,75: (-5) = 0,15
(1,3 - 0,5) * ( - 3,5 ) = 0,8 * ( - 3,5) = - 2,8
1,4 : ( - 7 ) + ( - 0,8 ) = - 0,2- 0,8= - 1
3,5 * ( - 2 ) + ( - 8 ) = -7 – 8 = - 15
5,6 : ( - 4) + 0,4= -1,4 +0,4 = - 1
В деңгей
1) (
)*(-
)
)*(-
)
2) (
): 
3) (
): (-1
)
4) (
)*36
(
)*36
*36
С деңгей




ІҮ.Сабақты қорытындылау./ топтық жұмыс/
1-топ Теңдеуді шешу:
1) -1,5 *(х-1) = 0 жауабы: х = 1.
2) 3,5*(х-9) =0 Жауабы: х = 9
3) 10,8 *( х -9) = 0 Жауабы: х = 9.
4) -1,4 *(х – 1) = 0 Жауабы: х = 1
2-топ Ауызша есептеу.
-124+(+126)= 2
-39+(+39)= 0
– 1* (-1)= 1
-96: (-16)= 6
Сонымен 1991 жылы тарихымызда қандай елеулі тарихи оқиға болды?
Дұрыс айтасыңдар. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр.
Ү. Сабақты бекіту:
Әр топ өрнектің мәні 25 шығытындай рационал сандарға амалдар қолдануға байланысты өрнек құрастыру.
ҮІ. Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: