«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы студенттеріне арналған «Жалпы психология» пәні бойынша қорытынды аттестация өткізуге арналған емтихан материалдары
Билет №1
1. Жоғары сезімдер: адамгершілік, эстетикалық, интеллектік.
2. Тұлға психологиясы: тұлға туралы түсінік, тұлғаның мотивтері, қызығулары, қажеттіліктері.
Билет №2
1. Психикалық процестер, психикалық қалып пен жеке адамның психологиялық қасиеттеріне жалпы анықтама.
2. Қарым-қатынас адамдардың бірін-бірін түсінуі ретінде. Қарым-қатынас түрлері. Қарым-қатынас туралы түсінік. Қарым –қатынас ақпарат алмасу көзі ретінде.
Билет №3
1. Психология ғылымы және оның оқу пәні ретінде. Психология пəнi жəне оның мiндеттерi. Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орыны.
2. Ойлау формалары. Ұғым. Пікір. Ой қорытындылары- индукция, дедукция.
Билет №4
1. Психология ғылымның басқа ғылымдармен байланысы, салалары. Жалпы психология, әлеуметтік психология, жас сатыларының психологиясы, педагогикалық психология, еңбек психология, арнайы психология, заң психологиясы және т.б
2. Эмоция мен сезім туралы жалпы түсінік. Эмоция мен сезімнің адам өміріндегі маңызы. Күрделі эмоциялар: көңіл, аффект, құмарлық.
Билет №5
1. Түйсiк түсiнiгi. Түйсiктердің түрлерi- көру түйсiгi, есту түйсігі, дəм түйсiгi, иiс түйсiгi, терi түйсiгi, кинестетикалық, вибрациялық жəне органикалық.
2. Мiнез жөнiндегi түсiнiк. Мiнез бiтiстерi. Мiнез түрлерi мен типтерi.
Билет №6
1. Қабылдау туралы жалпы ұғым. Қабылдаудың физиологиялық негiздерi. Қабылдау формалары.
2. Конституциялық типология (Э. Кречмер бойынша): лептосоматик, пикник, атлетик, диспластик.
Билет №7
1. Ойлау жөнiнде түсiнiк. Ойлау əрекетi түрлерi: затты-əрекеттiк; көрнекi-бейнелi; сөздiк-логикалық.
2. Эмоция ерекшеліктері: оң және теріс, стеникалық және астеникалық. Эмоция мен сезімнің физиологиялық негіздері. Эмоцияның мен сезімнің сыртқы көрінісі.
Билет №8
1. Ой қызметтерi мен тәсілдері. Талдау. Біріктіру. Салыстыру. Дерексiздендiру. Нақтылау. Қорыту.
2. Жеке адам және оның бағыт-бағдары.
Билет №9
1. Зейiн туралы жалпы ұғым. Зейiнннiң физиологиялық негiзi. Зейiн түрлерi- ырықты және ырықсыз зейін, үйреншікті зейін.
2. Психиканың пайда болуы және дамуы туралы жалпы түсінік.
Билет №10
1. Зейiннiң негiзгi қасиеттерi- тұрақтылық, зейіннің шоғырлануы, бөлінуі, ауысуы, көлемі, алаңдаушылығы, шашыраңқылығы.
2. Психологиядағы зерттеу әдістері: негізгі және қосалқы.
Билет №11
1. Ес жөнiнде түсiнiк. Ес түрлерi.
2. Қарым-қатынастың коммуникативтi (ақпарат алмасу), интерактивтi (өзара ықпалды əрекетке келу) жəне перцептивтi (адамның бiрiн бiрi қабылдап, түсiнiсуi) жақтары.
Билет №12
1. Ес процестерi. Есте қалдыру. Есте сақтау. Тану жəне қайта жаңғырту. Ұмыту. Естiң бұзылысы. Реминисценция түсінігі.
2. Психология ғылымының даму тарихы: негізгі кезеңдері мен бөлімдері.
Билет №13
1. Іс-əрекет мақсатына орай ес: ырықты жəне ырықсыз.
2. Қиял түрлерi: енжар және белсенді. Шығармашылық қиял əдiстерi. Шабыт. Арман. Агглютинация.
Билет №14
1. Сақталу мерзiмiнiң мөлшерiне байланысты - қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi жəне нақты қызметтiк ес түрлері.
2. Жеке адам туралы жалпы түсінік.
Билет №15
1. Қиял жөнiнде түсiнiк. Қиялдың физиологиялық негiздерi. Қиял жəне жеке адам.
2. Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт- бағдар (бихевиоризм, гештальт-психология, когнитивтік, гуманистік психология, психоанализ).
Билет №16
1. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары: сезгіштік, табалдырық, адаптация, сесибилизация, синестезия, бір ізді образдар.
2.Ми және психика. Психика туралы жалпы түсінік.
Билет №17
1. Адам санасының дамуы. Сана туралы ұғым. Сананың негізгі қасиеттері. Психика мен сананың дамуы.
2. Ерiк сапалары. Ниет, мақсат, тілек, борыш сезімі. Ерік күші. Ынталылық. Дербестік. Батылдық. Табандылық. Ұстамдылық. Тәртіптілік.
Билет №18
1. Сөйлеу және оның қызметі. Сөйлеудiң түрлерi- ішкі, сыртқы, жазба, ауызша, диалогтық, монологтық. Сөйлеу. Сөз (сөйлеу) қызметтерi- коммуникативтiк, сигнификативтiк.
2. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері: қабылдаудың тұтастығы, маңыздылығы, таңдамалылығы. Апперцепция ұғымы.
Билет №19
1. Темперамент жөнiнде түсiнiк. Темперамент туралы теориялар. Темперамент түрлерi жəне олардың психологиялық сипаттамасы.
2. Қабiлет жөнiнде түсiнiк. Жалпы және арнайы қабілет. Қабілет және нышан.Қабiлеттердiң даралық сипаттары. Дарындылық, шеберлік, талант.
Билет №20
1. Ерiк жөнiнде түсiнiк. Ерiктiң физиологиялық негiздерi. Ерiк құрылымы.
2. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Негізгі іс-әрекет түрлері: ойын, оқу, еңбек.