Теориялық сабақтан ашық сабақ жоспары
Сабақ жоспары:
Өткізген күні:
Топ: курс:
Мамандығы: «Аспазшы»
Тақырыбы: «Қытырлақ картоптар мен кока-коланың пайдасы мен зияны»
Мақсаты: Қытырлақ картоптар мен кола сусынының пайдасы мен зиянын анықтау, студенттерге түсіндіру;
Білімділік: Қытырлақ картоптар мен кола сусынының дайындау технологиясын, сапасын анықтау әдісін үйрену;
Дамытушылық: студенттердің ойлауын, есте сақтауды, қиялын дамыту;
Тәрбиелілік: студенттерді еңбекке, ұқыптылыққа, төзімділікке, жауапкершілікке баулу;
Сабақтың материалды техникалық қамтылуы:
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, парта, шеге, болттар;
Инвентарь мен ыдыстар: тарелкалар,стакан;
Шикізат: қытырлақ картоп түрлері, кола сусыны, жұмыртқа;
Зерттеу жұмыстарының негізгі түрі: жұмыс орнын дайындау, қытырлақ картоптарды жіктеу,зертету жұмысына дайындау;
Студенттер білу керек: қытырлақ картоп жасауға арналған картоптардың сапасы, түріне талаптар
Студенттің қолынан келу керек: қытырлақ картопты таңдауды,жасауды, кола сусынын пайдалануды білу керек;
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру сәті: Сәлемдесу, студенттерді түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру;
2. Кіріспе нұсқау:
Сабақтың тақырыбымен мақсатын таныстыру. Жұмыс басталмас бұрын оқушылардың жұмысқа даярлығын қарап қауіпсіздік ережесін түсіндіріп, қауіпсіздік журналына қол қойдыру. Оқушыларға жаңа сабақтың бағытын түсіндіру.
3. сабақтың мазмұны мен бағытымен таныстыру:
- Бүгінгі біздің сабағымыз тауартану пәнінен болғандықтан біз сабақты зерттеу сабағы түрінде өткізбекпіз. Ол үшін біз күнделікті қолданысқа ие кока –кола сусыны мен қытырлақ картоптарды зерттеу нысаны ретінде алмақпыз. Студенттер сабақ барысында өздерінің зерттеу жұмыстарын көрсететін болады.
4. Қорытындылау,бағалау.
Жаңа сабақ:
Қытырлақ картоптар – жастардың сүйікті асына айналған тағамдық өнім. Оның пайдасы мен зияны жөнінде әлі көптеген уақыттар даулар туындайтын болады. Қытырлақ картоптар тәбетіңді ашып, іш пысқанда зеріктірмейтін ас ретінде қолданысқа ие. Осыдан 10-15 жыл бұрын әзірленген қытырлақ картоптарды жақсы сапаға ие деп айтуға болатын еді. Қазіргі кезде өндірісте әзірленетін қытырлақ картптар суррогат өнімнен дайындалады. Суррогат өнім деп қарапайым ұн модифицерленген соя крахмалынан дайындалған өнімді айтады. Ол бауырға жинақталып адам семіздікке ұшырайды.
Кола сусыны- алкогольсіз газдалған сусын, «The Coca-Cola Company» компаниясының өнімі. 2005-2015 жылдар аралығында әлемдік зерттеу агенттігінің зерттеуінше ең қымбат бренд және көп қолданысқа ие сусын ретінде тіркелген. Сусын 200-ден астам елде сатылады. Кейбір статистикалық зерттеуге қарағанда әлемнің 94 пайыз тұрғыны кола сусынын пайдаланады екен.
Қытырлақ картоптар 1853 жылы пайда болған. Аңыз бойынша оларды Джордж Крам деген америкалық бір курорттардың аспазы ойлап тапқан. Тұтынушылардың бірі оның жуан бөліктерге туралған картобын ұнатпай кері қайтарып жіберген. Аспаз Крам жағдайды қалыпқа келтіру мақсатында картопты өте жұқа пішінде турап тұздап, көп майда пісірп алған.
1890 жылы қытырлақ картоптарды мейрамханада емес көше асханаларында да дайындй бастаған. Кливленд қаласындағы сатушы Уильям Тэппенден өзінің аспазханасында қытырлақ картоптард дайындап сатуға шығарған. Алғашқы кезде қытырлақ картоптар қағаз қаптамада сатылған. Тэпенденді «Чипстарыдың Форды» деп атап кеткен.
1926 жылы қытырлақ картоптарға фирмалық қаптама ойлап шығарылды. Лора скаддер балауыз қағаздарда қаптауды ұсынған. Соның нәтижесінде қытырлақ картоптарды ұзақ сақтауға, алыс елдерге тасымалдауға мүмкіндік туды.
1929 жылы қытырлақ картоптарды өндірісте дайындауға арналған алғашқы машина ойлап табылды. Оны механик Фриман Макбет ойлап тапты.
Кола сусыны 1886 жылы 8 мамырда Атланта жерінде пайда болған. Оны шығарған фармацевт Джон Стит Пембертон . Сусынның атауын оның бухгалтері Фрэнк Робинсон қойған. Каллиграфия әдісімен «Coca-Cola» сөзін жазған.
1915 жылы алғашы бөтелкелер ойлап табылды.
Кола ссусындарын алғы кезде күніне 9 адам тұтынатын. Күнделікті пайда 50$ болды.
1892 жылы Аса Григгс Кэндлер «The Coca-Cola Company» компаниясының негізін қалады.
1894 жылдан бастап кола сусыны бөтелкелерде сатыла бастады.
1902 жылы Кока-кола 120 мын доллар пайдамен АҚШ –тағы ең танымал сусынға айналды.
1916 жылы Cola, Candy Cola, Cold Cola, Cay-Ola и Koca Nola атымен өндіріске шыққан жасанды кола сусындарының үстінен 153 қылмстық іс қозғалды.
1955 жылдан бастап кока кола үлкен бөтелкелерде сатылымға шығарылды.
1979 жылы «Кока-кола» компаниясының сусындары алғаш Мәскеудегі Олимпиада ойындарына дайындығы барысында пайда болады.Кока-кола 1999 және 2010 жылдары «Жыл Өнімі» ұлттық сыйлығының лауреаты болады. «Кока-кола» компаниясы өкілдерінің айтуынша, сусынның негізгі құпиясы кошениль құртынан алынатын азық-түлік қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант,кока ағашының жаңғағы,фосфор қышқылы,кофеин, карамель, көмірқышқылы қосылады деп көрсетілген.
Енді өндірушілер сусынның түсін өзгертетін бояу ретінде қолданылатын кошениль құртының еш зияны жоқ деп елді сендіруге тырысуда. Дегенмен «кока-коланың» адам ағзасына келтірер залалы күннен- күнге дәлелденіп отыр. 1980 жылы кока-кола Мәскеудегі олимпиада ойындарында негізгі ресми сусын болды.
1982 жылы Diet Coke. Атауымен диеталық кола сусыны шығарыла бастады.
1988 жылы КСРО сауда орындарында шығарыла бастады.
Құрамы: тазартылған газдалған су, қант, табиғи карамель бояғыш, қышқылды реттеуші (ортофосфор қышқылы), табиғи хошиістендіргіштер, кофеин.1 литр кола дайындау үшін 2 л су қажет. Кока-коланың таза рецептісі SunTrust Bank банкінде Атланта қаласында сақталған. Кока-коланың негізгі шикізаты кока жапырағының үш талы тропикалық кола ағашының бір жаңғағы.
Альберт Ниман 1859 жылы кока ағашынан кокаин бөліп шығарған. Сол себепті бастапқы кезде кола сусындары дәріханада сергіткіш зат ретінде сатылған. Ол кезде кокаинның зияны ретінде ешбір адам баласы білмегендіктен кола сусындарына деген тәуеліділік күшейіп кеткен. Себебі оның құрамынла кокаин болғандықтан ол адамдарды өзіне тәуелді етіп, наркотикалық зат ретінде өзіне тарта түскен. Тіпті атақты Шерлок Холмстың өзі кокаинға тәуелді болған. Қытырлақ картоптардың құрамында картоп,өсімдік майы,лактозы, Е 621 глютомат натрий, Е 330 лимон қышқылы,натрий фосфаты,акриламид бар.
Крахмал – крахмал дәндерінен тұратын ақ ұнтақ. Крахмал картоптан, дәнді-дақылдан және басқа шикізаттан өндірілетін полисахарид болып табылады.Модифицирленген крахмалды алу крахмалдың жылулық өңдеу, қышқылдар, тотықтырғыштардың және т.б. әсерінен өзінің физико-химиялық қасиеттерін өзгерту қабілетіне негізделген. Модифицирленген крахмалдың келесі түрлерін шығарады: жоғары тұтқырлықты (кисель, соусжасау үшін) төмен тұтқырлықты (балмұздақ, желе өндіру үшін), ісінетін (торт, пирожный, пудинг өндірісінде қобюландырғыш консистенциясын тұрақтандырғыш ретінде) мобилді (сусымалы) , түсі өзгерген крахмал және т.б.
Натрий глутаматы немесе Е 621 деп аталатын тағам қоспасы – ақ түсті кристалды, суда тез еритін ұнтақ. Токсикалық зат. Бұрын қытай асханасында бұл күштеп қолданылып, орталық жүйке жүйесінің бұзылуына алып келді. Азғантай көлемі аса қауіпті емес. Бірақ, фастфудты (тез дайындалатын лапша, қатқан нандар мен чипстер) көп жейтін адамдар үшін зияны мол.
Қазіргі кезде, тағам өнеркәсібінде дәм мен иісті күшейткіш ретінде, тұздың орнына қолданылады. Бұл өнімнің өзінде дәм де иісте жоқ, бірақ, ет, құс еті, теңіз өнімдері, саңырауқұлақ және тағы басқа тағамдардың дәмін күшейтеді.
Натрий глутаматы — тағамдардың дәмін келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар, өңдеу процесі кезінде төмендеген хош иістерді күшейтеді, ұзақ сақталады және ұзақ сақталу кезінде дәмдерін жоғалтпайды. Өндірушілер табиғи қоспаларды үнемдеу үшін осы дәмдеуішті қолданады. Дайын тағамдардың көптеген кемшіліктерін жояды, яғни, сапасы төмен тағамдарды білдіртпейді, табиғи дәм береді. Ет, құс еті, саңырауқұлақ, чипсы, сухариктерде, соустарда, соусты жартылай дайын өнімдерде, құрғақ көжелерде және Фаст- фуд өнімдерінде қолданылады. Бұл дәмдеуіш қосылған тағамдар дәмдік сапасы жағынан өте жоғары болып шығады.
Адам денсаулығына зияны: ми клеткаларының шамадан тыс қозуына әсер етеді. Балалар мен жасөспірімдер жиі қолданғанда ми жұмысының өзгеруіне алып келеді. Жүкті әйелдер жиі қолданса плацента арқылы балаға өтіп, баланың миы мен жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді. Бұл дәмдеуішті көп қолданған адамдардың ағзасы табиғи өнімдерді қабылдамай қалады, сондықтан тек қана Е 621 қосылған тағамдарға тәуелділік туады және дәм сезу рецепторларының жұмысы нашарлайды. Келесі аурулардың туындауына алып келеді: бүйрек жеткіліксіздігі, астма, аллергия және басқа да қауіпті аурулар. Сонымен қатар, көз сетчаткасының структурасы, ас қорыту жүйесі бұзылады, асқазан-ішек жолдарында жара пайда болуына және гастритке алып келеді.
Е330 –лимон қышқылы, бұл зиянсыз қоспа.
Кола – тропиктік Африкада өсетін ағаш түрі;кейбір түрлерінің жемістері медицинада ,ликер және кока-кола сусынын жасауда қолданылады.

Денсалыққа зияны.
Дәрігерлердің пайымдауы бойынша Кока-кола әсіресе балалардың баc сүйегіне, ойлау қабілеттеріне орасан зор зиян келтіреді.Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасына кальций, темір секілді ең маңызды элеменнттерді жойып есесіне құрамындағы есірткі зат өміріңізді екі есеге қысқартады.«Кока-кола» және «Пепси» сусындарын дайындау кезінде пайдаланылатын карамельдердің құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады»-деп жазады газет. Кока-коланы сатуға тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламыз. Өйткені күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені анықталған.Дәрігер мамандар мен ғалымдар сараптамасына назар аударсақ, ішектің созылмалы ауруымен , асқазан ,өт жолдарының және несеп жолдарыауратындарға тұтынбауға кеңес береді.Адам денесіндегі гармондардың түзілуіне кері әсерін тигізіп, жиі қолданғандық шамадан тыс семіруге әкеледі.Жас адамдардың ағзасына әсері күшті.Қан қысымын көтеріп, жүйке жүйесінің ауытқушылығын және ойлау қабілеттерін отырғызып тастайтын да қасиеті бар екен.Орал қаласының ғалымдары Кока-коланы сынақтан өткізген болатын.Тіс үлгісінің қалыбына 5 литр сокты құйып, тәулік бойына қалдырып кеткен , нәтижесінде тіс орнына ақ ұнтақты ғана көреді.
Сусынның құрамында қан айналымын баяулатып , аққан ауруына әкелетін жасанды бояғыштары бар.
Пайдалы жақтары:
Ауруды уақытша тоқтататын (обезбалевающее) қасиеті бар.Осы сусынның химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар.
Көктем , жаз айларында жәндік, шыбын шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жеріңізге кока-коланы құйсаңыз, жеңілденіп қаласыз.
Кока-кола тотты жақсы кетіреді,үйдегі қолданыстан шығып қалған металл заттарды бірнеше сағат сусынға салып қойып, ысқылап жусаңыз сол зат тазарып шағады.Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезені немесе автокөліктің саймандарын жуу кезінде жақсы нәтиже алуға болады.
Кока-кола сусынын тамақ дайындауға да қолдануға болады. Ол тек қана дақты кетірмейді,иісті де жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдерді жусаңыз нәтижесі жақсы болады. Осындай айғақтардан кейін мен де өз тәжірбиелерімді істеп, өз ойымды, пікірімді сыныптас достарыма айтып, іс жүзінде көрсетін , олармен бөлісіп отырдым.
Қорытынды
Түркияда оның жасалу жолын білгеннен - ақ коланың әкелуіне мүлде тыйым салынды. Бұл сусынды АҚШ - тың солтүстік штаттарында жол полициясы авариядан кейінгі асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады екен. Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен ерітіп жібере алады. Егер бұл сусынға бір тілім етті салып жіберсе, 2 күннен кейін ол тіпті жоқ болып кетеді. Егер кола адам тырнағын, шикі етті, киімдегі, тіпті асфальттағы дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы білеміз, керемет мықты химикат - қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше ол адам ағзасына енгеннен кейін не қылмақ?!