Қысқа мерзімді жоспары, № 95-96 сабақ.
| №3 мектеп-интернат |
Мерзімі: | Мұғалім аты-жөні: Мәденова Гүлзия Бегәліқызы |
Сыныбы: 8 | Қатысқаноқушылар саны: | Қатыспағаноқушыларсаны: |
Сабақтың тақырыбы: | Квадраттық функцияның графиктері. Квадратық функцияның өмірдегі қолданысы. |
Оқу бағдарлама-сына сілтеме: | Өмірдегі жағдайларды модельдеуде квадраттық функцияны қолданады. |
Сабақтың мақсаты | Квадраттық функцияның қасиеттерін түсіну және осы түсініктерін өмірдегі жағдайларды модельдеуде қолдану. Дамытушылық: Өзіндік ойлау, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету |
Күтілетін нәтиже | Квадраттық функцияның өмірдегі қайда қолданатынын біледі. |
Тілдікмақсаттар | Оқушылар: Тақырыптық-арнайы тілді және «егер… онда…» құрастырымын пайдаланып дәлдікпен енгізу – шығару үдерісін ауызша сипаттайтын болады бірмүше мен байланысты терминдерді анықтайтын қосалқы сөйлемді пайдаланады (мысалы … алатын сан) ауызша және жазбаша анықтайды. |
Алдыңғы сабақтан алған білім | y=𝑎 +𝑏x+𝑐 немесе y=𝑎 түрінде өрнектелген квадраттық функциялардың графигін салады, мұндағы 𝑎 |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Оқытуресурстары |
Басы | Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. | Оқу құралдарын даярлау. | |
Үй тапсырмасын тексеру | Үй жұмыстарының тексерілуін қадағалайды. Интерактивті тақтаға үй жұмыстарының шешімдерін көрсетіледі. | Өздерінің орындаған тапсырмаларын салыстыра отырып, тексереді. Жауаптарын интерактивті тақтадағы шешіммен сәйкестендіреді | Интерактивті тақта. |
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру | Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы айтылады. Тақырыпқа сай оқушылардан бүгінгі сабақтың мақсатын ашуүшін сұрақтар қояды. Сабақтың мақсаты айтылады. | Оқушылар сұраққа сай математикалық тілде сабақтың мақсатын ашуға тырысады, сұрақтарға жауап береді. | Ә.Н.ШыныбековАлгебра 8 класс. |
20мин | Парабола атауын алғаш рет біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Аполлоний өзінің «Конустық қималар» атты еңбегінде енгізген. Параболаның бірқатар тамаша қасиеттері бар. Мысалы, Аполлоний қарастырғандай,суретте көрсетілген тәртіп бойынша конустық бетті СО жасаушысына параллельбағытта жазықтықпен қиып өткен, онда шығатын қима парабола болады. Жер бетінен белгілі бір бұрышпен тебілген футбол добы, лақтырылған тас, зеңберектен атқан оқ және т.с.с. парабола бойымен ұшады.  Парабола қасиеттерін ғылым мен техника саласында да кеңнен қолданады. Мысалы, автомобиль прожекторларының осьтік қималары парабола болып табылады. Егер параболаны шағылыстырушы айна деп қабылдасақ,онда параболаның симметрия осіне параллель сеулелердің барлығы да айнада шағылысып, оның симметрия осінде орналасатын бір нүктеде тоғысады. Бұл нүктені параболаның фокусы деп атайды.  Фокус-грекшеден аударғанда «от ошағы» дегенді білдіреді. Сонымен, егер жарық көзін фокуста орналастырсақ, онда парабола «айнасынан» шағылысқан сәуле оның осіне параллель болады. Бұл қасиетті прожекторларды құрастыру принцпіне қолданады. Мұнда прожектор айнасы-параболаны симметрия осі маңында айналдырғаннан шығатын айналу беті, оны айналу параболоиды деп те атайды. Егер жарық көзі осьтің бойында фокустан ауытқитын болса, онда шағылысатын сәулелер шашыраңқы немесе бір нүктеде тоғысатын болып келеді. Параболаның қасиеттерін шашыраңқы телесигналдарды қабылдағыш-параболалық антеннаның жұмыс принципінде қолданады.      І тапсырма:Суреттердегі параболалардың теңдеулерін жазыңдар:     ІІ тапсырма:Суреттердегі параболалардың теңдеулерін жазыңдар:    | |
Сабақты бекіту Квадратық функцияның өмірдегі қолданысы. | Бөлінген топтарға тапсырмалар беріледі. Үш топтың орындаған тапсырмаларын талқылауын қадағалайды. Қажет жағдайда бағыттаушы сұрақтар қояды. Топ мүшелерінің өзара бағалауын қадағалайды. | Топ мүшелері берілген тапсырмаларды топ ішінде, өз бетінше шығарады. Топ мүшелері ақылдаса отырып, топ құрамындағы оқушылары бағалайды. | Ә.Н.ШыныбековАлгебра 8 класс. Баймұханов Б Алгебра 8 класс. |
Соңы Үй тапсырмасы | Үй тапсырмасының орындалуына бағыт-бағдар беру. «Квадратық функцияның өмірдегі қолданысы» | Үй тапсырмасын күнделіктеріне түсіру. «Квадратық функцияның өмірдегі қолданысы» | |
Рефлексия | | | |
Дифференциалды оқыту – Көбірекқолдаукөрсетуүшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтарменбайланыс (тәрбиелік элемент) |
1. Қабілеті жоғары оқушыларды қабілеті төмен оқушылармен бірге бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Олар көмек көрсету арқылы олардың жинақталуына септігін тигізіп, оқуға тарта алады. Топқа қойылатын талап бойынша әр топ шығарған есепті қалай шығарғанын басқа топ алдында қорғайды және әрбір топ мүшесінің өзіндік рөлі болу керек. 2. Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады. | Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады. | Ойлауды сезінуді дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануға көмектеседі |