СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Разработка открытого урока по казахской литературе на тему: "С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесіндегі Сатай мен Рәбиға бейнесі" (6 класс)

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесіндегі Сатай мен Рәбиға бейнесі.

Мақсаты:

1) білімділігі: - әңгіме мазмұнына сүйене отырып, Сатай мен  Рәбиға бейнесін ашу, талдау. Автордың айтайын   деген ойын ашып көрсету ;

  1. дамытушылығы:  - шығарманы талдау барысында оқушылардыауызекі

сөйлеу  мәдениетін  дамыту және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру.  Проблемалық сұрақтар  арқылы ойлау, жинақтау,                                                тұжырымдау    қабілеттерін арттыру.

 3) тәрбиелілігі:  - кейіпкерлердің  іс-әрекет, мінез-құлқына                                         талдау жасау арқылы оқушыларды жақсыдан  үйренуге, жаманнан жиренуге    тәрбиелеу.  Кейіпкерлердің бойындағы жақсы қасиеттер    арқылы  оқушыны   адалдыққа, әділдікке, ата-ананы құрметтеуге,  адамгершілік      қасиеттерді бойына сіңіруге ықпал ету.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, тарих, музыка, өнер.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау  технологиясы, модульдік оқыту технологиясы,  репродуктивтік әдіс.

Сабақтың көрнекілігі: автор суреті, тірек-сызба,  

Просмотр содержимого документа
«Разработка открытого урока по казахской литературе на тему: "С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесіндегі Сатай мен Рәбиға бейнесі" (6 класс)»

Мұғалімі: Н.Сегізбаева.

Сыныбы: 6 «Б».

Тақырыбы: С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесіндегі Сатай мен Рәбиға бейнесі.

Мақсаты:

1) білімділігі: - әңгіме мазмұнына сүйене отырып, Сатай мен Рәбиға бейнесін ашу, талдау. Автордың айтайын деген ойын ашып көрсету ;

  1. дамытушылығы: - шығарманы талдау барысында оқушыларды ауызекі

сөйлеу мәдениетін дамыту және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру. Проблемалық сұрақтар арқылы ойлау, жинақтау, тұжырымдау қабілеттерін арттыру.

3) тәрбиелілігі: - кейіпкерлердің іс-әрекет, мінез-құлқына талдау жасау арқылы оқушыларды жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Кейіпкерлердің бойындағы жақсы қасиеттер арқылы оқушыны адалдыққа, әділдікке, ата-ананы құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге ықпал ету.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, тарих, музыка, өнер.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, репродуктивтік әдіс.

Сабақтың көрнекілігі: автор суреті, тірек-сызба,

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.





Сайын Мұратбеков

Өмірі Шығармашылығы

1936-2007 жж. «Менің қарындасым», «Ауыл аты»

«Көкорай», «Жабайы алма»,

«Жусан иісі», «Басында Үшқараның»,

«Дос іздеп жүрмін», «Кәментоғай»,

«Қылау».

«Қай сәт бейнеленген?»

1. «Қой, тұрайын, болмас».

2. «Әй, осы бүгін быт-шыт боп, шанақтарың шашылғыр... қу шана-ай...»

3. «Мұндайда қасқыр кездесуі мүмкін-ау!»

4. «Шіркін, адам өлмейтін болса».

5. «Аумайды-ей, қасқырдан.»

6. «Мә, ішікті жамылып отыр».

7. «Пьесасыз қандай ойын ол?»

8. «Менің сондай бір жаман мінезім бар».

9. «Бәлі, өзіміз талай көргенбіз».

10. «Бізде де жақсы мұғалімдер бар...»

11. «Сен өлімнен қорқасың ба?»

12. «Апыр-ау, қайда кете қалды? Әлде қасқыр...»

13. «Жай, бір жұмыспен келдім».

ІІІ Өткен тақырыпты қорыту.

«Ең бастысы» оқыта үйрету ойыны.

(қылау, таныстық, достық, әке тапсырмасы, қасқыр, өмір мен өлім, мектеп пен ұстаздар, Сатай мен Рәбиға).



ІҮ Жаңа сабақ.

Сатай мен Рабиғаның диалогын рольде ойната отырып, бүгінгі сабағымызда шығарма кейіпкерлеріне мінездеме берілетіндігін хабарлаймын.

Ү Жаңа сабақты бекіту.

А).

1-топқа:

Оқиғалар

Кейіпкердің көңіл-күйі

Себебі

Әкесі ұйқыдан оятқанда.

Әкесі тапсырма бергенде.

Зираттың қасынан өткенде.





2-топқа:

Оқиғалар

Кейіпкердің көңіл-күйі

Себебі

Рәбиға екеуі қасқыр көргенде.

Рәбиға шанадан түсіп қалғаннан кейін.

Жолдан оралғанда.





Б).

«Теріп алу» стратегиясы бойынша 1-топ Сатайға, 2-топ Рәбиғаға тән қасиеттерді теріп жазады.

Түсінігі үстірт,мейірімсіз, батыл, әдепсіз, әдемі, ақылды, мақтаншақ, сезімтал, ұнамды, қайырымды,арамза, үлкенді сыйлайды, қиялы ұшқыр, жайдары, ойлы, ашық, аңғал, балаң мінез, мейірімді, мақтан сүймейді, білімді, жайдары, нәзік, ата-ананың қолғанаты, әдебиет пен тарихты ұнатады, математиканы жақсы көреді, қолы ашық, жанашыр.

В). Әдеби пікірталас

1. Әке ақылы Сатайды ызыландырды, біз жастар ересектердің ақылын осылай қабылдаймыз ба?

2. Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауы дұрыс па? Күнделікті тірлікті ойлауға болады ғой?

3. Рәбиғамен келе жатып қасқырды көргенде Сатайдың айғайға басуынан оның қандай мінезін байқаймыз?

4. Бұрын қасқырды көрмесе де «Қасқырды талай көргенмін» деуі мақтаншақ, өтірікшілігінің белгісі емес пе?

5. Сатайдың «Мектеп ережесі» туралы пікірі, сабақ, мұғалім туралы пікіріне қосылуға бола ма?

6. Тұман басқан ай далаға Рабиғаны неге жалғыз қалдырып кетті? Ол адамгершілікке жата ма?

7. Егер сен автор болсаң, шығарманы қалай аяқтар едің?

ҮІ Сабақты қорыту:

«Автор орындығы»

  1. Мен өз шығармамды «Қылау» деп атау себебім: қылау – майда қар, аппақ, жұмсақ. Ал ақ түс – тазалықтың, адалдықтың белгісі. Рәбиға мен Сатай кездескенде жер дүние де, олардың көңілдері де аппақ болатын. Мен олардың адал, таза достық сезімдерін үлгі еткім келді.

  2. Мен Сатай мінезіндегі түрлі қасиеттер арқылы Сіздерге ата-ананы құрметтеп, сөздерін тыңдап жүріңдер демекпін. Дос бола біліңдер. Достықты қадірлей біліңдер демекпін. Бір-біріңе жанашыр болуға шақырамын. Адам-адамға жақсылық жасауға тиіс.

(Слайтпен қорытындыланды).

«Жанды сөз» сабақты қорыту мақсатындағы 5 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын алу.

ҮІІ Үйге тапсырма: «Жақсы қасиет – жанға дос» эссе жазу.

Әңгімедегі ұнаған көрініс бойынша сурет салу.

ҮШ Оқушы білімін бағалау

















С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесінен


  1. Сатай Рабиғадан қандай кітап алды?


а) қазақ әдебиеті

ә) геометрия

б) алгебра

в) биология


2. Сатай Рабиға кетуге ыңғайланғанда қандай сұрақ қойды?

а) Сен жақсы оқисың ба?

ә) Сен өлімнен қорқасың ба?

б) Қасқырды көргенде қорықтың ба?

в) Сен қай мектепте оқисың?


3. С.Мұратбековтің шығармаларын ата?

а) «Балықшы әні», «Туған жер»

ә) «Қос шалқар», «Оянған өлке»

б) «Ауыл оты», «Дос іздеп жүрмін»

в) «Әке», «Дермене»


4. С.Мұратбеков Мәскеудегі М.Горький атындағы институтты қашан бітірді?

а) 1973

ә) 1982

б) 1971

в) 1961


5. Сайын Мұратбековтің алғашқы әңгімелер жинағы қай жылы жарияланды?


а)1952

ә) 1973

б) 1954

в) 1961












КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

№275 ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП















Ашық сабақ

С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесіндегі

Сатай мен Рәбиға бейнесі

















Класы: 6 «Б»

Пән мұғалімі Оспанова М.Т.









Байқоңыр қаласы

Мұғалімі: Н.Сегізбаева. Күні: 05.04.13.

Сыныбы: 6 «Б». Кабинет № 203.

Тақырыбы: Шығарманың композициялық құрылысы мен авторлық идея.

Мақсаты:

1) білімділігі: - әңгіме мазмұнына сүйене отырып, шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау, кейіпкерлер әлеміне сүйене отырып авторлық идеяны ашу ;

  1. дамытушылығы: - шығарманы талдау барысында оқушыларды

ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру. Проблемалық сұрақтар арқылы ойлау, жинақтау, тұжырымдау қабілеттерін арттыру.

3) тәрбиелілігі: - кейіпкерлердің іс-әрекет, мінез-құлқына талдау жасау арқылы оқушыларды ұлтаралық достықты құрметтеуге, шыдамдылыққа, бауырмалдыққа, ерлікке, ұлттың тарихын құрметтеуге тәрбилеу, толиранттық қасиеттерді бойына сіңіру.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: білімді бекіту, жинақтау сабағы.

Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, тарих, музыка, өнер.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, модульдік оқыту технологиясы стратегиялары, репродуктивтік әдіс.

Сабақтың көрнекілігі: автор суреті, тірек-сызба,

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.





1).

Мұхтар Мағауин

Өмірі

Шығармашылығы


Мұхтар Мұқанұлы Мағауин (2.02.1940, Баршатас ауылы, Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).


«Тазының өлімі», «Бір атаның балалары», «Көкбалақ», «Жүйріктің тағдыры», «Шаһан-Шері» повестері,

«Көк мұнар» романы,

«Аласапыран» роман-диалогиясы




2).

Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі:

Кейіпкерлер

Ұстанымы

Жазушының суреттеуі

Менің ойым

Ахмет

Жанашыр












Мейірімді








Ахаң тізесін бүгіп, екеуін бірдей бауырына басты. Кезек-кезек маңдайларынан сүйді. Сонан соң орнынан көтеріліп, балаларды жағалай бастарынан сипап өтті де, ең шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады.

Зигфридтің нағыз жетім екендігін біліп асырады. Асық жілік ұстатып той жасады. Атын Зекен Ахметұлы Бегімбетов деп жаздырды. Зекенді ауыл балаларымен қатар жүргенін қалады.



Дәуренбек

Соғыс мүгедегі

Дәуренбек солдат етігімен сарт-сұрт басып, екі-үш қадам алға шықты да, бас бармағы мен жарты шынашығы ғана бар сол қолымен қармалап, төс қалтасынан төрт бүктелген бір жапырақ қағаз алды.


Зигфрид

Соғыста әке-шешесінен айрылған жетім неміс баласы

Аппақ қаздың бауырынан тұрған сары үрпек балапандай сары шашты сап-сары бала көрінді.




3).

«Қай сәт бейнеленген?»

1. «Сабыр, ағайын сабыр, менің әкелгенім алты-ақ бала..».

2. «Жүріңдер, айналайындар, бері жүріңдер.»

3. «Смирна тұрып, внимательна тыңдаңдар. Тылдағы еңбекшілерге көмекке жіберілген жолдастар төмендегіше» (Олар кімдер, атаңдар.)

4. «Сөз дейтін не сөз бар... Осы ауылдан сайдың тасындай 43 азамат етіп еді. Әзірге оралғаны екеу-ақ». (Олар кімдер?)

5. «Мен осы мықтының өзін қаладым...»

6. «Неміс деп, орыс деп, қазақ деп бөлу пайғамбарға шет, құдайға күнә» деген сөзді кім қашан айтты?

7. «Зекеннің ағаларын ата.»

8. «Кәрмәнмен соғыста менкі үш аға өлген».(Кімнің сөзі?)

9. «Әй, өңкей қара сирақ! ...Мынау менің балам. Нарымбеттің інісі».(Бұл сөзді кім кімдерге не үшін айтты?)

ІІІ Өткен тақырыпты қорыту.

«Ең бастысы» оқыта үйрету ойыны.


(Оқушылар тірек сөздерге байланысты өз ойларын айтады)




  • Бауырмалдық, достық, қайырымдылық, соғыс, бала асырап алу, жаралы болу, қара қағаз келу, әр түрлі ұлт өкілдері, ұлттар достығы, қонақжайлылық, шыдамдылық, төзімділік, тылдағы еңбек .



ІҮ Жаңа сабақ.

Шығарманың композициялық құрылысы:

Тақырыбы: «Бір атаның балалары»

Идеясы: ________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқиғаның басталуы:

Бұлғыртау ауданының бір колхозына «жұмысшы» балалар әкелінді.

Оқиғаның дамуы:

Балаларды асырап алу (Ауылға келген алты баланың бірі – неміс баласы Зигфрид.)

Оқиғаның шарықтау шегі:

Ахметтің Зигфридті таңдауы.

Оқиғаның шиеленісуі:

Ауыл балаларының Зекенге көрсеткен қағажуы.

Оқиғаның шешімі:

Зитфрид - балалар республикасының қатардағы азаматы.

Ү Жаңа сабақты бекіту.



А).

1-топқа:

Оқиғалар

Кейіпкердің көңіл-күйі

Себебі

Ахмет жетімдерді алғаш көргенде.

Дәуренбек балалардың құжатымен таныстырарда.

Ахаң қазақ балаларын алғысы келгенде.





2-топқа:

Оқиғалар

Кейіпкердің көңіл-күйі

Себебі

Зекен ептеп қазақша үйренгеннен кейін.

Зекен екі көзі ғана жылтырап үйге келгенде.

Зекен ауыл балаларымен тіл табысқаннан кейін





Б).

«Теріп алу» стратегиясы бойынша 1-топ Ахметке, 2-топ ауыл адамдарына тән қасиеттерді теріп жазады.

Мейірімді, батыл, әдепсіз, бауырмал, әдемі, ақылды, мақтаншақ, сезімтал, ұнамды, қайырымды, арамза, үлкенді сыйлайды, шүкіршілік етеді, шыдымды, жайдары, ойлы, ашық, аңғал, балаң мінез, мейірімді, мақтан сүймейді, білімді, жайдары, ата-ананың қолғанаты, қолы ашық, жанашыр, болашаққа сенеді, бейбітшілікті сүйеді, еңбекқор, салт-дәстүрді сақтайды, үлкенді сылайды, кезек күтеді, сөз тыңдайды.

В). Әдеби пікірталас

1. Неліктен шығарма «Бір атаның балалары» деп аталған? Сен автор болсаң қалай атар едің?

2.Қарттың тек қана сол баланы асырап алудағы мақсаты неде ойлайсыңдар?

3. Үзіндіде қазақ халқының қандай қасиеттері туралы айтылған?

4. Ұлы Отан соғысының зардабы сенің отбасыңның тарихында бар ма?

5. Шығарма идеясының бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның тағдырына қаншалықты қатысы бар ?

Сөздікпен жұмыс: Бауырыма салдым -

Ақ шаршы –

Пышақ кескендей тыйылды –

Жойыт –

Қара қағаз –

Асық жілік ұстатар той –

Раса -

ҮІ Сабақты қорыту:

«Автор орындығы»

  1. Мен өз шығармамды «Бір атаның балалары» деп атау себебім: түрлі ұл өкілдері болса да балалардың көңілі таза, жамандық ойламайды, бәрі жетім, балалар үйінің тәрбиеленушілері. Олардың арманы, мақсаты - ата-анам болса, бақытты жанұяда өмір сүрсем деу. Осы балалардың барлығы ұлттар достығын сақтауы керек.

  2. Мен Ахмет мінезіндегі жақсы қасиеттер мен қазақ халқының бойындағы кеңпейілділік, жомарттық, шыдамдылық қасиеттерді үлгі-өнеге еткім келді..

(Слайтпен қорыту).

- Сонымен, балалар, шығармаға арқау болып отырған соғыс жылдарындағы жетім балаларды жатсынбай бауырына басып, тәрбиелеп, азамат етіп өсірген пейілі кең қазақтың бауырмал халық екеніне тағы бір көз жеткізгендейміз. Оның дәлелі бүгінде көп ұлтты мемлекетіміздің бірлік пен татулықта өмір сүріп жатқандығын айтуға болады. Иә, адамгершілігі мол, мейірімді, жақсы болу үшін ешқандай шекараның, нәсілдің, ұлттың, білімнің қажеті жоқ. Жүрек жылуы болса, жеткілікті екен. Негізгісі - атаның емес, адамның ұлы бола біліңдер.




«Жанды сөз» сабақты қорыту мақсатындағы 5 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын алу.

ҮІІ Үйге тапсырма: «Соғыс салған қасірет» шығарма.

Әңгімедегі ұнаған көрініс бойынша сурет салу.

ҮШ Оқушы білімін бағалау







М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» әңгімесі бойынша

1. М.Мағауиннің қай шығармасы үшін Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді?

А) «Тазының өлімі»

В) «Шақан-Шері»

С) «Аласапыран»

Д) «Жүйріктің тағдыры»

2. «Аппақ қаздың бауырынан тұрған сары үрпек балапандай» деп суреттелетін кейіпкер кім?

А) Дәуренбек

В) Ахмет

С) Зигфрид

Д) Басқарма

3. « Неміс деп, орыс, қазақ деп бөлу пайғамбарға шет, құдайға күнә...» деген сөзді кім айтты?

А) Дәуренбек

В) Ахмет

С) Зигфрид

Д) Басқарма

4. Ахмет ақсақалдың үлкен баласының аты?

А) Жолымбет

В) Зекен

С) Келімбет

Д) Нарымбет

5. Ұлы Отан соғысы жылдары қанша қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атағын иеленді?

А) 98 адам

В) 101 адам

С) 1000 адам

Д) 78 адам