СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Разработка урока

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

разработка урока по казахскому языку по обновленной программе

Просмотр содержимого документа
«разработка урока»



САБАҚ: Жабайы аңдар

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты – жөні:Есимбаева С.С


Сынып:1

Қатысқандар:18

Қатыспағандар:0


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О3. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім?не? қандай? қанша?) сұрақ қоя білу.

Ж1. Берілген сөзге қатысты сипаттау сөздерін жазу.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады

1 «Жабайы аңдар» тақырыбы бойынша бейне мәтіннің мазмұны және иллюстрация арқылы қарапайым сұрақтар қоя біледі.

2 «Жабайы аңдар» тақырыбы бойынша берілген сөзге қатысты сипаттау сөздерін жазады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады

1.Пайдалы тіркестердің көмегімен «Хайуанаттар бағында» атты сұхбатқа түседі.

2.Берілген сюжетті сурет арқылы сөйлем жазады.


Кейбір оқушылар орындай алады:

1. Мәтіннің мазмұнын айтады.

2.Тақырып бойынша суреттерді пайдалана отырып шағын мәтін жазады және басқа оқушылардың білімін бағалайды.


Тілдік мақсат.



Оқушылар орындай алады:

Мәтін бойынша тақырыптың мазмұнын түсінеді, қарапайым сұрақтарға жауап береді.

Берілген сөзге қатысты сипаттама сөздерін жазады.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Аңқау, қу, күшті, аң патшасы, үлкен, кішкентай, сүйкімді, айбатты т.б


Сұхбат құруға арналған пайдалы тіркестер:

Бұл не?

... қандай?

Түрі қандай?

Аң патшасы кім?


Ишара:


Дескрипторлар.

1.Тақырып бойынша бейне мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация арқылы қарапайым сұрақтарға жауап береді.

2. Тақырып бойынша берілген сөзге қатысты сипаттау сөздерін жазады.

3. «Хайуанаттар бағында» атты сұхбатқа түседі.

4. «Жабайы аңдар» суреттерінің көмегімен сөйлем жазады.

5. «Жабайы аңдар» тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнын айтады.

6. Тақырып бойынша шағын мәтін жазады және басқа оқушыларға баға береді.



Талқылауға арналған сұрақтар:

Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

Олар қайда мекендейді?

Неге оларды жабайы аңдар деп атайды?

Қалада оларды қай жерден көруге болады?


Алдыңғы оқу

3 мин

Қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру, мысал келтіру. (слайд)

Оқушылар мұқият бейнематериалды көреді; сабақтың тақырыбы және мақсаты анықталады;


ЖОСПАР


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Бағалау



Сабақтың басы

15 минут









5 минут


















5 минут

1-тапсырма СТ(барлығы)

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бұл не?

... қандай?

Түрі қандай?

Аң патшасы кім?




2-тапсырма. ЖЖ Венн диаграммасы

Жабайы аңдар

Үй жануарлары

3–тапсырма. Жж (көпшілігі)

Жабайы аңдар суреттерін пайдалана отырып, тірек сұрақтар арқылы сұхбатқа түседі.

Диалог құруға критерий беріледі.

-Диалог құрылымы сақталуы керек.

-Сұрақтар нақты қойылу керек.

-Дұрыс жауап беруге тырыс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

2.Олар қайда мекендейді?

3.Неге оларды жабайы аңдар деп атайды?

4.Қалада оларды қай жерден көруге болады?



Жабайы аңдар туралы бейне материал




Үлестірме қағазда үй жануарлары және жабайы аңдардың суреттері (таратпа материал)









суреттер

Бағалау парағы беріледі.






Оқушылар бір-бірін тексереді

Бағалау критерийлері

«5»-қатесі жоқ,

«4»-1қате,

«3»-2-3 қате








Топ бір – бірін бағалайды

Белгілер




Сергіту сәті

2 минут

Видео




Сабақтың ортасы

17 минут






4 минут






5 минут

4 -тапсырма. ЖЖ (көпшілігі)

Сюжетті сурет бойынша «Пирамида» әдісі арқылы сөйлем жазады.

Аңдар.

Аңдарды көрдім.

Мен аңдарды көрдім.

Мен хайуанаттар бағынан аңдарды көрдім.


5 тапсырма.Ж(кейбіреуі)

«Жабайы аңдар» тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнын айтады.


6 тапсырма. Ж (кейбіреуі)

«Жабайы аңдар» тақырыбы бойынша шағын мәтін жазады.

Суреттер










Мәтін

Смайликтер



Бағдаршам


Сабақтың соңы

5 минут


Өткен сабаққа рефлексия жасайды Кері байланыс

Біз не білеміз?


Біз не білдік ?


Біз нені білгіміз келеді ?









Қосымша ақпарат


Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Сабаққа қойған мақсатыма жеттім.Сабағымда мынадай белсенді оқыту стратегияларын венн диаграммасы, пирамида, презентация,бейнекөрілім, теріс сұрақты қолдандым


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Тапсырмаларда бағалау дескрипторлары құрылды. Бағалау түрлері:топта бірін бірі бағалау , «бағдаршам», «бармақ», «бас бармақ» әдісі смайликтер

Пəнаралық байланыс – (дүниетану) қауіпсіздік, АКТ байланыс. құндылықтармен байланыс.

(тәрбие элементі: табиғатты қорғау, жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу)



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?



Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?




Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды

Бүгін оқушылар жабайы аңдармен танысып, үй жануарларымен арасындағы ұқсастықтармен айырмашылықтарын аша білді.

Сабақ белсенді, жақсы деңгейде өтті.



Жоспарланған саралау жақсы іске асты,алған тапсырмаларға критерийлер сәйкес болды,уақытты тиімді пайдаландым.




Қорытынды бағалау

1.Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.Жаңа сабақ бейне мәтін арқылы басталып сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталды. Бұл бейне мәтіннің сәтті шыққан жағы мәтінді оқып қана қоймай бейне материал арқылы көріп шығуы табысты болды. Бұл әдіс белсенді тыңдау,анықтау, салыстыру , пікір алмасуға және өз ойын түйіндеуге ыңғайлы болды.Графикалық органайзерлермен де жұмыс тиімді өтті. Венн диаграммасында жабайы аңдар мен үй жануарларының ортақ қасиеттері мен ерекшеліктері анықталды.

Диалог құруда тірек сұрақтар өз нәтижесін берді.

2. Оқушылардың өз-өздерін бағалауы алдағы уақытта алға жылжуы үшін және сабақ барысында жауапкершілікті өзіне алуға көмектесе отырып, тәуелсіз оқуға ықпал етеді.

2.Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысты).

1. « Қабырғадағы рөл» тәсілін қолдану оқушылардың білімдерін толықтай жеткізуге көмектеседі.

2.Бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларының жетілген кезінде бір-бірімен пікір алмасып, ойларын еркін жеткізіп, ортақ шешімге келуге жағдай жасайды..

3.Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекеленген оқушыларжөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? Бейне материал арқылы талқылауға арналған сұрақтар қойылғанда, «Венн диаграммасы» әдісін пайдаланғанда оқушылардың топқа өз идеяларын ұсынуларына мүмкіндік берілді, алайда топ мүшелері жұмыстың бастапқы кезеңінде өз ойларын жеткізуде жасқанып, үндемей отыру сияқты қиындықтар туындады және формативті бағалауда кейбір оқушыларда әділдік болмады. Алдағы уақытта бұл олқылықтарды жою үшін оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын, бағалауын қадағалаймын, бағыт бағдар беремін





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!