СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Разработка урока

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

разработка урока по казахскому языку. планирование открытого урока на тему "Көктем"

Просмотр содержимого документа
«разработка урока»

Сабақтың тақырыбы: Көктем

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көктем мезгілі туралы білімдерін тереңдету. Сөз құрамын практикалық жолдармен бекіту. Мәтін, жаңа сөздер, арқылы қазақша сөйлеу деңгейлерін жетілдіру.

білімділік: Тақырыпты түсіндіре отырып, дұрыс сөйлеуді, сауатты жазуды меңгерту.

Оқушылардың көктем, көктем мерекелері туралы білімдерін қалыптастыру.

дамытушылық: Жаңа сөздер арқылы сөз тіркестерін құрастыру, мәтін, сұрақ – жауап,

грамматикалық тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін,

ой – өрістерін,сөздік қорын дамыту, қазақша сөйлеу деңгейлерін

жетілдіру.

тәрбиелік: Табиғатты аялауға, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі Оқушылармен амандасамын. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. 
ІІ. Лексикалық жаттығу.

Сұрақ – жауап.

Бір аптада неше күн бар? Олар:...

Бір айда неше күн немесе неше апта бар?

Бір сағатта неше минут бар?

Бір тәулікте неше сағат бар?

Бір жылда неше күн немесе неше ай бар?

Бір жылда қанша жыл мезгілі бар? Олар:...

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: кроссвордтың шешілуін тексеремін.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтыңтақырыбын, мақсатын анықтамас бұрын көктем мезгілі жайлы слайд көрсетіледі. Слайд арқылы оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады. Сабақтың тақырыбы Көктем. Енді осы бүгінгі сабағымызда кездесетін жаңа сөздермен танысамыз.

Жаңа сөздер.

ұшып келеді – прилетают

гүлдейді – цветут

шығады – выходят

ериді - тает

жылынады – становится теплее

Ү. Мәтінмен жұмыс. Жаңа сөздермен танысып болған соң партада жатқан мәтінмен танысады.

Көктем – жылы жыл мезгілі. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде қар ериді, күн жылынады, бәйшешектер шығады. Сондай – ақ құстар жылы жақтан ұшып келеді, ағаштар гүлдейді. Көктемде әр түрлі мерекелер бар.

Мәтін және слайд бойынша сұрақтар. Сабақ басында көрген және мәтін арқылы сұрақтарға жауап береді.

Көктем қандай жыл мезгілі?

Көктем айлары?

Көктемде қандай өзгерістер болады?


Жаттығу жұмыстары

1 тапсырма.

Мәтіннен көптік жалғауы бар зат есім сөздерді тауып оқы. Түбірін, жалғауын ажырат.

Көктем – жылы жыл мезгілі. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде қар ериді, күн жылынады, бәйшешектер шығады. Сондай – ақ құстар жылы жақтан ұшып келеді, ағаштар гүлдейді. Көктемде әр түрлі мерекелер бар.

2 тапсырма. Көктемде қандай мерекелер бар?

Ал, енді олар қандай мерекелер екенін анықтайық. Өздері білетін көктем мерекелерін атап шығады.


ҮІ. Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бұтақтар,

Биік болып өседі.


ҮІІ. Жаттығу жұмыстары

1 тапсырма. «Құс» сөзін тәуелде

І жақ Менің құс І жақ Біздің құс

ІІ жақ Сенің құс ІІ жақ Сендердің құс

Сіздің құс Сіздердің құс

ІІІ жақ Оның құс ІІІ жақ Олардың құс

2 тапсырма. «Көктем» сөзіне дыбыстық талдау жаса.


ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:

Көктемде қандай өзгерістер болады? деген сұраққа постер қорғайды.


ХІ. Үй тапсырмасы: 163 бет, 5-тапсырма (Сөйлемдерді толықтырып жаз).


Бағалау: сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.






























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!