СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Разработка урока

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғұндар туралы ашық сабақ - жаңа тақырыпты меңгеру. 7 Модульдің әдіс-тәсілдерін, жаңа педагогикалық стратегияларды қолдана отырып өткізілетін сабақ жоспары.

Просмотр содержимого документа
«Разработка урока»

Тақырыбы

Ғұндардың шаруашылығы, қоғамдық құрылысы мен мәдениеті

Мақсаты

Тарихшы ғалымдардың деректерін келтіре отырып, ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы, қоғамдық құрылысы мен мәдениеті жайлы түсіндіру.Оқушылардың бойында еңбекқор, өз мәдениетін мақтан ететін, ұлтжанды азаматты қалыптастыру.

Білімділік: Ғұндарда шаруашылық пен кәсіптің түрлі салалары – мал шаруашылығы, егін шаруашылығы болғандығын, металл өндіріп, одан әшекей бұйымдар, саз балшықтан, теріден, ағаштан түрлі ыдыс-аяқтар жасағандығын түсіндіру.

Дамытушылық: Шаруашылықта, кәсіпшілікте, өнер саласында болған өзгерістердің артықшылығын, себептерін, маңызын ашып көрсететін тапсырмаларды орындауға оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, ойлау қызметін одан әрі дамытуға көмектесу, функционалдық сауаттылықтарын дамытуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Еңбек ету арқылы өнерді дамыту нәтижесінде ғұндардың өз кезіне лайық шаруашылық салаларын дамыта отырып, дүниежүзілік өнердің көркеюіне үлес қосқандығына тоқталып, оқушыларды ізгі дәстүрлерге тәрбиелеу.

Жалпы мақсат

Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сабақ барысында ғұндар жайлы жалпы түсініктерін байланыстыра, олардың шаруашылығы мен мәдениеті, қоғамдық құрылысы жайлы мағлұмат алып, келесі тақырыптармен байланыстыра біледі.

7 модульдің қолданылуы

“Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл, кластер, топпен жұмыс, кроссенс, инсерт.

Қолданылатын ресурстар


Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, компьютер, кесте, Қазақстан картасы.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі (2-3мин)


1.Сәлемдесу (үш тілде-тибет елінде-тіл шығару,Кенияның-масаи тайпасы билей бастайды,қазақша-салем).

2. Оқушыларды түгендеу.


Оқушылар да ат салыса сәлемдеседі. Көңіл-күйлері көтеріліп, сабаққа кірісе бастайды.







Өткен тақырыпқа шолу – сәйкестендір (5мин)

Өткен тақырып бойынша тест сұрақтары ұсынылады. Өзін-өзі бағалау жүргізіледі.

Оқушылар өз беттерімен сұрақтарға жауап береді. Дұрыс

жауапқа сәйкес өздерін бағалайды.

Бағалау критериясы ұсынылады: 8—«5»

7-6—«4»

5-4—«3»

3-2—«2»

Тренинг (2мин)

Оқушыларға сандармен қағаз таратылады,бірдей сандармен топ құрады. Ендігі кезекте пазл жинау ұсынылады. (Мақсат: ынтымақтастыққа баулу, шапшаңдыққа үйрену, ойын тиянақтай білу). Мал шаруашылығы

Оқушылар суреттер артындағы сандармен өз топтарын табады.Қиындылардан пазл жинау арқылы бір суретті құрайды.

Ойға шому (2мин)







Топ ережесі (2мин)

1.Мұғалім бір оқушыға шыбық ұсынады. Сындыруға бұйрық береді.

2. Ендігі кезекте сынған шыбықтарды біріктіріп сындыруды ұсынады.(Мақсат: Төле би Әнет бабадан сұраған екен: «Қайткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ?»-сұраған екен. Әнет баба ынтымақ, бірлік туралы сөз қозғапты.)

Топ ережесі түсіндіріледі.


1.Оқушы оп-оңай сындырады.

2. Оқушы екінші рет сындыруда қиналады.

3. Оқушылар мұғалім сөзін тыңдап, топ ережесімен танысады.

Білім. Қызығушылықтарын ояту (5мин)

Мұғалім слайдты көрсете, жаңа тақырыптың атауын оқушылармен табады.Мақсатын түсіндіре, тапсырмаға көшеді.

Тақырып: Ғұндардың шаруашылығы, қоғамдық құрылысы мен мәдениеті


Оқушылар ат салысады.

Тақырыпты тыңдай отырып, берілген тапсырманы мұқият тыңдайды.

Түсіну (5мин)

«Миға шабуыл» әдісімен әр топқа оқулық және қосымша мәтін беріледі.

Оқушылар жұппен,топпен тексті оқып, талқылайды, оқулықпен жұмыс жасайды.

(5мин)

«Кластер» әдісі бойынша

Өткен тақырыпты меңгеру және жаңа тақырыпты ашу мақсатында топтарға тапсырма алдыңғы құралған сурет атауымен байланысты болады.

Тақырыбтары:

  1. Мал шаруашылығы және егіншілік.

  2. Қоғамдық құрылысы

  3. Мәдениеті.

  4. Зергерлік өнері

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды, қорғауға шығады және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді. (Бағалау критериялары:

-нақты жауап-1

-тарихи тілменсөйлеу-1

-салыстыра білу-1)


Кластер әдісі арқылы жүзеге асады.Топпен талдау.


Сергіту сәті(2)

Мұғалім би әуеніне би қимылдарын көрсетеді (мақсат-шаршауды басу

Оқушылар би қимылдарын қайталайды


Талдау. Жинақтау

(5мин)

Кроссенс әдісі ұсынылады. (тақырыпқа байланысты суреттер ұсынылады)

Әр топ шапшаң түрде кроссенсті құрып, талқылауға шығады.

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді, бағалаудың мақсатына сәйкестендіру.

Рефлексия (3мин)








Сыни тұрғыдан ойлау (2)

Мұғалім жаңа тақырып бойынша қысқаша рефлексия өткізеді, «инсерт» әдісі бойынша:

Нені білдім?

Нені үйрендім?

Нені білуім керек?

Ал, оқушылар бүгінгі өткен тақырып, алған мағлұматтар өтірік болса ше?...

Оқушылар қойылған сұрақтарды стикерге жазып тақтаға жабыстырады.






Оқушылар өз жауаптарын айтады.


Бағалау (3)

Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ

Бағалау парақшаларында.


Бағалау парақшасына, күнделікке бағалау.

Өзін өзі топпен бағалайды

Бекіте қорытындылау (1)

Қорытындылау сұрақтары











Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!