№ қазақ тілі 6 сынып күні .................
Сабақтың тақырыбы: Туған күніне сыйлық
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау;Оқушылардың шығармашылық тапсырмалар арқылы дұрыс сөйлеу қабілеттерін арттыру,өз ойларын айқын және түсінікті жеткізуге үйрету, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын дамыту.Оқушыларды сүйіспеншілікке, сыйластыққа,ата-аналарын қадрлей білуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі:оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО стратегиялары, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, дарынды және талантты балаларды оқыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі:
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Сабаққа дайындықтарын тексеру.
II.Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сөздерді бекіту. Тапсырма
III.Жаңа сабақ.
1.Ой қозғау.
Сыйлық алуды ұнатасыңдар ма?
Сыйлық беру ненің белгісі?
Сыйлықты қалай ұсыну керек?
Сыйлықтың құнын айту керек пе?
Сыйлық берудің маңызы қандай?
Сыйлықты қалай қабылдау керек?
Сыйлық ұнамаса не істеу керек?
2. Ассоциация.
Сыйлықтар
гүл хош жүрекжарды ыдыс-аяқ әшекей қолдан
иісті өлең жиынтығы бұйымдар жасаған
иісмай туынды
3. Қызығушылығын ояту.
Сіздер аналарыңызға, әкелеріңізге, достарыңызға қандай сыйлық сыйлар едіңдер?
Мысалы: жақында анаңның туған күні. «Не сыйласам болады екен?» деген сауал төңірегінде ойланып, берілген сөз тіркесінен сөйлемдер құрайық.
Кімге: | анама | әкеме | досыма |
Сыйлық түрі | | | |
Суреті | | | |
Мен анама гүл сыйлаймын. Мен әкеме шарф сыйлаймын. Мен досыма доп сыйлаймын.
Сергіту сәті: Сыйлық таңдау берілген суреттерден сыйлық таңдап бір оқушыға сыйлау, тілек айту.
4. Мағынаны тану. Әр оқушы үш оқушыдан екі оқушыдан сауалнама алу керек.
Сыныптағы оқушылардан сауалнама алу.
Аты кім?..................
Туған күні қашан?......................
Туған күнге кімдерді шақырады?...........................
Сыйлыққа не алғанды ұнатады?................................
5. Ой толғаныс.
«Бес жолды өлең» стратегияс
Не?
Қандай?
Не істейді?
Синоним.
Сөйлем
Гүл
Әдемі, қызыл.
Сыйлаймыз, иіскейміз, өсіреміз.
Өсімдік
Анама туған күніне гүл сыйладым.
Сабақты қорытындылау.
«Ыстық орындық» әдісі. Бір оқушыны шығарып, қалған оқушылар сабақ бойынша сұрақтар қояды.
Рефлексия. Егер сабақ ұнаса, қызыл жұлдызды аспан әлеміне іліңдер. Егер сәл түсінбеген жерлерің болса, сары жұлдыз іліңдер. Егер сабақ мүлдем ұнамаса, күлгін түсті жұлдызды таңдаңдар.
IV.Үйге тапсырма
«Бес жолды өлең» стратегиясы. (әр оқушы өзі таңдаған мейрамға, сыйлыққа жазады.)
V. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылардың бағаларын айтып, мадақтау.