Пәні:Математика
Тақырыбы: Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту
Мақсаты: : Оқушылардың жүздіктер, ондықтар бірліктер көлеміндегі сандарды менгергені туралы білімдерін жүйелеу, ауызша көбейту тәсілдерін меңгерулеріне ықпал ету
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 12.
ІІІ. Тірек білімді өзекті ету.
Ауызша жұмыс. Көңілді өлең есептер:
1.Бір топ қоян орман кезіп барады, 2.Құс қорада балалар
Жолда олар қасқыр ізін санады. Тамақ берді қаздарға.
Қасқырлар да өткен екен топталып, Балапандарымен қосқанда
Әр табанның қардағы ізі ап – анық. Қаздарда 5 отбасы,
Қасқырлардан қалған іздер 120, Әрқайсысында 12 балапан.
Неше қасқыр жүріп өткен шынында? Түскі асқа нешеу жиналды,
( 120 : 4 = 30 ) Сол қаздарды санасаң?
( 12*5 = 60)
3. - Бұталардың арасынан тышқанды, 4. Жаздың күні жайнады,
Түлкі үйретті баласына ұстауды. Құстар салды сайранды.
Түлкінің бұл зұлым ойын ұғынған, Екеуіне бұтақтың
Тышқандар да шыршаға кеп тығылғын. 4 торғайдан отырды.
Саны олардың 5- еу еді шамасы, Ал келесі екеуін
Әр ананың 9 – дан бар баласы. 3 үкіден мекендеп,
Айтыңдаршы , неше тышқан тығылды, «Ухілейді» уілдеп.
Қорыққанда шырша болып панасы? Қалғымаңдар, балалар,
( 9*5+5 = 45 ) Құстар нешеу санаңдар?
( 4*2+3*2 = 14 )
IY. Үй жұмысын тексеру. № 12 .45бет
Ү. Өткен материалды пысықтау: 1. № 1, № 2 ауызша орында.
а) Әрбір санды 4 есеге арттыр: 7, 9, 8, 12, 16, 11.
7 ∙ 4 = 28 9 ∙ 4 = 36 8 ∙ 4 = 32 12 ∙ 4 = 48 16 ∙ 4 = 64 11 ∙ 4 = 44
ә) Әрбір санды 3 есе кеміт: 12, 9, 27, 90, 300, 150.
12 : 3 = 4 9 : 3 = 3 27 : 3 = 9 90 : 3 = 30 300 : 3 = 100 150 : 3 50
Жұптық жұмыс. № 3. Тиісті амалдар таңбасын қой.
2.Математикалық диктант
Диктантты оқиды. Оқушылар аяқтаған соң көршісіне жұмысын беруін сұрайды.
Тақтада жауаптың дұрыс нұсқасын көрсетеді
1 мен 9 сандарының қосындысын 7-ге көбейту;
4 пен 5 сандарының көбейтіндісіне 8 бен 5 сандарының көбейтідісін қосу;
10 мен 5 сандарының қосындысын 5 есе арттыру;
5 пен 9 сандарының көбейтіндісіне 7 мен 9 сандарының көбейтідісін қосу;
Оқушылар аяқтаған соң көршісіне жұмысын береді.
Тақтамен тексереді.
Серпілген амал:
Өрнекті оқып, әр топтан бір оқушыға лақтырады.
120:3=90 160:40=4 (6+3)*4=36
630:70=90 25*2=50 (5+2)*9=72
80*4=320 33*2=66 (9+1) *6 =60
Оқушы қағып алып, жауабын айтады. Білмеген жағдайда басқаға лақтырады.
Сергіту сәті:
Хатқа жауап
Қысқы Универсияда олимпядасынан хат келгенін жариялайды.
Хатты ашып оқиды. Есепті талдайды. Сұрақтың жауабын іздейді.ортақ шешімге келіп, хатшы жауапты жазады.
2 жұлдыз
1 тілек
Хатты көрші топқа береді.
Келген хаттағы есепті тексеріп, 2 жұлдыз 1 тілек жазады.
Есеп шығару. № 5.
![]()
Жүгіру – 63 спортшы Ш: 63 + (63 : 7) + (63 : 7 + 12) = 63 + 9 + 21 = 93

Секіру - ?, 7 есе кем ? Ж: барлығы 93 спортшы.
Диск лақтырушылар - ?, 12 көп
№ 6.
18 адамнан – 6 қатар Шешуі: 16 ∙ 7 - 18 ∙ 6 = 112 – 108 = 4
16 адамнан - 7 қатар Жауабы: 4 жанкүйер артық.
Қайсысы қаншаға артық?
Өздік жұмыс. №7. Кесте бойынша есептер құрастыр және оларды шығар.
Ш: 450 ∙ 2 : 3 = 900 : 3 = 300 Жауабы. ракетка 300 тг тұрады.
Ауызша. № 8,№ 9. Ш: 15 ∙ 8 = 120 жауабы. хауыз ғимаратының биіктігі 120м.
Топтық жұмыс: 1топ (№10); 2 топ (№ 11);
Ү. Сабақты қорыту: Математикалық тізбек:
4*3*5:10+9-3*2*3:8*6*2 = ? (108)
ҮІ .Рефлекция
Ленталар
- 2 таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту үшін не істейміз?
1) 2 таңбалы санды разрядтық қосылғыштарға жіктейміз
2) Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып көбейтеміз
- Көбейтудің үлестірімділік қасиетін кім айтады?
(Қосындыны санға көбейту үшін,әр қосылғышты сол санға көбейтіп, мәндерін қосу керек).
- Көбейтудің тағы қандай қасиеттері бар? (ауыстырымдылық, терімділік)
YII.Өзін – өзі бағалау.
Әркім көңіл – күйіне қарай тиісті бағасы бар геометриялық фигураны таңдайды.
-Кім бәрін түсіндім, сабаққа белсенді қатыстым, беске жауап бердім деп санаса- күлімсіреген үлкен фигураны таңдасын. Өзіне « 5» деген баға қояды.
-Кім жауапты толық бере алмадым, дұрыс жауап бердім, жақсы жұмыс істедім деп ойласа- кішірек фигураны таңдасын. « 4 »
-Кім ойланатын нәрсе бар, бұл сабақта аз жұмыс істедім, бірақ келесі сабақта
ҮІII.Үйге тапсырма: № 4, 13. 181 - 182 бет. Бағалау