СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Рефлексивті есеп Коучинг «Lesson Study» зерттеу тәсілін өз оқытуымызда қолданудың тиімділігі»

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

  Коучинг сессиясына 22 адам қатысты. Атап кететін болсам, қатысушылардың арасында география, биология, тарих, еңбек, математика, қазақ тілі, сурет, дене шынықтыру, өзін-өзі тану, бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды тобының тәрбиешілері де қатысты.

      Бұл жұмыс түрінде айтарлықтай қиыншылықтар кезедесетінін анықтадым.

     Сондықтан, мен әріптестеріме осы тәсіл туралы мәлімет беруді жөн көрдім. Бұл жұмыстың түрі мен үшін өте маңызды. «Lesson Studi» тәсіліне көңіл аударуымның себебі:

Балаларға зерттеушілік жүргізгенде ғана оқу жетіле бермек. Оқушылар бұндай ортада жұмыс істегенде олардың ой-пайымдары да айқындала түседі, әрі мұғалімдері мен құрдастарының көмегімен одан әрі дамытылуы мүмкін. Соған қарамастан, бұндай тәсілмен сабақ жүргізу дағдылары оқушыларға жайдан жай келе салмайды, балалар бірлескен топтық жұмыс арқылы ғана мәнін ұғынып, қабылдауы үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады.

Просмотр содержимого документа
«Рефлексивті есеп Коучинг «Lesson Study» зерттеу тәсілін өз оқытуымызда қолданудың тиімділігі»»


«Lesson Study» зерттеу тәсілін өз оқытуымызда қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы коучинг бойынша рефлексивтік есеп

Абдешова Ж.А.

Коучинг сессиясына 22 адам қатысты. Атап кететін болсам, қатысушылардың арасында география, биология, тарих, еңбек, математика, қазақ тілі, сурет, дене шынықтыру, өзін-өзі тану, бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды тобының тәрбиешілері де қатысты.

Бұл жұмыс түрінде айтарлықтай қиыншылықтар кезедесетінін анықтадым.

Сондықтан, мен әріптестеріме осы тәсіл туралы мәлімет беруді жөн көрдім. Бұл жұмыстың түрі мен үшін өте маңызды. «Lesson Studi» тәсіліне көңіл аударуымның себебі:

Балаларға зерттеушілік жүргізгенде ғана оқу жетіле бермек. Оқушылар бұндай ортада жұмыс істегенде олардың ой-пайымдары да айқындала түседі, әрі мұғалімдері мен құрдастарының көмегімен одан әрі дамытылуы мүмкін. Соған қарамастан, бұндай тәсілмен сабақ жүргізу дағдылары оқушыларға жайдан жай келе салмайды, балалар бірлескен топтық жұмыс арқылы ғана мәнін ұғынып, қабылдауы үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады.

Тақырыбы анықталғаннан кейін сессияға дайындық жасадым. Өзімізге қолайлы уақытты таңдап, коучинг сессиясын өткіздім.

Коучингті ұйымдастыру кезеңінде қатысушыларға «Құбыр», психологиялық тренинг өткіздім.

коучинг сабағына 22 адам қатысқандықтан, оларды сағат пазлдарымен 5 топқа бөлдім. Топ мүшелерімен таныстырып, топ мүшелерін сайлаттым. Топ мүшелерінің міндеттері мен ережесі еске түсірілді.

Коучинг сессиясының тақырыбы мен мақсатын, күтілетін нәтижесін хабарладым.

Тақырыбы: «Lesson Study» тәсілімен танысу.Мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну.

Оқу нәтижелері: Мұғалімдер:«Lesson Study» туралы түсініктері қалыптасады;Тәжірибеде қолдана алады.


«Lesson Study» дегеніміз не? деген тақырыпта ой қозғау мақсатында сұрақ-жауап алдым. Қатысушылардың ойлары тыңдалды. Көп мұғалімдердің бұл тәсіл туралы хабары жоқ екені анықталып, енді оларға топта жұмыс істеу үшін «Lesson study-ді» жүргізу әдіс- тәсілдерін оқып, танысуға арнайы мәтіндер үлестіріліп берілді. Осы жұмысты орындауға 10 минут берген едім, жеткіліксіз болды, сондықтан қосымша тағы 5 минут берілді.Одан кейін постермен жұмыс жасалып, әр топ өз жұмысын қорғады.

Қарсы 3 топ оларды «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» арқылы бағалап отырды.

Постер қорғалып болғаннан кейін «Lesson Study» туралы презентация көрсетіліп, теориялық материал беру мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілді.

Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге: әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге; мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге; оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге; Lesson Study-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға; Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.

Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып қадағалайды және талдайды.

Мұғалімдер:«Lesson Study» тәсілі туралы бейнебаянды көрсеттім. Бейнебаяннан алған әсерлерін ортаға салып, әңгімеледі, ойлары тыңдалды. Бейнебаянды талдау арқылы топтық жұмыстың тиімділігі, А, В, С деңгейіндегі оқушылармен қалай жұмыс жүргізу керектігі туралы білді.

Сессияны қорытындылау мақсатында, ойларын білу үшін біздің мектепке «Lesson study» тәсілін қолдану қажет пе? деген сұрақ қойған кезде, бұл тәсілдің өте қажет екендігі сөз болды. Ойлары тыңдалды, талқыланды.

Коучингтің соңында әріптестерден:

- Коучингтен алғаным?

-Мен үшін болған жаңалық?

-Маған ұнағаны, ұнамағаны? деген кері байланыс алынды.