СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Рефлексивтік есеп

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

    Өзіндік білім көтеру- мұғалімінің және педагогикалық ұжымның кәсіби дамуының негізгі құралы.

Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсүде. Ұстаз қауымы алдында  жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын,әрі ұлттық рухта сусындаған білімді,дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр.

Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту,біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ..

Мұғалімнің кәсіби  даму шеберлігі алған дипломнан кейін әрі қарай тоқтап қалмауы керек.

Ол бес жылда бір өткізілетін курстар мен аттестация арқылы дамып отырыуы  тиіс.Осыған орай арнайы жоспар құрылып сол жоспар жүзеге асырылып отыруы керек.

Оның қатарына  жүйелі өтетін ашық сабақтар,түрлі сайыстар,байқаулар,іс тәжірибелер,сыныптан тыс жұмыстар,олимпиада және КҒА қатысу кіреді.

Сонымен бірге әр түрлі деңгейдегі курстар мен семинарларға  қатысу да мұғалімнің білімін көтерудің жолдары болмақ.

Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің бірі білім беру, ғылымды дамыту екендігіне ешкімнің таласы жоқ.

 Ұстаз қолында, адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұр. Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім мектептің жүрегі  деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі оқу орындары алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік  мәдениеті басты шарт екендігі аян.

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепте, ойшыл,зерттеуші,жаттандылықтан аулақ практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер ,  шығармашыл  ұстаз керек.

Ел басының өзі білім мен ғылым қызметкерлерінің кезекті съезінде сөйлеген сөзінде: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады», деген.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқыа арнаған «Қазақстан 2030» жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар менміндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсеткен. Демек, бүгінгі таңда пелагогикалық ұжым мен сол ұжымды құрудағы педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық іздемпаздығын белсендіру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Сабақ – біртұтас  жүйе.

Просмотр содержимого документа
«Рефлексивтік есеп»

Өзіндік білім көтеру- мұғалімінің және педагогикалық ұжымның кәсіби дамуының негізгі құралы.

Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсүде. Ұстаз қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын,әрі ұлттық рухта сусындаған білімді,дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр.

Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту,біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ..

Мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі алған дипломнан кейін әрі қарай тоқтап қалмауы керек.

Ол бес жылда бір өткізілетін курстар мен аттестация арқылы дамып отырыуы тиіс.Осыған орай арнайы жоспар құрылып сол жоспар жүзеге асырылып отыруы керек.

Оның қатарына жүйелі өтетін ашық сабақтар,түрлі сайыстар,байқаулар,іс тәжірибелер,сыныптан тыс жұмыстар,олимпиада және КҒА қатысу кіреді.

Сонымен бірге әр түрлі деңгейдегі курстар мен семинарларға қатысу да мұғалімнің білімін көтерудің жолдары болмақ.

Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің бірі білім беру, ғылымды дамыту екендігіне ешкімнің таласы жоқ.

Ұстаз қолында, адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұр. Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім мектептің жүрегі деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі оқу орындары алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екендігі аян.

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепте, ойшыл,зерттеуші,жаттандылықтан аулақ практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер , шығармашыл ұстаз керек.

Ел басының өзі білім мен ғылым қызметкерлерінің кезекті съезінде сөйлеген сөзінде: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады», деген.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқыа арнаған «Қазақстан 2030» жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар менміндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсеткен. Демек, бүгінгі таңда пелагогикалық ұжым мен сол ұжымды құрудағы педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық іздемпаздығын белсендіру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Сабақ – біртұтас жүйе.

Сабақ ол педагогикалық шығарма сондықтан да ол біртұтастығымен бөлімдерінің ішкі өзара байланысымен мұғалім мен оқушының қызметтерін кеңейтудің бірыңғай логикасымен ерешеленуі керек. Педагогикалық тәжірибені бүгінгі даму деңгейінде белгілі болып отырғандай оқытудың озық әдіс тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімді әдісін таңдап алу, олардың жиынтығынтүрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен өзіндік білімді жетілдіре отыру негізінде ғана жүзеге асатын іс. Өз білімін көтеру негізінде – оқу–тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет атқару үшін мұғалім бірінші кезекте өзінің әдістемелік, саяси-экономикалық, эклогиялық, психологиялық, дидактикалық білімін ұдайы толықтырып үздіксіз іздену үстінде өз мамандығы бойынша білімін жетілдіріп отыруы керек.

Сонымен қатар психология мен педагогика ғылымдары жайындағы жаңалықтармен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы шарт. Әрбір пән мұғалімінің ешкімге тәуелсіз кәсіби бағыты болуы керек. Сонда ғана мұғалім мен ұжым қызметінің желісі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің талабына үлес қоспақ.

Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру. Демек сапалы, тиімді, нәтижелі ізденіс ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы болса керек. Оқу тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуіне сабақта мұғалімнің әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін оқушылардың мүмкіндіктеріне және жағдайларына қарай таңдап алуы да ізденістен жүзеге асатын шара болмақ.

Әрине ізденіс нәтижесінде жүзеге асатын тиімді оқыту әдісі оқушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа, шығармашылыққа еңбекке, ең бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсаты деп есептеуі керек.

Әрбір күн өзгеріске толы қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбәр кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал парызы. Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсыновтың «Мектеп жаны мұғалім» деген қанатты сөзінің мағынасы бүгінгі күн талабын күшейтіп отыр.

Оқушыларды Отанды сүюге, адамдыққа, адалдыққа ізгілікке баулу ұрпақ тәрбиешілерінің абыройлы парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білімін беру ісінде рухани, парасатты шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніа жатқан жаңа технологияня меңгерген білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс.Сонда мектеп те, мұғалім де бала үшін қызмет етпек.

Қазақстан Республикасы «Білім» туралы Заңының 51 бабының 5- тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін , парасаттылығын , шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті,»- делінген.

2014 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді дайындау курсын оқып, үш айлық білім көтеруден кейін сертификатталған (Сертификат ІІІ №0012948) мұғалім болдым.

Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен , күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.

Мұғалімнің кәсіптік даму бағдарламасына іздеу,зерттеу қызметінің мүмкіндіктері жатады. Педагогикалық қызметті талдау барысында теориялық білім алудың, диагностика мен өзіндік диагностиканы игерудің қажеттілігі туады.

Жеке әдістемелік тақырыбым: «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың логикалық ой тұжырымдауын, алған білімдерін өмірде қолдана алу дағдыларын дамыту»

Педагогикалық мақсатым: Оқушының ізденушілік, зерттеушілік қабілетін дамыту.Оқушылармен ынтымақтаса жұмыс жүргізу. Оқушыларды саналы тәртіп пен сапалы білім алуға тәрбиелеу, бағыттау.

Педагогикалық тұжырымдамам: Үнемі жаңалыққа ұмтылып, өз әдістемелік шеберлігімді, тәжірибемді жетілдіру.

Менің жұмыс жасайтын мәселем:

1. Әдістемелік бірлестік жетекшілік жұмысымды жетілдіру

2. Әріптестеріммен үнемі тәжірибе алмаса отырып, жұмыс істеу.

3. Оқушыларды өз бетінше білім алуға дайындау.

Жұмыс жүйемнің негізі: ата-аналармен жұмыс, сыныптан тыс жұмыс, әдістемелік жұмыс, шығармашылық жұмыс, оқушымен жеке жұмыс, қоғамдық жұмыс.

Осы орайда «Oқушылaрдың пәнгe дeген қызығушылығын қaлай aрттырсам болaды?», «Олaрдың ішкі уәжiн қaлай қанaғаттандыруға болaды?»- дегeн сұрақтар туындады. Кeмбpидж тәсілі бoйыншa бaғдapлaмaның мaқcaты: oқушылapдың қaлaй oқу кepeктігін үйpеніп, coның нәтижeсiндe epкiн, өзiндiк дәлел – уәждерiн нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық тeхнoлoгиялapдa құзыpлылық тaнытaтын oқушы қaлыптacтыру нeгізіндe мұғaлiмдepдi тиicтi, жaңaшыл әдic – тәciлдepмeн қapулaндыру болып табылады.

Бaғдарламaның идeясын жүзeге aсыру мaқсaтында сабақтарыма орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар құрдым. Осы жоспарларды басшылыққа ала отырып жұмысымды бастап кеттім.

Білім беру саласындағы бүгінгі өзгерістер мені қатты қызықтырады және алаңдатады. Бүгінгі оқушы өте зейінді ,алғыр, жаңалықты тез қабылдап алғыш, заманның ағысына бейімделген тұлғалар. Оқушы бойындағы осы қабілеттерді шыңдай түсетін ,қиялына қанат бітіретін ұстаздар қауымы.

Кез келген нәрсені түсіну немесе түсіндіру үшін мұғалімнің өзі оның негізін біле білуі керек. Мұғалім балаға жаңа білім бермес бұрын, ең алдымен баланың ынтасын аударар нәрсені жақсы білуі тиіс. Сондықтан да мен сабақ беретін сыныптарда әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдаландым.

Оқушының көңілін сабаққа аудару үшін ең алдымен сабаққа қатысты бейнероликтер, ғалымдар жайлы мәліметтер, математиканың өмірмен байланыстыратын мағлұматтар жинақтап сабақтарымда қолдана бастадым. Бұл тәжірибе оң нәтиже бере бастады. Оқушыларды топқа бөлудің өзін әр сабағымда математикамен байланыстырып отыруға тырыстым, мысалы 8-11 сынып оқушысына көбейту кестесі немесе төменгі сыныптың формулаларын жай сабақтарда қайталату мүмкін емес болса, осы топқа бөлу кезінде оқушы тез арада қажет нәрсені қайталап үлгереді. СТО әдіс-тәсілдері сан алуан соның ішіндемаған тиімді болған тәсілдер: «Джигсо», «Инсерт», «Фишбоун», «Өрмекші торы», «Сұраққа жауапты ұста», «Синквейн» т.б.

Сергіту сәті Жұппен жұмыс

Сыныптардың барлығы бірдей осы бағдарлама бойынша сабақтарға бірден үйреніп кеткен жоқ, 8 сыныппен мен мектептегі тәжірибе кезінде тізбектелген сабақтар топтамасын жүргізен болсам, 11 сыныппен ІІ деңгей бойынша оқыған әріптесім жұмыс жасады, сол себептен осы сыныптарда аса қиыншылық туындаған жоқ. Ал 5 сынып оқушыларына бұл әдіспен сабақ өту таныс болмағандықтан қиындықтар болды, әсіресе осы сынып оқушыларын өз ойларын айтып, бөлісулері өте қиын жүрді. Осы сыныпта жай сабақтарда үнемі бір-екілі оқушы жауап беріп, сабаққа қатысып отыратын. Осы әдіспен сабақ бере бастағанда басты мақсат сынып оқушыларын сөйлету болатын,бірақ та осы жағы әлі де жұмыс жасауды қажет етіп тұр. 6 сыныпта өзін-өзі бағалау мен жолдасын бағалауды жолға қойдым, қазіргі кезде оқушылар сабақ барысында бір-бірінің жауаптарын саралап, бағалап үлгеріп отырады, ал жоғарғы сыныпта жолдасын әділ бағалау жағы ақсап тұр. Себебі балалар сабақ үстінде жасаған іс әрекетке емес достық қатынас т.б. жағдайларға көп көңіл бөледі. 5 сынып оқушылары сабақтарда, ойларын айтудан қашқалақтаса, 11 сыныпқа постер бойынша жұмыс жасаған ұнайды, себебі балалар сөйлеуге төселген, ойларын ашық әрі еркі жеткізе алады.

Сабақтарымның барлығында бағдарламаның 7 модулін, яғни оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретуден бастап, өзін өзі бағалауға дейін пайдаланып отырдым.

Жеткен жетістіктеріммен қоса кемшіліктерім де болып отырды. Мысалы, уақытпен санасу, топқа бөлінгендегі шу сияқты жағдайлар орын алып отырады, бірақ ол мәселелерді шешудің әр түрлі тәсілдерін тәжірибеме енгізіп жатырмын.


Электронды оқулықпен жұмыс Тапсырманы орындау үстінде

7 модульді ықпалдастыру мақсатында "Оқушыны бағалау және оқуды бағалау" модулі бойынша бағалаудың түрлі әдіс тәсілдерін енгізу үстіндемін.


Бағалау парақтарын талдау кезі


Осы оқу бағдарламасын сабақтарға енгізудің әдіс-тәсілдерін әріптестеріме насихаттадым, мысалы курстан келген кезде бірлестік отырысында «Блум таксаномиясы» атты презентация көрсетіп, мұғалімдерге Блум арқылы сабақ жоспарын құрудың өте тиімді екендігін айтып түсіндірдім.

«Оқушыларды оқыту үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері» атты таныстырылым дайындап әріптестеріммен ой бөлістім.

Аудандық мұғалімдермен де іс тәжірибе бөлісу мақсатында семинарлар мен конференцияларда кездесіп, ой бөлісіп отырамыз.














2014 жылыжелтоқсан айында Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз ел шежіресі» атты, салауатты өмір салты бағыты бойынша «Өз өмірің өз қолыңда» атты тәрбие сағаттарын өткіздім.

2015 жылы ақпан айында тәжірибе бөлісу мақсатында 6 сыныпта «Теңсіздіктердің қасиеттері», 9 сыныпта «Келтіру формулалары», 10 сыныпта «Туынды» тақырыптарында сабақтар топтамасын көрсеттім. 11 сыныппен « Туындының қолдануы» атты сабағын бердім Әріптестерім өз кезегінде жақсы пікірлер қалдырып, қажет ақпараттарды алды.

2016 жылы қараша айында жоспар бойынша «Кері байланыстың сапа көтерілуіне әсері» тізбектелген сабақтар топтамасын 7 сыныпта геометрия пәнінен көрсеттім. Тақырыптары: Тік бұрышты үшбұрыш , Тікбұрышты үшбұрыштың белгілері, Үшбұрыштар тарауын қайталау.

Мұғалімдерге кері байланыстың тірлерін көрсетіп,мектеп мұғалімдері сабақ туралы жақсы ойларымен бөлісті. Осы сабақтарда сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін көрсетті . Сабаққа қатысқан ұстаздар өздеріне қажетті әдіс- тәсілдері алды.



















Пән апталығында 11 сыныпта «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен «Логарифм және оның қасиеттері» тақырыбынан ашық сабақ көрсеттім. Ол сабақта жаңа технология әдіс-тәсілдерін пайдалану оқушылардың білімдерін жетілдіруге ықпалын көрсетуге тырыстым.

Осы жылы аудандық «Тамыз конференциясында» « Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың математика сабағындағы оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында шебер сынып корсетіп, ой бөлістім.




«Жаратылыстану-Математика» апталығында геометриядан 8 сыныппен өткізген

ашық сабағымда деңгейлік тапсырмалар, «Жетістік жолы», «Серпілген сауал», «Көңіл аралы» секілді сын тұрғысынан ойлау технология элементтерін пайдаландым. Сабақ құрылымы жағынан тығыз болып, көп есептер шығарылып сабақ басталар кездегі қойған мақсатқа толығымен жеттім.

































Білімімді шыңдап, әрі қарай дамыту мақсаттарында мұғалімдерге арналған халықаралық интернет олимпиадаларына қатысып отырмын. Нәтиже төмендегідей:

"Новые информационные технологии" - Дипломант,

" Инновационные методы воспитания"- ІІІ орын,

Өз тәжиірбемді тарату мақсатында интернет беттеріне өз сабақтарымды жарияладым . Презентация «Жирен жаман әдеттен», Сабақ жоспары «Есімде Ауған соғысы», Презентация «Логарифм және оның қасиеттері», Сабақ жоспары«Логарифм және оның қасиеттері», Сабақ жоспары «Тікбұрышты үшбұрыш», Презентация «Тікбұрышты үшбұрыш», Презентация «Тікбұрышты үшбұрыштың белгілері», Математика,информатика,физика пәндер бірлестігінің портфолиосы сабақтарын «INFOUROK», «KOPILKAUROKOV» сайтарына жарияланды.

Дарынды оқушымен жұмыс барысында Рысбекова Жансая «КИО» интернет олимпиадасына қатысып, сертификатпен марапатталды. Халықаралық «INTOLIMP» интернет олимпиадада 7 сыныптан 3 оқушы қатысып, Жакипеков Бекзат сетификатпен марапатталса, Хумархан Айдана мен Рысбекова Жансая 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. "Пони-сандар әлемінде" халықаралық жобаға 7 сынып оқушысы Иманғалиева Ақтілек қатысып , жақсы нәтиже корсетіп, үздіктер қатарына ілінді. Халықаралық «Кенгуру» олимпиадасына 5 оқушым қатысып сертификатпен марапатталды. "Ақбота" республикалық интеллектуалдық марафонда 8 сыныптың 4 оқушысы 2 орын иеленсе, 5 сыныптың екі оқушысы 3 орын иеленді.

Мұғалім ретіндегі жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке жетелеу жолындағы жұмысыммен қоса, өз мектебімнің тиімді дамуына әсер ететін белсенді көшбасшылықты да абыроймен алып жүрсем деген ұстаныммен еңбек ете бермекпін.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!