Просмотр содержимого документа
«Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның жеті модулі қалай және неге енгізілгендігі туралы рефлексивтік есеп»
Байдулла Мөлдір Мұғалім партфолиосы А1 есебі
№2 топ «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы»
Қызылорда қаласы 20.02.2017 жыл
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның жеті модулі қалай және неге енгізілгендігі туралы рефлексивтік есеп
Қазіргі таңда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңаша идеяларын дамыту мұғалімдердің басты қағидаларына айналуы тиіс. Мұғалімдер көптеген оқыту стратегиялары мен әдіс тәсілдерді пайдаланып оқушыларды оқуға ынталандырулары керек. «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасын негізге ала отырып мен тізбектелген сабақтар жоспарын 7-сыныптың Қазақстан тарихы пәнінен алдым. Тізбектелген сабақ жоспарын жасай отырып өз сабақтарыма оқушының жан-жақты дамуына, оның танымдық деңгейінің арттыртуына ықпал ететін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды қолға алдым. Сабақтарымды «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Диалогтік оқыту», «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау», «Қалай оқу керектігін үйрену», «Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» атты жеті модулдің идеяларын кірістіре отырып жоспарлауды мақсат еттім. Қазақстан тарихына арналған тізбектелген сабақтарым ХҮ ғасыр мен ХҮІІ ғасырлардағы қазақ хандығын қамтиды. Сабақ барысында оқушылар ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ мемлекетінің жағдайын түсіндіреді, Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім хандардың саясатына баға береді, хандар саясатын салыстырады. Бірінші сабағым Қасым ханның тұсындағы қазақ хандығы. Екінші сабағым Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығының күшеюі, үшінші сабағым Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының нығая түсуі, төртінші сабағым қайталау сабағы деп жоспарладым. Сабақта нәтижеге жету үшін сабақтарымда оқушылармен бірлесе SMART мақсаттын жасауды жоспарладым. Оқушылар сабаққа мақсат қоя отырып,нәтижеге жетуге талпынады, оқушылар мақсатқа жету үшін өз ойын ашық айта алауға дағдыланады. Оқушыларда өздеріне мақсат қою дағдысы қалыптасады. Оқушымен мұғалім арасында сенімді қарым –қатынас орнайды. Себебі мектептегі мұғалім көшбасшылығы нұсқаулығының 73 бетінде былай айтылған «Оқушы оқу үдерісіне белсене қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. Мұғалім оқушының сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін , білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып өз пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Оқушыларды жұмысқа ынталандырады және сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Сабақты жоспарлау кезінде сабаққа кіріспе жасау үшін оқушылардың ойын жинақтауына ықпал ету мақсатында бірінші сабағымда «Қасым хан» деген сөзжұмбақ жасырмақпын. Оқушылар сөзжұмбақ сұрақтарына жауап бере отырып сабақтың тақырыбын аштыру үшін «Миға шабуыл» әдісін пайдаланып оқушының танымдық деңгейін кеңейтуге ықпал етемін. «Тәуекел ханның тарихи бейнесіне қандай баға берер едіңіз?» деген сұрақты ойлаудың алты қалпағы арқылы талдатсам деймін. Талдау жасау барысында оқушылар талдау жасай отырып проблемаларды анықтау, тиісті ақпарат жинау, дәлелдер мен дәйектерді бағалау, деректерді интерпретациялау дағдылары қалыптасады деп ойлаймын. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе , толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау, және синтездеуде қолданатын әдіс болып табылады. ( Мектептегі мұғалім көшбасшылығы 41 бет) Сонымен қатар Тони Райан жасаған «Данның кілттері» әдісін «Тәуекел хан» тақырыбында өз сабағыма ыңғайлап, «Есімдер кілті», «Даталар кілті», «Қалалар кілті» деп пайдалануды жоспарладым . Оқушылар өздеріне берілген кілттердің құпиясын ашады. Нәтижесінде оқушылар сыни ойланып тақырыпты жан-жақты ашуға мүмкіндік алады. Оқушылар Қасым хан мен Хақназар хандардың тарихтағы ролін ғаламтор материалдарын пайдалана отырып орындайды. Ғаламторды пайдалана отырып өздеріне қажетті ақпарттарға қол жеткізеді. «Қасым ханның қасқа жолы» жайлы мағлұматтар оқулықта аз берілгендіктен дарынды оқушыларға қосымша ізденуге тапсырма ретінде беремін деп жоспарладым. Оқушылар тапсырманы орындай отырып өз пәнін жетік меңгерумен қатар ақпараттық білімдерін толықтырып, идеяларды салыстыруға проблемалар мен оқиғалардың модельдерін ұсынуға, оқуда жаңалық жасауға таным қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алауға ықпал етемін деп ойлаймын. Оған себеп Мишар мен Келер(2006) егер де жаңа технологиялар оқыту мен оқуды жетілдіру үдерісін түрлендіретін болса, онда сабақты жоспарлау үдерісінде пәндік білім мен оқыту технологиялары сабақтасып жатуы керек дейді. (Мектептегі мұғалім көшбасшылығы 94-бет) Сабақтарыма оқушының жас ерекшелігіне сай қызығушылығын туғызатын тапсырмалар енгізуді жоспарладым. Нәтижесінде оқушылардың танымдық деңгейлері , сабаққа деген қызығушылығы артады деп ойлаймын. Өткен сабақтарды пысықтау кезінде пайдаланғалы отырған «Досыңа қоңырау» әдісі сыныптағы оқушыларға сауал бергенімде жауап бере алмаса досының көмегіне жүгінуге мүмкіндік алады нәтижесінде оқушылармен достық қарым қатынасты жақсарта отырып сыныптағы әлсіз оқушылардың алға ілгерілеуіне, дарынды оқушылардың көріне білуіне ықпал етеді деп ойлаймын. Осы әдісті ала отырып сабағымда диалогтік отудың жүзеге асқанын қалаймын. Себебі Мерсер (2005) «Құрдастар арасындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде олар, «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс қимылға қарай мейілінше «симмитриялы» болып табылатын өзара іс –қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәдерді ұсынып,, қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады»- деп айтқан (Мектептегі мұғалім көшбасшылығы 83 бет) «Досыңа қоңырау» әдісін ала отырып мен Выготскийдің «Жақын арадағы даму аймағын», Жером Брунердің «көпіршелер тұрғызу» әдістеріне қол жеткізсем деймін. Оқушылар арасында тиімді диалог орнату мақсатымда сабағыма «Сұрақ менен жауап сенен» әдісін пайдалансам деймін. «Хақназар хан» тақырыбында оқушылар ашық және жабық сұрақтарды пайдалана отырып бес сұрақ әзірлеуін тапсырсамын. Александер (2008) диалогтік оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. (Мектептегі мұғалім көшбасшылығы 37 бет ). Оқушылар тапсырманы орындай отырып өзар диалогке түседі. Сұрақтармен жұмыс жасай отырып сөйлеуге ынталанып, білімге құштарлықтары артып, бір –бірінен үйреніп, басқа оқушылардың пікірін идеяларын құрметтеуді үйренсе деймін. Сабақта диалогтің маңызды рөл атқарғандығына дәлел Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті (Мектептегі мұғалім көшбасшылығы 82 бет) Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайы атты бірінші сабағымда топтарды бағалау үшін оқушыламен бірлесе критерий жасауды жоспарладым. Оқушылардың күнделікті бағаларын ашық журнал арқылы бағаласам деп ойлаймын. Сонымен қатар жұптық, жеке жұмыстарда , бірін-бірі бағалау үшін екі жұлдыз бір ұсыныс, өзін-өзі бағалауға бармақпен , бағдаршам арқылы бағалау түрлерін енгізсем деймін. Оқушылардың сабақ барысында жеткен жетістіктерін өз тарапымнан ым ишарамен,шапалақ соғу арқылы бағаласам деймін. Нәтижесінде оқушылар бағаны қалай алғандығын, бағалау критерийлері арқылы өзінің қай жерде қате жібергенін, алдағы уақытта қателігін түзеу үшін не істеу керектігін түсініп, өз сыныптастарын, өзін-өзі бағалауға қол жеткізгенін қалаймын. «Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы» тақырыбында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар құрастырамын бірінші тапсырма тест тапсырмалары, екінші тапсырма сәйкестендіру тесті, үшінші тапсырма Қасым хан кезеңіндегі Қазақ хандығына хронологиялық кесте құрастыру, төртінші тапсырмаға « Егер Қасым ханның орнында болсаң сыртқы саясатты қалай реттер едің?» тақырыбында өз тұжырымдамасын жасау тапсырмаларын қарастырмақпын. Оқушылар өз деңгейлеріне қарай тапсырмаларды орындайды. Төртінші тапсырма күрделі болғандықтан тапсырман тек дарынды оқушылар орындайды деп жоспарладым. Деңгейлік тапсырмаларды орындата отырып ақпартты шұғыл өңдейтін, мәселелерді нақты дұрыс шешетін, жаңалық ашуға ұмтылаты, ерекше идеялар табатын, өзін-өзі сынауға, бағалауға бейім оқушы қалыптастырғым келеді.Мектептегі тәжірибе кезеңімде осы жоспарлаған жұмыстарымды толықтырып сабағыма қолдансам деймін.
ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРДЫҢ ҮЛГІСІ Қазақстан тарихы 7- сынып Пән мұғалімі :Байдулла Мөлдір
САБАҚТАР ТОПТАМАСЫНЫҢ ОРТАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ хандыңының ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы дамуы |
Бұл сабақтар аясында не туралы сөз болады: ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ мемлекетінің жағдайын , Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім хандардың саясаты мен танысады |
Пән бойынша оқу мақсаты: ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ мемлекетінің жағдайын түсіндіреді, Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім хандардың саясатына баға береді, хандар саясатын салыстырады | Пән бойынша лексика мен терминология: Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Қасым ханның қасқа жолы, жоңғарлар, ант беріскен шарт | Қысқаша шолу: Қазақ хандығының ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы дамуы мен күшеюі жайлы біледі. |
№ | Сабақтың тақырыбы | Сабақтың мақсаты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушылардың әрекеттері | Оқушылардың жұмысқа қатысуын қамтамасыз ету (нақты: жекелеген (проблемалы, нашар немесе дарынды) оқушыларды жұмысқа қалай тартамын?) | Бағалау(Оқушыларға қалай қолдау көрсетіп (ҚБ), жетістігін қалай бағалаймын (ЖБ)?) | Ресурстар (Бұл үшін маған қандай материал қажет?) |
1 | Қасым хан | Қасым ханның қазақ хандығын басқарған кезіндегі табыстары мен оның маңызын атайды | 1. «Ыстық орындық» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау 2. «Тарихи бестік» әдісі арқылы өткенге шолу жасалады 3.Миға шабуыл Бейне ролик арқылы миға шабуыл жасау 4.Сынып екі топқа бөлініп «Ойлан Жұптас Бөліс» әдісі арқылы Қасым хан жайлы деректер постер қорғау Қасым ханның ішкі-сыртқы саясатына кластер құрайды 5«Сөздер банкасы» әдісі арқылы тақырыпқа қатысты сөздерді табады 7.Оқушылардың денгейіне байланысты Денгейлік тапсырма беріледі | 1.Үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісі арқылы пысықтайды 2.«Тарихи бестік» әдісі арқылы өткен сабақтарға шолу жасайды 3. «Миға шабуыл» әдісі арқылы мағынаны ашады 4. Тапсырмамен танысады, топпен ой бөліседі, білімін толықтырады 5. «Сөздер банкасына» тақырыпқа қатысты сөздерді салады 7.Денгейлік тапсырманы өз денгейлеріне байланысты таңдап орындайды | «С» деңгейлі тест тапсырмалары «В» деңгейлі кластер құрау А шығармашылық тапсырма | Өзара бағалау Топтық бағалау Критерий арқылы бағалау Бағалау парақшалары Бірін-бірі бағалау | Қазақ хандығы картасы, хандар кестесі |
2 | Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығының күшеюі | Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығының дамуы туралы біледі, Қасым хандығымен салыстырады | 1.Динамикалық шеңбер» әдісі арқылы Қасым хан тақырыбы бойынша білімін талқылайды 2.«Миға шабуыл» «Сөзжұмбақ» шешу 3.Сынып 2 топқа бөлініп мәтінмен танысады Хақназар ханға ғаламтор материалын пайдаланып кластер құрайды, Қасым хан мен Хақназар ханға ғаламторды пайдаланып венн диаграмасын жасайды 4.Жұптаса отырып «Дискуссиялық картаны » толтырады 5. «Сұрақ менен жауап сенен» Оқушылар түрлі деңгейде сұрақтар жасайды Идеал тапсырма 1.Мәтінді оқу 2.Кестемен жұмыс 3.Презентация 4. «Қасым ханның қасқа жолы»материал жинақтау Кері байланыс Бүгінгі сабақтан не алдым? Мен үшін не қиын болды? Нені жақсартуым керек? | 1.Оқушылар ішкі –сыртқы шеңберде тұрып тапсырманы кезекпен бір –бірлеріне баяндайды 2.Жаңа тақырып жайлы ойларын ортаға салады 3.Екі топқа бөлінеді тапсырманы ынтымақтаса орындайды 4.Оқушылар жұптасып тапсырманы орындайды 5. «Сұрақ менен жауап сенен» тапсырманы түсініп орындайды Кері байланыс | А денгейлі топта белсенді жұмыс жасайды С денгейлі Түрткі сұрақтар дайындайды | 1.Өзін-өзі бағалайды Топтар бір-бірін екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды Бағалау парақшаларына бағалайды Топтар бірін-бірі екі жұлдыз бір тілек арқылылы бағалайды Критерий арқылы бағалайды | Карта, бейнеролик, хандар кестесі |
3 | Тәуекел хан | Тәуекел тұсындағы қазақ хандығын сипаттайды | 1.«Досына қоңырау» әдісімен үй тапсырмасы пысықталады 2.«Миға шабуыл» оқушыларлың сыни ойлау дағдысы жетіледі 2.«Үш нақты қадам» Тәуекел хан тақырыбын оқып, маңызды оқиғаларды, деректерді анықтайды Жеке оқиды, жұбымен бөліседі, топқа салады, постерге қорғайды 3. «Дананың кілті» әдісі арқылы әр кілт иесі өз тапсырмасын баяндайды 4.«Семантикалық карта» толтыру 5.Кестені толтыру Не білемін? Не білгім келеді? Не білдім? 6.Үйге тапсырма: Тарихи эссе | 1.«Досына қоңырау»әдісі оқушылар жұптасып досына көмек береді 2.Оқушылар өз ойларын ортаға салады 2. «Үш нақты қадам» әдісі арқылы тапсырманы орындап постер қорғайды 3. «Дананың кілті»әдісі арқылы тапсырманы орындайды 4. «Семантикалық карта» тапсырмасын орындайды 5.Кестені толтыру Не білемін? Не білгім келеді? Не білдім? | «А» деңгейлі көшбасшылық танытып «С» деңгейліге көмек көрсетеді С денгейі «Есімдер» кілтімен жұмыс жасайды | Бармақпен бағалайды Топ мүшелері екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды Өзін-өзі бағалайды | |
4 | Қайталау | Қасым, Хақназар, Тәуекел хандардың тарихтағы орнына баға береді, хандар саясатын салыстырады | 1.«Аялдама» әдісі» топтар Қасым хан, Хақназар хан,Тәуекел хандарға шолу жасайды 2.«Сиқырлы сандықша» әдісі бойынша сұрақ-жауап 3. «Алты қалпақ» әдісі «Тәуекел ханның тарихи бейнесіне қандай баға берер едіңіз?" 5.Қазақ хандары хронологиялық кесте жасу Қазақ хандарының тарихтағы орыны 6.«Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын. | «Аялдама» әдісі оқушылар топтасып жұмыс жасайды «Сиқырлы сандықшадағы» сұрақтарға жауап береді «Алты қалпақ»әдісі арқылы тапсырманы орындайды Шығармашылық тапсырманы орындайды Бас бармақ-білетінім Сұқ саусақ-білгенім Ортаңғы саусақ-әлі де білгім келеді Аты жоқ саусақ-мен үшін жаңа ақпарат Шынашақ-мені таңғалдырды. | Топтық жұптық жеке жұмыстар | Өзін –өзі бағалайды Бармақпен бағалайды Критери арқылы бағалайды | Ноутбук Сандықша, алты қалпақ |
Сабақ жоспары
Сыныбы: жетінші | Пәні: Қазақстан тарихы | Мерзімі: |
Сабақтың тақырыбы: | Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының өрлеуі |
Негізгі идея: | |
Сабақ мақсаты: | Барлық оқушылар | Мәтіннің мазмұнын біледі, оқи алады |
Оқушылардың көпшілігі | Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайына талдау жасай алады |
Жекелеген оқушылар | Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайына баға бере алады |
Құндылықтар: | Оқушылар бойында патриоттық сезім қалыптасады |
Лексика: | Заңдар жинағы |
Табыс критерилері | Барлық оқушылар | Мәтіннің мазмұнын біледі, оқиды |
Оқушылардың көпшілігі | Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайына талдау жасайды |
Жекелеген оқушылар | Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайына баға береді |
Сабақ кезеңдері
іс-әрекеттер кезеңдер | Мұғалім әрекеті | Тапсырмалар | Оқушылар әрекеті | Ресурстар |
Сабақты ұйымдастыру | Оқушыларды топқа бөледі | Оқушылар смайликтер арқылы топқа бөліну | Смайликтер арқылы топқа бөлінеді | Смайликтер |
Үй тапсырмасын пысықтау | Өткен тап-сырмаларды еске түсіреді | «Ыстық орындық» әдісі арқылы откен сабақты пысықтаймын | Оқушылар «Ыстық орындық» тапсырманы орындайды. (бармақ арқылы бағаланады) | |
Білімді тиянақтау, жинақтау | Ортақ сұрақ береді | Тарихи бестік Мен білетін хандар Мен білетін даталар Мен білетін қалалар | Оқушылар білімдерін ортаға салып өткен тақырыптарды пысықтайды (оқушылар шапалақтау арқылы бағаланады) | |
Жаңа сабаққа бағыттау, сілтемелер | Жаңа сабаққа кіріспе бағыт береді | Миға шабуыл «Қасым хан» бейне ролигін көрсету Сабаққа мақсат қою | Оқушылар бейне роликке байланысты өз ойларымен бөліседі. Оқушылар бірлесе сабақтың мақсатын анықтайды | |
Жаңа білімді игеру | Топтық тапсырмалар береді | Топтарға тапсырма беріледі «Ойлан Жұптас Топтас» 1 топ Қасым хан жайлы деректер постер жасау 2 топ Қасым хан ішкі-сыртқы саясаты кластер | Топтар мәтінді оқып презентация, кластер құрап қорғайды (екі жұлдыз бір тілек арқылы бағаланады.) | Маркер, плакат |
Алған түсінік-терін тексеру, нақтылау | Жұптық тапсырма береді | «Сөздер банкасы» тақырыпқа қатысты сөздерді табу ЕСІМ ХАН СҮЙІНІШ САЙД ХАН ТҮРКІСТАН 300 МЫҢ 1511 СЫҒАНАҚ САРАЙШЫҚ ӘМІР ТЕМІР МАҢҒЫТ ҚАМАР АД-ДИН САРАЙ БЕРКЕ БЕЙБАРЫС ЖУВЕЙН | Оқушылар бүгінгі тақырыпқа қатысты сөздерді таңдап алады (басбармақ арқылы бағаланады) | Банка, кеспе қағаздар |
Жаңа білімді бекіту | Шығармашылық тапсырма береді | Денгейлік тапсырма | Оқушылар өз деңгейлеріне сай тапсырмаларды орындайды (критерий арқылы бағаланады бағаланады) | Таратпа қағаздар |
Үй тапсырмасын орындауға нұсқау, шығармашылық бағыт беру | Қосымша тапсырмалар ұсынады | Идеал тапсырма 1.Мәтінді оқу 2.Кестемен жұмыс 3.Презентация 4. «Қасым ханның қасқа жолы»материал жинақтау | Оқушылар күнделікпен жұмыс жасайды | |
Сабақты қорытындылау (кері байланыс) | Стикерлер таратады | Бүгінгі сабақтан не алдым? Мен үшін не қиын болды? Нені жақсартуым керек? | Сұрақтарға жауап жазып, қорапқа салады. | Стикерлер,қорап |
Қорытынды бағамдау
Бүгінгі сабақта | Не сәтсіз болды? | |
Не сәтті болды? | |
Нені өзгер-туге болады | |
Алдағы сабақта нені жақсартамын | |
Пән мұғалімі: Байдулла М