СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Республика дәуіріндегі Рим

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Республика дәуіріндегі Рим мемлекетінің ішкі сыртқы саясатымен таныстыру

Просмотр содержимого документа
«Республика дәуіріндегі Рим»

Мұғалімі : Болысбай Меруерт Жанатовна Күні : 20.04.2016 жыл

Сыныбы: 6 в

Пәні:Ежелгі Дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § Республика дәуіріндегі Рим

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Ежелгі Рим мемлекетінде республикалық құрылыс орнауының тарихи алғышарттарымен маңыздылығы туралы және соғыстардың сипаты, себептері мен нәтижелері жөнінде, қоғамдағы әлеуметтік топтар туралы және олардың  тыныс-тіршілігі, мәртебелері жөнінде оқушыларға ғылыми түсінік беру.

  • Дамытушылық:Рим республикасының әлеуметтік-саяси құрылысындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды, әлеуметтік топтар арасындағы өзгешеліктерді өзге мемлекеттермен салыстырып, ажырата білу.

  • Тәрбиелік:«Мәңгілік ел» ұлттық идеясымен ұштастыра отырып,Республикалық билеу формасын, халықтық билікті сипаттай отырып, оқушыларды әділеттілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: СТО әдісі,топпен жұмыс

Көрнекілік:тақта,кітап,карта,тақырыпқа байланысты суреттер,видео,тақырыпқа қатысты слайд,үлестірмелі материалдар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушыларды түгендеу

  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушыларды алдын-ала бөлінген тізіммен төрт топқа бөлу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау: «ия/жоқ»кестесі


Сұрақ

шындық

өтірік

1

Грек мектебі үш басқыштан тұрды



2

Әріптерді салуға арналған үшкір біз - палестра



3

Гомердің еңбектері – «Илиада» мен «Одиссея»



4

Пифагор – гректің ұлы математигі



5

Гипократ - тарихшы



6

Гипократтың 60-қа жуық медициналық еңбегі бар



7

Геродот – грек тарихшысы,тарихтың атасы



8

Дионис – күн құдайы



9

Зевс – шарап құдайы



10

Тұңғыш Олимпиялық ойындар б.з.б.776 жылы болды



11

Олимп – грек базары



12

Әлемнің жеті кереметінің бірі – Зевс мүсіні




Жаңа сабақ жоспары:Слайд арқылы жаңа тақырыпты түсіндіремін

Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын,слайдты қосып,сол арқылы түсіндіремінү

Оқушылардың назарын Дүние жүзінің саяси картасына немесе оқулықтағы ежелгі Рим картасына аударып, оның орналасқан жерін қосымша баяндағаннан кейін Республика болып жариялануының негізгі себептерін, басқару ұйымдарының  қызметтерін түсіндіремін.  Осы тұста басқару ұйымдарын схема түрінде көрсетемін.
   Бұлардың атқаратын міндеттерін кесте түрінде жеке форматқа немесе тақтаға жазып, түсіндіремін. Халық жиналысының үш түрге: курия, центуриат және трибаға бөлінетіні туралы оқулық көлемінде түсінік беремін. Бұл жаңа ұғымдар тақтаға жазылып,  оқушылар «Жұмыс дәптерлеріне» түсіріп отырады.   Оқушылардың назарын оқулықтағы «Сенат мәжілісі» суретіне аударамын.    Олардың сурет бойынша әңгіме құрастыруына болады, өйткені сенаттың қызметі жайлы оларға сабақтың басында айтылған болатын.
    Бұдан кейін   оқулық бойынша Римнің жаулаушылық соғыстары туралы әңгімелеймін. Осы арада Рим әскері туралы түсінік беремін.  Бастапқыда Рим әскері тек патрицийлерден тұрды. Алайда үздіксіз жүргізілген соғыстар кесірінен патрицийлердің саны азайып, әскер міндеттерінен тыс қалған плебейлердің саны артты. Сондықтан енді байлығының көлеміне қарап әскер қатарына алу енгізіліп, әскер шығынына жұмсалатын қаржыны салық түрінде бай адамдар төлеп отырды.   Рим азаматы 46 жасқа дейін әскери міндетін атқарды, оның он жылы атты әскер құрамында, он алты жылы жаяу әскер сапында  өтті. Рим әскерінің негізін  легиондар құрады,  олар центуриондарға бөлінді. Республиканың соңғы жылдарында  Рим әскері Италияда тұратын адамдардан құралып, жалдамалы армияға айналды. Кейіннен провинциялармен көрші халықтардың есебінен күшейтілді.
Рим жүргізген соғыстардың екі негізгі себебі болды:
1. Өзге халықтардың жерлерін басып алу; халқын құлға айналдыру;
2. Кен орындары бар өңірлерді  иелену.
Картамен жұмыс:    Рим жаулап алған өңірлері, ірі шайқас болған жерлер картадан көрсетіледі.
    Пуни соғыстарының барысы және нәтижесі бойынша оқушылар басқа елдің жерін, кенді аймақтарын басып алу әділетсіз соғыс болып саналады деген қорытындыға келеді.
   Оқушыларды ержүректікке баулу мақсатында тарихшы Тит Ливийдің қолбасшы Ганнибалға берген сипаттамасын оқып шығуды ұсынамын.
   Қоғамның әлеуметтік топтарына ақсүйектер, құлдар, шаруалар, қолөнершілер жатты.  Рим қоғамының әлеуметтік  жіктелуін түсіндірген кезде тақырыпаралық сабақтастықты сақтай отырып, өткен тақырыптың бірімен, айталық, ежелгі Үндістандағы әлеуметтік топтардың шығу себебімен байланыстыра әңгімелеуге болады. Үндістанда да Римде де халықтың түрлі топтарға жіктелуі:
    Римдегі өндірушілердің негізгі тобын соғыста тұтқынға түскен құлдар құрады. Сонымен қатар қожайындар бір-бірінің тілін түсінбейтін әр елден әкелінген  құлдарды да сатып алып отырған. Бағынбаған құлдарға  шынжырланған темір бұғау салып, жұмыс істеткен. Құлдың бетіне көбінесе күйдіріліп, иесінің таңбасы басыды, есімінен айырылған құлдар шыққан жеріне қарай парсылық, сириялық , галдық деп аталды.
    Құлдардың арасында кәсіп иелері де болды: суретші, мұғалім, т.б.   Оған дәлел ретінде мысалдар келтіремін. Цициронның хатшысы қызметін Тирон деген құл атқарды, тарент қаласынан шыққан құл Андронник рим поэзиясында аты әйгілі әдебиетші болған, Гомердің «Одессиясын» латын тіліне тәржімалаған. Белгілі грамматика маманы Реммия Палемон  мұғалім болып қызмет істеді. Ол қожасының баласын оқытқан.


Сабақты бекіту:постермен жұмыс.Ежелгі Римдегі республикалық биліктің түрін салады.


Қорытындылау:жаңа сөздермен жұмыс.Кесілген әріптер беріледі,солардан сөз құрастырып,мағынасын түсіндіреді

1-топ:

РОМУЛ

КУРИЯ

ЦЕНТУРИАТ

2 – топ

ПАТРИЦИЙ

ПЛЕБЕЙ

МАГИСТРАТ

3- топ

СЕНАТ

ПИРР

ПУНИ

4- топ

ГАННИБАЛ

СПАРТАК

ГЛАДИАТОР


Бағалау:бағалау парағы арқылы бағалау

Үйге тапсырма: § ежелгі Рим мен қазіргі Римнің мемлекеттік құрылысын салыстыру;

Сөзжұмбақ жасау;











Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектеп















Республика дәуіріндегі Рим

( ашық сабақ)













Пән мұғалімі: Болысбай М.Ж.













Талдықорған 2016 жыл