Просмотр содержимого документа
«РНР тілінің операторлары»
РНР тілінің операторлары мен операциялары
Арифметикалық операциялар
РНР-дегі математикалық әрекеттерді орындауға арналған операторлар:
$answer = 5 + 4; /* қосу */ $answer =$answer - 5; /* алу */ $answer =$answer / 2; /* бөлу */ $answer =$answer *$answer; /* көбейту */ $answer =$answer % 3; /* бөліндіден шыққан қалдық */ ? |
Егер екі аргумент те бүтін сан болса, онда нәтижесі бүтін сан болады. Ал егер операндтардың бірі қалқыма нүктелі сан болса, онда жауабында бүтін сан шықса да нәтижесі қалқыма нүктелі сан болады. Мысалы, 0.5 + 1.5 = 2.0 , бірақ 2 емес.
Бұл бес оператордың қысқартылған нұсқалары да бар. Мысалы $а = $а + $b өрнегін қысқаша түрде былай жазуға болады: $а +=$b. Ал $a айнымалысының мәнін екі еселендіру керек болса, $a *= 2 деп жазса болғаны. Бұл $a = $a * 2 деген өрнекке сәйкес.
Айнымалының мәнін бірге арттыру мен кемітудің қысқартылған операторлары бар: инкремент (++) және декремент (--). Бұл унарлы операторларды жазған кезде орналасуында айырмашылықтар бар. Мысалы келесі скриптті жазып, нәтижесін көріңіз:
$a = 1; echo($a++." "); $a = 1; echo(++$a); ? |
Нәтижесінде келесідей екі сан шығады:
Бірінші жағдайда $a айнымалысының мәні echo шығару командасы орындалып болғаннан кейін бірақ бірге артады. Екінші жағдайда $a айнымалысы 2-тең болып, одан кейін бірақ echo-ның көмегімен экранға шығады.
Логикалық операциялар
Салыстыру операторларына «кіші» () және «үлкен не тең» (=) операторлары жатады. Олар берілген екі мәнді салыстырып, true немесе false логикалық мәндерін қайтарады.
Мысалы:
Егер $a-ның мәні ақиқат болса, онда скрипт бірді шығарады, егер жалған болса, ештеңе шығармайды.
Жолдарға қолданылатын операциялар
Жолдарға қолданылатын маңызды операция - оларды біріктіру (конкатенация) операциясы болып табылады. РНР-де жолдарды конкатенациялау үшін нүкте символы пайдаланылады: «(.)»
Мысалы:
$a = "Hello, "; $b = "World"; $c =$a .$b; echo($c); ? |
Арифметикалық операциялардағы сияқты конкатенацияның қысқартылған нұсқасы бар:
Ол мына өрнекпен сәйкес келеді:
«Нүкте» операторының көмегімен бірнеше жолды конкатенациялауға болады:
$d = $a.$b.”some text”.$c |
Логикалық операциялар
Логикалық операторлар бульдік шарттарды тексереді. Төрт негізгі бульдік шарттар бар:
ЖӘНЕ (and немесе &&), ИЛИ (or немесе || ) , ЕМЕС (!) және БОЛДЫРМАЙТЫН ЕМЕС (хоr).
Логикалық операцияларды қолдану нұсқалары:
$a = true $b = false $c = $a && $b $d = $a || $b $e = !$a $f = $a xor $b |
Бұдан келесідей нәтижелер аламыз:
$c – false (операндардың бірі жалған),
$d – true (операндардың бірі ақиқат),
$e – false ($a емес),
$f – true (операндардың бірі ақиқат, ал екіншісі жалған).
Тапсырмалар
echo операторының көмегімен экранға шығарыңыз:
Жолдық айнымалыны
Бүтін санды айнымалыны
Қалқыма нүктелі айнымалыны
константаны
сегіздік санды
он алтылық санды
Айнымалыларды тырнақшаға (“) алып, экранға шығаруды қайталаңыз. Не шығатынын көріңіз.
Айнымалыларды апострофқа (‘) алып, экранға шығаруды қайталаңыздар. Не шығатынын көріңіз.
10-нан 20-ға дейінгі сандарды сегіздік санау жүйесінде шығарыңыздар (echo 010; echo 011; echo 012;… echo 019; echo 020;) Нәтижесін түсіндіріңіз.
Браузерде «0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15» сандары шығатындай етіп он алтылық жүйеде 16 сан шығарыңыз.
Экранға төрт шумақ өлең шығарыңыз:
«Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.»
Абай Құнанбаев
Әр жаңа жол үшін echo операторын жеке қолдану керек. Әр жол жеке жолдық айнымалы болуы тиіс. Сондай-ақ жаңа жолға көшуді пайдалану керек. автордың атын курсивпен ерекшелеңіз.
Осы әрекеттерді бір echo операторының көмегімен орындаңыз.
Өрнекте әр түрлі типтерді байланыстырыңыздар. мысалы «10» саны мен «сәлем» жолын біріктіріңіздер. Не шығады? Нәтижесін түсіндіріңіздер.
xor операторы қалай жұмыс істейтінін анықтаңыздар. Қандай жағдайларда ол true, қандай жағдайларда false мәнін қайтарады? Бұл үшін оны қолданып, бірнеше мысал жазыңыз.
Шартты операторлар бағдарлама кодын тармақтауға мүмкіндік береді. Берілген шартқа байланысты екі әрекеттің бірі орындалады.