СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Робот" мүсіндеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: шығармашылық қабілеттерін, ой қиялдарын дамыту.  

2.Дамытушылық – развивающая: Ермексазды пышақтың көмегімен түрлі өлшемдегі бөліктерге бөлу, зат бөліктерінің пропорциясын беру білігін бекіту.

3.Оқыту – обучающая: Балаларға таныс заттарды конструктивтік тәсілмен мүсіндеуге үйретуді жалғастыру. Заттарды ұқыпты жасауға үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Робот" мүсіндеу»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.

Пән/Предмет: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Техника және біз»

Тақырыбы/Тема: «Робот»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: шығармашылық қабілеттерін, ой қиялдарын дамыту.

2.Дамытушылық – развивающая: Ермексазды пышақтың көмегімен түрлі өлшемдегі бөліктерге бөлу, зат бөліктерінің пропорциясын беру білігін бекіту.

3.Оқыту – обучающая: Балаларға таныс заттарды конструктивтік тәсілмен мүсіндеуге үйретуді жалғастыру. Заттарды ұқыпты жасауға үйрету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, ӨТТШТ.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: ойыншық робот, ермексаз, пышақ, шүберек, мүсіндеуге арналған тақтай (әрбір балаға).

Көптілділік/Полиязичие: робот – robot


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: Балалар,қазір бізге аспан әлемінен бір қонақ келеді. Қараңдаршы, мынау кім,балалар?

Робот: Са-ла-мат-сың-дар ма, ба-ла-лар,сен-дер қай ға-лам-да тұ-ра-сың-дар?

Балалар: Жер ғаламында тұрамыз.

Робот: Сен-дер-дің жер-ле-рің қа-лай деп а-та-ла-ды?

Балалар: Қазақ жері деп аталады?

Робот: Балалар, мен жер шарын аралап жүрмін.

Балалар робот біздің планетамызда жалғыз ғана, мен сендерге оған достар табуды ұсынамын.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Ендеше ермексаздан робот жасап берейік.

Ойыншық роботты балалармен қарастыру.

Балалар робот қандай бөліктерден тұрады? (бас, дене, аяқ, қол)

Көптілділік: робот – robot

Роботтың дене бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?

Аяқтары-кішкентай тіктөртбұрыштардан, денесі-үлкен тіктөртбұрыштан, қолдары-тіктөртбұрыштан, басы-шаршы, қалпақ-үшбұрыштан тұрады.

-Балаларды пластилиннің кесілген кесектерімен жұмыс істеу керектігін ескерту. Көрсету және түсіндіру.

- жаңа ермексаздың кесектерін алып, оны бірнеше бөлікке кесу керек.

-ең үлкен бөлігі-дене; шаршы-басы; 2 қысқа тіктөртбұрыш-қолдар; 2 ұзын тіктөртбұрыш – аяқтар; 2 шағын тіктөртбұрыш – аяқ-тіреуіштер, үшбұрыш – қалпақ.

-содан кейін кесілген бөлшектерден робот жиналады.

-беті кішкентай ермексаз шарлары арқылы жасалады.

Сергіту сәті: «Робот»

- Менің командам бойынша қимыл - қозғалыс жасайсыңдар:

Солға қадам, оңға қадам

Алға қадам

Артқа қадам

Секіреміз бір рет

Отырамыз

Түзу тұрамыз

Роботтар сынды. (денелерін босатады)

Балалардың өзіндік жұмыстары.

Жеке жұмыс: Амирханға ермексазды пышақпен бөліктерге бөлуді үйрету.

Балалар қараңдаршы біздің қонағымызға көп достар қосылды, енді оған біздің ғаламшарымызда қызықсыз болмайды.

3.Қорытынды/итоговая часть:

- Бүгін бізге кім келді?

- Біздің қонағымызға ғаламшарымызда қызықсыз болмас үшін біз сендермен не істедік?

Балалардың бүгінгі жұмыстарын мақтап, мадақтау.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!