СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Роботты? пайдасы мен зияны"

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

ХХІ ?асыр информатика ?асыры, я?ни а?параттандыру технологиясы, жасанды интеллекті? дамы?ан заманы. К?нделікті ?мірімізге роботты? да ?ар?ындап еніп, т?рлі салаларда ?з міндеттерін ат?арып жат?аны да соны? бір д?лелі болса керек.

Просмотр содержимого документа
«"Роботты? пайдасы мен зияны"»







Оспанбаева Бағлан Өмірғалиқызы

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Бөлек ауылы

«М.Горький атындағы орта мектеп» КММ

Информатика пәнінің мұғалімі

[email protected]

[email protected]



«Техника қаншама дамып жетілгенмен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды» 

Бауыржан Момышұлы

Роботтың пайдасы мен зияны

ХХІ ғасыр информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы, жасанды интеллектің дамыған заманы. Күнделікті өмірімізге роботтың да қарқындап еніп, түрлі салаларда өз міндеттерін атқарып жатқаны да соның бір дәлелі болса керек. Қазір роботтар ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді. Әрине, роботтың адамға тигізетін пайдасы зор. Адам өзінің физикалық және ой еңбегін жеңілдету мақсатында роботтарды ойлап тапқан. Оны үнемі жетілдіріп, дамытып отырады. Адам организмі ыстық пен суыққа төзімсіз. Сондықтан да адамның жүруіне қауіпті жерлерде, жер асты, ай бетіндегі зерттеу жұмыстарында, адамның денсаулығына зиян келетін өндіріс орындарында, дәлдікті қажет ететін медицина, есептеу салаларында роботтың атқаратын қызметі, адамға әкелетін пайдасы ұшан-теңіз.

Сонымен қатар роботтың адамзатқа тигізетін зияны да жоқ емес. Британ ғалымдары роботтар адамдардың жұмыс орнын қаншалықты баса алатынын есептеді. Келешек көңіл көншітпейді: АҚШ-тың өзінде алғашқы онжылдықта мамандықтардың 47%-ы толықтай автоматтандырылған болуы мүмкін. Яғни, адамзат болашақта жұмыссыз қалуы әбден мүмкін. Біраз уақыт бұрын заманауи ұлы ғалым Стивен Хокинг роботтардың адамдарды толықтай жеңетінін болжаған: дегенмен, бұл жақын арада болмайды. Бірақ қазірдің өзінде ұйқы мен күйзеліс роботтары қонақүй жұмысшыларын алмастыра алады, жол қозғалысын реттей алады, көлік жүргізіп, басқа да заттарды істей алады. 

Дене еңбегінің аз болуы да, адам денсаулығына әсерін тигізбей қоймайды. Адам психикасына, әсіресе балалар психикасына, дамудың тежелуі, артық салмақ, ұйқының жетіспеуі, психикалық аурулар, агрессия жаңа технологияның жемісі.

Қорыта келе Бауыржан Момышұлының «Техника қаншама дамып жетілгенмен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды»  деген сөзін естен шығармасақ екен дейміз.