СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Rooms in my house 2 grade

Нажмите, чтобы узнать подробности

Lesson plan for 2-nd grade.There is / there are structure.

1.Come in. Welcome.

2.There is a living room in our house.

3.There is a TV in the living room. We watch TV here. 

 

Просмотр содержимого документа
«Rooms in my house 2 grade»

Оңтүстік Қазақстан облысыСайрам ауданы

№30 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Алтаева Гүлбағила Әуелханқызы

Сабақтың тақырыбы:Rooms in my house

Сабақтың мақсаты:ағылшын тілін үйренуге деген жағымды уәжділікті қалыптастыру, монологтік және диалогтік айтылым дағдыларын дамыту, жаңа лексиканы енгізу, There is /There are грамматикалық құрылымын белсендіру, сөздерді семантикалық белгілері бойынша саралау білімін қалыптастыру, сөздердегі – (t) ch дыбыстар тізбегін оқу дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

пәндік: сабақтың a living room, a bathroom, a kitchen, to sleep, a dining room, a bedroom, to watch TV, welcome белсенді лексиканы білу және үйді сипаттау кезінде қолдана алу, There is /There are құрылымының толық және қысқа формасын қолдана алу, антонимдерді табу, мұғалімнің нұсқаулықтарын адекватты түрде қабылдау, тыңдаған және оқыған шағын мәтіндерінің негізгі мазмұнын түсіну.

тұлғалық: оқу үдерісінде адалдықты қалыптастыру, мұғалімге, сыныптастарына, қоғамға деген қайырымдылықты көрсету, мүлікке ұқыпты қарауға үйрену.

жүйелік-әрекеттік: бұрын үйренген лексикалық-грамматикалық материалды монологтік және диалогтік айтылымда қолдану, өз үйінің суретін салып, оны сипаттау.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері: «сөйле, тыңда, қайтала» әдісі, «Суреттерді сөйлетейік», «ашық және жабық сұрақтар»

Дереккөздер: Оқулық, интернеттен алынған материалдар, жұмыс кітабы.

Қажетті ресурстар: Оқулық. Ағылшын тілі «Алматыкітап» баспасы, әр түрлі суреттер , плакат, желім, қайшы, түсті қағаз, «Ағылшын тілі» жұмыс кітабы С.Рахимжанова , А.Волкова «Алматыкітап» 2015

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


1 мин

Кіріспе . Оқушылармен сәлемдесу (суреттердің көмегімен 3 топқа бөліп отырғызамын.

-Good afternoon, children! –How are you?

Today we have open lesson. Dear teachers, welcome to our demonstrative lesson.Бағалау парақшаларын таратып беремін.

Мұғаліммен амандасады.

Good afternoon, teacher! –I’m fine thanks, and you?

3 топқа бөлініп отырады.


2 мин








5 мин

Now let’s check your hometask. How do you learn the given vocabulary?

«Суреттерді сөйлетейік» әдісі бойынша суреттер көрсете отырып, оқушылардың өткен сабақта меңгерген сөздерін естеріне түсіремін.

Let’s make a house together.

Үй жасауға қажетті заттарды таратып беремін.Бірлесе жүмыс жасай отырып, плакатқа үйдің жобасын жасауды тапсырамын.

Әр топ өздеріне көрсетілген суреттерді сипаттайтын сөздер мен сөйлемдерді айтады.



Бірлесе отырып, плакатқа үйдің жобасын жасайды және топтан бір оқушы шығып, өз үйлерін таныстырады.

10 мин

(Білу, түсіну)


Жаңа тақырыптың тұсаукесері

Track 40

1.Come in. Welcome.

2.There is a living room in our house.

3.There is a TV in the living room. We watch TV here.

4.There is a bathroom in our house.

5.This is my bedroom. I sleep, play and do my homework here.

6.There is a kitchen in our house. We cook and eat here.

7.But there isn’t a dining room in my house.

8.Bota: I like your house.

Оқушылар тыңдайды. Әр сөйлемді мұғаліммен бірге оқиды және әр сөйлемге жеке мән бере отырып, бөлме атауларын есте сақтайды. Әр бөліктегі мәтінді суретпен байланыстыра отырып, аудармасын айтады.


3 мин

Сергіту сәті « Rooms in my house» әнін айтқызамын.

Ноутбуктен тыңдай отырып, өлең айтады.

5 мин

(Үйрену, қолдану)

Exercise 2. «Үлдірленген жауаптар» әдісі бойынша берілген сөйлемдер қате, дұрыс екенін тексеруді тапсырамын. Алғашқы сөйлемді өзім оқимын. Келесі сөйлемдерді оқушылар өздері оқиды.

1.There is a living room in Anar’s house.

2.There isn’t a bathroom in her house.

3.There is her bedroom in the house.

4.There isn’t a TV in the living room.

Сөйлемдерді оқиды, дұрыс болса, Т әрпін, қате болса,F әрпін көрсетеді.

  1. True/ Дұрыс

  2. False/Қате

  3. True/ Дұрыс

  4. False/ Қате

7 мин

(Жинақтау)

Exercise 2 Make negative sentences and write them. Сөйлемдер жазылған парақшаларды магнитті тақтаға іліп қоямын.

1. There is a kitchen in our house.

2. There is a TV in the living room.

3. There is a dining room in our house

4. there is a bathroom in our house.


Оқушылар тапсырмада берілген сөйлемдерді болымсыз сөйлемге айналдырып оқиды және дәптерлеріне жазып алады. 1. There is not a kitchen in our house. 2. There is not a TV in the living room. 3. There is not a dining room in our house. 4. there is not a bathroom in our house


2 мин

Сергіту сәті. «Жер, үй және адам» ойынын ойнауды тапсырамын.

Шарты:Ойыннан тыс қалмауға тырысу керек.

Жер- орын алмастырып, ары-бері жүреді. Үй-екі оқушы бірлесіп үй жасайды. Адам-өз үйлеріне бір оқушыны кіргізеді.

(Талдау)

Exercise 3 Түсіп қалған сөзді білдіретін суретті сөйлемдерді тақтаға жабыстырамын. Оқушылар қажетті сөзді суретпен алмастыруы қажет.

We eat in the …

We go to bed in the …

We watch TV in the …

We wash in the…

We cook in the …

We eat in the … dining room

We go to bed in the … bedroom

We watch TV in the … living room

We wash in the…bathroom

We cook in the …kitchen

1 мин

Сабақтың рефлексиясын смайликтің көмегімен жасауды тапсырамын.

Do you like this lesson? Show me please your smileys, please!

Өздеріне сабақтың қаншалықты ұнағанын смайликтерін көрсету арқылы білдіреді.

2 мин

(Бағалау


Бағалау парақшасына қарай отырып, оқушыларды бағалаймын және келесі сабақта өз үйінің бөлмелері мен ондағы заттардың суретін салуды тапсырамын.

Бағалау парақшаларын мұғалімге береді. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.