СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Роза Мұқанова "Мәңгілік бала бейне"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ертегіні қаншалықты меңгергенін байқау. Кендебай бейнесін аша отырып, кейіпкерлер туралы түсінік беру. Өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, әдебиеттен алған білімдерін жетілдіре түсу. ә) тәрбиелік: Кендебай бейнесі арқылы адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Оқушы бойына ерлік, батылдық қасиеттерді дәріптеу. б) дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірін қорғауға дағдыландыру. Әдебиетке қызығушылығын ояту. Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту. Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой салу, көркем оқу. Көрнекілігі: слайд, мақал - мәтелдер, сызбалар. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу - құралдарын сабаққа әзірлеу. ІІ Үй тапсырмасын сұрау. 1.»Аяз би» ертегісінен теріп жазып келген мақал - мәтелдерді оқыту; 1) Адам тілі тас жарады, тас жармаса бас жарады. 2) Аға өлсе, іні – мұра. 3) Біреуге ор қазба, өзің түсерсің. 2. Тақтаға жазылған сұрақтарға жауап алу. 1) «Аяз би» ертегінің қай түріне жатады? (Шыншыл ертегі) 2) Ертегінің негізгі идеясы не? (Ел билеу, ел басқару жайы) 3) Ертегінің басты кейіпкерлері кімдер? (Жаман, Мадан хан, Меңді сұлу. ІІІ Жаңа сабақ. Тақтадағы суреттерге қарай отырып, «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің мазмұнын мына жоспар бойынша әңгімелеу. 1. Кендебайдың дүниеге келуі. 2. Мергенбай батырдың баласымен кездесуі. 3. Кендебайдың малшы болуы. 4. Алтын құйрықты құлын. 5. Ханның шарты. - Балалар, ертегі сендерге ұнады ма? Қалай ойлайсыңдар бұл ертегінің қай түріне жатады? - Балалар, сендер Кендебайға ұқсағыларың келеді ме? Кендебайдың қандай қасиеті көбірек ұнады?

Просмотр содержимого документа
«Роза Мұқанова "Мәңгілік бала бейне"»

Қысқамерзімді сабақ жоспары

Сынып: 8

Пәні: қазақ әдебиеті


Қатысқандар: 12

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы


Роза Мұқанова "Мәңгілік бала бейне" әңгімесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.А/И1. Шығармадығы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру.

А/И1. Әдеби шығарманың композициясы.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әңгімедегі образдар жүйесін талдайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: Шығармадағы эпизодтар бойынша өз ойын жеткізеді, бейнелерді салыстырып,өмірдегі оқиғалармен байланыстырады, идеяларымен алмаса отырып, қорытынды жасайды.

Бағалау критерийі:


  • Әңгіменің мазмұнын біліп, түсіне алады.

  • Шығарманы эпизодтарға бөліп, анықтап қолдана алады.

  • Эпизодтарын дәлел келтіре отырып салыстыра талдай алады.


  • Шығармадағы кейіпкерлерді анықтап, кейіпкерлердің бейнесін жан-жақты салыстырып жинақтап, іс-әрекеттерін бағалай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Шығарманың эпизодтарын анықтайды, кейіпкерлер бейнесін жан-жақты дәлелді талдап салыстырады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Қарауыл, есіркеу, тәубаға келу, мүгедектік,

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Ләйлә қыз, мүгедек қыз, мылқау Ай, жетілмей қалған сәби, Қарауыл жері, екі тіршілік, жер баласы, күн баласы, Дегелең тауы.

Талқылауға арналған сұрақтар:

"Мәңгілік бала бейне" әңгімесінің кейіпкерлер бейнесіне, іс-әрекетіне қандай баға бересіз?

Қаралы жиынының мақсаты не?

Әңгіменің қай бөлімін өмірмен байланыстырар едіңіз?

Ишара:

Құндылықтарға баулу

"Мәңгілік ел" идеясының тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы тармағы Роза Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне" әңгімесін оқыту арқылы ішінара іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Астрономия, география, биология, тарих

Алдыңғы оқу

Роза Мұқанова "Мәңгілік бала бейне" әңгімесін толық мазмұндау.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы 5 мин.



С.

Планета атауларына байланысты кіші топтарға бөлу.

Оқу мақсаты мен критерийлер таныстырылады.

Планета атаулары мен суретін қою.

Сабақтың ортасы 30 мин









С.

(Барлық оқушылар орындайды)

  1. тапсырма

"3 қадамды сұхбат" әдісі арқылы топтық тапсырма:

Әңгіме желісі бойынша сұрақтарға жауап беру.


Бағалау дескрипторлары

  • әңгіме бойынша ойын жинақтап сұрақтар құрастырып, сұрақтар қояды.

  • сұрақтар қайталаусыз қойылады;

  • жауаптарды дәлелді түрде салыстыра береді.


ҚБ "SMS" арқылы қолпаштап бағалайды


2- тапсырма.

"Графикалық органайзер" әдісі. Топтық тапсырма

Іс-әрекет

Кейіпкер бейнесі

Көтерілген мәселе

Оқырман пікірі





Дескриптор:

  • іс-әрекетті тауып, кейіпкерлер бейнесін ашады;

  • автордың көтерген мәселесін жазады;

  • оқырман пікірін жан-жақты білдіреді;


ҚБ "Рахмет" әдісі арқылы әр топ өздеріне ұнаған кестеге себебін жазып бағалайды.

Т.

Саралау тапсырмалары

3-тапсырма: Әңгіме мазмұнын «DEAL» әдісі арқылы талдау.

Мұндағы:

D describe (баяндау, суреттеу (оқығандарын, көргендерін сипаттау, сын айту),

E explain түсіндіру (оқиға бойынша не білетіндеріі, не білгендерін, не түсінгендерін суреттеу),

А annalise талдау (ақпаратты талдау, себептерін анықтау, қорытынды жасау),

L links байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау үшін өздеріңде бар біліммен, өмірмен байланыстыру)

Дескриптор:

  • әңгімеден оқыған, көргендерін сипаттап, сыни тұрғыдан талдайды.

  • Оқиға бойынша білгендерін, түсінгендерін суреттейді;

  • берілген ақпараттарды анықтап қорытынды жасап өмірмен байланыстырады.

ҚБ "Геометриялық фигуралар" әдісімен әр топ құнды пікір айтқан топқа фигураларын ұсынады.

4- тапсырма: "Әдеби шеңбер" әдісі. Топтық тапсырма. Үзіндіні оқып, рөлге бөлініп (талқы себептері, белгілеуші, байланыстырушы, қорытындылаушы) мазмұнына қарай шынайы өмірмен байланыстыра қорытынды жасау.

Дескриптор:

  • ақпарат бойынша сұрақтар құрастырады.

  • ақпараттың қай бөлімі ең маңызды екенін дәлелдеп өмірмен байланыстырады;

  • үзіндідегі көтерілген мәселені қорытындылайды

ҚБ "Бас бармақ" әдісі арқылы топ жұмыстары бағаланады.


Үй тапсырмасы: Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы мәліметтер, деректер жинау.




















Флипчарт,

маркер, оқулық.














Флипчарт,

маркер, оқулық.

































Сабақтың

соңы 5 мин.



"Ғаламшар" әдісі бойынша өз көңіл- күйін білдіріп, себебін жазу. "Қуаныш", "Белгісіздік", "Рахаттану", "Көңілсіздік" ғаламшарларына берілген әуе кемелерін орналастыру

Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

"DEAL", "Әдеби шеңбер" әдісімен берілетін саралау тапсырмалары оқушылардың қабілетіне қарай іске асады. Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға суреттеу, сипаттау, сұрақтар құрастыру тапсырмалары. Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға талдау, иақпараттың себептерін анықтау, дәлелдеу тапсырмалары. Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға қорытындылау, өмірмен байланыстыру тапсырмалары ұсынылды.

"SMS", "Рахмет", "Геометриялық фигуралар", "Бас бармақ"

Аспан денелерін атау, ғаламшарларды атау- астраномия пәнімен байланысты. Әңгімеде кездесетін жер-су аттарына байланысты шолулар география пәнімен байланысты. Ядролық полигонның адам ағзасына, тіршілік атауын тиген зардаптары- биология пәнімен байланысты. Дегелеңде болған тарихи кесапат, Семей-Невада- тарих пәнімен тікелей байланысты. АКТ-ны тиімді пайдалану мәтіннің кейбір эпизодтарын тыңдап талдау барысында жүзеге асады.