СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері

Категория: ИЗО

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері

Просмотр содержимого документа
«Әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері»

 

Негізгі орта  білім беру деңгейінің

«Өнер» білім саласы пәндерінің

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

(5–9-сыныптар)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2013

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығыменбекітілген.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.

 

 

 

 

Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Өнер» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары   – Астана, 2013. – 21 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013 

 «Музыка» пәнінен оқу бағдарламасы

 

 

1. Түсінік хат

 

1.  «Музыка» пәні бойынша оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген.  Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2.  Пәнді меңгеру нәтижесінде оқушы халықтық және әлемдік мәдениеттің мұраларын меңгерген және өмірлік тәжірибеде қолдана білетін, рухани толысқан тұлға ретінде қалыптасады.

3.  Пәнінің оқыту мақсаты:

1)     білім алушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру;

2)     тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту;

3)     әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру.

4.  Пәнінің оқыту міндеттері:

1)    дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен байланысы және оның композиторлық шығармашылығындағы рөлі туралы білім беру;

2)    түркі және шығыс халықтарының музыкалық мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру;

3)    әлемдік музыка мәдениетінің жетістіктерін бағалауға үйрету;

4)    кәсіптік және дәстүрлі музыканың негізгі жанрлары туралы түсінік беру;

5)    музыкалық талғамды және эстетикалық қажеттілікті дамыту;

6)    білім алушылардың музыканы тыңдау және оны талдай білуі; 

7)    ән, терме және аспапта ойнау біліктерін дамыту;

8)    музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу.

5.     Бағдарлама мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті, Шығыс және Батыс Еуропаның классикалық музыканың ең озық үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнерімен танысады.

6.     Оқу материалының мазмұнын таңдауда төмендегі негізгі принциптерге сүйенеді:

1)  үздіксіздік принципін ұстана отырып, бастауыш пен орта сынып арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділік айқындалады. Басты тақырыптар мазмұны тереңдей түсіп, музыкалық ұғымдары мен көркемдік талғамы кеңейеді;

2)  пәнаралық интеграция принципін ұстана отырып, музыкалық өнердің тіл және әдебиет, тарих және бейнелеу өнерімен байланыста оқыту;

3)  дербестік принципін ұстана отырып, оқушы музыкалық өнердің жан-жақты дамуы мен түрлі құбылыстарына жеке көзқарасын қалыптастыра отыра, өз пікірін ашық білдіре алуын дамыту;

4)  шығармашылық принципі - оқу материалының негізіне сүйене отыра, оқушының табиғи мүмкіндігін ашып, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өнерге деген ықыласын арттыру;

5)  тәжірибелік әрекет принципі - оқушылардың музыкалық аспаптарда орындауда және ән айту дағдысын қалыптастыруда басты әдіс болып табылады;

6)  түсініктілік принципін ұстана отырып, музыкалық білімнің мазмұнын оқушының жас ерекшелігіне сай құрып, музыкалық сабақтың бүгінгі өмірмен байланыста екендігін анықтау.

7) «Музыка» пәні оқушының тұлғалық тұғырын қалыптастырады: мәдениет, көркемдік талғам, адами құндылықтар. Пәннің мазмұны орта мектептер үшін аса маңызды және өзекті тақырыптардың шешімін табатын пән ретінде құнды. Музыка пәнінің мазмұнында білім алушылардың рухани мұраның негізгі құндылықтарын игеру арқылы шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына ықпал етеді.

6. Музыка сабағындағы негізгі әрекеттердің түрлері:

1) музыка тыңдау – музыка талғамын қалыптастыру, музыканы талдау жасауда, тыңдаған музыка жайлы өз ойын жеткізе білуді меңгеруі тиіс;

2) ән және музыкалық аспаптарда орындаушылық дағдыларын жетілдіре түседі, музыкалық шығармаларды көркем әрі мәнерлі орындауға машықтандыру;

3) білімділік әрекеті музыканың көркемдік құралдарын оқытуды жалғатыра түседі; музыканың жаңа жанрларымен, түрлерімен танысады.

7. «Музыка» оқу курсы 6-сыныпта аяқталады, пән мазмұны түрлі ұлттардың музыкалық мәдениеті мен өнеріне құрметпен қарауға ықпал етеді, вокалмен би жанрларын жүйелейді, Шығыс пен Батыс елдерінің классикалық шығармаларын салыстырады. Негізгі мектептегі «Музыка» бағдарламасының ерекшелігі пәнаралық интеграция болып табылады.

8. Оқу процесі барысында «Музыка» пәні көптеген пәндермен пәнаралық байланыста болады:

1)    «Қазақ тілі»:оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту; дәстүрлі өлең құрау негіздерін үйрену; әуен мен өлеңнің тығыз байланысын анықтау; оқушының музыкалық-поэтикалық қабілетін дамыту;

2) «Әдебиет»: музыка мен поэзияның көркемдік тәсілдерінен мағлұмат; вокалды (ән, романс, кантата), сахналық (опера, балет), тақырыптық мазмұны бар аспапты шығармалар сияқты музыкалық жанрлардың қалыптасып дамуына әдебиеттің жасаған ықпалы;

3)    «Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы»: музыкалық шығармалардың тарихи оқиғалар мен байланысы, музыкалық шығармаларындағы көрінісі; әрбір тарихи кезеңде пайда болған саз аспаптарының дамуы; музыка өнерінің әрбір тарихи кезеңде қалыптасу жолы;

4)     «География»: әр түрлі халықтардың сан қилы географиялық ортада тұруына байланысты түрлі музыкалық жанрлардың дамуы; Шығыс пен Батыс мәдениеті туралы көзқарасының қалыптасуы;

5)    «Бейнелеу өнері»: оқушылардың шығармашылық ойын дамыту; музыкадағы суреттеу қасиетінен мағлұмат беру; суретшілер мен музыканттар шығармашылығындағы табиғат бейнесі; музыкалық портреттер; бейнелеу өнеріндегі музыкалық көріністер бейнесі;

6)     «Технология»: оқушылардың қолдан жасалған бұйымдарын көрнекілік ретінде пайдалану.

         9.Типтік оқу жоспарына сәйкес «Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.

 

 

2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

10. «Музыка» пәні бойынша 5 - сынып оқу жүктемесінің көлемі 34 сағат, аптасына 1 сағат.

11. «Айтыс және жыраулық өнер» – 9 сағат:

1) айтыс өнері, айтыс түрлері – қайым, түре және сүре;

2) қысқа қағыспа айтыс;

3) Құлыншақ пен Майлықожа;

4) ұйқас сөздер, 5-7-11 буынды өлең құрау;

5) жыраулардын хан-сұлтандарға айтқан кеңесі – Асан қайғы;

6) Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі;

7) Бұқар жыраудың халыққа айтқан өсиет сөзі;

8) Базар жырау мұрасы;

9) Ақтан жырау - он жаман.

12. «Ғасырлармен сырласқан сазды аспаптар» – 7 сағат:

1) көнеден жеткен аспап - домбыра, дутар, саз;

2) башқұрт халқының мақтанышы болған қурай аспабы;

3) аспанмен тілдескен музыка;

4) киелі аспап – қобыз;

5) монғол халқының көнеден жеткен моринхур аспабы;

6) түркі халықтарындағы үрмелі және ұрмалы аспаптар.

13. «Әлем халықтарының музыкалық театры» – 10 сағат:

1) жапонның «Кабуки» театры;

2) қытай дәстүрлі музыкалық театры;

3) дәстүрлі Үнді театры;

4) биге тіл бітірген үнділер;

5) үндінің сұлу сазды рагасы;

6) корей халықтарының музыкалық театры;

7) маком – өмірден сыр шерткен музыка;

8) Вена классикалық симфониясы;

9) Италия классикалық музыкасы – опера өнері;

10) орыс классикалық музыкасы – балет өнері;

11) романтикалық музыка – Шопен, Лист.

14. «Дәстүр және жаңашылдық»  – 8 сағат:

1) ақын Абай бейнесінің операда көрініс табуы;

2) «Қыз Жібек»: жыр-опера-кино;

3) «Жігер» – күй және симфония;

4) «Құдаша» – симфониялық күй;

5) «Сарыжайлау» – ән және күй;

6) ән мен күйге саз берген – Алатау;

7) «Туған жер».

15. Музыка тыңдау: музыка тыңдау оқушының ең басты жұмыс әрекетінің жетекші түрі ретінде қарастырылады; қушылар қазақ халқының және алыс-жақын шет елдердегі – қырғыз, түркмен, якут, башқұрт, хакас, азербайжан, парсы, үнді, жапон, қытай, неміс, итальян, орыс, поляк, венгр халықтарының дәстүрлі классикалық және кәсіби музыкасымен танысады; білім алушылардың музыкалық талғамы дамып жетіліп, түрлі жанрлық ерекшеліктерін ажырата біліп, ең негізгі және басты көркемдеуші құралдарын талдай алуына мүмкіндік туады; музыкалық туындыларды тыңдау арқылы көркемдік талғамы қалыптасып, әлемдік музыкалық мәдениеттің құндылықтарын саралай білуге ұмтылыс жасайды.

16. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: айтыс, қайым айтыс, «Майлықожа мен Құлыншақ ақынның айтысы»; Бұқар жырау «Биік тауға жарасар»; Ақтан жырау «Не жаман»; Базар жырау «Айдан ару нәрсе жоқ»; қырғыздың халық күйі «Қаразгөй» орын; Нұрақ Абдрахманұлы; Якут-Саха халық шығармасы «Ормандағы таң»;  башқұрт халық күйі «Жау төбе»; хакастың «Алыпты нымах» жырынан үзінді; Ықылас «Айрауықтың ашы күйі»; қазақтың халық күйі «Нар идірген»; үнді рагасынан үзінді; азербайжан мугамынан үзінді; үндінің «Бхарат‑ натьям» биі; Вивальди А. Лютняға арналған концерт, Ре мажор; Паганини «Каприс»; жапонның «Кабуки» театры спектаклінен үзінді; Моцарт В. А. № 40 симфония, соль минор, экспозиция I бөлім; Бетховен Л. № 3 симфония, «Батырлық», экспозиция I бөлім; Чайковский П. «Аққу көлі» балетінен үзінді; Верди Дж. «Травиата»: Виолетта және Жермон ариясы; Шопен Ф. Полонез Ля мажор, мазурка; Лист Ф. № 2 Рапсодия.

17. Ән орындау барысында оқушылар хор мен ән айту дағдыларын жетілдіре түседі. Әннің тыныс белгілерін дұрыс қолдана отырып, дирижердің нұсқауымен әннің мәтінін нақты әрі түсінікті айтуді меңгереді. Әндер мен қүйлерді музыкалық аспапта өз мәнерінде орындауды меңгере түседі.

18. Ұсынылған әндер: Ж.Дәулетов «Қазақ елі»,  Н.Тлендиев «Әжеме»,

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай»,  Б.Байқадамов  «Туған жер», Ә.Еспаев «Ұстазым», Е.Хасанғалиев «Анаға сәлем», А.Қоразбаев «Үш қоңыр», Закиров Ф. «Чайхана», «Ялла» ансамблінің орындаунда;Закиров Ф., Березяков Е. «Шахризабз».

  19. Музыкалық сауаттылық:

1)    дәстүрлі музыка жанрлары мен түрлері: айтыс, жыр, олонхо, карғыра, хоомей, сығыт, былина, рага, маком, раст, шур, чаргях, гагаку, бугаку;

2)    Батыс Еуропа музыкасының жанрлық ерекшеліктері: симфония - сонаталық allegro, опера –увертюра, ария, ариозо, каватина, дуэт, хор; балет – па-де-де, adagio, кордебалет; полонез, мазурка, рапсодия, каприс.

3) музыкалық аспаптар: қурай, шоор, түйдүк, зурна, екобуэ, нәй, ней, вина, ситар, сямисэн, моринхур, кеманча, ғиджак, гусли, чатхан, цинь, цитракото, тайко, дутар, комуз, саз, тар, тамбур, рубаб, лютня, гитара.