СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Нажмите, чтобы узнать подробности

  Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, студенттерге түсіндіру. Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Студенттердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, ұлттық рухты сіңіру.Шығармашылық қабілеттерін  нығайту, тарихи зерделік қасиеттерін дамыту. Мәңгілік Ел сөзінің мағынасын ашу. Студенттерді қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге тәрбиелеу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Просмотр содержимого документа
«Рухани жаңғырудың жарқын жолы»




Қызылорда облысының білім басқармасы

















«Рухани жаңғырудың жарқын жолы»
ашық тәрбие сағатының әзірлемесі










Дайындаған: ДО-17/9 оқу тобының кураторы: Мырзанова М.И.















Қызылорда, 2019 ж

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Рухани жаңғырудың жарқын жолы»

Бағыты: Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Формасы: Тақырыптық кеш

Көрнекілігі: фотогалерея, кітап бұрышы, интербелсенді тақта

Мақсаты

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, студенттерге түсіндіру. Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Студенттердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, ұлттық рухты сіңіру.Шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделік қасиеттерін дамыту. Мәңгілік Ел сөзінің мағынасын ашу. Студенттерді қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге тәрбиелеу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Барысы:

Ашылуы:«Қазақ» биі

Оқытушы: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басып келеді және біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, яғни – әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына қосылу. Бұл мақсатқа жету үшін біздің санамыз бен ісіміз озып, жаңғырып, жаңарып отыруы керек.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының басты ерекшелігі қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын студенттер арасында кеңінен насихаттау, сонымен қатар Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау болып саналады. Жалпы адамзаттық, мәдениет аралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлғаны дамыту және оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған қауымдастық құра отырып, Қазақстандық патриотизмді әр студенттің бойына, өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру басты мақсатымыз. Сөз кезегін жүргізушілерге берсек:

1-жүргізуші: Салеметсіздер ме, құрметті студенттер және ұстаздар! Бүгін өткелі отырған «Жаңғырудың жарқын жолы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер дейміз!


Музыка фонында өлең жолдары оқылады.

Уа, халайық ағайын!

Құрмалдығың болайын.

Болашағы елімнің,

Ғажап болсын ылайым!

(ҚР туы алынып шығылады)


Асуды асып Қазақстан – ардағым,

Аспанменен астасып тұр арманым.

Ер бастады!

Ел қостады!

Жарылқа!

Тәңір Ием, Туған Елдің БАҒДАРЫН!

(Рухани жаңғыру эмблемасы алынып шығылады)


Елбасының Жолдауы –

Елдігімізді қолдауы.

Көрегенді басшының,

Келешекті болжауы.


Қуанышпен мұндайды,

Сүйіншілемесе болмайды

Ел дамуына - тың қарқын,

Береке-бірлік орнайды.

(Президент портреті алынып шығылады)


2-жүргізуші: Ашық тәрбие сағатымызды ашу салтанаты үшін

___________________________________________________ сөз берілелі.

1-жүргізуші: Өздеріңізге белгілі, болашақ мына отырған жас ұрпақ қолында. Ал, жас ұрпақтың білімді, білікті болу біздің қолымызда.

Тамашалаймыз, мектепте болған оқиға (көрініс)

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме?

Барлығы: Сәлеметсіз бе...

Мұғалім: Жағдайларыңыз қалай? Сіздерге жақсы жаңалығым бар. Ол, еліміз үшін өте үлкен құжаттардың бірі, Елбасымызың кезекті жолдауы жарық көрді.

Шұғыла: Барлығымыз мұқият тыңдайық. Бұл дегеніміз, біз озық дамыған елдермен бәсеке боламыз, солай ма?

Мұғалім: Әлбетте, Елбасының сындарлы саясатының арқасында еліміз тыныш, жұртымыз аман. Сонымен қатар, әр жылы халқыққа жолдауы еліміздің алға қарай бағыт алатын, елдің, жердің көгеруіне әсер ететін тарихи құжат болып табылады. Бұл жолдауда, цифрлы Қазақстан, бәсекелестік және т.б. мәселелер айтылды. Бұл дегеніміз әрқайсыларың бәсекеге қабілетті болуларың керек. Айтпақшы, болашақ дегенде, биыл мектеп қабырғасын аяқтауға жақын қалған өздерің бірден есіме түседі. Осы орайда келешекте қай сала маманы болуды таңданыздар?

Дархан: Елбасының бір айтқан сөзінде елімізді тек өзіміздің экономикалық тұрғыдан емес, басқа қырынан да көрінуіміз керек деген еді. Мен әлемдік сахналарда қазақ елін «Ғажап» деген сөзге теңестіріп айтқанды қалаймын.

Зәуре: Керемет, сен, өз өнерімен халықты рухани азықтандырсаң, мен үлкен бизнеспен айналысып, еліме, туған жеріме пайдасы тиетін кәсіп ашқым келеді.

Айгерім: Тамаша! Жақсы ойлар, барлықтарыңызға қосыламын, қай сала болмасын, елімізге адал қызмет атқарып, дамуына үлес қоссақ, бұл біздің басты парызымыз. Мысалы, Елбасы айтқан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы өзіме қатты ұнады. Үйде отырып ақ, көп нәрсеге қол жеткізуге болады, бұл әр бір адамның уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік болады деп ойлаймын.

Гүлжайна: Айгерім, өзің тамақты жақсы көресің, енді тамақты да сатып алмай ақ, ғаламтор арқылы беріп отырады екенсің ғой.

Мұғалім: Өте керемет, міне көрдіңіздер ме, қазірден бастап мақсат қойып отырғандарың қуантады. Жалпы, бәсекеге қабілеттілік осы отырған мектеп партасынан басталады. Олай болса, болашақта Сіздердің қалаған маман иесі болуына тілектестігімді білдіремін.

Дикторлық дауыс: 10 жылдан кейінгі кездесу.

Барлығы: О, Шолпан Ділдәбекқызы. Сәлеметсіз бе? Қал жағдайларыңыз қалай?

Мұғалім: Рахмет, балалар! Сендер келеді деп күтпеп едім, бірақ қуанып тұрғанымды сөзбен жеткізе алмаймын. Мектеп қабырғасында жүріп, Сендердің жеткен жетістіктеріңді естіп, мақтан тұтып отырамын. Естіп жатырмын, қойған мақсаттарыңа жетіп, білікті маман болдыңдар...

Аян: Ия, Шолпан Ділдәбекқызы, сіздің берген білім нәрімен сусындап, бізді білім ошағының алғашқы табалдырығынан аттаған сәттен, аянбай еңбегіңіздің арқасында осындай дәрежеге жетіп отырмыз. Болашаққа дұрыс бағыт, бағдар берген Сізге алғысымызды айтуға келіп едік.

Барлығы: Сізге алғысымыз шексіз!

Шұғыла: Есіңізде ме, Шолпан Ділдәбекқызы, соңғы оқу жылында айтқан армандарымыз жүзеге асты. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жастарға берген мүмкіншілігін пайдалана отырып, мақсаттарымызға жетіп, қазіргі таңда халыққа адал еңбегімізді атқарып жүрміз.

Роза: Ия, Шұғыла дұрыс айтады. Сол мектеп уақытында бір-бірімізбен 10 жылдан кейін мақсаттарымызға жетеміз деп бәстесіп едік. Қазір, міне, Сізге келіп, қуанышымызды бөлісіп кетуге келдік.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, көрдіңдер ме? Бәсекелстік, еліміздің ертеңіне өзгеріс енгізуіне септігін тигізеді. Жүріңдер, өздерің оқыған сыныпқа барайық, жол-жөнекей қызықтарыңды айта жүріңдер...

2-жүргізуші: Өздеріңіз куә болғандай, ұлы ұстаз–тұлғаның қалыптасуына септігін тигізеді. Елбасының әр жолдауы, ол еліміздің ертеңі...(Музыка фонында Қатысушылар Болашаққа бағдар алған «Мәңгілік ел» кемесімен үлкен теңізде бірқалыпты алға жылжып келе жатқан көрініс табады. Сол кезде, 4 жаңғыруға қысқаша тоқталып өтеді).


(Бәрі) Бірінші жаңғыру:

Қазақстанның Бірінші жаңғыруы бәріңіздің есіңізде. 27 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздің буын іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды.


(Бәрі) Екінші жаңғыру:

«Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.


(Бәрі) Үшінші жаңғыру:

Қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі.

Сондай-ақ, экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған.


(Бәрі) Төртінші жаңғыру:

Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни, Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

К. Аружан мен Зәуре өлең шумақтары «Туған жер»


Ән: Төлегенова Арайлым


1-жүргізуші: Қымбатты достар!

Қазақстан – тәуелсіз, зайырлы, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамушы жас мемлекет!

Жас болса да, мемлекет құру жолында теңдесі жоқ, мол тәжірибе жинай отырып, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз.

Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін.

Құрметті ел ардақтылары! Біз жаңа заманға сай болу үшін тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт, ел болуымыз қажет.

Береке, бірлік бар жерде – баянды тірлік бар.

Олай болса, біртұтас еліміздің басты басты күші –БІРЛІКТЕ


2-жүргізуші: Жарайсыңдар, енді бәріміз бірге ән шырқайық


Караоке «Көк тудың желбірегені»

1-жүргізуші: Бізде алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек, білім, талант және талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем ете отырып, әлем таңғалар, жаңалықтар ашу үшін білімділер керек. Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгініміз бен ертеңімізді жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.

“Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен ашық тәрбие сағатымызды аяқтағым келеді. Назар қойғандарыңызға рахмет!


«Қазақ елі» әні. Қалатбек Жансая




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!