СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

С дыбысы мен әрпі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сауат ашу пәніне арналған ҚМЖ . 1 сынып мұғалімдеріне көмекші ретінде.

Просмотр содержимого документа
«С дыбысы мен әрпі»

Пәні:Сауат ашу

Мектеп: А.Оразбаева ат.жоббм

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ортақ тақырып: 2-бөлім: Менің мектебім

Мұғалімнің аты-жөні: Б.Н.Булкаирова

Күні: 8.11.17

Қатысқандар саны: 18

Сынып: 1 а

Қатысқан оқушылар саны:

18



Сабақтың тақырыбы

С дыбысы және әрпі



Оқу мақсаттары

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Әріпті таниды, ажыратады, жазу жолын сақтап каллиграфиялық талапқа сай жазады,мәтінмен танысады.

Оқушылардың көпшілігі: Әріптерді дыбыспен сәйкестендіреді,мәтіндегі кейіпкерлерді анықтайды.

Кейбір оқушылар: дыбыстық талдау жасайды, мәтінді түсініп оқып, автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін ұғып, ой түйеді.


Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

Мәтін мазмұнын түсінеді,әріпті танып дыбыспен сәйкестендіреді,жазу жолын сақтап,каллеграфиялық талаптарға сай жазады.

Тілдік мақсат

Санат, жылан, демалыс, батыл.

Талқылауға арналған сұрақтар:

С дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездеседі?

Дыбыс және әріп дегеніміз не?

С қандай дыбыс?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, жауапкершілік, шығармашылық, құрмет.

Ширатуда ынтымақтастық қалыптастыру, жұптық жұмыста бір-бірінің сөзін бөлмеу, топтық жұмыста жауапкершілікті сезіну, бір-бірінің ойын тыңдау, құрмет көрсету,достарын ынталандырып отыру, саралау тапсырмада шығармашылығын дамыту.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, музыка, математика

АКТ-ны қолдану

Флепчартта бейнеленген суреттер бойнша ашық сұрақтар қою.

Осыған дейін меңгерілген білім

Ш дыбысын таниды, жазады, сөздерді буынға бөліп оқи алады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс

іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут









Ширату

«Шаттық шеңбер»

Шеңбер құрады, бір-біріне күлімдеп қарап бүгінгі күнге сәттілік тілейді.


Флепчартта с дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездесетін суреттер болады. Балалар суреттерді ала отырып с дыбысының сөздің қай жерінде кездесетінін анықтайды.

  • Ненің суретін таңдадыңыз?

  • Сағаттың, мысықтың, тастың суретін таңдадық.

  • Бұл сөздерде с дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі.

  • С дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.

  • Жарайсыңдар балалар!

  • Сол заттардың дыбысын салуды сұраймын.


ҚБ: Мұғалімнің қолпаштауы арқылы кері байланыс беру.

ОМ:С-дыбысымен танысамыз, каллиграфиялық талаптарға сай жазамыз, сөздің қай жерінде кездесетінін ажыратамыз, сөздерді буындап оқимыз.











Сабақтың ортасы

15 минут
















12 минут












Ұ. «Болжау әдісі»

Ашық сұрақтар арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау:

  • Бұл суреттердің бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

  • Зер салып қараңыздар, бұл суреттер нелерге, қандай әріптерге ұқсайды?






  • Математика сабағында бұл әріпті кездестіре аламыз ба?

Оқушылар әріпті өрнек және теңдеуде кездесетінін айтады, топ өз үстеліндегі парақшаны математикалық тілде оқиды.

1-қатар: а+с 2-қатар: с-7

3-қатар: с+5=9


Критерий: Білім алушы

- суреттегі бейнені атайды

- қай әріпке ұқсайтынын анықтайды

- математикамен байланыстырады

Дескриптор: Білім алушы:

- банан, қарбыз, орақ бейнесін айтады

- ай, глобус, таға бейнесін айтады

-с әрпіне ұқсатады

- әріпті өрнекте кездесетінін атайды

-теңдеуде кездесетінін атайды


ҚБ: «Қол шапалақтау» әдісі арқылы әр қатардың бірін-бірі бағалауы.


Ұ.Оқулықпен жұмыс:





Критерий: Білім алушы

-Мәтіннен кім сұрағына жауап беретін негізгі кейіпкерді табады.

-Мәтіннен не сұрағына жауап беретін негізгі кейіпкерді табады.

-Жылынның дыбысын анықтайды.

Дескриптор: Білім алушы

-Санат сөзін анықтайды

-Жылан сөзін анықтайды

-Жыланның дыбысын салады.


ҚБ: смайликтар сөйлейді мұғалімнің оқушыларды бағалауы.


Ж. «Коктель таяқшасы» әдісі

Жұбыңа қарап оқулықта берілген сөйлемді сызбаның көмегімен оқы. Бірінші оң жақта отырған жұп, содан соң сол жақта отырған жұп оқиды.





ҚБ: «Білезік кигізу» әдісі арқылы жұпта кері байланыс беру.


Сергіту сәті: Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

Ө: Жазылым дағдысы:

С бастыру және жазу

с бастыру және жазу

Дәл қатармен жазу


ҚБ:мұғалімнің түрлі жапсырма түріндегі бағалауы


Саралау тапсырмасы

С дыбысын бар суреттер топтамасы.

С дыбысын пайдаланып қандай суреттер салуға болады.

(мысалы: алма, гул, бұлт, ай, таға салуы мүмкін)

А деңгейі

Сурет салады.

Сөздің сызбасын көрсетеді.

В деңгейі

Сол сөзді буынға бөледі.

Дыбыстық талдау жасайды.

С деңгейі

3 сөзден тұратын сөйлем құрап жазады, сөйлемін оқиды.


Суреттегі бейненің пайдалы жағын айтады.


ҚБ:жұмыстарын қорыта отырып, әр оқушы өз көңіл күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді.


Сабақты бекіту.

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

Бағалау критерийі: Білім алушы

Әріптерді таниды және ажыратады.

Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды

Тапсырма

Берілген сөздерді оқыңыз. Көп нүктенің орнына қай әріпті қоюға болады? Сол әріпті қоршап сызыңыз.


....иыр сауы...қан ... ырға сызғы....

(қ, с, ш) (с, ш, р) (т, с, ш) (ш, т, с) (с, ш, л)

Дескриптор: Білім алушы

- сөздерді дұрыс оқиды;

- көп нүктенің орнына қойылатын әріпті анықтайды және

белгілейді.

Мұғалімнің кері байланысы

Слайд



Слайдта бейнелегнен суреттер бойнша ашық сұрақтар қою















Әріпті және теңдеу жазылған топшама.
























Оқулық
















Смайликтер


























Жұмыс дәптері











Суреттер




















Смайликтер

Сабақтың соңы

8 минут


Сабақты қорытындылау

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

«Еркін микрофон» әдісі.

Еркін микрофон арқылы сабақтан алған әсерлерін айтады.



5 минут

Не білдім?

Не үйрендім?

Нені білгім келеді? деген сұрақтарға жауап беру арқылы кері байланыс береді.


Бағалау


Бағалау критерийлері бойынша бағалау




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


























Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.


2.



Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:



Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?